Педагогические науки/5. Современные методы преподавания.

Аға-оқытушы:  Қалиев Нұржан Қажымұханұлы

Қазақстан Республикасы, ОҚО Түркістан қаласы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

Студенттерге дене тәрбиесін беруде ұлттық спорт ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері

Қазіргі кезеңдегі қоғамдағы ізгілікке, рухани мәдениеттілік пен дене мәдениетін дамыту, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын салауаттылық дағдыларымен ұштастыра отырып, жастарға жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды – тәрбие тағылымдарын меңгерту арқылы дене тәрбиесін беру өзектілігі артуда.

Еліміздің мемлекеттік болмысын қалыптастыру, оның егемендігін нығайтып, ұлттық сана мен тәрбиемізді қалпына келтіре отырып, әлемдік өркениетке ұмтылудың көрсеткіштерінің бірі спорт және дене шынықтыру салаларындағы жетістіктер маңызды орын алатыны белгілі.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы” Заңында, “Қазақстан – 2030” бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламалары мен ҚР тәлім-тәрбие тұжырымдамаларында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген [1, 2,].

Еліміздің мәртебесі мен ұлттық мәдениетіміздің дамуында дене тәрбиесіндегі спорттық шараларды дамытуда болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби даярлау үрдісінің алар орны ерекше. Сондықтан жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді арнайы даярлау кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек.

Дене тәрбиесі және  спорт өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының басты тармақтарының бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбекке және Отан қорғауға даярлауға қызмет етеді.

Ұлттық спорт ойын элементтерін дене тәрбиесін берудің құрамды бөлігі ретінде қарастыру, дене мүмкіндіктерін тәрбиелеу әлеуметтік міндеттерді шешуге жәрдемдеседі: жан-жақты жетілген адамды дамыту, әлеуметтік-экономикалық жағдайға ағзаның бейімділік қасиетін арттыру, ағзаның төзімділігін жоғары деңгейге жеткізіп, жеке тұлғаның салауаттылығын қалыптастыру. Сонымен қатар халықтық мұраларды болашақ денешынықтыру мұғалімдеріне  дене тәрбиесін беруде пайдалану дене мүмкіндіктерін тәрбиелеп қана қоймай, ақыл-ой жұмыс қабілетін қалыптастырып, рухани-адамгершілік сезімдері арқылы шығармашылық күш-жігерін толық мәнінде көрсетуге әсер етеді. [3].

Проблеманың практикадағы және ғылыми әдебиеттердегі жағдайын зерттеу бірқатар қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік берді: студенттерді даярлаудың бүгінгі өмір талабына сай ұйымдастыру қажеттілігі мен осындай даярлықтың теориялық негіздері, мен әдістемесінің жеткіліксіздігі арасындағы; жеке тұлғаны дамытудағы потенциалдық мүмкіндіктері мен оның оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асырылмауы арасындағы қарама-қайшылықтар бізге зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты

Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін  кәсіби даярлау - ақыл-ой және қозғалыс дағдылары мен біліктерін педагогикалық қана емес, психологиялық тұрғыда қалыптасуын көздейді.

Б.А.Тойлыбаев дене тәрбиесі мен спорт саласындағы педагогикалық және психологиялық білім маңыздылығының артып келе жатқандығын айтады.  Оның пікірінше, ғалымдар мен мамандар тарапынан ұсынылған ғылыми зерттеулер мен технологиялық даярламаларда педагогикалық және психологиялық білімнің кіріктірілгендігін байқауға болады, сонымен қатар спортшылардың психологиялық даярлығын қамтамасыз етуде міндеттер мен атқарылар жұмыстың көп екендігін атап көрсетеді [4].

Бүгінгі таңда дене мәдениеті саласы мамандарының назарында   жаттығушылардың қозғалыс қабілетін дамыту ғана емес, сонымен қатар дене

тәрбиесі арқылы адамдарды рухани адамгершілік құндылықтарға баулу өзекті мәселе болып отыр.  Студенттерге дене тәрбиесін беруде тоғызқұмалақ ойыны арқылы ой жүйесін қалыптастыруға арналған тоғызқұмалақтан сабақ өту әдістемесі ұсынылып. Сонымен бірге, тоғызқұмалақ ойынының тарихы және ережелері туралы мәлімметтер берілді. Зерттеп отырған мәселенің жан-жақтылығы бейімделу факторлары құрылымының күрделілігін көрсетеді. Олардың барлығы бейімделу сәттілігі, әсерінің ұзақтығы және даму деңгейіне байланысты әсерін тигізеді, өзара байланысты бұл факторлар жағдайларының өзара сертті жүйесі ретінде біртұтас жағдайда әсер етеді.

 

ПАИДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2004

2.     Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан – 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 265 б.

3.     Ұмытылмас есімдер (Ұлы ғұламалар өмірінен), / Құрастырған Б.Ысқақов. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 224 б.

4.     Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. – Түркістан: Тұран, 2004. – 227б.