Педагогические науки/5. Современные методы преподавания.

Магистр-оқытушы Нарықбай Роллан Таженұлы

Қазақстан Республикасы, ОҚО Түркістан қаласы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

ЖАСТАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ  ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Қазақ халқының көне  ғасырлар қойнауынан бастау алатын мәдени-рухани болмысы, жалпы адамзаттық тарихтың, мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады.

Дәстүрлі халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын ұлттық ойындар мен спорттың қоғамдағы атқаратын орнын анықтау, оны теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу Егемен Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқылы салауаттық өмірге баулу, денсаулығын жақсарту, спортқа бейімдеу, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жолдары осы жұмыстың негізгі өзекті бағыты болып табылады.

Жастарды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән беру туралы президентіміз Н.Ә. Назарбаев: «Жастар тәрбиесі басты мақсат екенін көрсетіп, алдағы он жыл ішінде мемлекетімізідің қандай бағытта даму керек екендігін белгілеп берді. Осы міндетті болашаққа іске асырушылар – жастарымыз» - деді. Ішімдік ішу, темекі шегу, есірткі қолдану сияқты жаман жат қылықтардан жастарды алшақтату, сонымен қатар олардың бойына тек жақсы қасиеттерді баулу біздің парызымыз деп қабылдауымыз қажет. Ежелден сақталып келген ұлттық тәрбие мәдениетін, ұлттық құндылықтар арқылы баршамызға насихаттап, бойымызға сіңіру абзал. [1]

 Адам баласы жастайынан тез еліктегіш келеді, сондықтан адамды бала кезінен жақсы әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге, мәдени әдептілікке тәрбиелеу қажет. Қазақ халқы ана құрсағындағы бала тәрбиесіне аса мән берген. Көптеген аналар баланы парасаты мен түйсігі арқылы тәрбиелеген. Өзімізге белгілі Шоқан, Абай сияқты данышпандарымыз ана құрсағында жүрек тәрбиесінің оянуымен туған жандар. Олар халқымыздың көзі ашық, көреген ұлдары Еуропаның аты әлемге белгілі болған ғұламаларынан кем түспейтіні анық.

Тәрбие арқылы баланың адамгершілік, эстетикалық тағы басқа көзқарастары арқылы  салауатты етіп қалыптасады.

 Ұлттық тәрбие – қай кезеңде, қай қоғамның болмасын өзекті мәселесі болып келгені ақиқат. Өсіп-өркендеп келе жатқан ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі адамзат пайда болған кезден бастап бүгінгі күнге дейін үнемі даму үстінде болса да, әр заманда уақыт талабына сай, көптеген пікірлер мен көзқарастар айтылса да, маңызды және мағыналы көп мәселелердің бірі. [2]

         Қазақ халқы ерте заманнан бастап ер бала мен қыз баланың жеке өзіндік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бұл тәрбие ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар негізінде іске асты. Мысалы, қазақ ауылдарында ұлды мал бағуға, отын шабуға, тас қашауға, аң аулауға, қолөнер шеберлігі мен ұсталық іске, жауынгерлікке үйретсе, ал жетіліп келе жатқан қыз балаға үйдің ішін ретке келтіріп, төсек жинау, ас пісіру, кілем-алаша тоқу, тон пішу секілді отбасының күйбелең жұмыстарына баулыған. [3]

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ағзаның қорғану қабілетін нығайту, жеке басының гигиенасы адамдарға ғана емес, қоғамға да үлкен пайдасын  тигізуі мүмкін. Салауатты өмір салтын қалыптастыру негізі мен күн тәртібін сақтау адамның өз өмірін құра білуіне, оның тұрақтылығына, тазалығына, шыңдануына, тамақтануына, дәрілер пайдалануына, ішімдік ішіп және  шылым тартуына және т.б деген парасатты қатынасы болып табылады.

Қазақ халқының ежелгі және қазіргі мекені Ұлы дала болып табылады. Осы Ұлы далада адамзаттың кемелденуі және дамуына үлкен- үлкен әсері болған көптеген тарихи кезеңдер болып өтті. Оған алғашқы жан -жануарларды қолға үйрету, киім тігу, қазба байлықтарды қорыту олардан заттар жасау, жазуды ойлап табу, дөңгелекті арбаны өмірге әкелу сияқты адамдардың күн көріс, шаруашылықты жүргізу барысын түбірімен өзгертуге әкеліп, саналарын жаңа сатыға көтеруге  әсер еткен құбылыстар осы Ұлы далада іске асырылды. [4]

Қазақ халқының ішінде таралған балуан күрестерін төмендегідей бірнеше түрлерге бөлуге болады: қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш, жалаң аяқ, белбеусіз күресу түрі, шапан киіп, белдік буынып күресу, белдік буынып, кеудені жалаңаштап күресу, аяқ киімді шешпей күртеше немесе шапан киіп күресу, отырып күресу. 

Әр аймақта күресу тәртіптері де әртүрлі болып келген. Кеудені жалаңаштап немесе киіммен күресу жергілікті жердің климаттық ерекшелігіне де байланысты болған.

Күресу шартын балуандар алдын ала өзара келісім бойынша белгілеп отырған. Ел арасында ауызша тараған күрес ережелері қатаң сақталып, оны талассыз мойындаған. «Күш атасын танымас» деген қағидаға сүйеніп, балуандарды жас ерекшеліктеріне және салмақ дәрежелеріне қарай бөлмеген.

         Белдесу кезінде «ер кезегі үшке дейін», «ит жығыс», «жол беру» сияқты тәртіптер қолданылған.

          Күшті балуанға қаратып айтылатын «Жауырыны жерге тимеген балуан», «Тізесі бүгілмеген балуан» деген сөздер осы кезге дейін сақталған.

Күрес өнеріне байланысты деректер көне аңыз-ертегілерде,  батырлар жырларында көптеп кездеседі. Мысалы «Ер Төстік» ертегісіндегі Таусоғар балуанға ешкім шақ келмеген соң, ол бір тауды көтеріп алып, елге күшін көрсетеді.

Халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жастардың бойына сіңіру, баланың  салауатты өмір салтына, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастырып тәрбиелеуге аса мән берген жөн.

Салауатты өмір салты жүйесі мен мазмұндық сипаты жеке тұлғаның дене, рухани, мәдени дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтық педагогиканың құрамды бір бөлігі болып табылатын ұлттық қимылды ойындарды пайдалану жас ұрпақтың заман талабына сай бірлікте, өз Отанын сүйе білетін, оны көркейту үшін күресу қолынан келетін өз халқының патриоттарын, адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеуге қызмет етеді.                                                       Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан оның барлық салаларын толық қамтып шығу мүмкін емес, келешекте дене тәрбиесін беруде рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, дене тәрбиесінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, халықтық наным түсініктерді педагогикалық-психологиялық талдау, дене тәрбиесінде қазақ ұлттық психологиясының дамытушылық мүмкіндіктерін зерделеу арнайы зерттеуді қажет етеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. – Алматы: Білім, 1997ж

2.  Тәнекеев М.Т. Ұлттық спорт әлемі. - Алматы, 1998ж

3. Б.Қ. Мухамеджанов «Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми- педагогикалық негіздері»:  п.ғ.д. ғылыми. ... автореф. – Түркістан, 2008ж

4.Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. –Түркістан,  2004ж