Современные методы преподавания / 5 Научная мысль информационного века

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы

Ибраев АбилкасымЗейдинович

СТУДЕНТТЕРДІ АҚПАРАТТЫҚ-КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУДІ ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ ДАЙЫНДАУ

Біздің елімізде қоғамды ақпараттандыру жағдайы бойынша білімді қайта құру үдерісінің негізін қалыптастыратын білімді ақпараттандырудың тұжырымдамасы жасалған.

Жоғары білім беру үдерісінде ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу қолдану негізінде болашақ мұғалімдерді дайындаудың тұжырымдамасын жүзеге асыру - ұзақ, әрі күрделі үдеріс және ол келесі кезеңдерден тұрады:

1) арнайы пәндерді оқыту үдерісінде қолданылатын ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу технологиясының құралдарын игеруге және оны жасауға; кәсіби білім беру мазмұнында оқу жұмысын ұйымдастыру түрі мен жаңа әдістерін игеру туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу;

2) дәстүрлі оқу пәндерін оқытуда қолданылатын ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде оқытудың құралдарын жасау және оны белсенді түрде оқу үдерісіне енгізу; осының негізінде педагогтардың оқу жұмысының жаңа әдістері мен ұйымдастыру түрін жалпылама игеру; білім беру мазмұнын, оқу-тәрбие жұмысы әдістері мен дәстүрлі формасын түбегейлі қайта қарастыру, оны оқу-тәрбие үдерісінде практикалық жүзеге асыру;

3) үздіксіз білім беру мазмұнын оның барлық деңгейінде түбегейлі қайта құру; ақпараттық технология құралдарын қолдануға сәйкес келетін білімді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде оқытудың әдістемесін толықтыру.

Білім берудің барлық буындарында жаңа сапалық жетістіктерге жету педагогикалық тәжірибедегі жаңалықтарды қабылдап, оны жұмыс барысында қолданумен тығыз байланысты.

 Білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды.

 Отандық ғалымдарымыздың айтуынша, жаңа ақпараттық технология – есептеуіш техника негізінде қызмет ететін бағдарламалақ құрылғылар, сонымен бірге ақпаратты таратуды, өндеуді, сақтауды, жинақтауды қамтамасыз ететін құралдар мен ақпарат айырбастау жүйелері болып табылады [1].

 Бүкіл дүние жүзіндегі білім беру мекемелері Интернеттің ақпараттық ресурстарын қолдана алатын кезде білім беруде компьютерлік техниканы қолдану таң қалдырмайтын болды, сондай-ақ, оқытушылар мен зерттеушілер ақпараттық және жаңа компьютерлік технологияларды қолданудың тиімділігінің оқу үдерісіндегі алатын орнына көп назар аударуда.

 Болашақ мамандарға қойылатын қазіргі заманғы талап тек таңдап алған мамандығы бойынша білімі бар мамандарды ғана емес, сондай-ақ еңбекті автаматтандыру үшін жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға қабілетті мамандарды талап етеді[2].

 . Оқу үдерісін ұйымдастыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қазіргі оқыту әдістерінің ерекше белгісі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін әрі қарай дамыту ақпараттық ресурстар болып табылатын оқытуға арналған бағдарламалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес.

 Олардың атқаратын қызметтеріне мыналар жатады: автоматтандырылған және сараптамалық жүйелер, электрондық оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалық құралдар.

Қазіргі таңда ғылым мен техникалық даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үдерісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде.

Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда. Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындарының, сонымен қатар мектептердің де жоспарлы түрде компьютермен жабдықталуы оның айқын дәлелі.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту жүйесі әр түрлі формада іске асады:

1.    Оқытудың интерактиві емес технологиясы (қағазға басылған материалдар, кейстік технология, дыбыстық және бейне тасымалдаушылар)

2.     Оқытудың интерактивті технологиясы (компьютер оқыту, электронды оқулықтар, мультимедия) құралдары.

Ал кредиттік технологиялармен оқытудың негізі – білім алушының өзіндік жұмысын, өз бетімен білім алу деңгейін арттыру болып табылады. Олай болса, білім жүйесіне кредиттік технологияны енгізу – оқу үдерісінде интерактивті оқыту технологиясын қолдану деген сөз [3].

Оқытушылардың көпшілігі оқыту үдерісінде ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолдануда, маман даярлауда мына қиыншылықтармен кездеседі:

- оқытушылардің көпшілігінде жаңа техникамен, технологиямен жұмыс істеу практикалық тәжірибесінің аздығы;

- оқу үдерісіне ақпараттық және компьютерлік технологияларды енгізу күрделілігі, ол бір ұжымда істейтін оқытушылардың біліктілігінің айырмашылықтары болуына байланысты;

- ақпараттық құбылыстарды зерттеуге байланысты мәселелерді шешуге ақпараттық және компьютерлік технологияларды қолдану әдістемесін түсіндіретін әдебиеттің аз болуы. Осыған байланысты білімгер:

-                 тек ақпараттық және компьютерлік технологиялардың варианттарын пайдалануды білу, оның нәтижесінде оқытушылар "жинақталған" адам тәжірибесінің меңгеруін іске асырады;

-                оқу материалының, күрделілік деңгейі әр түрлі тапсырмаларды, болжау іскерліктерін қалыптастыруды керек ететін кәсіби жағдаяттарды модельдеуді таңдауды білуі;

-                компьютерді қолданып шеше алатын ақпараттық мәселелердің белгілі ауқымын әдістемелік қамтамасыздандыруды жасауды білу.

Осы көрсетілген мәселелерді шешу қалай болғанда да, білікті бағдарламалық өнімдері қажет. Оқытудың техникалық құралдарын және бағдарламаларды жасауды нағыз ғылыми негізде іске асыру керек, бұл жағдайда оқу материалын алгоритмдеуге, білімді меңгеру үдерісін басқаруға байланысты мәселелерді теориялық зерттеулер мен эксперименттік тексеру арқылы өткізу керек [4].

Болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік даярлығын практикада жүзеге асырушылардың көпшілігі өз зерттеулерінде ақпараттық технологияларды оқытудың барлық кезеңдерінде, сонымен қатар кез-келген формаларында қолдану. Болашақ мұғалімді ақпараттық технологияларды қолдануға және оның құралдарын жасауға дайындау жоғары білім берудің замани талаптарының көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады.

Олай болса, қазіргі кезде ғылым мен техниканың жетістіктерін, ақпараттық-компьютерлік технологиялардың құралдарын кәсіби маман даярлау үдерісінде пайдалану маңызды екендігі, ал бірақ сол негізде болашақ мұғалімдерге білім беру әлі де жеткіліксіз екендігі айқындалды. Бұл бағытта болашақ мұғалімді кәсіби дайындаудың арнайы тұжырымдамасының негізін анықтап арнайы дайындау моделін ұсыну қажеттігі туады.

Әдебиеттер

1. Оразов Ш.Б. Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері. Пед. ғыл. докт. дисс....- Түркістан, 2011ж.

2.Кеңесбаев С.М. Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздері. Пед. ғыл. докт. дисс....-Түркістан, 2006, 312 б

3. Кенджаева Б.Б. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісіндегі қалыптастыру. Пед. ғыл. кан. дисс....- Түркістан, 2010.

4. Беркімбаев К.М. Болашақ экология мамандарын кәсіби даярлаудағы информатикалық пәндерді оқыту үдерісінің педагогикалық жүйесі. Пед. ғыл. докт. дисс....- Түркістан, 2007. – 44б.