ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ: СҮЙІЛІШ БАТЫР ЕРЛІКТЕРІ

Оразгелді Назерке Амангелдіқызы

Өтеген Нұралы Оразгелдіұлы

Қазақстан Республикасы

 

Аңдатпа: Бұл зерттеуімізде Қазақ хандығының өсіп-өркендеуіне өз септігін тигізген, Қоңырат руынан шыққан Сүйіліш батырдың даңқты ерлік істері айтылады.

 Кілт сөздер: Сүйіліш батыр, қазақ хандығы, қоңырат, көтеріліс.

 

Еңсегей бойлы ер Есім хандығы кезінде 1603 жылы қазақ-бұхар соғысы болады. Самарқанд маңында Айғыржар шайқасында, Қазақ хандығы жеңіске жетеді. Нәтижесінде Сайрам, Ташкент, Әндіжан жерлерін өзіне қосып алады. Осыдан кейін Бұхар хандығы Қазақ хандығын әлсірету үшін, Ташкенттегі Тұрсын хан хандығын мойындайды. Есім хан билігі тұсында шығыста ойраттар ықпалы артып, қазақ жеріне қауіп төндіре бастайды. Бұл жағдайды ескере отырып, Есім хан қырғыз елімен арадағы одақты нығайта түсіп, Моғолстан билеушісі Абд-ар-Рахим ханмен достық қатынасты жолға қойып алады. Соның нәтижесінде, Есім хан 1627 жылы Жетісуға барып, ойраттарға ойсырата соққы береді. Осы шайқаста Қоңырат тайпасының қосындары елін, жерін қорғау жолында үлкен шайқастарға қатысады. Сол қосынның қолын бастаған батырлардың бірі – Сүйіліш батыр болған. Ол кезде Сүйіліш батыр Сауран қаласында орналасқан әскердің бас сардары қызметін атқарған [1].

http://www.canadianyw.com/wp-content/uploads/2013/10/Samarkand.jpgПодпись: 1-сурет. Сүйіліш батыр Тұрсын ханға елшілікке барған кездегі  Ташкент қаласының көрінісіБұған дейін Ташкенттің билеушісі Тұрсын хан 100 мың әскерімен Бұхар ханы Иманқұли ханның 160 мыңдық қолын Шахрух бекінісінде 1621 жылы жеңіп күшейіп алған. Есім ханның жорықта жүргенін пайдаланған Тұрсын хан 1627 жылы Түркістанға шабуыл жасайды. Хан отбасын тұтқынға алып кетеді.

Есім хан Түркістанға оралып, Тұрсын ханнан кек алуға шабады. Еңсегей бойлы Есім ханның Сүйіліш сенімді серігі, бас батыры ретінде ханның Ташкентті билеген, қатағаннан шыққан Тұрсын ханға қарсы жорығына басшылық жасайды. 1627 жылы Ташкент түбіндегі қанды шайқаста Тұрсын хан өліп, әскері күйрей жеңіліп, оған қараған жерлер Қазақ хандығының құрамына кіреді. Есім ханның бұл жеңісі Қазақ хандығының феодалдық бытыраңқылықтан сақтап қалды дейтін болсақ, батыр еңбегінің ерекше екендігін тарих дәлелдеп тұр.

Сонымен қатар, Сүйіліш батыр қазақ-бұхар қатынастарын реттеуде елшілік қызмет те атқарған [2].

Қоңырат шежірелерінде Сүйіліш батырдың Бұхар хандығымен әскери байланыс орнатуда атқарған қызметі, ханмен арадағы сөз қақтығыстары сақталған. Есім хан тұсында Бұхар ханы Иманқұлға өз ықпалын өткізе алды және тығыз қарым-қатынаста болды. Сол қатынастарға Сүйіліш батырдың барып тұрғандығы туралы айтқым келеді.

Подпись: 2-сурет. Қазақ хандығының картасыC:\Users\User\Desktop\Kazakh_khandigi.jpgҚазақ халқының ұлт болып ұйысып, Қазақ хандығының бір ту астына бірігуі бірнеше ғасырға созылған болса, осы тарихи процесте мемлекеттің өрісін кеңейтіп, іргесін бекітуге, қазіргі таңда есімдері белгісіз көптеген тұлғалармен бірге Сүйіліш батырдың да қосқан үлесі мол. Ол Бұхар, Ташкент хандықтарына қараған қазақ тайпаларын қазақ хандығының құрамына қосуға, сөзімен де, қаруымен де көп үлес қосқан, өз заманының өр тұлғасы. Сырдарияның сол жағалауы – Қызылқұм аумағының түпкілікті қазақ иелігіне өтуіне мұрындық болған қаһарман батыр.

 

http://art-kaz.kz/published/publicdata/DB1063001AK/attachments/SC/products_pictures/tamga_plemeni_konrat_10282_bolshaja.jpg

Сүйіліш пен Жортпасбайдың  Есім ханға арыз етіп келуі

Подпись: 2-сурет. 
Қоңырат тайпасының  таңбасы
Заманындағы ұлықтардың шақыртуы бойынша Бұхараға әскерлерді машықтандыруға барады. Бұхараға барған соң Жұпар деген жесір әйелге үйленеді. Ол ақсүйектің қызы еді. Кезекті мерзімі бітіп, Сүйіліш батыр еліне қайтатын болады. Бұл жағдайды әйеліне айтып, «Сіз менімен бірге барасыз ба: әлде осында қаласыз ба?», – деп сұрайды. Жұпар Сүйіліштің еліне бара алмайтындығын айтады. Бірақ «Балалы боламыз, оны қайтесіз?», – дейді. Сонда Сүйіліш батыр «Бармасаң жарайды», – дейді. «Бірақ қыз тусаң, өзіңдікі болсын, ұл тусаң – мына, босаға таңба – менің елімнің таңбасы, осы таңбалы малды тапса, мені де табар», – деп маңдайшаға босаға таңбаны ойып салып беріп, еліне қайтады.

Сүйіліш еліне келген соң, Бұхарада қалған әйелінен хабарсыз болды, Бұхараға  қайтып оралмады. Жұпар айы-күні жетіп, ұл баланы дүниеге әкеледі. Атын  Малай деп қояды. Шешесі Жұпар өрмек тоқып, күнін көреді. Бала ес біліп балалармен күресіп ойнағанда өзімен қатар және өзінен үлкен балаларды жеңіп, жылатып қояды екен. Жылаған балалардың ата-аналары Малайдың шешесі Жұпарға келіп «Мына балаң сор болды, балаларымызды жылата береді», – деп шағымданып келе берген соң, шешесі Жұпар: «Сен де бір Соркүйік болдың-ау!» – деп баласына ұрысады екен. Сөйтіп, өз аты аталмай, лақап атымен «Соркүйік» аталып кетеді. Бір күні бір жесір әйелдің баласымен ойнап жүріп, ұрысып қалып, оны ұрып, жылатып жібереді. Соркүйік әкесіне тартқан қайратты еді. Баласы таяқ жеген жесір әйел Соркүйікті үйіне дейін қуып барып: «Сен көрінген баланы ұрғанша, тастап кеткен әкеңді таппайсың ба?», – деп ұрысады. Бұл сырды бұрын естімеген Соркүйік шешесінен әкесі жайлы сұрайды. Шешесі әкесінің жайын білгенінше айтып түсіндіріп, босағаға қалдырған батырдың белгісін көрсетеді. Енді балаға ой түсіп, әкесін іздегісі келеді. Сөйтіп, базар күндері базарға түскен малдардың таңбасын байқап, көріп жүреді. Бір күні базарда шөп жеп тұрған екі атты көреді. Ол аттардың таңбасы босаға еді. Аттың бірі – Қарабурыл, бірі – Керқасқа еді. Аттың иелері Қарабурылдікі – Жортпасбай, Керқасқаның иесі – Кебекші еді. Рулары – Арыс бойындағы құлшығаш. Бала әкесінің малын таптым деп қуанып, екі аттың қасынан кетпейді. Аттардың иелері базарға мал алып келген еді. Малдарын сатып болған соң аттарына келсе, қасында бір жас бала отыр, «Мына аттар менің әкем Сүйіліштің аттары екен, танып отырмын»,– деп жағдайын айтады. Сүйіліштің жағдайын білетін Жортпасбай мен Кебекші «Шырағым, өз баламыз екенсің. Сенің батыр әкеңе барғың келген екен, үйіңе бізді ертіп апар, шешең рұқсат етсе, әкеңе ертіп әкетеміз», – дейді. Сөйтіп баланың үйіне барып, шешесіне: «Балаңыз әкесіне барғысы келеді екен, рұқсат етесіз бе?» –дейді. Шешесі: «Мүмкін болса әкесі Сүйілішке табыс етсеңіздер. Ойнаған балаларды ұрып, зар илетеді, олардың ата-аналары қарғап-сілеп мазамды алды. Бірақ сіздерді танымаймын», – деп ұлыққа ертіп барып, тілхат алып, бармақтарын бастыртып, баласына рұқсат етеді. Жортпасбай Кебекшімен ақылдасып, баланы құрдан-құр алып кетуге ұялып, Кебекшінің аты – Керқасқаны баланың шешесіне береді. Сөйтіп, еліне келген соң Сүйілішке айтпай, Жортпасбай  Сұркүйікке мал бақтырып қояды [2].

Сүйіліштің ауылы Түркістанның батысындағы Қарашық өзеннің жағасында болатын. Өзеннің екі жағалауында ол кезде қалың сексеуіл мен жыңғыл өсетін еді. Бала әкесін таппай зорлықпен қой соңына түскен соң, оны уайым басады. Шерлі бала сыбызғы жасап алып, сыбызғымен ән-күй тартып, үлкен сыбызғышы болады. Әкемді табамын деп шешемнен айырылдым деп қапа болады.

Сүйіліш батырдың Бұхараға барған елшілік сапары, оның қалай біткен нәтижесі туралы деректер кездескен жоқ. Ал, шежірелік аңыздарда айтылған осы аз ғана деректердің өзі батырдың ақыл-парасатын танытады сонымен бірге қазақы  салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға сай билікке араласуының көрінісі ретінде қабылдауға болады.

Қорытынды. Өткен тарихты бағалау, оның тағлымды тәлімінен сабақ алу – ұлтын сүйген әр азаматтың ардақты борышы деп білеміз. Өткенімізді төл тарихымызды білу, ұлы батыр бабаларымызды ардақтау – санасы биік халыққа тән абыройлы іс. Міне, сондықтан да, өшкенімізді жағу, асылымызды ардақтау - міндетіміз. Батыр кесенесінің ашылуына арналып ас беру кезінде сөз сөйлеген Қазақстанға белгілі азаматтар драматург – сыншы Әшірбек Сығай, композитор Мыңжасар Маңғытаев, ақын Темірхан Медетбек Сүйіліш батырдың даңқты ерлік істері мен даналығы туралы пікірлерін баяндамалары арқылы  кеңінен  жеткізе білді [3].

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.                 Салғараұлы Қ. Хандар кестесі. – Алматы: Жалын,1992, 48 б.

2.                 Сүйінбаев Т. Қоңырат Жетімдер руының  шежіресі. –Алматы: Білім,  2011. 424 б.

3.                 Ұлтының  ары, ұрпағының  мақтанышы болған  Сүйіліш батыр // «Отырар  алқабы» газеті. 2013 ж, 11 қазан

4.                 Ысқақов С. Сүйіліш батырдың ұрпақтары. – Тоғанай Т, 2011. 376 б.