пс.ғ.к.
А.Р. Мандыкаева
студент Н.
Нұртай
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕЛЕРІ
Денсаулық сақтау қызметкерлері алдында
Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы
Жолдауларында, ҚР Конституциясында, «Халықтың
денсаулығы және денсаулық сақтауды дамыту туралы
Кодексте», мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық
ұйымдардың күшін біріктіру жолымен әрбір
қазақстандықтың ұлт саулығын
қалыптастыруға қатысу принципіне негізделген, «Саламатты
Қазақстан» деп аталатын республиканың денсаулық
сақтау саласын дамытудың 2010 жылдан 2015 жылға дейінгі
мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру міндеттері тұр.
Сырқаттар мен медицина
қызметкерлерінің арасында тату-тәтті байланыс, достық
қарым-қатынас, науқастың жақын туыстарына сенгені
сияқты бір-біріне деген сенімділік орнаған кезде ғана
ауруға ем әсері байқалады.
Қарым-қатынас – бiрiккен iс-әрекет
қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың
дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы үрдіс. Адамдардың
танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін
қабылдауы. Қарым-қатынастың үш жағы бар –
интерактивті, коммуникативті, перцептивті. Қарым-қатынастың
деңгейлері – мезо, макро, микро, стандартты, шаблонды, жабайы, рухани,
іскер, ойын, т.б.
Қарым-қатынастың түрлері –
әлеуметтік бағдарлаушы, жеке бастық бағдарлаушы,
топтық, топаралық және т.б. Адамдар арасындағы
қарым.-қатынас жасау да аса қажетті шарттың бірі –
сөйлеушілердің өз ой-пікірлерін өзгелерге,
тыңдаушыларға қалайда жеткізіп, оларға әсер етуді
көздесе, ал тыңдаушылардың қарым.-қатынас
орнатудағы сөйлеуші жақтың ой-пікірін дұрыс
ұғынып, оны іс жүзіне асыра білу мәдениеттілігіне
байланысты. Бұл жайттан біз қарым.-қатынас жасаудың
үнемі екіжақты үрдіс екендігін түсінеміз. Арнайы
жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша адамдардың басым
көпшілігі өзінің 70% (уақытын өзара тілдесіп
қарым-қатынас жасауға жұмсайды екен. Ал жетекші
қызмет пен басшылық ететін адамдар өздерінің
жұмыс мерзімінің 80%) уақытын осы қарым-қатынас
жасауға жұмсайды.
Тілдесу арқылы адамдар өзара
қарым.-қатынас жасап біріне-бірі білдірмек болған ойын
жеткізіп пікір алысады. Қатынас орнатудың нәтижесінде
өзара ықпал етіп, адамдардың өмір тәжірибесі, іс-әрекеті,
теориялық ой-пайымдары дамиды. Қарым-қатынас орнатудың
тиімді болуы басқарушылар мен бағынушылар, жетекшілер мен
атқарушылар арасындағы түсіністіктің
ереже-қағидаларын қалыптастырып, әрбір
іс-әрекеттің өнімді де, пайдалы да болып бітуіне әсер
етеді. Қарым.-қатынас орнатудың бірнеше түрлері бар:
ресми және бейресми. Ресми қарым-қатынас нақты іске,
қызметке байланысты тілдесулерде адамның шын пиғылы мен сырын
ашып көрсетеді. Шын пиғылды бейресми қатынас орнатудың
өзіндік белгілері бар:
1. Адамның жеке басы мен кісілік қасиетін
көрсететін ашық-жарқынды- ғы, сенімділігі мен ақпейілділігі;
2. Әріптестерімен жалпы тіл тауып сөйлесіп,
бірін-бірі жете түсінісе алуы сияқты ұнамды сапалар.
Қатынас жасау адамның даралық мінез қасиеті. Ол келесі
сатылардан тұрады: 1-ші сатысы өзгелермен қарым-қатынас
орнатуға ниет білдіруі; 2-ші сатыда қатынас жасайтын
әріптестерінің кімдер екенін танып білуге ықылас білдіріп,
олар жайында қажетті мәліметтер алуға ұмтылады.
Әрбір әріптесімен өзінің өзара қатынасының
нендей рөлдер атқаруы жайлы елестері пайда болады.
Әріптестерінің кімдер екенін, танып білуге мән беріп, мен
олардың арасында қандай орын аламын деп, өзгелердің
пікірімен санасады. Өзін өзгелердің орнына қойып, ішкі
жан дүниесінің сырына барлау жасайды. Мұның бәрін
ол өзінің ақыл-мөлшерімен таразылап көреді де,
ұжым ішінде өзімнің атқаратын ісім мен
мінез-қылығым қалай болуы керек деген міндетті шешеді. 3-ші
сатыда қатынас жасаушы серіктері жайында өзара тілдесіп,
ұғынысудың жолын іздестіреді. Егер олар тіл табыса алатын
белгілі іс-әрекеттерді атқаруға кіріседі. Іс-әрекет
үстінде ұжым ішіндегі әріптестерінің кімдер екенін
аңғарып, оларды да, өзін де танып білетіндей деңгейге
көтеріледі. 4-ші сатыда қарым-қатынас жасап, тілдескен
әріптестер нендей істерді атқара алады және олардың
іс-әрекеті мен мінез-қылығында, қабілетінде нендей
жағымды істері бар, ұнамды қасиеттері мен
олқылықтары кездеседі деген жайттарды анықтап, кімнің
кім екенін білетін болады. Егер тіл табысып кете алмайтындай жайттар
байқалатын болса, онда қатынасқа түскен адамның
өзгелермен онан әрі қарым-қатынас жасаудың
пайдасыз екенін аңғарып, солардан өзін аулақ
ұстауға әрекеттенеді. Дегенмен адамның өзгелермен
тілдесіп қарым-қатынас жасай білуі жалпы адами
қасиеттердің аса қажет түрінің бірі.
Қарым-қатынас. – қажеттіліктері әртүрлі
адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, бірлесіп шешім қабылдауы,
әңгімелесушіні түсіну және қабылдау және де
басқа әрекеттестіктерді жасау түрлері.
Э. Берн психоанализ идеясы мен жүйке
және психика ауруларын емдеу әдісі мен жалпы теорияларын дамытуда,
Берн өз назарын тұлғааралық қарым-қатынас
негізінде жатқан «транзакцияларға» бөлді (ағылш. trans-
— суйеулер, бірінші нәрсенің екінші бір нәрсеге деген
әрекеті және ағылш. action — «әрекет»).
Транзакциялардың кейбір түрлерінің жасырын мақсаты
болады, ол оларды ойындар деп атайды. Берн үш эго-күйді
қарастырады: Ересек, Ата-ана және Бала (фрейдтік емес Мен,
Жоғарғы-Мен және Ол). Бернның пікірінше, адам
қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түскенде
осы күйлердің бірінде болады.
Берн
теориясындағы тұлға Эго-ның сананың арнайы
қалыптарында және жүріс-тұрыс үлгілерінде
көрінетін ерекше қалыптардың жиынтығы ретінде
қарастырылады. Автор Эго-қалыптың үш негізгі
түрін көрсетеді:
«Ата-ана» - балалық шақта маңызды авторитеттерге
немесе өз ата-анасына еліктеу қалпы. Ол дәстүрлерді,
құндылықтарды, нормалар мен ережелерді бейнелей отырып
көптеген басқа таптаурындар мен автоматтандырылған
жүріс-тұрыс формаларынан тұрады. «Ата-ана» нормалар мен ережелерді білуін қамтамасыз етеді.
Негізінде – бұл тұлғаның моральдық аймағын
белсендіру.
«Бала» - ерте балалық әсерленулермен және
алаңдаушылықтармен байланысқан аффективті комплекстері бар
тұлғаның бөлігі. Бұл қалыптың екі
формасы бар: интуицияның, шығармашылықтың,
қуаныштың қайнар көзі болатын табиғи «Бала»
және «Ата-анасының» ықпалына байланысты өз
жүріс-тұрысын ауыстыратын бейімделген тәуелді «Бала».
Негізінде – бұл қалыпты тұлғаныі эмотивті аймағын
белсендіру.
«Ересек» - қоршаған әлеммен эффективті
әрекеттесу үшін ықтимал болатын бағасының
және ақпараттың өңделуі жүретін
қалпы.
Көрнекті психолог А. А. Леонтьевтің
пайымдауынша қарым-қатынастың
арқасында адамдар өзара әрекетке түсе алады. Басқаша айтқанда, өзара
әрекет, интеракция – бұл ұжымдық іс-әрекет,
мұны біз мазмұн немесе өнім жағынан емес, оның
әлеуметтік ұйымдастырылуы тұрғысынан
қарастырамыз. Қарым-қатынасқа келер болсақ,
бұл – интеракция факторларының бірі немесе егер
неғұрлым дәлірек айтсақ, осындай факторлардың
жиынтығы. Бұл факторлар «олар өзара әрекет
жағдайларында пайдаланылған кезде коммуникативті болып
шығады.
Қарым-қатынастың
болуының арқасында адамдар өмір сүреді және шынайы байланыстарда, бір-бірімен
қатынастарда іс-әрекет жасайды. Қарым-қатынас
түбегейлі адамдық сұраныс бола отырып, дербес
құндылық болады, себебі адам басқа адамды әрдайым
қажетсінеді. Ол үшін маңызды дүние – бұл
басқа адам, онымен қарым-қатынас процесінде және тек
сол арқылы адамның мәні көрініс табады.
Әдебиеттер
1. Хетагурова,
А. К. Проблемы этики и деонтологии в работе медицинской сестры / А. К.
Хетагурова. - М.: Медицинский проект, 2008. - 72 с.
2.
Леонтьев А.А. Психология общения. – 2-е изд., испр. и доп.
– М.: Смысл, 1997. – 365 с.
3. Мандыкаева
А.Р. Тұлға қабілеттерін дамытудағы
қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері:
автореферат дис. . псих. ғылым. канд. Қазақ
ұлттық ун-ті. – Алматы, 2009 ж.