Өз бетінше сабақтардағы дене тәрбиесінің теориясы мен практикасының  мазмұны және әдістемесі

К.К.Базарбаева – п.ғ.к.,доцент Л.Н. Гумилев ат.Евразия Ұлттық  университеті

ДШ-11 тобының студенті Саулет Ардақ

Дене тәрбиесі жүйесі жалпы білім беретін мектептерде мектеп оқушыларының денсаулығын нығайтуға және жұмысқа қабілеттілігін дамытуға, денесінің және қозғалыс әрекеттерінің дамуының оңтайландыруға бағытталған. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің маңызды мәселелері – терең білімділікке негізделген тұрақты дене дағдылары қалыптасуын саналы түрде игеру, үнемі денесін шынықтыру, еңбек қабілеттілігін жетілдіру, күнделікті өзінің күн тәртібін ұйымдастыру дағдыларын және салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру болып табылады.

Өз бетінше сабақтардың дене тәрбиесі  теориясы мен практикасында мынадай түрлері қолданылады:

1.   Жалпы және дайындығы бойынша сабақтар.

2.   Жаттықтыру сабақтары.

3.   Ертеңгі гигиеналық жаттығу.

4.   Физкультминутка және физкултьпауза.

5.   Спорт, қимыл-әрекет және ұлттық ойындар.

6.   Демалу, демалыс күндерінің туризмі.

7.   Ырғақты гимнистка.

8.   Шынықтыратын үрдістер.

Өз бетінше сабақтарының негізгі құралдарына жататын жалпыдамытушы жаттығулар: жүру, жүгіру, сүзу-малту, ойындар, туризм және т.б.

Дене тәрбиесы жаттығуларының оңды ерекшеліктеріне:

1)  Терең биологиялық және адекваттықты;

2)  Әмбебаптықты (қимыл-әрекеттің кең диапазоны);

3)  Теріс әсерлердің болмауын;

4)  Жастық шектеулерге қарамай, ұзақ уақыт қолдану мүмкіндігін жатқызуға болады.

Өз бетінше сабақтарда дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді. Бұл салада зерттеулер көп жүргізілгенімен, күні бүгінге дейін бұл мәселе оңды шешімін таппай келуде. Соған қарамастан, дене жаттығулары, оның ішінде дене жаттығуларының ұлттық түрі енгізілген өз бетінше сабақтардың ұйымдастырылуы мен әдістемесіне қоятын талап бүгінгі таңда өте күшті болып отыр және оған жүйелі түрде қарауымыз керек.

Осы салада еңбек еткен ғалым С.Қасымбекова атап өткендей, дене тәрбиесі бойынша мектепте үй тапсырмасының практикаға енгізілгеніне      30 жылдан асты және ол белгілі бір жүйеге келтірілген. Дегенімен, осы мәселеге қатысты ғылыми әдебиеттер мен қажетті оқыту құралдарын талдау барысында, біз оңтайлы жүйені таба алмадық.  Мәселен, алдыңғы қатардғы педагогикалық тәжірибе талдауларын кезеңді түрде жариялап отыратын «Физическая культура, теория и методика физичсекой культуры» атты журналда қимыл-әрекеттің сапаларын дамыту мақсатында педагогтар әр түрлі кешенді жаттығулар мен ойындарды пайдаланатынын байқауға болады, алайда онда тиісті жаттығуларды жүзеге асыруға лайықты өз бетінше сабақтар жүйесін жоспарлау, құрал-жабдықтарды пайдалану әдістері қалыптаспаған. Сөйтіп, дене тәрбиесінің мұғалімі үй тапсырмасын беру барысында дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің жалпы ережелеріне, өзнің жеке тәрбиесіне сүйенеді. Бұл мектеп мұғалімдерінен тиісті сауалнама алу барысында да анықталған. Атап айтқанда, олардың жауаптарына сәйкес, іс жүзінде үй тапсырмалары жүзеге асырылып жүргенімен, олардың мазмұны интуитивті түрде өз беттерінше алынатындығынан байқауға болады.

Көптеген авторлардың пікірі бойынша дене жаттығулардың ұлттық түрлеріне байланысты өз бетінше жүргізілетін сабақтар мынадай міндеттерді шешуге өз септігін тигізері анық:

1) қозғалыс белсенділігін арттыруға;

2) негізгі бұлшық еттерін нығайтуға;

3)дұрыс жүріс-тұрысын қалыптастыруға;

4) қимыл-әрекет қабілеттерін, жүгірудегі, қарғу мен лақтырудағы білік-дағдыларын игеруге кешенді дамытуға ықпал етеді.

Белгілі ғалым Қ.І. Адамбековтің пікірі бойынша:

- біріншіден, өз беттерінше сабақтардағы жаттығулар оқу бағдарламасы аясында оқытылатын тақырыптардың мазмұны мен міндеттемелерін ескере отырып, жүйелі түрде жоспарлануы тиіс;

- екіншіден, оқышулардың жастық және жыныстық ерекшеліктері, олардың дене қабілетін дамытудың оңтайлы мүмкіндіктері ескерілуі тиіс;

- үшіншіден, әрбір сынып немесе жастық топтар үшін ойындар мен дене жаттығуларын іріктелуі қажет.

Өз еңбегінде, Т.А.Ботағариев, мектептегі дене тәрбиесі сабағының сапасын төмендететін алты факторды атап көрсеткен, сонымен қатар дене тәрбиесі сабақтарының сапасын төмендететін маңызды факторлардың бірі – әдістемелік деңгейінің төмендігін атап көрсеткен. Оған сондай-ақ барлық ұстаздар ұжымының, оқушылардың, ата-аналардың дене шынықтыру білімінің дедеңгейі төмен екенін қосуға болады. Үйретуші қалыпта және білімдік бағыты қалай болса, дене тәрбиесі сабағының соншалықты тәрбиелік мәні де зор болуы тиіс.

Қазіргі заман ұстазы тек белгілі бір бағдарламада берілген қимыл-әрекеттердің орындалуын ғана қамтымай, балаларға жеткілікті болатындай дәрежеде өз бетінше жүргізілетін сабақтардың әдістемесін үнемі түсіндіріп отыруы қажет. Педагогикалық үрдісте баланы қинамастан, керісінше оның қызығушылығын арттыра отырып, дене тәрбиесіне тұрақты мұқтаждылығын қалыптастыруға жағдай жасауымыз керек.

Дене тәрбиесі сабақтарында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру индукция әдісін қолдану арқылы құрылады. Сабақтағы дене жүктемесі физиологиялық және гигиеналық нормалардың әсерімен жүзеге асады, олар баланың ойлау қызметіне кері әсер етпей, керісінше оны күшейте түседі.

Оқушалдардың шынайы функционалдық мүмкіндіктерінен оқу мазмұнының ерекше заңдылығы болады. Балалардың дене дайындығына жастық және жыныстық ерекшеліктері ескерілмей, қатаң талап қойылған жағдайда қимыл-әрекетті үйрету тиімділігі төмендейді. Бұл еңбекке қабілеттіліктің төмендеуімен қатар, берілген жаттығуларды орындауға деген ынтаның жойылуына әкеп соқтырады.

Жене тәрбиесі сабақтарында қойылатын дене жүктемесінің негізгі компоненттері оның көлемі мен қарқынында. Дене жүктемелері бір орындағанда, сондай ақ бірнеше орындағанда да байқала береді. Дене жүктемелерінің көлемі мен қарқындылығы ұлттық ойындардың және жаттығулардың сипатымен, интервалдары және олардың араларындағы дем алыс түрлерімен анықталады. Бұл компоненттердің өзара байланысы, айналысушының организміне жүктеменің өлшемі мен әсер ету бағыты арқылы анықталады.  Дене жүктемесі оңтайлы болған жағдайда ғана тиімді нәтижеге қол жеткізіуге болары анық.

Жүрек соғысы жиілігін өзгерту – бұлшық ет пен қан айналымы жүйесінің бейімделуін жүзеге асыратын маңызы физиологиялық механизм. Бұл көрсеткіш дене жүктемелерін тексеру кезінде жүрек-қан тамыр қызметін, сондай-ақ қан айналымы жүйесінің қызметін тексеру, олардың функционалдық жағдайын бағалау кезінде өте қажет, ол қаншалықты жай болса, оның ақпарат беру деңгейі соншалықты жоғары. Сондықтан бұл сол жүсек соғысы жиілігі өлшемдерінің сапасы дене жүктемесінің ауырлығымен көтеріп алып жүру деңгейін бағалауға пайдалануға алынған.

Дене жүктемесін орындау барысында негізгі үш кезең анықталды:  қалыптастыру, яғни қызмет етудің жұмыс деңгейіне ауысу үрдісі;  организмнің оңтайлы жағдайы мен кезеңі арасындағы шаршау белгілерін сипаттайтын жұмыс кезеңі арасындағы шаршау белгілерін сипаттайтын жұмыс кезеңі. Бірақ авторлар гетерохронизмді әр түрлі функционалдық жағдайдағы қалыптастыру үрдісі ретінде қарайды, бұлар әсіресе жаттықпаған жасөспірімдерге де қатысты. Қалыптасу кезеңінің дене жаттығуынан кейін созылуы әдебиеттерде қарама-қарсы бағаланады. Зерттеушілердің көпшілігі жасөспірімдердегі стандартты жүктемелерден кейін қалыпқа келу жоғары сыныптардағы мектеп оқушыларына қарағанда өте қиын және күрделі болатыны мойындайды.

Белгілі ғалымдар В.М.Баевский және Р.Е.Мотыленская жылдам қозғалатын жүктемелерді жүзеге асыру барысында сондай-ақ созылмайтын күш жаттығулары мен статикалық күште (жастық деңгейге сай күшті жетілдіру) 11-14 жастағы жасөспірімдерде қалыпқа келу ересектерге қарағанда тезірек болатынын байқаған. Табандылыққа арналған ойындар мен жаттығулардан кейін, оның үстіне бірдей жүктемеден соң (100, 200, 400 м. жүгіру), жасөспірімдердің қалыпқа келу үрдісі ересектерге қарағанда ұзақ және өте баяу жүреді.

Шапшаң орындалатын жаттығулардан кейін жасөспірімдердің қалыпқа келуіне бәлендей нәтиже бермейтіні байқалады. Бұл жаттығуларды бірнеше рет қайталағанда қалыпқа келу реакциясы ересектер мен жасөспірімдерге қарағанда одан әрі төмендеп кетеді. Олай болса, жасөспірімдер ересектерге қарағанда  қалыпқа келу үрдісі тұсында алғашқы жылдамдықты тұрақты сақтап қалу жағынан төмен екені байқалады.

Жас балалар мен жасөспірімдер арасында дене жүктемелеріне деген қан айналымы мен тыныс алу жүйелері жағынан бейімделу үрдісі белгілі бір циклдық сипаттағы арнайы табандылықты дамыту барысында жақсара түседі. Оларда жаттығудың жақсарғаны, жүрек соғысы жылдамдығының сирегені, соғу көлемінің, велоэргометриялық жылдамдық жүктемесін орындағандағы бір минуттік қан көлемінің қарқындылықты арттыратын гемодинамикалық көрсеткіштерінің артқанын байқаймыз.

Осылайша, аталғандардың барлығын назарға ала отырып, мынадай қорытынды жасауға болады:

-       қозғалыс және вегатативті функциялардың әр түрлі көрсеткіштері бір уақытта қалыпқа келмейді;

-       қалыпқа келу үрдісі бірқалыпты жүзеге аспайды;

-       жұмысқа қабілеттілікті қалыпқа келтіру фазалық сипатта;

-       жұмысқа қабілеттілікті қалыпқа келтіру вегатативтік функцияларды қалыпқа келтірумен сай келмейді, одан ұлттық дене жаттығулары бар өз бетінше сабақтардың педагогикалық тиімділігі балалар мен жасөспірімдер организмінің дене жүктемелерін қабылдауға бағытталған анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.

Балалар мен жасөспірімдердің организмдері жаңа қызмет түрлеріне тез бейімделеді және жүктемелердің ұзақтылығы мен қарқындылығын қатаң сақтағанда ғана олардың белсенділігін арттыруға болады.  

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.     Концепция развития физической культуры и спорта в системе оразования. Алматы, 1992. 28с.

2.     Боген М.М. Обучание двигательным действиям. М.: Физкультура и спорт, 1985. 192с.

3.     Бобкин А.И., Ипполитов А.П. Самостоятельное занятия – каждую школу/ Физическая культура в школе, 1987. №5. –С. 21-25

4.     Мейксон Г.Б. Шаулин В.Н Формирование навыков и умений самостоятельных занятий // Физическая культура в школе, 1988. №1. С.18-23.

5.     Пермяков А.А. Внеклассное физическое воспитание подростков. – Киев: Ряданьска школа, 2004. 450с.

6.     Плотников К.Г. Исследование эффективности домашних заданий по физической культуре как составной части процесса обучения: афтореф. дисс: 13.00.04. –М,. 2006. 28с.

7.     Рудантис А.И. Содержание и методика внеурочных занятий по общей физической подготовке и баскетболу с учащимися 12-13 лет: афтореф.дисс 13.00.04 М., 1990г. 21с.

8.     Сейсенбеков Е.К Особенности внедрения новых организационных форм физического воспитания в учебном процессе общеобразовательной школы, 2005г.

9.     Сейсенбеков Е.К. Научно методические обоснование внедрения новых организационных форм физического воспитания школьников автореф.дисс. Алматы, 2006г. 44с.

10. Трещалин Е.И. Формируем навыки самостоятельности // Физкультура в школе, 1993г.

11. Қасымбеков С.И. Научно-педагогические основы формиравания физической культуры учащейся молодежи: автореф.дисс. 13.00.04 Алматы, 2002.

12. Адамбеков К.И. Педагогические основы физического воспитания учащихся: автореф.дисс, Алматы, 1995г. 34с.

13. Ботагариев Т.А.: автореф. дисс. Алматы, 2005г. 56с.

14. Баевский В.М., Мотылянская Р.Е. Ритм сердца у спорстменов. М.: Физкультура и спорт, 1986г. 143с.

 

Резюме

В статье рассматривается степень внедрения подвижных игр и физических упражнений на самостоятельных занятиях, а также уровень физического развития, двигательной активности и двигательной подготовленности школьников в возрасте от 10 до 14 лет.