Тулегенов Аманжол Багытжанұлы
Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің магистрі
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ, БҮГІНГІСІ,
БОЛАШАҒЫ
Күрестің
ұлттық түрі - қазақ
күресі. Қазақ күресінің даму тарихы
тереңде жатыр. Қазақ халқының өмір
сүру салты көшпенді тұрмысқа бейімделгендіктен,
күнделікті іс-әрекетінің өзі күрес. Тарихқа
көз жүгіртсек көшпенді тайпалардың түп атасы
сақ, ғұн, түркілер дәуірінде садақ атудан,
ат үстінде найзаласудан т.б. дәстүрлі сайыстар өтетіні
жайлы нақты деректер бар. Мысалы, Қытайдың осы
заманғы археологтары біздің жыл санауымыздан бұрын Хан
патшалығы дәуірінде тұрғызылған, Шинан
қаласы маңындағы ежелгі түркілердің қонысын
қазып, қабырды ашқанда зираттың ішінен екі мыс
табақша табылыпты. Табақшалардың бетінде екі адам
бір-бірімен қоян-қолтық ұстасып, күресіп
жатқан сипаты ашық бейнеленген екен. Қытай ғалымдары
бұл балуандарды түріктердің арғы тегі саналатын
ғүндар деп ұйғарған. Демек, бұл заттар -
күрес шежіресінің айғағы. Оның бер жағында
халықтық эпостарда сайыс өнері жайлы көркем тілмен
керемет баяндалса, ерте замандағы таңбалы тастардағы
күресіп жатқан адам бейнелі таңбалар жайдан-жай
салынбаған.
Ата-бабаларымыздан
қалған жекпе-жек сайыс өнерінің бірінде
қазақ күресінің өзіндік орны бар. ХХ
ғасырдың басына дейін ел ішінде күрестің бірізді
жүйеленген тәртібі болған жоқ. Сондықтан да
әрбір өңірде күрес ішкі ерекшеліктерін сақтай
отырып, қалыптасқан.
Қазақ
күресінің ғылыми жүйеленуі 1920 жылдан басталған.
1936 жылы Семей қаласында қазақша күрестен Қазақстан
чемпионаты өткен. «Қазақ күресі» бойынша бірінші
ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы
спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс
дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты
өткізіліп отырған.
Қазақ тарихында жауырыны жерге тимеген батыр аталарымыз да
жоқ емес. Аттың
құлағында ойнап, ерлігімен, батырлығымен,
батылдығымен, палуандылығмен көзге түскен. Махамбеттей
ер тұлғалы батырлар, Балуан
Шолақ сынды ат үсті
ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген, күш өнерін көрсеткен спортшы,
жауырыны жерге тимеген палуан, қазақ елін әлемге
танытқан Қажымұқандай аталарымызды айтпау мүмкін
емес.
Орасан күштің
иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы
атанған қазақтың тұңғыш палуаны –
Қажымұқанның
тарихтағы орны ерекше. Қазақ елінің атың
әлемге таңытып, өзінің
еңбекқорлығымен, өнерімен, дүниежүзін
аралап, бойына берген күшінің арқасында әлемді
өзіне қарата білді. Қажымұқан
Мұнайтпасұлы 28 мемлекетте
күреске түсіп, 56 медаль олжалаған. ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының
ішінде тек қазақ палуаны осындай атаққа ие болды.
Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс
Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц
сынды тепсе темір үзетін палуандармен қатар жүріп, боз
кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу
- сол заманда нағыз ерлік еді.
Қажымұқанның
тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген
шағы — 1906 жыл. Алманияда
өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады.
Атадан балаға мирас
болып келе жатқан ұлттық төл спортымыз
қазақ күресінің аясы кеңейіп, даңқын
әлемге паш етіп жүрген палуандарымыз да жоқ емес.
Қазақ палуандарының арасында Олимпиада биігін
Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков сынды
ағаларымыз бағындырды. Әбілсейіт Айханов,
Аманжол Бұғыбаев ағаларымыз КСРО чемпионы атанды.
Дәулет Тұрлыханов екі бірдей Олимпиадада жүлдегерлер сапынан
табылды.
Күрес
десе ішкен асын жерге қоятын қазақ палуандары: , аянбай
еңбек етіп, өздерінің сара жолдарын
Бүгін кешегідей ат үстінде жүріп ел қорғайтын
заман емес, Сіз өзіңіздің ептілігіңізді,
күштілігіңізді, батылдығыңызды,
әбжілдігіңізді спорттық бәсекелерде дәлелдейсіз.
Спорттық бәсекелердің төресі – Олимпиада Ойындары. «Бізден
асқан құралайды көзге ататын мерген халық
жоқ» деген екенбіз, онда бір сәт өткен күндерге ой жіберіп
көріңізші, қай қазақ ұланы садақ
атудан, тапаншамен, мылтықпен нысана көздеуден Олимпиада чемпионы
атаныпты?! Бұл өнер қанда болса ертелі-кеш бір жарып
шығуы керек еді ғой! Олимпиада Ойындарының арғы
тарихына үңілмей-ақ қойыңыз, 1952 жылдан бері бір
қандасымыз чемпион атанбай-ақ қойсын, еш болмаса
жүлдегерлердің сапынан табылып па? Жарайды, Олимпиаданы да
айтпаңыз, Сіз әлем чемпионатында, әлем кубогі жолындағы
бәсекелерде, құрлық біріншіліктерінде, кешегі КСРО
чемпионатында ең болмағанда ... оныншы орын алған
қазақты білесіз бе? «Кешегі Одақтың кезінде
қазақтарды қысып ұстады ғой» дейсіз бе? Ендеше,
тәуелсіздік алғаныңызға да 23 жыл болды емес пе?!
Мергендіктің қанда бары рас болса тәуелсіздік алғалы
бері қазақтан ең болмағанда екі Азия чемпионы
шығуы керек еді ғой. Ондай мықтылар алдағы бес-он жылда
шықпаса дәл қазір ешкім көрінбейді.
Ірі
Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия
аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді.
Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік
алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап
республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін
болды.
2004
жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік
Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақ
күресі» бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды.
Федерацияның президенті – Төкеев Серік Адамұлы.
2005
жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақ күресі» бойынша І
Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР
Президентінің жүлдесіне «Қазақ күресі»
күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған
әлемнің 25 елінен 100-дене аса спортшы қатысты. Олардың
қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және
басқалары бар.
2006
жылы Алматы қаласында қазақ күресінен 1-ші әлем
біріншілігі өткізілді, оған 36 мемлекеттің балуандары
қатысты. Бұл жарыста Қазақстанның 4 балуаны
әлем чемпионы атанды, атап айтсақ Бауыжан Тәліп,
Мәди Құрымбаев,Бақтыбай Қисықов,Бейбіт
Ыстыбаев.
2008
жылы Ресейдің Орск қаласында 2-ші әлем біріншілігі
өткізілді, оған 42 мемлекеттің балуандары қатысып,
Қазақстанның 4 балуаны алтын,2-і күміс медальмен
оралды.
«Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.
2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақша күрес» күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті — Түкиев Серік Адамұлы.
2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда «Қазақша күрес» күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті.[1] 2011 жылы тамызда қазақша күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті.
Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері («Самбо»). Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.
Астанада қазақ күресінің бүгінін болжап, ертеңгі күніне алаңдаған бірқатар сала мамандары бас қосты. Жиында қазақ күресінің даму тарихы мен қалыптасу кезеңдері әңгімеге арқау болса, ал қазіргі таңдағы белдесудің ережесі төрешілердің біліктілігі де сөз болды. Ғылыми практикалық конференция елімізде ауқымды шара ретінда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Қазақ күресін дамытуда сондай-ақ, бірқатар жобалар дүниеге келуде дейді отырыс барысында сөз алған дүниежүзі бойынша қазақ күресінің басшысы Серік Төкеев. Соның бірегейі "Қазақстан барысы". Осы жобаны мегалық деңгейге жеткізу үшін алдағы жылдары Әлем барысын өткізуде жоспарда бар көрінеді. Ғылыми әрі спорттық шараға қатысушылар қазақ күресі тақырыбындағы көрмені тамашалап, алдағы өтетін жарыстардың жоспарларын бекітті.
Сонымен қатар
бұл конференция қоғамның, бизнес
құрылымдардың, БАҚ назарын маңызды
ұлттық спорт түрінің дамуы мен алға басуына
аударту мақсатын қойды. Өткен жылдарға талдау
және бугінгі тәжірибе негізінде сараптама жасай отырып,
қазақ күресінің киімі, кілем, белдесу регламенті, ереже
мен әдіс-тәсілдер, төрешілерді жасақтау
мәселелері бойынша нақты шешім қабылдау.
Қазақ күресінің танымалдығын арттырып,
мәртебесін жоғарылатуда спорт мектептері мен жекелей
қазақ күресі үйірмелерінің жаттығу
сабақтарын жүргізу мен болашақ балуандарды дайындаудың
ауылдық, облыстық жарыстарды үйымдастырудың
маңыздылығын атап көрсету.