М.Х.Дулати атындағы
ТарМУ аға оқытушы
Кегенбаев С.Ж.,
Тараз техника және
бизнес колледжі оқытушы
Дене тәрбиесі мен
спортты ғылыммен
ұштастырудың өзекті мәселелері
Қазіргі
таңда қоғамның салауаттылығы маңызды
сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда
олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері
игермей тұрып, оларды
білімді, білікті маман ретінде
қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ
маманның денсаулығы жеке
байлық қана емес, ол
сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық
қуатының өсуі үшін де қажетті
шарттарының бірі. Соның
ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.
Дене
тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік,
тәрбиелік міндеттерімен қатар педагог кәсіби
жұмысын атқарып қоймай,
оқушылардың рухани жеке тұлғасын
қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.
Болашақ
мұғалімнің жеке басының маман ретінде қалыптасуы
үшін кәсіби сапасының
негізгі талаптарының бірі ретінде оның жалпы
ғылыми-әдістемелік даярлығын ерекше атап өтуге болады.
Бүгінгі таңда күн тәртібінде студенттердің
өзін-өзі басқаруды дамыту міндеттері қойылып, болашақ мұғалімнің
дербестігі мен белсенділік дағдысын тәрбиелеу және дамыту
қажеттілігі күннен-күнге артып отыр. Жоғары оқу
орындарына болашақ мұғалімдерге өз кәсіби
міндеттерін жете білетін, қажетті
педагогикалық дағдыларды меңгерген, өз Отанын сүйетін шәкірттерді тәрбиелеу
мен оған мұғалімдерді кәсіби дайындау міндеті
жүктелген. Осы мақсатта жоғары оқу орындарында
болашақ маман дайындаудың сапасын арттыруға ерекше
көңіл бөлінуде.
Жалпы білім
беру деңгейі дене мәдениеті жағдайының
маңыздылығына және оның мазмұнына
қызығушылығы мен әрекетшілдігіне сүйенеді. Ол
өзінің бағдарын тек кеңейтіп қолдану формасында
емес, жекеше, ұжымдық формаларда және де оқушылар
арасындағы ойындарда,
мысалы, жай ойындарды дене
тәрбиесі-минуттарынде,
үзілістерде өтуді ұйымдастыру арқылы
жүзеге асырады.
Мұғалімнің
жеке тұлғасының құрамдас бөлігі оның
педагогикалық мәдениеті болып табылады. Педагогикалық
мәдениет – бұл педагогикалық үдеріс барысындағы
жалпы мәдениетінің өзіне тән көрінісі. Өз
бойында саналы және практикалық қызметтің түрліше
элементтерін қорыта отырып,
педагогикалық мәдениет өз негізінде
мәдениеттің дүниетанымдық, адамгершілік,
кәсіби, зейінділік, көңіл-күй, эстетикалық, дене және тазалық жақтарын қамтиды.
Құрылымдық тұрғысынан, педагогикалық мәдениеттің өзі
психологиялық- педагогикалық сенім мен шеберліктің, жалпы дамуы мен кәсіби-
педагогикалық қасиеттерінің,
педагогикалық этика мен сан қырлы
қарым-қатынастар жүйесінің, қызмет мәнері мен
мінез-құлқының жинақталуын береді. Жеке
тұлғаның өзара байланысты құрамдастарын
біріктіре отырып, педагогикалық мәдениет
бұлардың әрбірін байыта түседі, әрі жоғарғы
деңгейіне дейін дамытады. Жалпы және кәсіби
мәдениетінде дене мәдениеті сынды мұндай құрамдасының
болуы, «мұғалімнің
жеке тұлғасының дене мәдениеті» ұғымын талдауға негіз береді. Осынау құбылысты
теориялық жағынан қарастыру қажеттілігі келесіден
туындайды. Сондықтан болашақ мұғалімдердің
кәсіби даярлығы барысында дене тәрбиесі
мақсатының дене даярлығының басым түсу жағына
қарай дәлелсіз ауысуы,
оның нормативтік және бақылаушы
көрсеткіштерінің жеке тұлғаның тұтас
дамуына жеткіліксіз деңгейде меңгерілуі байқалады.
Мұғалімнің дене тәрбиесі мен спорт
құралдары арқылы оқушылармен тәрбие
жұмысына психологиялық-педагогикалық даярлығын
айқындайтын жеке тұлғасы мен кәсіби
даярлығының, оның
әлеуметтік және кәсіби қызметінің
қалыптасуындағы дене тәрбиесінің рөліне
сенімінің,
дүниетанымдық көзқарастар жүйесінің
қалыптасуына тиісінше көңіл аударылмайды. Болашақ
мұғалімдердің қажеттілік өрісінің
және дене тәрбиесі-спорт қызметінің қалыптасуына
мән берілуі қажеттігі туындап отыр. Дене тәрбиесін жеке
тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі мен
өзін-өзі жетілдіру процесіне айналдыру, оны ұзақ мерзімді болашаққа бағдар
ретінде ұстануын қалыптастыру өзекті мәселе.
Дененің жетілуі жеке тұлғаның қоғам
үшін пайдалы және оның өзі қалайтын қызмет
түрлеріне табысты атсалысуына мүмкіндік беретін денсаулығы
мен тұлғасының дамуын білдіреді. Сонымен қоса, дене жетілуінің жан-дүние
байлығы мен рухани тазалығынан ерекшелігі: адамның рухани
өмірі мәнін ашып көрсете алмағанымен, жеке тұлғаның
үйлесімді дамуы ұғымын толықтыра түседі. Жеке
тұлғаның әлеуметтік,
психологиялық және тұлғалық
сапаларының арасында белгілі бір байланыс бар.
Жеке
тұлғаның дене мәдениетінің қалыптасу
барысында оның дамуының келесі деңгейлерін бөліп
көрсетеміз.
Ахуалдық
- мұнда бүтіндей алғанда,
дене мәдениетінің құндылықтарын игеруге
оң көзқарас болмайды,
оны тануға және өмірде, педагогикалық қызметте мақсатты түрде
пайдалануға ұмтылыс жоқтың қасы. Белгілі бір
қызығушылығы мен белсенділігі тек әдеттен тыс, жаңа жағдайларда, еліктеу әсерінің күшімен
туындайды.
Бастапқы
салауаттылық деңгейі - дене мәдениетінің жекелеген аса
қарапайым элементтерінің игерілуін сипаттайды
(таңертеңгілік бой сергіту,
шынықтыратын қимылдарды орындау, т.т.), бұларды
күнделікті-тұрмыстық сипаттағы тұлғаның
тазалық мәдениетінің түрі есебінде
қарастыруға болады. Пайдалану бағыты – жеке сипатта болады.
Қорытындылай
келе, тағы да айта кету керек:
жеке тұлғаның дене мәдениеті үздіксіз білім беру
жүйесінің барлық сатысы үшін дене тәрбиесінің
интегралдық мақсаты болып табылады. Егер бірқатар
педагогикалық ережелер мен принциптерге сүйенетін
болсақ, бұл
мақсатқа жетуге болады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі
жеке тұлғаның дене мәдениетін үздіксіз білім беру
жүйесін дамыту мен жеке тұлғаны қалыптастырудың
қазіргі кезеңіндегі талаптарына жауап бере алады. Ал, мұнда ең бастысы бұл дене
тәрбиесі мәселесінде кәсіби маманды дайындау.