Педагогика/ 4.Современные методы преподавания

 

Тусупов К.Ш.

 Қарағанды қаласының №79жалпы беру орта мектебі

Билисова А.Р.

Қарағанды қаласының №61 жалпы білім беру орта мектебі

 

Математика сабағында ақпараттық технологияларды 

жүзеге асырудың теориялық негіздемесі

 

 

Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында ақапараттық  технологияларды меңгеру өзекті екені сөзсіз. Осы кезеңде біліктілігі жоғары дәрежеде дамыған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесі Қазақстан оқу орындарының  ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады..

Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім  алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Ақпараттық технологияларды пайдалану-бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша болғанда емес, дәстүрлі жүйелермен тұрақты байланыста, оқыту процесінде қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерімен ұйымдастырылғанда ғана тиімді.

Математика пәні адамның ой - өрісін, ойлау, талдау қабілетін  дамытады  және  білім  қазынасын  игеру,  әсіресе   математиканы  оқыту, оқып -үйрену  дәйектілікті,  табандылықты, сонымен бірге қажырлы  еңбекті талап   етеді. Сондықтан,  барлық  оқушыларды жүйелі дайындықсыз жоғары нәтиже көрсету мүмкін емес .

Оқушыларды сырттай мемлекеттік бақылауларға дайындауда пән мұғалімі математика пәніне деген өзінің көз қарасын түсіндіріп жеткізуі және математиканы санақ жүйесі  немесе қандайда-бір өлшеуші құрал ретінде қана қарастырмай, біріншіден ғылым екендігін түсіндіріп, ал екіншіден кез келген оқушы жігерлік танытып, бар күш-қайратын салып талаптанса ғана меңгеретіңдігі туралы бойларына сезім тудыру қазіргі кезеңдегі мектептің ең күрделі психологиялық мақсаты деп білу өте орынды. Математика арқылы оқушыға  мұғалім күнделікті іс-әрекетін ғылыми стильмен жеткізу, оларды  адамгершілікке, өз-өзіне сын көзімен қарауға, сонымен қатар, жауапкершілік пен адалдыққа бейімдейді. Бұл қасиеттерді бойына сіңірген оқушы келешекте қиындыққа және уақытша психологиялық қолайсыздыққа төзімді болады.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,  дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Компьютер оқу үрдісінде қолданылатын оқытудың тиімді құралдарының бірі. Ол оқытудың әдістері мен мазмұнын анықтамайды.. Оқытудың компьютерлік технологиясы дегеніміз білім алушыларға ақпаратты компьютер арқылы дайындау және беру процесі. Компьютерлік технологияға әртүрлі оқыту әдістері жатады: бағдарламалық оқыту, танымдық оқыту және т.б.

Қазіргі уақытта әрбір жаңа заманғы адам копьютерді біледі, оны жұмыста да,үйде де қолданады. Компьютерлік технологиялардың жаңа заманғы әлем бізге өте үлкен көлемді есептерді шешуге мүмкіндік береді, аз уақыт ішінде ақпараттың өте үлкен санын өңдеуге көмектеседі. Компьютер құрамдастардың даму жылдамдығы тек математикалық, графикалық есептерді шешіп қана қоймайды. Бүгінгі күні видео және аудио ақпаратты өңдеу және бейнероликтерді құру аса қиындыққа соқпайды.

Компьютерлік оқыту дегеніміз- оқытудың  техникалық құралдарының бірі компьютер мүмкіндіктерін қолдану болып табылады. Оны келешекте электронды оқыту деп атауды кейбір маман ғалымдар ұсынуда. Электронды оқыту жүйесі рецептивті және интерактивті болып екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе дербес компьютерді қолдану, бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал, теледидар кешендері негізінде құрылады, білім алушы мен техника құралдары арасында екі жақты қарым-қатынас орнайды, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.  Олай болса, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын техникалық және адам ресурстарын және олардың өзара әрекеттесуін ескере отырып, білім беру формаларын оңтайландыру үшін рецептивті немесе интерактивті түрдегі электронды оқытуды жасау және жүзеге асырудың жүйелі әдісі деп санауға болады.

Қазіргі кезде компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғышарттар болып табылады.

Осылайша сабақ тақырыбына сәйкес оқулықтан тыс қосымша материал пайдалану студенттердің ой-өрісін өсіреді, шет елдік әріптестерін қиналмай түсінуге көмегін тигізеді.

Қазіргі уақытта автоматтандырылған оқыту жүйеснің бір жіктелуі жоқ. Бірақ, көп жұмыстарда әдістемелік мақсатына қарай олардың жүзеге асырылуы компьютерлік оқыту бағдарламалары  енгізуде  олардың ортасында  келесі типтер ерекшеленеді. [1]

1. Тренажер-бағдарламалар іскерлік пен дағдыны қалыптастыру  және бекіту үшін тағайындалған, және де оқытылатындардың өздерін  дайындау үшін. Бұл бағдарламаларды қолданған кезде, оқытылатындар теориялық материалды біледі деп жорамалданады.

2. Бақылаушы бағдарламалар - нақты білім немесе іскерлік деңгейін бақылау үшін тағайындалған. Белгілі, оқытылатындардың білімін бақылау өзімен ең бір маңызды және сол уақытта ұйымдастыру мінездемесі бойынша және зерттеудің теориялық деңгейі бойынша оқыту процессінің ең бір нашар тізбегін ұсынады. Қазіргі бақылау формалары мен әдістердің негізгі кемшілігі мынада: олар көп жағдайларды, қажетті тұрақтылықты және оқу ақпаратын меңгеру сапасындағы бағаның инварианттылығын және де осы бағаны, ақиқат білім деңгейінің адекваттығын қамтамасыз  етпейді. Оқу барысын бақылауын жетілдіру түйік проблемасының құрастырылатын білім, іскерлік және дағды бағасының ақиқатының жоғарлау проблемасы айналасында  концентрациялануы керек. Бұл проблеманы екі аспектіде қарастыруға  болады: біріншіден: оқытылатындардың шын білім деңгейлерінің педагогикалық бағасының сәйкестік дәрежесінің өсуі ретінде; екіншіден: мынадай құрастыру және тарату  әдіс тәсілдерімен бақылау, олар мұғалімнің субъективті орнатуларынан және кездейсоқ  факторлар бағасынан тәуелсіз болуын қамтамасыз етуден тұрады. Сәйкес бақылаушы бағдарламалар дестелерін қолдану оқыту  нәтижесін және оқытушы еңбегінің  үнемділігін көтеруге мүмкіндік береді, сонымен бірге бақылауға талап етілетін тұрақтылықты және мұғалімнің  субъективті орнатуларынан тәуелсіздерін   береді.

3. Жаңа түсініктерді меңгеру артықшылығымен бағдарланған тәлімгерлік бағдарламалар. Бұл бағдарламалардың көмегімен оқыту диалог формасында жүргізіледі, бірақ үлкен бөлікте диалог оқытылатынның немесе түрлендіру жауабы негізінде құрастырылған фактілік диалогты құрайды.

4. Көрсетуші бағдарламалар оқу  материалын көрнекі көрсетуде бейнелеп түсіндіру үшін тағайындалған. Оқытушы жаңа  материалды түсіндірген кезде көрнекі құралдар ретінде компьютерді  табысты  қолдана алады. Оқу процессін интенсификациялау кезінде диалогты немесе интербелсенді графикада көрсетуші бағдарламаларды қолданудың  үлкен мүмкіндіктері бар.

5. Ақпаратты-анықтамалық бағдарламалар қажетті ақпаратты шығару  үшін тағайындалған.

Келешекте оқытылатын оқуға дайындалған кезде немесе оқу кезінде модем және телефон байланыс жолы арқылы басқа компьютерлерге және кітапханаға қосылған дербес компьютерді қолдануға.  Бұл жағдайда ол компьютерленген кітап каталогына немесе кезеңдік баспаға қатынауда ие болатын қажетті ақпаратты ала алады. Компьютер көмегімен оқушы ұйымдастырылған ақпарат  қоймасына көптеген әртүрлі мәліметтер  банкісімен қатынастар ұйымдастыра алады. Энциклопедия немесе кітапханалық қолдануды білу қалай маңызды болса, компьютер көмегімен ақпаратты алу солай ерек екенін білу керек.

6. Имитациялық  және модельдеуші бағдарламалары объекттер және оқиға “симуляция” үшін тағайындалған.

Егер оқиғаны іске асыру мүмкін болмаса немесе қиынға түссе онда бұл бағдарламаларды қолданудың маңызы өте зор. Бұндай  бағдарламаларды қолдану кезінде абстрактілі түсінік нақты болады және оқытылатындардың арқасында жеңіл қабылданады. Одан басқа оқушылар жай массивті ақпаратты есте сақтауға қарағанда материалды белсенді  меңгерген жағдайда көп  білім алады.

Қорыта келе, айтарымыз компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып  математика сабағында көрсету, түсіндіру, жаттықтыру, түзету және бағалауды  жүзеге асыруға болады. Математика пәні мұғалімі педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеп, компьютерлік техниканы математика пәнін оқытуда тиімді пайдаланып, сабақ өтсе сапалы білім беруге қол жеткізуге болатындығы айқын.

 

        Әдебиеттер:

1.          Кручинин В.В. Разработка компьютерных учебных программ. – Томск: Изд-во Том.гос.университета, 1998. – 211 с