Педагогические науки/2. Проблемы подготовки специалистов

 

Нурпеисова Ж.С. аға оқытушы

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Студенттердің оқу үлгеріміне әсер ететін факторлардың байланысын статистикалық әдіс арқылы есептеу

 

Кез келген елдің басты капиталы ол - үздік технологиямен және қазіргі заманга сай білімді адамдар, инновациялық жаңалықтарға ашық, өзін-өзі дамыта алатын және шығармашылықты жүзеге асыра алатын тұлғалар.

Мемлекет болашағы - жастар. Жастардың  әлуеті ол - қоғамдағы әр түрлі топтардың әлеуметтік - кәсіби ролдері мен қызметтерінің жиынтығын  зейінмен орындауға мүмкіндіктері,  белсенді және  шығармашылық жағынан өз - өзіне, қоғамға, қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға қарау. Жастар әлеуетін  құрастыруындағы  жаc буынның бiлiм әлеуеті ерекше мән беріледі, кәсiби қызметтiң нақтылы түрiмен шұғылдануға мүмкiндiк беретiн ортақ және арнайы сипаттардың дағды бiлiмдердiң жиынтық ретiнде қарастыруына мүмкiндік беретін жас буынның бiлiм  әлеуеті алады.

Жас буынның білім әлеуеті алынған білімнің оның барлық кәсіби не арнайы бағыттарының сапасы және дәрежесімен анықталады.

Ал білім дәрежесі студеннетдің үлгерімі арқылы анықталады. Ол көптеген әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық факторлардан, сонымен қатар жеке студент тұлғасының психофизикалық мінездемесіне байланысты болады. Көп жылдар зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар студенттің оқу қызметі және оның табыстылығы туралы айтқанда жеке тұлғаның интелектуалдық дәрежесінің басты ролде екенін көрсетті.  Әрине, бұл фактордың мәнін бағаламауға болмайды. Бірақ, бүгінгі күні білім алушылардың үлгерімі басқа да факторларға байланысты екенінде күманданудың қажеті жоқ.

Жоғары оқу орындары студенттерінің білімдерінің үлгерімініне көптеген факторлар әсер етеді: әл-ауқаты, денсаулық жағдайы, жасы, отбасылық жағдайы, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық деңгейі, өзін-өзі ұйымдастыру дағдысы, өз қызметін ұйымдастыру және қадағалауы, жоғары оқу орнын таңдау, білім алу формасы, (күндізгі, сырттай, қашықтықтан және т.б.), жоғары оқу орынның білім алу процесінің ұйымдастырылуы, жоғары оқу орынның материалдық базасы, қызмет көрсетушілер мен оқытушылардың  біліктілік деңгейі, жоғары оқу орынның абыройы және де студенттің жеке психологиялық  ерекшелігі.

Студенттердің үлгеріміне әсерін тигізетін кейбір факторлардың мәнін анықтау үшін «Экономика» (25 студент) мамандығы бойынша 3 курс студенттерне сауалнама жүргізілген болатын

Студенттердің үлгерімі ол көпөлшемді құбылыс, сондықтан оның зерттеуін көп түрлі әдістермен өткізу қажет, демек соның ішінде  корреляциялық-регрессиондық талдау әдісін де қолдануын пайдалануға болады.

Тәуелді айнымалы ретінде оны сипаттайтын студенттің осы оқу жылдағы 5 семестрде алған емтихандық сессияның орташа балы оқу үлгерім дәрежесінің көрінісі ретінде алынды.

Тәуелсіз айнымалы ретінде мыналар алынған болатын: X1 –ҰМТ орташа баллы; Х2 – оқытушының сабақ беру деңгейі (егер жауабы– «жақсы» болса, онда  1 не 0), Х3 –отбасылық жағдайы (жауабы– «тұрмыста» болса, онда  1 не 0); Х4 –жұмыспен қамтуы (жауабы– «жұмыс» болса, онда  1 не 0) Х5 – тұрғылықты жері (жауабы – «ата-анасымен үйде» болса, онда 1 не 0); Х6 – қаржылық жағдайы ( жауабы – «жаксы» болса, онда 1 не 0); Х7 – «басқалардың білімін пайдалану» (жауабы– «иә» болса, онда 1не 0); Х8 – студенттің денсаулығы (жауабы – «жаксы» болса, онда 1 не 0); Х9 –көңіл-көтеру (жауабы – «иә» болса,онда 1 не 0).

Мәліметтерді өңдеу жұмысы Microsoft Excel, «Анализ данных» арқылы жүргізілген болатын (кесте 1).

Кесте 1

 

у

х1

х2

х3

х4

х5

х6

х7

х8

х9

у

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

х1

0,315

1

 

 

 

 

 

 

 

 

х2

0,415

0,365

1

 

 

 

 

 

 

 

х3

0,064

0,3435

0,054

1

 

 

 

 

 

 

х4

0,254

-0,149

0,312

-0,342

1

 

 

 

 

 

х5

0,277

-0,015

0,214

0,3425

-0,3506

1

 

 

 

 

х6

0,165

-0,005

0,154

-0,157

0,43532

-0,09

1

 

 

 

х7

0,08

-0,041

0,091

-0,053

-0,1161

0,4387

-0,315

1

 

 

х8

0,359

0,1987

0,367

-0,272

-0,0987

0,0987

-0,21

0,523

1

 

х9

-0,227

0,1845

0,223

0,5538

-0,2065

0,0452

-0,199

-0,038

-0,523

1

 

Жұптық корреляция матрицасының құрылымы айнымалылар арасындағы өзара байланысты анықтауға көмектесті.

Берілген кестеден көрініп тұрғандай, факторлар арасында мультиколленеарлық мәселесі байқалмайды (себебі, факторлар арасындағы жұптық корреляция коэффиценті 0,7 – ден төмен), бұл дегеніміз әр бір фактор студенттің үлгеріміне қандай да бір (күшті, орташа, әлсіз) әсерін тигізетінің айқындайды.

  Корреляциондық матрица нәтижесі  бойынша факторлардың нәтижелік белгіге әсерін кему ретімен жазатын болсақ, келесі қорытынды жасауға болады: оқытушының сабақ беру деңгейі, студенттің денсаулығы, ҰМТ-ң орташа баллы, тұрғылықты жері, жұмыспен қамту, көңіл көтеру, қаржылық жағдайы, отбасылық жағдайы, басқалардың білімін пайдалану.

Microsoft Excel  бағдарламасының Корреляция қосымшасы факторлардың корреляция коэффициентінің мәнін бірден есептеуге және керекті факторды жоғарлату/төмендетуін анықтауға үлкен көмек береді.

Әдебиет:

1.     Кремер Н.Ш., Путко Б.А. Эконометрика:Учебник для вузов/Под ред.проф. Н.Ш. Кремера. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. – 311 с.

2.     Практикум по эконометрике:Учеб.Пособие/И.И.Елисеева, М. Гордеенко и др.; Под ред. И.И. Елисеевой. – М.: Финансы и статистика, 2001. – 192 с.