Педагогические науки/Современные методы преподавания

аға оқытушысы А.К. Буртибаева

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ КИІМ ДИЗАЙНЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

   Қоғамды толғандырып отырған экологиялық мәселелер дизайнның құралдарын, әдістерін және құндылықтарын түбірімен өзгерткен дизайндағы жаңа бағыттың қалыптасуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Бұл бағыт өмір сүріп тұрған мәдени контексте экологиялық факторды ескере отырып дизайнерлік жобаны қолдануды көздейді.Табиғи ортаның алуан түрлі формада бұзылуы әлемдік құбылысқа айналды, оның салдары адамзат әрекетінің көптеген салаларында өзгерістер әкелді. Қазіргі заман философтары, әлеуметтанушылары, экологтары, мәдениеттанушылары цивилизациялық ауысу дәуірінде өмір сүріп жатырмыз деп есептейді. Индустральдық цивилизация жаңа «ақпараттық цивилизация», «экологиялық цивилизация» т.б. деп аталатын цивилизациямен ауысады.

Экологиямен демография және әскери мәселелермен байланыста болатын дағдарыстан өту біздің ой-санамыз өзгергенде, құндылықтарымызбен бағыт-бағдарымызды қайта қарағанда ғана жүзеге асады. Дүниетанымның жаңа негіздерінің қалыптасуы адамзатпен табиғат болмысының жаңа кезеңіне өткендікті білдіреді. Адамзатқа, табиғатқа деген дағдылы, өткен ұрпақтан мұра болып қалған қатынастан бас тартып, қайта құрылуы қажет. Экологиялық ойлауға өту бұл экологиялық гуманизмнің адам әрекетінде негізгі бағдар ретінде бекуі болып табылады. Экологиялық бағдарлану дизайнда жаңа құндылықтар жүйесінің қалыптасуына әкелді. «Экологиялық жобалау» нақты бір шекарамен шектелмейді. Экологиялық деп экологиялық этика принципін қолдайтын, адамның қорғағыш ортамен үйлесімді қарым-қатынасына негізделген дизайндағы кез келген бағытты айтады. Экологиялық мәселе киім дизайнерлері творчествасында да өз қолтаңбасын қалдырған. Алғаш рет экологиялық тақырып 1970 ж. соңында 1980 жылдың басында сән саласында көрініс берді. Осы кезде «экологиялық» стиль пайда болды: табиғи әсіресе  зығырдан, мақта-матадан тігілген, табиғи түсті, қолдан жасалған киімдер. Дегенмен, осы уақытқа дейінгі аралықта экологиялық мәселенің киім дизайнына әсерін түсінуде өзгерістер болды, олар ең алдымен киімді жобалау принциптеріне ықпалын тигізді. Бүгінде дизайндағы экологиялық бағыт кәсіби әрекет этикасымен, қазіргі заман дизайнының мақсатымен міндеттерінің өзгеруіне байланысты болып отыр.

Экологиялық дағдарыстың себептерінің бірі «цивилизация» адамымен шектен тыс тұтынуы. Индустриалды қоғамда өмірлік табыстың белгісі жеке адамның тұтыну көлемі болып табылады. Тұтынудың өсуі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ерекше ұлғайды, бұл кезде Батыста «тұтынушылар қоғамы» идеологиясы қалыптасқан болатын, заттарға деген дәстүрлі қатынас өзгерді: тауарға деген сапа және ұзақ қолдану сияқты талаптардың орнына қолдануда жайлылық және сәнділік сияқты талаптар келді, бір мәрте қолданылатын заттар пайда болды. Нарықтық экономикалық талаптары сәндік циклдардың өмір сүру ұзақтығын едәуір қысқартты. Бірақ Батыстағы тұтынудың өсу тенденциясының шексіз дамуы және Батыстық тұтыну модельдерінің басқа елдерде шексіз сатылуы мүмкін емес, себебі «тұтынудың өсу шегі» болады. Жаңа қажеттіліктердің туындауы және оларды табиғат шығыны негізінде қанағаттандыру өзара тығыз байланысты, олар әлемдік дағдарыстың себебі болатын ортақ механизмді құрайды.

Адам мен табиғаттың үйлесімді тіршілік етуіне ықпал ететін құндылықтардың жаңа жүйесін қалаптастыру қажеттілігі пайда болды. Осыдан қазіргі қоғамды экологизациялаудың бағыты тұтынуды  саналы қысқартуды, экологиялық дұрыс қолдану нормаларын жүзеге асыруды, заттарға ұзақ қолдану сапасын қайтаруды білдіретін тұтынуды экологизациялау бағыты туындайды.

Тұтынуды экологизациялау мәселесі дизайн міндеттерін сапалы өзгертті: алдыңғы орынға дизайн өнімдерінің санын қысқарту, материалдар мен технологияны қайта қарау, қажеттіліктің жаңа құрылымын қалыптастыру шықты. Тұтыну көлемін азайту өнімді қолдану мерзімін ұзарту, бір мәртелік қолданылатын заттардан бас тарту, ұзақ мерзім қолданылатын сапалы заттарға сұранысты көбейту жолымен жүзеге асыруға болады. Қазіргі замандағы көптеген модельерлер кез келген жағдайға жарамды киімдерден тұратын шағын гардероб пікірін жақтайды.Тұтынуда экологиялық дұрыс стильді қалыптастыру тұтынудың қысқаруын ғана көздемейді, сонымен қатар экологиялық қауіпсіз өнімдерді қолдануды да көздейді. Демек тұтыну экологизациясы мен типологиялық экологизацияда байланысты. Бұл бағыт табиғи қорды үнемдеу, зиянсыз және шығынсыз технология, өнімді қайта қолдану және т.б. қатысты мәселелерді шешеді.

Киім дизайнында бұл мәселе былай шешіледі:

-      адам денсаулығына кері әсер ететін, әрі оларды шығару экологиялық емес болып табылатын жасанды және синтетикалық материалдардан бас тарту. Бұл материалдары табиғи материалдармен: мақта, жібек, жүн ауыстыру.

-         табиғи былғары және терілерді бұйымдарын жасандылармен ауыстыру.

өндірісті  экологизациялаудың маңыздылығына қарамастан жаңа технологиялық шешім іздестіру, экологиялық төңкеріс ең алдымен адам санасында.

Адамның қоршаған ортаға деген қатынасын өзгерту ғана арқылы экологиялық дағдарысты шешуге болады. Экологиялық мәселені шешудің негізгі шарты мемлекеттік деңгейде шешім қабылдайтындардан бастап қарапайым тұтынушыға дейінгілерде: экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Саналы экологизациялау бұл қазіргі заман адамының мінез-құлқын, мінез-құлық мотивтерін, қажеттіліктерін экологизациялау болып табылады. Экологиялық сананы қалыптастырудың негізі экологиялық ақпарат болып табылады. Дизайн өнімдері  экологиялық сананың қозғаушы күші, қазіргі кездегі эстетиканың дамып келе жатқан бағыттарының бірі экологиялық эстетиканың талаптарына сай экологиялық және үнемді тұтынудың көрнекі дәлелі ретінде көрініс беруі тиіс. Экологиялық және үнемді тұтыну экологиялық құндылықтарға: табиғатты қорғау, табиғи қажеттіліктері сақтау, экологиялық теңдікті қолдау, адамның шығармашылық потенциалын дамытуға негізделген.

   Экологиялық дағдарыстан шығудың жалғыз жолы адамның өзін-өзі өзгертуі болмақ. Адамзатты дағдарысқа әкелген цивилизацияның орнын басу үшін “адам экологиясы” концепциясы қалыптасты. Ол экологиялық дамуға, қазіргі заман адамының болмысын гуманизациялауға бағытталған. Бұл концепцияның жақтаушылары адамның бейімделу мәселесін, оның дене және адамгершілік денсаулығын қорғау, үйлесімді құру және үйлесімді жеке адамды қалыптастыру мәселесін қарастырады. Адам экологиясы бірінші орынға жеке адамның рухани сұраныстарын қанағаттандыру, оның шығармашылық мүмкіндіктерін ашу мәселесін қояды.

   «Адамзат факторын» толықтай ескеру дизайн әрекетінің қажетті шарты болып табылады. Адам экологиясына бағытталған дизайнның жоғары мақсаттары: жеке адамның шығармашылық қабілетін дамыту, адам үшін қолайлы әрі жайлы ортаны жасау. Экологиялық эстетика дизайн өніміне мына талаптарды қояды.

-      өзімдік қабылданатын, тартымды;

-      адам психикасына қолайлы әсер ететін, оған тыныштық, табиғилық, еркіндік сезімін беретін;

-      жағымды эмоция туғызатын;

-      шығармашылыққа мүмкіндік беретін.

Осы тұрғыдан келу бұйымның қолдану орнына деген қатынасын өзгерте отырып киім дизайнында да жүзеге аса бастады: жеке адамның шығармашылығының дамуына ықпал ететін ойын, қиял алдыңғы орынға шығып, бұйымның пайдалық жағы  екінші орынға ығыстырылды. Дизайн өнімінен тұтұнушыға өз  бейнесін жасауға ақыл-ой және эмоционалдық  ықпалды талап етеді. Дизайнды гуманизациялау  қазіргі  адамды дайын  өнімді қолданатын енжар тұтынушыдан  өзінің кеңістіктік және әлеуметтік ортасын жоспарлап, жобалайтын шығармашыға айналдыруға ұмтылу дегенді білдіреді. Дизайн өнімі шығармашылық  рухын көтеріп, тұтынушыны заттармен қарым-қатынаста еркіндікке, бостандыққа ұмтылдырып қана қоймайды, сонымен қатар шығармашылықты жалғастыруға итермелеуі тиіс. Бұл тұтынушы мен дизайнерлердің бірлесіп шығармашылықты жүзеге асыруын көздейді. Тұтынушы мен дизайнердің бірлескен шығармашылығы концепциясы модельерлер арасынан да жақтаушыларын тапты. Адам өз бейнесін жасау процесіне араласады, оған дайын, аяқталған бейнелер жапсырылмайды. Қазіргі кездегі сәндегі демократизм, стильдердің сан алуандығы, оның ішінен кез келген  адам өзіне сәйкес келетінін  таңдап алуға, әрі өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

   Экологиялық қозғалыстың маңызды бағыттарының  бірі мәдениет экологиясы  болып табылады. «Мәдениет экологиясы» ұғымын академик Д.С. Лихачев енгізді. Ол алғашқылардың бірі болып адамзат тіршілігі үшін мәдени  салт-дәстүрді сақтап, қолдаудың маңыздылығына  қоғамның назарын аударған болатын. Болашақ  цивилизациясы – экологиялық цивилизация әртүрлі  мәдениеттің  еркін  қарым-қатынасына жағдай жасайтын мәдениет цивилизациясы болуы қажет, себебі әртүрлі мәдениеттегі адамзат қажеттілігі  өмірлік  маңызды қажеттіліктердің бірі болып табылады. Мәдениет экологиясы  әртүрлі ұлттық  мәдениеттің, түрлі көркем  тілдің бірге өмір сүруін, аймақтық және ұлттық салт-дәстүрлердің  сақталуын көздейді. Дизайнның гуманистік қызметін күшейтуге деген қажеттілік  адамның өмір сүріп тұрған ортасын жобалауда, яғни ортаның аймақтық  және  ұлттық ерекшелігін жасауда, этникалық ерекшеліктің (дамытуға және сақтауға) дамыту мен сақтауда орта, мәдениеттанымдық бағыттың пайда болуынан көрінеді. Экологиялық бағдарланған дизайнер аймақтың  материалдық және рухани  мәдениет  дәстүріне  назар аударады, сөйтіп осы этномәдени  дәстүрге сәйкес адам бейнесін жасауға ұмтылады. Қазіргі киім дизайнерлері  қазіргі заман  адамдарының  жаңа бейнесіне,  дәстүрге сәйкес келетін жаңа  деңгейдегі ұлттық бейнелер  жасауға тырысады.     

Адамның  қоршаған ортаға деген қатынасын өзгерту арқылы ғана экологиялық дағдарысты шешуге болады. Экологиялық мәселені шешудің негізгі шарты мемлекеттік деңгейде шешім қабылдайтындардан бастап қарапайым тұтынушыға  дейінгілерде экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сананы  экологизациялау бұл қазіргі заман адамының  мінез құлпын, мінез құлық мотивтерін,  қажеттіліктерін экологизациялау болып табылады. Экологиялық сананы қалыптастырудың негізі экологиялық ақпарат болып табылады. Дизайн өнімдері  экологиялық сананың қозғаушы күші, қазіргі кездегі эстетиканың дамып келе жатқан бағыттарының бірі экологиялық эстетиканың  талаптарына сай  экологиялық және үнемді тұтынудың көрнекі дәлелі  ретінде  көрініс беруі тиіс. Экологиялық және үнемді тұтыну экологиялық құндылықтарға: табиғатты қорғау, табиғи қажеттіліктерін сақтау, экологиялық теңдікті қолдау, адамның шығармашылық потенциалын дамытуға негізделген. Экологиялық дағдарыстан  шығудың жалғыз жолы адамның өзін-өзі өзгертуі болмақ. Адамзатты дағдарысқа әкелген цивилизацияның орнын басу үшін «адам экологиясы»  потенциалы қалыптасты. Ол экологиялық дамуға, қазіргі заман адамының болмысын гуманизациялауға бағытталған. Бұл концепцияның жақтаушылары адамның бейімделу мәселесін, оның дене және адамгершілік денсаулығын қорғау, үйлесімді қоғам құру және үйлесімді жеке адамды қалыптастыру мәселесін қарастырады. Адам экологиясы бірінші орынға жеке адамның рухани сұраныстарын қанағаттандыру, оның шығармашылық мүмкіндіктерін ашу мәселесін қояды.

Дизайнды гуманизациялау жалпы  мәдениет экологиясы қазіргі үзіліссіз білім беру үрдісінде кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі. Тек көркемөнер саласында ғана емес, жас ұрпақ тәрбиелеу тіпті жаңа қоғам  қалыптастыру үшін – мәдениет экологиясымен  жалпы білім беруді гуманизациялау алғы шарт болмақ.

 

1.     Козлова Т.В. Основы теории проектирования костюма. – М.: Легпромбытиздат, 1988.

2.     Пармон Ф.М.Композиция костюма. – М.: Легпромбытиздат,1997