ПЕДАГОГИКА/ Современные методы преподавания

 

Ағылшын тілінің мұғалімі Вания Жанбота

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

 

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ  ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

 

     Ата-бабамыз ежелден үш нәрсені бойтұрмадай қасиет тұтып,  қадірлеп өткен. Ол – ел,  жер және тіл. Ана тілі - әр халықтың төл белгісі. Адам білімді,  тәлім - тәрбиені тіл арқылы алады,  мәдениетті,  өнерді,  салт -дәстүрімізді,  ғылымды тіл арқылы үйренеді. Оның құдіреті,  қасиеті туралы ақын толғаулары өте көп. Мысалы,  Аян Нысаналин ағамыз:

Ана тілі деп атаудың себебі –

Анасындай қастерлесін дегені.

Өз анасын сыйлайтұғын әр адам

Өз тілін де құрмет тұтып келеді, – дейді.

     Әр тілдің өз ерекшелігі бар. Шетел тілін даярлауда ең басты мән берілетін жайт – оқушылардың шетел тілі мен қазақ тілін салыстыра отырып оқыту дағдысын қалыптастыру. Шетел тілін мектепте оқушыларға ана тілінің негізінде үйрету қажет екендігі көптен пікірталас тудырып келе жатқан мәселелердің бірі екені анық. Бұл мәселенің екжей – текжейіне дейін бармай-ақ, қазақ балаларына шетел тілін үйретуде ана тілінің тигізетін ықпалы жөнінде өз тәжірибемізден түйген ой – пікірімізді ортаға салмақпыз. Мәселен, ағылшын тілінде дыбыстың созылыңқы және қысқа айтылуы сөздердің мағыналарын ажырату үшін қажет болса, қазақ тіліне бұл ерекшелік тән емес. Сол сияқты ағылшын тілінде кейбір сөздер жұбында қысқа және созылыңқы дыбыстар бір сөздің мағынасын екіншісінен ажыратып айқындап тұрады. Орыс тіліне бұл ерекшелік тән емес, дегенмен де орыс тілінде дауысты дыбыстарды қатаң және жұмсақ айта отырып, сөздердің мағыналары ажыратылады. Мысалы: мел-мель, кон-конь, мат-мять, прав-правь. Бұл ерекшелік қазақтар мен ағылшындар үшін орыс тілін үйренуде қиындық туғызады.

     Қазақ тілі мен ағылшын тіліндегі негізгі айырмашылықтарды жүйелеп айтсақ, олар мынадай:

·                    Қазақ тілінде ағылшын тіліндегідей артикльдер мен предлогтар қолданылмайды.

·                    Септік категориясы екі тілде де бар, бірақ ағылшын тілінде екі септік (жалпы және ілік) родительский болса, қазақ тілінде жеті септік бар.

·                    Сөздердің мағыналары да бір-бірінен алшақ «сағат» сөзі ағылшын (сөзінде) тілінде екі түрлі сөзбен беріледі. Бір сөз «қол сағат» болып берілсе, ағылшын тілінде «қол» сөзі бөлек екі сөзбен аударылады.

·                    Қос тілдік кейбір грамматикалық категорияларының мағынасы және қолданысы жағынан бөлектелініп (ажыратылып) тұрады.

     Қазақ тілінің жалқы мағынасы (көп жағдайда) кең көлемде көп мағынаны білдіреді. Ал ағылшын тілінде кейбір зат есімдер тек қана көптікте қолданылады. Бұл қазақ балаларына ағылшын тілін үйренуде кездесетін тағы бір қиындық болып табылады. Қазақ тілінде сан есімдер сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда тек атау формасында ғана айтылады, ешбір морфологиялық өзгеріске түспейді.

     Көптік мағына атау формада сан есім арқылы беріледі. Қазақ тілінің осы бір ерекшелігі қазақ балаларының ағылшын тілін үйренуде қателесуінің бірден-бір негізі (көзі) болып табылады, сондықтан осы грамматикалық ерекшелікке байланысты тақырыпты түсіндіргенде және қайталау кезінде арнайы екі тілдің ерекшелігі салыстырылып берілетін жаттығулар ұдайы қолданылуы қажет.

     Сілтеу есімдіктері қиындық туғызады, өйткені қазақ тілінде сілтеу есімдіктері (анау, мынау, т.б.) көп жағдайда көптік жалғауды қабылдамайды, олар тек зат есім орнына қолданылғанда (субстантивтенгенде) ғана көптік жалғау қабылдайды. Сөйтіп, ағылшын тіліндегі сілтеу есімдік ерекшеліктеріне қарама-қарсы қолданылады.

     Осы тұрғыда қолданылатын зат есімнің көптік жалғауы «лар» (әртүрлі дыбыстық варианттарымен) ағылшын тілі зат есімнің көптік жалғауын меңгеруге кері әсерін тигізеді. Қазақ тілінде жоқ құбылыс, ол-ағылшын тілінде зат есімнің көптік жалғауының «аблаут» арқылы жасалуы қазақ балаларына ерекше қиындық туғызады.

     Зат есімге байланысты тағы бір айта кететін жайт, ағылшын тілінде бір топ зат есім өзінің көпшесін көптік жалғауы арқылы емес, түбір сөздегі дауыстың өзгеруі арқылы жасайды. Дәл осындай құбылысы қазақ тіліне тән болмағандықтан қазақ балалары қатені көп жібереді.

      Қос тіл арасындағы тағы бір мән беретін жайт, ал жіктеу есімдігінің 3 – жағының жекеше түрінің қолданысы. Қазақ тілінде жіктеу есімдігінің 3 – жақ түрі «ол» текке бөлінбейді. Бәріне «ол» деп айтылады. Ал ағылшын, орыс тілдерінде жіктеу есімдігінің (род) ерекшелігі бөлініп тұрады. Ол етістер тобына келсек, ағылшын тілінде толымсыз көмекші етіс есімді баяндауыш құрамында міндетті түрде қолданылады, ол бұл құбылыс – қазақ және орыс тілдеріне тән емес. Осыған орай қазақ студенттері сөйлегенде толымсыз көмекші етістерді түсіріп тастап отырады, сол себепті оқытушы алдын-ала арнайы жаттығулар беруі қажет. Қазақ және ағылшын тілдерінде аналитикалық форматтардың болымсыз қолдануы да әр түрлі. Ағылшын тілінде көмекші етістен негізгі етістік жасалса, кейбір сөздердің лексикалық болымсыз мағынасы орыс тілінде не-без-префикстері (сөз алдындағы қосымша) арқылы берілсе, қазақ тілінде болымсыздың мағына «- сыз, - бау, - пау, - мау» жалғаулықтары арқылы беріледі.

       Мұғалім – оқытушы алдындағы ағылшын тілін үйретудегі басты міндет-ағылшын, қазақ тілдері жүйесіндегі негізгі грамматикалық категориялардың айырмашылығын оқушыларға түсіндіре отырып, арнайы жаттығулар арқылы тіл үйрету. Сонда ғана жоғарыда аталған қателер оқушылар тілінен саналы түрде ығыстырылып, ағылшын тілін қатесіз, дұрыс сөйлейтін болады.           

        Белгілі Американдық ғалым-методист Чарлз Фриз тіл меңгеруде сөз тіркестерінің қолданысы екі тілдің айырмашылығынан туатын қиын құбылыстардың бірі екендігін айтады.

        Мәселен, орыс тіліндегі «вести» (проводить) сөзі зат есімдерге тіркесе отырып, сөз тіркестері жасалынады. Ал ағылшын тілінде, бұл құбылыс керісінше: зат есімнің мағынасына қарай әр түрлі етістіктер қолданылады. «Жүргізу» сөзі арқылы жасалынатын сөз тіркесіне қолданысы және мағынасы жағынан жақынырақ.

       Бұл жағдайда сөзбе-сөз аударма оқушыны шатастырады. Қазақ балалары предлогті сөз тіркестерін предлогсіз қолданады да, оның сөйлеу тілі нормасына сай келмейді, өйткені қазақ тілінде предлог жоқ, қазақ тілі агглютинативті тілдер тобына жатқандықтан предлог мағынасы септік жалғаулар және көмекші сөздер (послелоги) арқылы беріледі.

       Орыс тілінде предлогтар болса да, 30% ағылшын тіліндегі предлогті сөз тіркестері орыстардың сөйлеу тілінде дұрыс қолданылмайды, себебі сол тіркестердегі предлогтар қос тілде бір-біріне сәйкес келмейді.

       Тілді жақсы меңгеру үшін тек қана сөзді және оның формасы мен жүйесі және нормасын білу жеткіліксіз, сонымен қатар, ол сөздердің қандай мағынада, формада, қандай контексте қолданылуын білу керек және сол ситуацияда ағылшындар сол сөз тіркесін қалай қолданғанын білу керек. Тілдік нормаға, жүйеге сай, бірақ арнайы грамматикадан тысқары сол тілде сөйлеуші адам белгілі бір ситуацияға байланысты өзінше бір грамматикалық ерекшелікпен сөйлемейді. Мұндай жаңадан пайда болған тілдік норманы «узус» деп атайды. «Узус» заңдылығы бойынша тіл үйренушінің тілге деген сезімталдығы қажет. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында қолданылатын осы «узусқа» қарасты сөз тіркестер ұлттық ерекшелігімен қолданылады. Мәселен, біреуді құттықтаудың түрлері сол ұлттың және олардың тілінің ерекшеліктеріне қарай ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде әр түрлі айтылады.

       Ағылшын тіліндегі құттықтау етістігі орыс тіліндегі «поздравить» және қазақ тіліндегі (құттықтау)  деген сөздерге қарағанда мағына жағынан айырмашылығы сезіліп тұрады, сондықтан да басқа етістік қолданылады.

       Ілтипаттың, ізеттілік көрсету де, кешірім сұрау да ұяттық ерекшелік сезіліп тұрады. Ағылшын тілінде ілтипаттылықтың түрі әр түрлі ситуацияға байланысты алуан түрлі болып келеді.

       Тіл арқылы, тілдік элементтердің мағынасынан, формасынан, қолданысынан, сол тілде сөйлейтін халықтық өзіндік ерекшелігі сезіліп тұрады.

Әдебиеттер:

1.   Казахско-русский словарь. – Алматы: Донпресс, 2001

2.   Русско-казахский словарь І-ІІ том. Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, 1981

3.   Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучение иноязычному говорению». – М.: «Просвещение» 1991 – 22 с.