Ә.А.Көшкімбаева,

Тарбағатай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

 

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

         Қазақстан Республикасында, білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясы, негізгі бағыттары, басымдылықтары, мақсаты мен міндеттері, оны іске асыру жолдары анық көрсетілген. Осы мемлекеттік бағдарлама, білім беру және бәсекеге лайық болуға дайын тұрған қазақ тілі үшін өте маңызды.

         Мемлекеттік тілдің қоғамдық аясының кеңеюі, оның лексикалық және семантикалық тынысының мүмкіндіктері, білім беру орындарында жаңа типтік бағдарламалармен оқытудың ең озық жүйелері мен инновациялық технологиялары осы күндері басым болып келеді. Интерактивті, яғни жоғары белсенділікті арттыратын, жаңаша жаңғыртып оқыту (инновациялық) әдістің тиімді жақтарын пайдалану, қазақ тілін типтік бағдарламаға сәйкес жасалған оқу-әдістемелік құралдады басшылыққа ала отырып оқыту кең таралған.

         Басқа тілді мектептерде қазақ тілі сабағында мамандыққа қатысты мәтіндерді пайдалана отырып,оқушылардың білімін толықтыру және олардыңбілімдеріне сәйкес ғылыми тілдерін дамыту мақсаты да көздеген. Мамандықтарына қатысты мәтіндерде арнайы терминдер қолданылады. Оқушылардың алған білімдері сапалы болуы үшін терминдердің аудармалары немесе анықтамалары  қоса беріліп отырылады.

         Аудио-бейне сабақтары оқушылардың көзбен көріп, құлақпен естуге, тыңдау сезімдеріне әсер ете отырып білімін көтеруге, оқытылып отырған мәтіндерді тез қабылдауларына және ұзақ уақыт естеріне сапалы сақтауларына көп пайдасы бар. Оған әр оқушының сабақты қабылдау әрекеті әсер етеді. Бір оқушыларғабейне материалдар көп пайдасын тигізсе, екіншілеріне аудио материалдары есту-тыңдау арқылы естерінде өткен тақырып мәтіні жақсы сақталып қалады. Біреулерінде көру арқылы есте сақтау қабілеті биік болса, екіншілерінде есту, тыңдау арқылы есте сақтау қабілеті биік деген сөз. Аудио-бейне сабақтарында оқушылар қазақ тілін келешек мамандығына қатысты терминдерді игеру арқылы, ғылыми тілдерін дамытуды мақсат етеді. Жасалған аудио-бейне сабақтарына оқушылардың өздері де қызық мәліметтерді интернет арқылы жинап, мұғаліммен бірге өз білімдерін толықтырып отырады және ізденулеріне де мүмкіндік бар. Мамандықтарға қатысты әдебиеттерден мәтіндерді іріктеп алу, соған сәйкес жасалған тапсырмалар, жаттығулар мен түсініктемелер саналы түрде қазақ тілін үйренуге қызықтырады. Аудио-бейне сабақтар уақыты 5-10 минуттан аспағаны дұрыс, сонда ғана жалықтырмайды және сөйлеу үлгілері де естерінде сапалы сақталады.

Бейне сюжеттер бірнеше рет қайтара қайталап көруге, өткен тақырыптан ұмытылған жерлерін қайта жаңғыртып, естеріне түсіруге мүмкіндік туғызады.

Мәтін көлемі де шағын болғаны дұрыс. Тақырыпқа қатысты сөздік санының көлемі 7-10 сөзден аспағаны дұрыс. Тақырыпқа қатысты мәтіндер сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көп көмегі бар. Оқушыладың жеке шығармашылық шеберлігін көтереді. Сабақтағы материалдар сапасы жағынан биік болуы, сөйлеу, сұхбат алу амал-әрекеттерін бірде баяу көрсетілсе, екіншісінде шамалы жылдамдықпен беріп, түсінбеген жерлері бар болса анықтап, қайта көруге немесе тыңдауға да мүмкіндік туғызады.Тілді жақсы меңгеру үшін интерактивті ортаның болуына әсер етеді және қарым-қатынастық механизмінің пайда болуына ықпал етеді.

Шетелдік ғалымдар арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы жасалған мультимедиалық электрондық оқулықтарды өз сабақтарында кең қолданады. Біздер үшін бұл үлкен қаражатты керек ететінін жақсы түсінеміз, себебі көптеген мектептер үшін ноутбук компьютерлері мен модемдер саны әрбір мұғалімнің бас-басына беріле бермейтіні мәлім.

Электронды мультимедиалық оқулықтарды әзірлеу өте қажет, себебі бұл аралық оқытуға негіз бола алады және оқушыға  кезкелген уақытта қазақ тілін үйренуге мүмкіндік береді.

Виртуалды оқулықтарды ноутбук компьютерлерінің көмегімен сабақта пайдалануға мол мүмкіндік туғызады. Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникацияның қарқынды дамуы болашақта компьютер мен модемді көпшіліктің пайдалануына болатынын көрсетеді.

Мультимедиа технологиясы оқушылардың тілдік материалды меңгеруіне, өз білімін өзі тексеруіне негізделген. Сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін қамтыған жаттығулар жеке немесе топпен, өз бетінше үйренуге де жағдай туғызады және оқушының талабын қанағаттандырады.

Виртуалды оқулықтардыңқазақ тілін тез үйренуге, өз қателерін табуға, қайталауға, ұмытқанын есіне түсіруге көп пайдасы бар. Қазақша ойлау, өткен тақырыптарды басқа жағдайға бейімдеп, сауатты сөйлеп, сауатты жазуына көп көмек береді. Қазақ тілі сабағында қайталап айту әрекеттері арқылы үйрету жеңілден ауырға қарай, оңайдан қиынға қарай, қарапайым түрден күрделі түрге деген қағидаға сүйене отырып, тілді жаттықтыру жұмысы үнемі жүргізіліп отыруды қажет етеді.

Оқушылардың өзбілімдерін дұрыс бағалауларына, дұрыс сөйлеулеріне, жазбаша тапсырмаларды қатесіз орындап, өздері орындаған жазбаша жұмыстарын тексере білуіне дайындық жұмыстарын жүргізу де өте қажет.

Әрбір оқытушының мақсаты – білім сапасын көтеруге ат салысу, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, қазақ тілінде қиналмай таза сөйлеуге үйрету, қазақша ойлай білу, бірте-бірте тапсырмаларды күрделендіре түсуге және оқушылардың берілген тапсырмаларды сауатты, қате жібермей орындауына ат салысады.Білім беруде жұмыс түрлерін өзгертіп, ауыстырып, ауызшадан жазбаша түріне көшеді. Мәтінді бірнеше қайтара интонациямен оқыту, оқығанын мазмұндап беруге, бір-біріне сұрақ қойып, сұхбат жүргізулеріне, жоспар құрастыруға, қазақша ойлап, ойын дұрыс жеткізе білулеріне, оқытушының қойған талаптарын орындай отырып, сөйлеу деңгейін шыңдай түсуіне аса назар аударылады.

Мектептердегі  орыс топтарында қазақ тілі сабақтары үздіксіз оқытуды жүзеге асыруды қажет етеді. Сонда ғана барлық оқушыларқазақ тілін еркін меңгеріп шығады. Барлық пәндер орыс топтарында орыс тілінде өтіп, үйлерінде де, көшеде де, өзара да орыс тілінде сөйлейді, бір қазақ тілі сабағы олар үшін өте аз, үзбей,  күнде-күнде қазақ тілі сабағы жүргізілсе ғана қазақ тілін оқытудан бір нәтиже шығаруға болады.

Білікті кадрлардың санын көбейту мақсатында мектеп мұғалімдерінің білімін жетілдіру институтында компьютерлік білімдерін көтеріп, интернет желілері арқылы жұмыс түрлерін сауатты жасауға, қазақ тілінен аралық оқулық түрлерін жасау жобаларына қатысуға жағдай туғызу қажеттігі тұр.