Психология

 

Абдрахманова А.А., Маемирова М.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ЖЕТКІНШЕКТІК ЖАСТА ТҰЛҒА ДАМУЫНДАҒЫ ДАУЖАНЖАЛДЫҢ  АЛАТЫН ОРНЫ

 

Адамдар арасындағы қарым-қатынас және өзара тілдесудің әлеуметтік-психологиялық сипаты болып табылады. Психология ғылымының кез келген мәселесі адамның жан дүниесінің сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз байланысты. Бұл табиғи заңдылық болашақ ұрпақтың да өмір жолы мен тағдырының әрқилы қырларымен өзара ұштасты.

Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметін- дегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі-адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулері- нің құпия сыры және оның кілті неде? деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.

Осындай мәселенің байыбын барлап оның себеп-салдарын анықтау,тиімді жолын табу әлеуметтік өмірде адамның мінез-құлқының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай,оған зиянды әсер етері даусыз. Мұндай жәйт қоғам өмірінің шиеленіскен дағдарысты жағдайында қазіргі заман адамдарына ғана емес, болашақ ұрпақтың бойында да жағымсыз мінез-қылықтардың туындауына теріс ықпал етуі мүмкін. Қазіргі кезде сондай-жағымсыз қылықтар адамдар арасындағы қарым-қатынаста да жиі байқалып отыр. Қарым-қатынас жасау адамға ғана тән табиғи қасиет. Және ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен оқу және еңбек адам әрекетінің негізі түрлері осы қарым-қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас жасауда аса қажетті шарттың бірі-сөйлеушілердің өз пікірлерін өзгелерге, тыңдаушыларға қалайда жеткізіп, оларға әсер етуді көздесе, ал тыңдаушылардың қарым-қатынас орнатудағы сөйлеуші жақтың ой-пікірін дұрыс ұғынып, оны іс жүзіне асыра білу мәдениеттілігіне байланысты. Бұл жәйттен біз қарым-қатынас жасаудың үнемі екі жақты процесс екендігіне көзіміз жетеді.

Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелеріне қарағанда адамдардың басым көпшілігі өзінің 70% (уақытын өзара тілдесіп қарым-қатынас жасауға жұмсайды екен. Ал жетекші қызмет пен басшылық ететін адамдар өздерінің жұмыс мерзімінің 80%) уақытын осы қарым-қатынас жасауға жұмсайды. Қандай іс-әрекет болса да, ол негізінен адам факторына байланысты болып отыратыны мәлім. Осы орайда қоғам өмірінде адамның бойындағы күш-қуатын, оның білімі мен қабілетін тіршілікке қажетті материалдық заттарды өндіруге жұмсап, рухани өмірін байыту мақсаттарына  бағытталуға тиіс. Мұндай игілікті мақсаттарды жүзеге асыруда,ең алдымен, адамның жан дүниесінің сырынан терең бойлап, оны әр тарапты зерттеп білуді қажет етеді. Қазіргі заманда адамтану ғылымдары ішінде психология ғылымының осындай игі мақсаттарды іс жүзінде айқындап, оның заңдылықтарын ашып көрсетуде елеулі табыстарға ие болып отырғаны шындық фактор. Әсіресе бұл пәннің өндіріс пен өзге де салаларда ұжымдарды басқару ісінде мекеме бас- шыларына, жетекші мамандар психологтар мен ұстаздарға, әсіресе өндірісте қызмет атқаратын басшыларға практикалық жағынан тигізер пайдасының мол екендігін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.

Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді әрі  тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын  дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты  мектептің алдына қоятын ең басты өзекті мәселесінің бірі - өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар, жеке басының сапасын көтеру.

Ата-аналар балаларын тәрбиелей отырып, бала тәрбиелеуде қоғам мен мемлекет алдында жауапты екенін, болашақ азаматтарын тәрбиелеп отырғандарын естен шығармауы тиіс. Мінез жеке өзі үшін ғана емес қоғам үшін де қажет. Ұжымдық өмір мен ондағы тіршілік, әсіресе, қызметтегі әр адамның көңіл-күйі, ондағы адамдардың мінез бітістерімен сабақтасып жатады. Мінез туралы сөз болғанда ойлау процестері емес, ең алдымен, есте қалыптасқан ақыл сапасы жайы болады. Адам ақылының теориялық немесе практикалық сипатта қалыптасуы қызмет үшін де, қоғамдағы жеке адамның мінез-құлқы үшін де немқұрайды нәрсе емес. Қалыпқа  түскен ұнамды мінездің өзегі-жеке адамның ерік-жігерлілік сапасы болып табылады. Кейбір жеткіншектер, ал кейде жоғары сынып оқушылары да үлгілі сыртқы манерасыз-ақ мәдениетті болуға болады деп  ойлайды. Олар әдептілікке байланысты түрлі "шарттарды" қолдануды міндетті емес деп есептейді де, көптеген мәдени мінез-құлық ережелерін сақтауға немқұрайды қарайды. Мұндай "нигилистер" қоғамдық теріс пікір тудырады, олардың әсерінен жөне басқаларға күлкі болуға қорқып кейбір оқушылар тіпті ең қаралайым сыпайылық ережелерін де орындамайтын болады. Сондықтан бұл зиянды әсерді жою балалар ұжымында дұрыс қоғамдық пікір тудыру-педагогтар мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарының маңызды міндеті. Мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеуде мектеп ұжымындағы жалпы жағдай мен қарым-қатынастар түрі зор роль атқарады. Оқушылардың қатысуымен мектепті көрікті безендіру, ондағы қол жеткен тазалық пен тәртіп, дәл ұйымдастырылған кезекшілік, бекітілген ережелердің орындалуын тексеру, тілектестік пен жылы шырайлылықтың жалпы атмосферасы-осының бәрі мінез-құлық мәдениетіне табысты тәрбиелеуге көмектеседі.

Ересек жастағы оқушыларға мазмұны жағынан барынша күрделі талаптар қою мүмкіндігі төменгі сыныптар оқушыларының мінез-құлықтың өте қарапайым жобаларын игеруіне негізделе даярланады. Оқушыларға арналған ережелерді ендіру жөніндегі жұмыста формализмнен асқан қауіпті ештеңе жоқ. Егер олар мектеп ұжымында тек қана хабарланса немесе тіпті арнаулы қабырға газетінде көрсетіліп қана қойса, бірақ мұның бәрі жүйелі жүргізілген дамыту жұмысымен жүзеге асырылмаса, бүкіл педагогикалық ұжымдардың күш-жігерімен бекітіліп отырмаса, онда оның оқушыларда жағымды мінез-құлықты қалыптастыру ролі түкке де тұрмайтын болады.

Жеткіншектік жасқа ауысу баланың тұлғалық дамуына әсер ететін шарттардың терең өзгеруімен сипатталады. Олар жеткіншектерде үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасына, организм физиологиясына танымдық процестерінің дамуы, интеллект, қабілеттер деңгейіне әсер етеді.

Ата-аналар, мұғалімдер және үлкендер жеткіншектің өсіп жатқан сезімінің дамуына қарай өзара қатынасты орнату қажет. Егер оның мүмкіндіктерін ескеріп, оған сыйластықпен, сезімділікпен қараса, оқудағы қиындықтан төзуге көмектессе, психикалық даму үшін қолайлы шарттар жасалады. Жеткіншектік жаста психикалық дамудың маңызды факторы достарымен араласуы болып табылады. Достарымен араласуды ата-аналар да алмастыра алмайды, және ол өте ерте жаста туындап, жыл сайын ұлғаяды. Жасөспірім әрекеті негізінен ұжым, топтық болып келеді. Топ жеткіншекті қорғайды, оған қолдау көрсетеді, сонымен қатар оған өте қатаң талап қояды. Топ ерекше сезім тудырады – «біз сезімі». «Біз»-ге бөліну – достары, бір топ мүшелері, және «олар» - үлкендер немесе солармен жастылар, бірақ басқа топ мүшелері жеткіншек үшін үлкен мән береді. Достарынан мойындауға қол жеткізіп, олардың талаптарына сәйкес ұмтылу оқушының өнегелі дамуына кәдімгідей әсер етеді. Қақтығыс кезінде үлкендер мен достары, жолдастар ортасынан алынған нормаларды жөн көреді.

Жинақталған стихиялық нормалар әлеуметтену процесіне алып келуі мүмкін. Алайда, жасөспірімдік және жасөспірімдік жаста жолдастық қатынас пен икемделу сезімі маңызды болғанымен топтық байланыста жарысу, бедел үшін күресу болады. Біріккен ұжымның өзінде де оның мүшелері бір-біріне жеке симпатия білдірмейді. Сондықтан өскен жолдастық қатынаспен үлкен оқушы таңдаулы, үзілмейтін эмоционалдық бауырмашылық сияқты достықты іздеуде болады. Әсіресе бұл alter еда, екінші «мен» - ең негізгі қажеттілік кезіндегі ерте жастық шақта маңызды. Сенімді достардың болуына қалау маңызды - өмірлік бағалыларды 15-17 жастағылар махабатты да басып өтеді. Достыққа деген мұндай ұмтылыс – біреудің өзін түсінуге құмар қажеттілік. Бұл қажеттілік өзін түсіну бойымен тығыз байланысты.

Алайда жеткіншек үшін оқу маңызды болып қала береді, бірақ негізгі жаңадан пайда болған түр оның психикасында қоғамдық пайдалы іс-әрекетіне байланысты. Бұл қоғамдық пайдалы іс-әрекет. Бұл жастағылардың достарымен қатынас қажеттілігін қанағаттандыру жоғарғы деңгейде болуымен байланысты. Мұндай қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып жасөспірім қоғам мен табиғаттың түрлі көріністеріне көзқарасы қалыптасып, әлеуметтік бағалыларды, моральді, әрекет ережелерін, жасөспірімті азамат ретінде тәрбиелеумен байланыстарды ұғына түседі.

 

Әдебиет

1        Фельдштейн Д.И. Проблемы возрастной и педагогической психологии. –М.: Педагогика, 1995. -144 с.

2        Ануфриева Е.А. Жеке адамның әлеуметтік ролі және белсенділігі. МГУ баспасы, 1971

3        И.П.Павлов. «Павлов ортасы», ІІІ том, М., СССР Ғылым академиясының баспасы, 1949

4        Алексеева В.Г. Ценностные ориентации как фактор жизнедеятельности и развития личности // Психологический журнал. 1984.

5   Андреева Г.М. Уровень социальной стабильности и особенности социализации в старшем школьном вазрасте.

6   Андреева Г.М. Социальная психология. – Москва: Аспект-пресс, 1997.

7   Андреенкова Н.В. Проблемы социализации личности // Социальные исследования. Вып.З. М. 1970.

8   Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе.

9     Длужинин В.Н. Современный психологический словарь.