Геодезиялық әдіспен жер бетіне шекараны қоюдың салыстырмалы талдау жолы

 

Ахметов Е.С., Дубурбаева Г. А.,  Сарбасова Г.А., Сарбасов К.А., Усербаев А.Г., Кенжебекова Г.Н.

М. Х. Дулати атындағы ТарМУ,  Тараз қ.

 

         Жерге орналастыру жобасын жер бетіне орналастыру негізінен жер учаскелерінің шекарасын белгілерімен бекітуден тұрады, бұл ретте шекаралардың ортасынан өтетін жолдар жобаланылады және олардың ені мен ұзындығы белгіленеді. Жобаны жер бетіне орналастыру жұмыстарында оңай әдістемелері қолданылады және ол жұмысты атқаруға мейлінше аз уақыт келтіру керек болады. Сонымен қатар шекаралардың дәлдігі сақталып, экономикалық тиімділігі техникалық сұраныстары жерге орналастырушы шаруашылықтың сұранысына толық жауап беруі шарт.

      Жердің жобасын геодезиялық әдіспен жер бетіне орналастыруға жер-кадастырлық ісінің техникалық бөлімі екі кезеңнен құрылады, Олар: камералды дайындық және далалық жұмыстар:

1.Камералды дайындық жұмыстары.

         Келісім сызбасындағы жер учаскесінің орнын басқа шекаралас жер пайдаланушылармен тексеріп анықтау.

Бұл жұмысты атқару үшін фотопланшет номенклатурасы арқылы кезекші картаны даярлау керек. Содан соң келісім сызбасында орналасқан орнын анықтап шектесіп жатқан жер пайдаланушылардың аттарын көрсетеді, соңынан фотопланшеттегі немесе компьютердегі мәліметтермен салыстырады.

         Келісім сызбасы бойынша берілуге тиісті учаскенің шекарасы жобаланады.

Қазіргі кезеңде жер учаскелерін жобалау фотопланшет бойынша компьютерлік бағдарлама арқылы жасалады. Ол жұмысты Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару агеннттігінің Мемлекеттік ғылыми орталығы (Гос НПЦ зем) жүргізеді. Сондықтан біз осы әдісті қарастырдық.

         Ең алдымен шекаралас жер пайдаланушылардың шекара нүктелерінің көшірмесі мен геодезиялық берілген мәліметтерін аламыз: оның ішінде де бұрылыс нүктелерінің координаттары мен олардың ара қашықтық ұзындық өлшемдерін аламыз. Компьютерде МАРІNҒО бағдарламасын ашамыз. Осыдан соң бізге қажетті планшетті алып ГИС мәліметтерін ашамыз.

         Берілген координат мәліметтерімен келісім сызбалары бойынша учаскелерді жобалауға кірісеміз. Учаскелерге кадастырлық нөмір беріп оған жер иеленушінің аты жөнін және пайдалану рәсімін жазамыз, содан соң осы мәліметерді компьютердің еске сақтауына енгізіп, онда учаскенің ауданын т.б. көрсеткіштерін енгіземіз.

         INSERTER кіргізу бағдарламасын ашамыз, содан соң онда жазылған тексттен өзімізге қажетті координат нүктелерін аламыз. Алынған координат нүктелеріне түзетулер енгізіп жазбаларды дұрыстаймыз. Жазылған ведомостте бұрылу нүктелерін көрсетіп контурларды көрсетеміз және мінездемесін жазамыз (егістіктер, арық отықтар, далалық жолдар т.б.)

Жұмыс сызбалары мен орналастыру сызбаларында шекараны көрсету.

Жұмыс сызбалары мен шекара қою сызбалары әуелі фотопланшеттің ксерокс  көшірмесін жасап оған берілетін жер учаскесін түсіруден басталады. Жұмыс сызбасына ескі нүктелер қара түспен көрсетіледі, ал қызыл түспен жаңадан белгіленген жер учаскелері түсіріледі және оның көрінетін жергілікті элементтер мен жобаланған шекара нүктелерінің арасы 20 метрлік өлшеу лентасымен болмаса сәулелі өлшеуішпен өлшенеді.

-бұрыштық нүктелердің координаты өлшем құралдарының көмегімен, америкалық жер серігі жүйесіндегі GPS (Gloolal Position System) немесе россиялық жерсеріктік  ГлоHaCC (глобалды навигациялық жер серіктік жүйесі) құралдар арқылы жүргізіледі;

- бұрыштық нүктелер мен координат арасы 20 метрлік лентамен теодолиттің көмегімен немесе жарықтық қашық өлшеуішпен, кейде электронды тахеометрмен қойылады.

         Жұмыс сызбасындағы координаттар арнайы ведомсте қара түспен жазылып ара қашықтықтары өлшем бойынша жазылады және шектесетін жер иеленушілердің шекарасы көрсетіледі.

2.Далалық жұмыстар.

Жер учаскелерінің шекарасын қою әртүрлі әдістермен қойылады.

Бұрын геодезиялық тәсілмен шекараларды қою былайша жүргізілетін еді:

- сәуле (жарық) қашықтықты өлшеуші аспаппен және 20 метрлік лентамен;

 алдыңғы екі әдістерді біріктіре отырып жерге белгілер қою;

-         бұрылыс нүктелерін координат бойымен анықтап 20 метрлік лентамен сәулелі аппаратпен қою.

  Қазіргі кезде геодезиялық әдістер төмендегінше:

- теодолит жолын электронды тахеометр көмегімен қою:

- Leica, Tгіmble, Sockia аппараттарын қолданып координат нүктелерін қою кезінде американдық жер серігі жүйесін CPS, немесе Торcоп және Россияның жер серіктік жүйесіндегі ГлоНаСС. Қосымша түсініктемеде (1 кесте) талдаумен салыстырмалы әдістермен жер учаскесінің шекарасын қою геодезиялық әдіспен атқарылған.

         Бұл жерде кестеде бұрынғы ескі әдістемелермен шекара нүктелерін қоюда координаттарды анықтап, бұрылыс нүктелерін теодолиттік жолмен және кейінгі тахеометрлік жолда пайдаланылған.

         Осы әдістемелердің барлығы бір-бірімен салыстырып, олардың қазіргі кезде пайдаланып жүрген геодезиялық әдіске тоқталамыз.

Шекара белгілерін координатты анықтау арқылы тахеометрлік жүріспен қою. Бұл әдістеменің қолданылуы берілген жердің ауданына тікелей байланысты, шекара сызбалары құрғақ жерлермен өтетін болса бұл әдістер жердің элементтері анықталынып қойылады. Координаттарды шығару компьютерлердің есептеулерімен шығарылып ара қашықтықтары шығарылады және планшетке түсіріледі. Принтердің көмегімен ведомостке жазылады, бұрыштарының өлшемі көрсетіледі. Жер бетіне түсірілгенде, триянгуляцияның нақты белгілеріне жалғастырылып нүктелері қатайтылады, тахеометр өлшемінің дәлдігі 7" және одан да дәлірек болып шығады.

 

Геодезиялық әдіспен жер бетіне шекараны қоюға салыстырмалы талдау кестесі

 

1 кесте

 

Жер бедерінің қолайлы жағдайына байланысты геодезиялық әдіспен шекара қою

 

Dx,y

м

 

DS

м

 

ƒDx,y

салыстырмалы

 

ƒDS

салыстырмалы

1

2

3

4

5

 

1. Жер бетіндегі нақты бедер айырмашылықтарына байланыстырып шекараны сызықтық өлшеммен қою

 

 

3.0

 

 

4.2

 

 

1:500

 

 

1:450

 

2. Бұрынғы қойылған шекара белгілеріне байланыстырып шекараны қою жолдары

 

3.0

 

4.2

 

1:500

 

1:450

 

3. Сызықтық өлшемдер арқылы оның элементтерге байланыстырып жер бетіне шекара қою және бұрынғы шекара белгілеріне сүйену (қосылу әдістерімен)

 

 

3.0

 

 

4.2

 

 

1:500

 

 

1:450

 

4. Координат нүктелеріне теодолит жолымен анықтап шекара белгілерін қою

 

1.5

 

2.2

 

1:1000

 

1:800

 

5. Координат бұрылыс нүктелеріне сүйене отырып тахеометрлік әдіспен шекара белгілерін қою

 

 

0.5

 

 

0.7

 

 

1:7000

 

 

1:1000

 

6. Координаттық бұрылыс нүктелеріне байланысты аспаптар арқылы америкалық жер серігі жүйесімен СРS (Global Position System) және Ресейлік жер серігі жүйесі ГлоHaCC (глобальды бағыттаушы жер серігі жүйесі)

 

 

 

1.5

 

 

 

2.2

 

 

 

1:1000

 

 

 

1:800

 

Элементтердің анықтылығы арқылы шекараны өлшем жүргізумен қою жолдары.

Бұл әдісті қолдану аудандары үлкен учаскелердің шекарасын қоюда, егістіктердің, жайылымдықтардың шекараларын нақтылап қою кезінде қолданылады. Ситуациялардың анықтылығын жол қиылыстарына, жол айырықтарына, арықтар мен өзендердің қосылған жерлеріне т.б. белгілі элементтерге сүйене отырып шекара нүктелерін қоямыз. Осы жоғарыда аталған элементтер әуелі фотопланшеттерде анықталып камералдық жұмыс кезінде алынады, соларға сүйене отырып бұрылыс нүктелері жобаланады. Осындай бұрылыс нүктелерді анықтау арқылы ара қашықтықтары өлшеніп жұмысшы сызбаға жазылады.

         Жобаны жер бетіне түсіру кезінде жер бедеріндегі анық анықталған элементтерге сүйене отырып 20 метрлік инвар лентасының көмегімен жүргізеді немесе сәулелі қашықтық өлшеуішпен дәлдігі 1 шақырымға 2 см дәлдікпен қойылады. Барлық жобаланған бұрылыс нүктесіне шекара белгілері қазықтар орнатылады.

 

Жобаланған шекаралық белгілер сызықтарын өлшеп, бұрынғы шекаралық белгілерге бекітілу арқылы қойылуы.

Бұл әдістеме қазіргі кездегі шектесуші ауылдастармен байланыстырыла отырып жасалады.

Жұмыс сызбасында барлық бұрылыс нүктелері бұрынғы қойылған ауылдас жер пайдаланушыларға қойылған нүктелерге жалғастырылып қойылады. Бұл жерде жаңа қойылған нүктелердің ара қашықтықтары, өлшемдері жұмыс сызбасында көрсетіледі және жазылады.

Осы жұмыстар 20 метрлік лентамен немесе сәулелі ара қашықтық өлшеуішпен 1 км-ге 2 см дәлдікпен қойылады. Қойылған қазық қадалар белгілі шекаралық белгілер қойылып бекітіледі.

 

Шекараны жер бетіне өлшем арқылы ескі анықтық элементтер

бойынша қойылуы және қосымшалық әдіспен жүргізілуі.

Бұл әдістеме қазіргі кезде негізінен үлкен аудандарды өлшеуде пайдаланылады. Шекараны қою аяғында үлкен қате жібермеу үшін нақтылы белгілі элементтерге сүйене отырып көшіреді.Осы әдіспен жобаны жер бетіне көшіру 1-ші және 2 ші пункттегі көрсетілген әдістерге сүйене отырып қолданылады.

 

Шекара нүктелерін координатты анықтау арақылы қою теодолиттік жолдармен жүргізуі.

Бұл әдіс негізінен үлкен егістік аудандарда, жайылымдықтардың шекарасын жүргізуде анықталған белгілерге негізделіп жүргізіледі.Координаттар планшеттен графикалық әдістермен алынып журналға жазылады, ара қашықтықтары триангуляциялық есеппен шығарылады, бұрылыс нүктелерінің ара қашықтығы румб арқылы бағытталып бұрыштары есептелінеді. Содан соң осы мәліметтер жұмыспен сызбаға жазылады.

         Теодолитпен қойылған шекара да румб пен бұрыш өлшемдер дәлдігі- 5º- қа дейін, ал аралық өлшемі- 20 метрлік инварлы лентамен, немесе сәулелі өлшеуішпен 1 шақырымға 2 см дәлдікпен қойылады. Жер бетіне көшірілген нүктелерге арнайы белгі қазықтар қойылып бекітіледі.

         Шекараны жер бетіне көшірудегі геодезиялық жұмыстар күнделікті өмірдегі обьектілерді жобадан жергілкті жерге көшірудегі бөлу жұмыстары жүргізудің негізгісі болып жоба есептелінеді. Жерді пайдаланудағы негізгі жобалау обьектілеріне аудан, қалалардың, қала сияқты мекендердің, ауылдық тұрғындар мекендердің шекаралары, жеке жер иелерінің, бау-бақшалар, саябақтар, жалға берілген және басқа да жер учаскелерінің шекаралары жатады.

         Жер учаскелерінің шекаралары әкімшілік шешімдеріне, шаруашылық бағасына және алып жатқан ауданына байланысты геодезиялық өлшеулер жүргізіліп немесе әртүрлі масштабтағы топографиялық құжаттарды, оның ішінде электронды (цифрлі) карталарды пайдаланып анықталады.

         Жер орналастырудың жобасының мәліметтері бойынша геодезиялық жобалау орындалады. Геодезиялық жобалауға көшірудің аналитикалық дайындықтар, яғни жер бетіне көшірілетін нүктелердің координаталарын анықтау жатады. Бастапқы геодезиялық негіз болып триангуляция, трилатерация, сызықтық-бұрыштық торлар, полигонометрия, ғарыштық анықтаулар, кей кездерде теодолиттік жүрістер сияқты геодезиялық пункттер есептеледі.

         Жобадағы жердің шекарасы белгілі бөлу тәсілдері арқылы, яғни: бұрыштық, сызықтық, қиылыстырулар, жармалар, полярлық және тік бұрыштық координаталар, перпендикуляр тәсілдерімен жүргізіледі.

         Жер бетіне көшірілген нүктелер арнайы межелік белгілерімен бекітіледі және олардың координаталары геодезиялық өлшеулер арқылы анықталады.

         Алынған мәліметтер кадастрлық планға түсіріледі және кадастрлық мәліметтер қорына енгізіледі. Пайдаланушыға жердің актісін беру керек болғанда, жер учаскесі шекарасының сызбасы жасалынады. Сызбада және жер планында көрші жер пайданушылардың қолы қойылады. Үшінші қатарға қол қойылмаған адамдардың қарсы болған себептері жазылады.Планда шекара белгісін сызып болған соң, инженер жер бөлуші  жер қатынастары бөлімінің жұмысшы актісін жасайды. Ол актіде қанша шекарасы және ол жер не үшін қажет екені көрсетіледі.Соңғы кезең: Ауданының кезекші картасына жер пайдаланушылардың шекаралары енгізіледі. Жер қатынастарының өкілі ол картаның дұрыстығын, көлемін шекара белгілерін, актінің дұрыс толтырылуын тексереді. Соңында заңды құжатқа қол қойылады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.      Маслов А. В., Юнусов А. Г., Горохов Г. И. Геодезические работы при землеустройстве. – М., Недра, 1990.

2.      Технические указания по установлению и восстановлению границ землепользований. – М., Недра, 1983.

3.      Справочное руководство по инженерно – геодезическим работам / Под ред. Большаков В. Д. – М., Недра, 1980.

4.      Временная инструкция по обследованию и восстановлению пунктов и знаков государственной геодезической и нивелирной сетей СССР. – М., РИО ВТС, 1970.

5.      Leica Geosystems, GIS DataPRO – Blue Sky Software Corporations, makers of RoboHelp, !998 – 1999.