т.ғ.к., аға оқытушы Нұрмұхамед Б.С.,  магистрант Нұржан Д.Ж.

(Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Қызылорда қаласы)

 

Техникалық сервис құралдары жаппай - қызмет көрсету жүйелерінің бірі, олардың топтастырылуы және тиімділік көрсеткіштері

 

1) Техникалық сервистің өндірістік процестерінің жалпы сипаттамасы.

Көлік құралдары техникалық тұрғыда жарамды күйде болу үшін оларға профилактика мен жөндеу операциялары жасалып тұруы керек. Бұны инженерлік-техникалық қызмет, яғни айтқанда жөндеу жұмысшылар, техниктер, инженерлер атқарады. Техникалық баптау (ТБ) және жөндеу (Ж) операцияларын жоғары өнімділікпен, әрі сапалы атқару үшін жағдай жасалып, түрлі технологиялық құрал-жабдықтар қолданылады. Олар өндірістік процесте қолдану барысында активті және пассивті бөліктен тұратын негізгі өндірістік қорға айналады. Техникалық эксплуатацияға қатысты айтатын болсақ техникалық баптау және жөндеу жұмыстарын атқару үшін жағдай туғызатын негізгі қордың пассивті бөлігіне – ғимараттар, сооружениелер, коммуникациялар, ал активті бөлігіне – өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру (роботизациялау) жатады.

Қызмет көрсету құралдары жұмысының ерекшелігі уақыт аралығында сұраныс ағынының (белгілі бір уақыт аралығында қызмет көрсету жүйесіне келіп түскен сұраныстар жиынтығы) уақыт аралығында өзгеріп тұруы және еңбек сиымдылығы мен ақауды жөндеу мерзімінің айнымалылығы. Қызмет көрсетуге берілетін сұраныстар мен қызмет көрсету мерзімдері айнымалы және кездейсоқ болатын жүйелер жаппай қызмет көрсету жүйелері (ЖҚКЖ) деп аталады.

Жүйе дегеніміз өзара байланысты бөліктерден құралып, бір бүтін болып әрекет ету мақсатына қол жеткізуге арналған ретке келтіру процессі.

Жалпы айтқанда, жүйе дегеніміз бірнеше өзара тәуелді элементтерден тұратын физикалық объект. Техникалық эксплуатацияда бұған  жұмыс постылары, ТБ желілері, жөндеу шеберханаларының учаскілері, қосалқы бөлшек қоймалары, отын және май құю станциялары және тағы басқалары жатады.

Жаппай қызмет көрсету жүйесі мынадай негізгі элементтерден тұрады: қызмет көрсету қажетсінетін объектілердің кіру ағыны, бұны сұраныс деп атаймыз; кезекке тұру; қызмет көрсететін апараттар және сұраныстардың шығу ағыны (1-сурет).

    Кіру ағыны                     Кезек               Қызмет көрсету        Шығу ағыны                    

                                                                            аппараты  

1-сурет. Жаппай қызмет көрсету жүйесінің схемасы

Кіру ағыны дегеніміз белгілі бір жұмыс көлемін атқаруды қажет ететін сұраныстар жиынтығы. Сұраныстар (заявка) кездейсоқ уақытта берілетіндіктен, жүйеге уақыт бірлігінде келетін сұраныс саны кездейсоқ шама, ал кіру ағыны кездейсоқ процесс болып табылады. Сұраныстар біртекті немесе біртексіз болуы мүмкін.

Қызмет көрсету аппараты дегеніміз қажетті жабдықпен, механикаландырылған құралдармен, инструменттермен жарақтандырылған жекелеген жұмысшылар, звенолар, бригадалар. ТБ атқарғанда бұл бригадалар, АЖ – жұмыс постылары, қосалқы учаскілерде – жекелеген жұмысшылар және басқалары.

Сұраныстардың кіру ағынына қарағанда қызмет көрсететін аппараттардың өткізгіштік қабілеті төмен болса, онда кезек пайда болады. Кіру ағынының шамасы математикалық күтімге қарай вариациялы болып келеді.

Сұраныстардың шығу ағыны ЖҚКЖ сипаттамасына байланысты, жалпылай айтқанда қызмет жасалған, не жасалмаған сұраныстардан тұрады. Техникалар үшін жөндеу және ТБ жұмыстары міндетті түрде атқарылуы тиіс болғандықтан, шығу ағыны орындалған талаптардан тұрады, яғни айтқанда машиналар жұмысқа жарамды болулары керек.

2) Жаппай қызмет көрсету жүйелерінің топтастырылуы.

ЖҚКЖ былайша топтастырылады:

- кезек ұзындығының шектелуімен – шығынмен және шығынсыз. Қызмет көрсететін аппараттар бос болмаса шығынды жүйелерде сұраныстар атқарылмаған күйде шығады, ал шығынсыз жүйелерде сұраныс кезекке тұрады. Бұл жағдайда кезектің ұзындығына немесе тұру уақытына шектеулер қойылуы мүмкін;

- қызмет көрсету каналдары санымен - бір және көп каналды;

- қызмет көрсету аппараттарының типімен - біртипті (әмбебап) және әртипті (арнайландырылған);

- қызмет көрсету тәртібімен – бір және көп фазалы. Бір фазалы жүйелерде сұраныс талаптары бір жұмыс постысында, ал көп фазалыда бірнеше қызмет көрсету аппараттарының көмегімен атқарылады. Мысалы ТБ ағынды желілері;

- қызмет көрсету аппараттарының санымен – шектеулі және шектеусіз;

- қызмет көрсету басымдылығымен – басымдылықпен және басымдықсыз. Басымдылықты жүйелерде кейбір сұраныстар кезектен тыс, ал басымдылықсызда сұраныс кезекпен атқарылады;

- сұраныстың кіру ағынының шамасына қарай – шектеулі және шектеусіз ағындар;

- жүйе құрылымына қарай – тұйық және ашық. Сұраныстың кіру ағыны, талабы қанағаттандырылған сұраныс санына тәуелді болса тұйық, ал тәеулсіз болса ашық жүйе дейміз;

- қызмет көрсету аппараттарының өзара тәуелділігіне қарай – өзара жәрдем көрсететін және өзара жәрдемсіз. Өзара жәрдемсіз жүйелерде қызмет көрсету аппараттарының өткізгіштік қабілеттерінің параметрлері мен өнімділігі тұрақты және өзге аппараттардың жүктемесіне немесе бос тұрғанына тәуелді емес. Өзара жәрдем көрсететін жүйелерде қызмет көрсететін аппараттардың өткізгіштік қабілеті жүйедегі басқа аппараттардың жұмысбастылығына тәуелді болады. Көбіне-көп жұмыс постылары мен орындаушылардың өзара жәрдемі жөндеу және ТБ зоналары мен учаскілерінің жұмысын ұйымдастырғанда және еңбектің ұжымдық әдісін (орындаушылардың бір постыдан екіншісіне ауысып жұмыс атқару мүмкіншілігі бар) қолданғанда пайдаланылады. Өзара жәрдем көсететін жүйелерді қарастырғанда мынадай екі факторды ескеру қажет: сұранысты қанағаттандыру үшін бір мезгілде бірнеше қызмет көрсету аппаратын қолданғанда орындалу мерзімі қаншалықты қысқарады немесе тездетіледі; өзара жәрдем қаншалықты «тәртіпті», яғни бір сұранысты орындауға бірнеше канал қатысқанда жұмыс сапасы жақсара ма, жоқ па.

3) ЖҚКЖ жұмысының тиімділік көрсеткіштері ретінде мынадай параметрлер қолданылады:

а) Қызмет көрсету интенсивтілігі   ,                                              (1)

мұндағы:  – бір сұраныстың орындалу ұзақтығы.

б) Сұраныс ағынының келтірілген тығыздығы ,                          (2)

мұндағы  – сұраныс ағынының параметрі.

в) Абсолютті өткізгіштік қабілеті ,                                              (3)

мұндағы  - салыстырмалы өткізгіштік қабілеті.

Абслютті өткізгіштік қабілеті – уақыт бірлігінде келіп түскен сұраныс санын көрсетсе, салыстырмалы – жалпы сұраныс санының атқарылған үлесін көрсетеді.

г) Барлық жұмыс постыларының бос тұру ықтималдығы , ЖҚК жүйесіндегі барлық объектінің жарамды және ешқандай техникалық іс-әрекетті қажетсінбейтінін, яғни сұраныстың жоқтығын көрсетеді.

д) Қызмет көрсетпеу ықтималдығы , кезек ұзақтығы немесе кезекте тұру уақыты шектеулі және шығынды ЖҚК жүйелеріне тән. Ол жүйеге келіп түскен сұраныстардың «жоғалған» үлесін көрсетеді.

е) Кезектің пайда болу ықтималдығы П, жүйедегі барлық қызмет көрсететін аппараттардың  жұмыс бастылығын және келесі сұраныстың кезекке күту саны тұрғанын көрсетеді.

ЖҚК жүйесінің аталған параметрлерін анықтау формулалары, оның құрылымына байланысты. Шығынды ЖҚК жүйесі үшін  бұл байланыстар 1-кестеде келтірілген, ал басқалары үшін мысалдар шешкенде қарастырамыз.

1-Кесте. Шығынды  ЖҚКЖ тиімділік көрсеткіштері

ЖҚКЖ типі

Салыстырмалы өткізгіштік қабілеті,

Барлық постының бос тұру ықтималдылығы,

Сұраныстың орындалмау ықтималдылығы,

Жұмысбасты қызмет көрсету аппараттарының саны,

Бір каналды

(n=1)

Көп каналды

(n>1)

Өзара жәрдемді көп каналды

(n>1; )

 

 - бригаданың техникалық іс-әрекетінің интенсивтілігі

         ж) Кезекте тұрудың орташа уақыты,

         з) Жүйеге байланысты сұраныс саны, .

и) Сұраныстың жүйемен байланыс уақыты:

         Шығынды ЖҚК жүйесі үшін ;

Шығынсыз ЖҚК жүйесі үшін .

к) Жүйенің қызмет ету шығыны ,

     мұндағы  - кезекте тұрған машиналардың күтуден болатын шығындары;

     r – кезектің орташа ұзақтығы;

      - қызмет көрсету каналының бос тұруынан келетін  шығын;

      - бос тұрған каналдар саны.

Жөндеу және ТБ кіру ағыны мен олардың атқарылу уақыты кездейсоқ болғандықтан әр уақытта машиналардың кейбіреулері (орташа бір саны) бос тұрады. Әдетте қызмет көрсету аппараттарын (постылар, жұмыс орындары, орындаушылар) шығын мөлшері ең аз болатындай етіп ұйымдастыру И=min қажет болады. Сондықтан ЖҚКЖ жұмысын талдағанда сызықты, сызықты емес және динамикалық программаларды, имитациялық және «Монте-Карло» моделдерін қолдану қажет.

Резюме:

Для обеспечения необходимых условий качественного и высокопроизводительного выполнения операций ТО и ремонта используются средства труда.

Характерной особенностью работы этих средств обслуживания является изменяющийся во времени поток требований на работу средств обслуживания (поток требований на – совокупность требований, поступающих в систему обслуживания за определенное время), а также переменные трудоемкость и продолжительность устранения неисправностей.

Системы, в которых переменными и случайными выступают моменты поступления требований на обслуживание и продолжительность самих обслуживаний, называются системами массового обслуживания и состоит из следующих основных элементов: входящий поток объектов, требующих обслуживания и называемых здесь требованиями, очередь, обслуживающие аппараты и выходящие потоки требований.

Әдебиеттер:

1) Под редакцией доктора технических наук, профессора Е.С. Кузнецова Техническая эксплуатация автомобилей, Москва «Транспорт» 1991 г.

2) Н.И. Байко, В.Г. Санамян, А.Е. Хачкинаян Сервис самоходных машин и автотранспортных средств. Ростов-на-Дону «Феникс» 2007 г.