Биологические науки/2.Структурная
ботаника и биохимия растений.
Туралиева М.А.,
б.ғ.д. Ешибаев А.А., б.ғ.к. Сапарбекова А.А.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан.
Оңтүстік
Қазақстан флорасының дәрілік өсімдіктері
және олардың антибиотиктік қасиеттерін пайдалану
перспективасы
Оңтүстік Қазақстан облысы флорасын 3000 астам
шөптесін, бұта және ағаш тектес өсімдік
түрлері құрайды. Бұл Қазақстан
флорасының тең жартысынан көп мөлшер. Бұл көлем
облыстағы үш фитогеграфиялық аудандарда таралған.
Олардың ішінде сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар
санаттарға жататын, ғылыми және практикалық
маңызы бар өсімдік түрлері көптеп кездеседі.
Бірақ, қазіргі таңда, олардың барлығы
толығымен зерттеліп бітпеген. Мысалы үшін, осы аталған
биоалуандылықтың ішінде 100 астам өсімдік
түрлерінің құрамында дәрілік қасиеттері бар
заттардың кездесетіндігі анықталған [1].
Ал, сол сияқты, басқа да көптеген өсімдіктердің
химиялық құрамдары әлі күнге зерттелмеген.
Бұл жағдай жергілікті флораның экономика салалары үшін
аса маңызды өсімдік шикізаты бола алатын түрлердің
әлі күнге ашылмағанын және олардың пайдаланылмай
келе жатқанын көрсетеді. Сондықтан, осы бағытта зерттеу
жүргізіп, дәрілік қасиеті бар өсімдіктердің
жаңа түрлерін анықтап, сонымен қатар, белгілі
түрлерінің қосымша қасиеттерін зерттеу маңызды
болып табылады.
Өсімдіктердің пайдалы қаситтерінің бар екендігі
және оны адам өмірінде түрлі жағдайда пайдалану
көне заманнан басталған. Ежелгі қоғамда-ақ
өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып,
жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ,
сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге,
түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған [2-4]. Қазіргі күнде барлық зерттеушілер үшін медицина
қажетіне қолданылатын препараттарды табиғи өсімдік
шикізаттарынан алу мәселесі өзекті ізденіс болып табылуда.
Табиғи қосындылар және олардың негізінде жасалынатын
препараттар синтетикалық дәрілік препараттарға
қарағанда әлдеқайда пайдалы болып келеді. Себебі, олар
ауыр түрде өтетін ауру түрлерінің терапиясы кезінде
жоғары тиімділікпен және уыттылығының аз болуымен
ерекшеленеді, сонымен қатар адам ағзасына кең спектрлі
биологиялық әсер ететіні де белгілі.
Аталған
мәселе бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысы
флорасындағы аса танымал және белгілі дәрежеде зерттелген
дәрілік өсімдіктерге Sofora
pachucarpa C. A.M., Sophora japonica L, Tribulus terrestris L, Leonurus cardiaca L, Hypericum officinalis, Salvia protensis, Salvia verticillata, Hordeum
distichon, Ungeria victoris, Aspаragus officinalis, Rosa canina, Armorаcia rusticana, Armorаcia arvensis, Achillea asiatica, Achillea
nobilis, Achillea sallcifolia, Achillea millifolium, Bidens tripartita жатады. Бірақ, бұдан тыс,
әлі дәрілік қаситтері анықталмаған
түрлердің көлемі өте мол [5].
Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы
әсерлік заттардың табиғаты да толығымен зерттеліп
біткен жоқ. Олардың басым көпшілігі өткен кеңес
дәуірінде анықталған. Ол заттар алколоидтар, глюкозидтер,
сапониндер, эфир майлары, органикалық қышқылдар, фитонцидтер,
ферменттер, витаминдер және гормондар болып анықталған. Одан басқа физиологиялық
белсенді және әсері бойынша құнды химиялық
заттардың көбінің табиғаты осы күнге белгісіз
болып қалуда. Сондықтан, қазіргі замандағы
аналитикалық базаның дамуына байланысты, бұл деректер де
қайта тексеріліп нақтылауды талап етеді. Аталып кеткен
биологиялық белсенді заттардың көпшілігі антибиотиктік қасиеттерге ие.
Жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, өсімдік
құрамындағы бұл заттардың мөлшері, ол
өсімдіктердің өсу жағдайымен тікелей байланысты. Дегенмен,
аса құнды өсімдіктердің табиғи
тұрғыдағы фиторесурстары өте шектеулі немесе олар
Қызыл Кітапқа енген түрлер тізімінде. Осыған байланысты,
олардың қасиеттерін пайдалану үшін, оларды мәдени
егістіктерде өсіру қажет. Ол үшін, перспективті өсімдік
түрлерін мәдени егіншілікте өсірудің
агротехнологиясында қоса зерттеу маңызды және шешімін
күтіп отырған өзекті мәселеге жатады.
Медицина және фармацевтика
салаларының мұқтажы үшін пайдалы өсімдіктерден
аталған емдік заттарды бөліп алу әдістері мен одан тиімді
препаратты алу технологиялары мәселенің келесі кезеңдері
болып табылады. Бұл кезеңде
таза экстракттарды бөліп алу, дәрілік тиімділігін төмендетпей
сақтау және препараттық пішінін түзу мәселелері
де ізденіс жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Өсімдік тектес
препараттарды жасау барысында әр өсімдіктің емдік
қасиеті ескеріледі, сондықтан көп жағдайда
өсімдіктердің жиынтығын пайдаланады, яғни мұндай
препараттардың емдік қасиеттері жоғары болып келеді [6].
Сонымен қатар, дәрілік өсімдіктердің қасиетіне
олардың түстерінің де әсері бар, мысалы жасыл
түсті өсімдіктердің құрамында хлорофиллдің
мөлшері көп, бұл зат жоғары биологиялық
белсенділікке ие, және де өзінің химиялық
құрылысына қарай қан гемоглобиніне ұқсас
келеді. Егер хлорофилл препараттарын адам ағзасына енгізетін болса
гемоглобиннің санын арттырады және қанның
формалық элементтерінің түзілуін қамтамасыз ететіні
дәлелденген. Бұл өсімдік пигменті ағзаға енгеннен
соң 15 минут ішінде ағзаның қорғаныстық
қызметін белсендіріп, қандағы гемоглобин саны артады. Сонымен
қатар, ішекте хлорофилл белоктардың ыдырауын тудыратын заттармен
байланысып, ағзаға еніп кетуінен сақтайды.
Ал қызғылт, күлгін, көк түсті
өсімдіктер микробқа және вирусқа қарсы
белсенділікке ие, және де адам ағзасынан химиялық заттар мен
радионуклидтерді шығарады. Сары
түсті беретін өсімдіктерде флавоноидтардың болатыны белгілі,
олар адам ағзасының зат алмасуында алатын орны ерекше.
Қазіргі
таңдағы медицинада бес мыңнан аса препараттар мен
субстанцияларды қолданады, олардың 2/5 бөлігі шамасындай
дәрілік өсімдіктерден алынады. Сондықтан, практикалық
медицина үшін фитотерапияны қолдану өзекті болып табылады. Медициналық
препараттарға шикізат болып табылатын дәрілік өсімдіктер құрамында
кездесетін заттардың жинақталу мерзімі де әртүрлі болып
келеді, олардың ішінде жақсы зерттелгені мезгілдік түрі,
яғни көбею фазалары бойынша. Дәрілік өсімдіктердің
топырақ асты бөліктерінде биологиялық белсенді заттар
бүршік ату және гүлдеу кезінде жинақталады [7].
Тамыр мен тамыршаларда бұл заттар вегетация кезі аяқталған
кезде көбейе бастайды. Сонымен қатар, дәрілік
өсімдіктерді жинау барысында олардың биологиялық белсенді
заттарды тәуліктік жинақтау динамикасына аса көңіл
бөлінеді. Себебі, көптеген дәрілік өсімдіктердегі
аталмыш заттардың ең жоғарғы деңгейі 11-13
сағат бойында ғана белгілі химиялық қосылыс
түрінде сақтала алады. Дәрілік өсімдіктерді жинау
барысында олардың құрамында уытты заттардың кездеседі.
Фитомассадан алынатын экстракттерді бұл заттардан толық тазарту да
жеке технологиялық мәселе.
Өсімдік құрамынан алынатын антибиотикалық
экстракттілерді пайдаланудың тағы бір бағытына өсімдік
ауруларымен зиянкестеріне қарсы препараттар алу. Қазіргі
замандағы түрлі инвазиялық үрдістеродің арту
кезеңінде өсімдік қорғау мәселелсі де жаңа
шешімдерді табуды талап етіп отыр. Ауылшаруашылығындағы
мәдени өсімдіктерді және қала экожүйесіндегі
флораны зиянкестер мен фитопатогендерден қорғау үшін,
өсімдік негізінде дайындалған, адам және жылы қанды
ағзаларға зиянсыз препараттар алу өзекті мәселеге
айналуда. Өйткені, қала экожүйесіндегі өсімдік
қорғау үшін белгілі химиялық препараттарды пайдалану
санитарлық нормаға сай келмейді, ал тамаққа
пайдаланылатын өсімдіктер алқаптарында химиялық заттарды пайдаланудың
адам өмірі үшін қаупі бар екендігі баршаға мәлім
жағдай. Бұл бағытта біздің елде атқарылып
жатқан зерттеу жұмыстары әлі көп емес және
айтарлықтай нәтижелер әлі белгісіз.
Жоғарыда айтылған уәждерге байланысты, жергілікті
флора өкілдерінің антибиотиктік қасиеттерін зерттеу, одан
экологиялық зиянсыз және тиімді биопрпараттар алу қазіргі
замандағы экологиялық мәселелерді шешуге ықпал беретін
өзекті мәселеге жатады.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Беспаев С. Б, Лященко Н. В. Дары гор, степей
и пустынь – Алма – Ата, Кайнар, 1990
2. Доброхотова К. В, Чудинов В. В.
Қазақстанныңдәрілікөсімдіктері – Алматы, 1963
3. Герман Э. В. Растение и
наше здоровье – Алма – Ата, Кайнар, 1987
4.Мұхитдинов
Н.Н., Бегенов Ә.Б, Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы және
анатомиясы. Алматы, 2001 «Қазақ Университеті»
баспасы
5. Иващенко А. А.
Қазақстанның өсімдіктер әлемі – Алматы кітап,
2004
6. Георгиевский
В. П., Комиссаренко Н. Ф., Дмитрук С. Е. Биологически активные вещества лекарственных растений. —
Новосибирск: Наука, 1990. — 336 б.
7. Қожабеков
М, Қожабекова
Г. Дәрілікөсімдіктер – Алматы, «Қазақстан», 1982