Болуспаев Ш.А.; Жақан Ш. Д.
Әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Қазақстан
Республикасындағы баға динамикасы. Бағаны реттеу саясаты.
Кез
келген мемлекеттің алдында тұрға ең басты мақсат
– халықтың әл-ау-қатын жоғарылату,халықтың
өмір сүру сапасын жоғарылату.Әрбір ел осы
про-цесстің орын алуы үшін бірқатар шараларды
жүргізеді: халықты жұмыспен қамту
бағдарламаларын, нарықтық экономиканы ұстанып
отырған елдің эко-номикалық дамуының ең басты
критерийі болып табылатын – шағын және ірі бизнесті дамыту,
халық денсаулығын сақтау, білім деңгейін
жоғарылату сияқты шараларды, сонымен қатар ел
азаматтарының материалдық жағдайын жақсарту мақсатында
табыс,яғни жалақы мөлшерін жоғарылатады. Алайда, аталып
өткен соңғы шараның нәтижелері көп елдерде,
сонымен қатар біздің елде де айтар-лықтай біліне бермейді.
Яғни, ел халық табысын жоғарылатқаннан кейін, көп
ұзамай, тауарлардың да бағасы жоғарылағанын
байқаймыз. «Бағаның өсуі ел-дерде не үшін орын
алады? Бұл үрдісті қалай алдын алуға болады?» осы сұрақ-тар тек ел
экономистерін ғана емес, жай бұқара халықты да
толғандырмай қоймайтыны анық.
Бұл жұмыстың негізгі
мақсаты: баға динамикасын бақылау, бағаның
өсу себептерін және мемлекеттің аталып өткен проблеманы
шешу мақсатында жасап отырған саясатын бағалау.
Халықтың
әлеуметтік жағдайы кез келген елдің демократиялық
және экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші ретінде
қарастырылады. Нарықтық экономика жағдайында баға
– нарық механизміндегі басқа элементтермен ты-ғыз байланысты
және олардың өзгеруіне айтарлықтай әсерін
тигізетін экономи-кадағы ең басты элементтерінің бірі.
Баға
– тауар мен көрсетілген қызмет бірлігі үшін алынатын
ақша. Бағаны белгілеу әр түрлі әдістермен
анықталады: шығындарды анықтау негізінде баға белгілеу
(тауар бағасы өндіріс факторларына кеткен шығындардың
орнын тол-тыру
керек), бәсекелестік негізінде баға белгілеу (тауар бағасы
бәсекелес фир-малар тауарларының бағасымен
салыстырылып, белгіленеді), «позиционерлік» мақсатта баға белгілеу
(тауардың жоғары сапалы тауар екенін көрсету мақса-тында
баға белгілеу) және сұраныс негізінде баға белгілеу
(тауар бағасын тұты-нушылардың
тауарға деген сұранысын бағалау, яғни сұраныс
жоғары болса, тауар бағасын жоғарылатып, ал сұраным
төмен көрсеткішке ие болса, тауар бағасын төмендету
арқылы жүзеге асады).
Жоғарыда
аталып өткен баға белгілеу түрлерінің ең
көп қолданатыны және ең дұрысы – шығындарды
анықтау негізінде баға белгілеу. Алайда, оның бәріне
мемлекет төтеп бере отырып, бағаның
өсу себептерін анықтап, оны жойып отыру керек.
2012
жылдың қорытынды статистикасы бойынша Қазақстан
Республика-сы
тауарлар бағасының өсу динамикасы бойынша алдыңғы
қатарлы елдерден көрінеді екен.
ҚР-ның 2004-2012 жж баға динамикасы
|
|
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
|
Азық-түлік тауарлары |
107,4 |
108,1 |
107,3 |
126,6 |
110,8 |
103,0 |
105,3 |
110,1 |
112,9 |
|
Индустриалды тауарлар |
106,2 |
105,9 |
107,1 |
110,5 |
105,7 |
108,6 |
105,5 |
105,3 |
103,5 |
|
Қызметтер мен қызмет көрсетулер |
105,9 |
108,0 |
111,6 |
115,4 |
111,4 |
108,4 |
106,8 |
107,3 |
109,3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|

Қазіргі
таңда, еліміздің экономистері бағаның өсуі
«жасанды» түрде жүргізілуде және бұл
үдерістің орындалуы – мемлекеттің бағаны реттеудегі
дұрыс бағдарлама жүргізілмеуі деп бағалауда. Және
тағы бір қызықтысы, бағаның өсу
көрсеткіші халық табысының өсу динамикасымен
байланысты.
Қазақстан Республикасы азаматтарының
2004-2012 жылдар аралығындағы табыс көрсеткіштері.
|
|
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
|
Жан басына шаққандағы атаулы
жалақы |
12817 |
15787 |
19152 |
25226 |
32984 |
34282 |
38779 |
45936 |
48199 |
|
Табыс динамикасының атаулы индексі |
119,2 |
123,2 |
121,3 |
131,7 |
130,8 |
103,9 |
113,3 |
118,5 |
120,1 |
|
Табыс динамикасының нақты индексі |
111,2 |
114,5 |
111,7 |
118,9 |
111,8 |
96,9 |
105,6 |
109,4 |
110,8 |
Мұндағы көрсетілген мәліметтерден,
жалақының өзгеруі мен бағаның өзгеруін
салыстыру үшін «табыс динамикасының нақты индексі»
көрсеткішін аламыз.

Диаграммадан және кестедегі
мәліметтерді қарайтын болсақ, жалақының
өсуі мен бағаның өсуі бірдей кезеңдерде
жүретін болған. Бұл сәйкестік әсіресе
азық-түлік тауарлары бағаларында нақты көрінген.
Себебі, табыс – сұранысқа әсер етуші бағалық емес
факторға жатады. Табыс өсуінің тауар бағасына
әсер етуінің дәрежесін анықтап алуымыз үшін
Энгель қисығын қолданамыз.


Графиктен көріп тұрғанымыздай-ақ,
азық-түлік тауарларына деген сұра-ныс табыс өсу темпі
төмен дәрежеде болғанда, ал индустриалды тауарлар
(киім-кешек, канцеляр тауарлары, т.б)
және қымбат тауарлар (СD-плеер, компьютер, жиһаз, т.б)
сұранысы құбылмалы болады.
Төменгі графикте тұтынушының табыс көлемі
өскен кездегі сұраныс-ұсыныс моделіндегі өзгерістер:
Жалақы қоры жоғарыласа, халықтың табысы да
жоғарылайды.«Бағалық емес факторларың
сұранысқа әсері» тақырыбы бойынша, халықтың
табысы жоғарыласа, тауарларға деген сұраныс көлемі де
жоғарылайды. Сұраныс көлемі жоғарылағандықтан,
сатушылар сатып алушылардың қажеттіліктерін
қанағат-тандыру мақсатында ұсыныс көлемін
көбейтеді.«Ұсыныс заңы» бойынша, ұсы-ныс көлемі
мен баға тура пропорционалды, яғни ұсыныс көлемі
өскендіктен, баға да өсетін болады.
Графиктен көріп тұрғанымыздай, QD1
– сұраныс қисығы QD2 –сұраныс
қисығына жылжиды, ұсыныс көлемі Q1 –ден Q2
–ге өседі. Тепе-теңдік баға да P*1-ден
P*2-ге
өседі. Бір айтып кететіні, бұл модель тауарлардың
барлық түрлеріне қатысты емес. Жоғарыда
көрсетілген үрдіс жоғары сапалы тауар-лар, күнделікті қолданысқа
ие тауарлар, азық-түлік тауарларына қатысты.
Егер бағаның өзгеруі жоғарыда көрсетілген
модель бойынша өзгеріп тұратын болса, мемлекеттің
жалақыны жоғарылатуының мүлдем пайдасы болмайды. Ел
азаматтарының табысы объективті түрде жоғарыласа да, ол «жасандылық»
сипатқа ие болады.
Мемлекеттің мұндай үрдістен сақтануы үшін
дұрыс бағаны реттеу саясатын жүргізуі қажет.
Өкінішке орай, біздің елдегі бұл іс-шаралар өз орнын
таба алмауда. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің ең
соңғы жолдауында, «Қазақтан-2050» стратегиясы бойынша,
«бағаны реттеу комитетінің ел азаматтарының табысының
сақталуы мақсатында баға саясатын дұрыс жүргізуі
2013 жылдан бастап, өз бастауын алады» деген болатын.
Қазіргі таңдағы, бағаны реттеудегі ең тиімді,
әрі эффектті әдістерді Франция, Ұлыбритания, Жапония,
АҚШ, Бельгия сияқты мемлекеттер қолданады екен. Бұл елдердегі
бағаның реттелуі 25%-дан 40%-ға дейін орындалады. 

Бағаны тура реттеу саясатында
баға көрсеткішіне бағаға тікелей әсер ету
арқылы, рентабельділік және бағаны құрайтын
элементтерге заңнамалар мен нормативтерді белгілеу сияқты шаралармен жүргізіледі.
Бағаны жанама реттеу саясатында
баға көрсеткішіне пайыз қойылымын реттеу, салық салу
шараларын, табыс, минималды жалақы мөлшерін анықтау
бағыттары арқылы жүргізіледі.
Бағаны реттеудің екі
түрін де дұрыс, орынды қолданса ғана мемлекет
өзінің бағаны реттеу бағытындағы мақсатына
жете алады.
Еліміздегі бағаны реттеу саясаты
өз тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, 1992 жылдан бастау алды.
Еліміз нарықтық экономика бағытына өтудің
өтпелі кезеңінде тұрған еді. 1992 жылдағы тауар
бағалары 15-18 есеге өскен болатын, әсіресе, халық
жағдайын тым ауырлатқан жәйт – азық-түлік
тауарларының бағасының жоғарылауы еді: сүт
бағасы – 40 есеге, май бағасы – 32 есеге, қант бағасы –
70 есеге, ет бағасы – 20 есеге, нан бағасы – 15 есеге
қымбаттаған болады. Халықтың жалғыз үміті –
мемлекет еді.
1992 жылдың шілде айынан
бастап-ақ мемлекет энергетика саласындағы, күнделікті
тұтынылатын тауарлардың
және қызметтер мен қызмет көрсетулер салаларындағы
баға көрсеткіштерін
мемлекет қазы-насынан кәсіпкерлер мен ауыл
шаруашылығына миллиардтаған дотация, суб-сидия беріп жатты. Алайда,
бұл жақсы нәтижеге алып келген жоқ. Оның бірнеше
салдары мынадай болды:
1.
Мемлекет
шығындары көбейіп кеткендіктен, бюджет дефициті орнады.
2.
Мемлекет таза пайда алып келетін қайта
өңдеу өнеркәсіп саласының дамуына қомақты
қаржы бөлмегендіктен, өнім өндіру мөлшері азайып
кетті.
3.
Өнім көлемі азайғандықтан,
тұтынылатын тауарларды шет елдерден импорттау қажеттілігі туындады,
импортталған тауарлар бағасын кедендік тарифтер, делдалдық,
транспорттық және басқа да шығындар қосылып,
бағаның өсуіне тағы бір қадам жасадық.
Бұл кезде мемлекетте үш проблема туындады: мемлекет
бюджетінің дефициті және бағаның жоғарылауы,
еліміздің өнім өндіру көлемінің азаю есебінен
ЖҰӨ-нің азаюы.
1992
жылдың қыркүйек айының 29-жұлдызында жаңа
«Монополиялық мекемелер өнімдерінің бағасын мемлекеттік
реттеу» деген жаңа заң
қабыл-данды. Алайда бұл шара да жүзеге аспады: мемлекет монополиялық
өнеркәсіптің бағасын төмендетілді, алайда
монополиялық өнеркәсіптердің өнімдерін жеке
кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар
тұлғалар сатып алып, бастапқы, реттелмеген бағада
тауарларды сатты. Бұл шарада да мемлекет қайта
қателесті: бағалар
төмендемеді, арадағы делдал сатушылардың пайдасы
ұлғайып, керісінше өнеркәсіптердің жағдайы
нашарлады.
Ал қазіргі таңда
бағаны реттеу саясаты 2004 жылғы
«Сауда қызметін реттеу туралы» заңнамада көрсетілген.
Ол заңнама бойынша, сауда субъектілерінің баға белгілеуі
өздерінің қалауы бойынша жүргізіледі делінеді,
яғни мемлекет бағаның жоғарылап кетпеуіне
нарықтық жағдайдағы бәсекелестік деп біледі.
Бағаның жоғарылауының себептері туралы
Қазақстан Республикасының бәсекелестік жағдайды
қорғау агенттігі – өнеркәсіп басшыларының
келісіп, бағаны жоғарылатады десе, өнеркәсіп басшылары
өндіріс факторларын жабдықтаушы мен фирма арасындағы делдалдардың
көп екендігін айтса, ал импортталатын тауарлар жайында сатушылар шет
елден келетін тауардың өзі қымбат бағамен келетіндігін
айтады.
Алайда,
төменде көрсетілген
кестеден, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті
қорғау агенттігі ақпаратының біршама дұрыс
екеніне көз жеткізе аламыз.
2010 жылғы азық-түлік тауарларына деген импорттық
бағалар мен елдегі баға көрсеткіштері
|
Тауар атауы |
Өлшем бірлігі |
Тауардың орташа импорттық бағасы |
Тауардың еліміздегі орташа бағасы |
Елдегі баға мен импорттық орташа бағаның
ауытқуы |
|
Картоп |
кг |
37 |
86 |
2,4 |
|
Қырықжапырақ |
кг |
66 |
84 |
1,3 |
|
Сәбіз |
кг |
34 |
75 |
2,2 |
|
Пияз |
кг |
46 |
95 |
2,1 |
|
Сарымсақ |
кг |
127 |
261 |
2,1 |
|
Қияр |
кг |
83 |
277 |
3,3 |
|
Қызылша |
кг |
118 |
309 |
2,6 |
|
Апельсин |
кг |
127 |
313 |
2,5 |
|
Банан |
кг |
112 |
319 |
2,9 |
|
Лимон |
кг |
151 |
440 |
2,9 |
|
алма |
кг |
69 |
195 |
2,8 |
Көріп тұрғанымыздай, еліміздегі
баға динамикасының өзгеруінің негізгі себептері
«жасандылық» арқылы орын алады екен. Мұндай әділетсіз
баға белгілеуді тоқтату үшін ел үкіметі жақсы
ойластырылған, барлық салаларды қамтитын, екінші бір
проблеманың туындауына әсер етпейтіндей етіп бағаларды реттеу
бағдарламасын құруы керек.
Бағаларды реттеу сонау XVII
ғасырдан бастау алып, қазіргі таңға дейін өз
өзектілігін сақтауда. Мемлекет басшылары бағаны реттеу
үшін мынадай мәселелерді қарастыру керек:
1. Бағаны мемлекеттік реттеу әдісінің тек бір ғана
тәсілін қолданбау, яғни бағаны тура және жанама
реттеудің тәсілдерін байланыстыру
2. Тіркелген бағаны белгілеу шараларын мейлінше қолданбауға
тырысу.
3. Экономикалық болжамды дұрыс жүргізу.
4. Шекті бағаларды белгілеу кезінде тауарлардың дефицитін немесе
профицитін болдырмауға, яғни сұраныс пен
ұсыныстың тепе-теңдігін сақтауға тырысу.
5. Экономикалық субъектілердің баға белгілеудегі
адалдығын тексеріп отыру.
6. Бағаны шығындар бойынша белгілеудің дамуын қолдау.
7. Халықтың табысы өскен кезеңдегі бағаның
өсуіне жол бермеу.
Бағаны
реттеу – өте қырсық процесс болып саналады. Оны жүргізу
барысында мемлекет өз
мақсатына жетуі де мүмкін, дұрыс, орынды шаралар
қолданбаса, бастапқы мақсаты да орындалмайды, сонымен
қоса басқа да проблемалар туындайды.