Экономические науки/2. Внешнеэкономическая деятельность
Қабдолданова А.С.,
Болуспаев Ш.А.
Әл – Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Қазақстан
Қазақстан мен
Еуропалық одақтың сауда байланысын экономикалық
модельдеу
Қазіргі
нарық заманында әр елдің экономикасында сыртқы
саясаттың алатын орны зор. Қазақстан үшін
Еуроодақпен (ЕО) қарым-қатынасты дамыту сыртқы саяси
қызметтегі негізгі бағыт болып табылады. Қазақстан мен ЕО арасындағы екі жақты сауда
қатынастары 1999 жылы қол қойылған «Әріптестік
және ынтымақтастық туралы келісім» негізінде
құрылды. Қазіргі уақытта ЕО
Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып
табылады.[1].
Төмендегі суреттен (сурет
1) көріп отырғанымыздай Қазақстанның сыртқы
тауар айналымындағы ЕО елдерінің алатын үлесі өте зор.
2007 жылғы көрсеткіш бойынша ЕО үлесіне жалпы тауар айналымының 34,2%- ы
келген, яғни 27 529,5 млн АҚШ доллары. 2012 жылы бұл
көрсеткіш 39,3%-ға жеткен, яғни 53815,6 млн АҚШ
доллары. Қазақстанның жалпы тауар айналымынң
өзгеруімен қатар ЕО елдерінің үлестерінің де жыл
сайын 1%-5% аралығында
жоғарылап, төмендеп отырғаны байқалады. 2010
жылға дейін тек өсуі байқалады, 2011 жылдан бастап
0,74%-ға төмендеген [2].

Сурет 1. Қазақстанның сауда айналымы ([2] дерек бойынша
автор құрастырған).
2 – суретке
қарап, Қазақстанның экспортының жартысы ЕО
елдеріне шығарылатындығын байқау қиын емес.
Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда байланысында
экспорттың үлесі басым. Экспорт 2007 – жылдан 2010 – жылға
дейін қарқынды жоғарылап, 2011 жылы сәл
төмендегенімен, 2012 жылы қайта көтерілген. Экспортталатын
негізгі тауарларға мұнай, мұнай өнімдері, көмір
мен минералды шикізаттар жатады.

Сурет 2.
Қазақстанның экспорты ([2] дерек
бойынша автор құрастырған).
Қазақстан мен ЕО арасындағы
импорттық қатынасқа келетін болсақ, суреттен (сурет 3 )
байқағанымыздай ЕО – дан келетін импорт көлемі жыл сайын азаю
үстінде. 2007 жылы бұл
көрсеткіш 26,6% - болған болса, яғни 19 546 млн.
АҚШ доллары, 2012 жылы 10% -
дайға төмендеп, 16,8% - ды құраған, 46338,52 млн.
АҚШ долларын.
Импорттың басым
бөлігін машина құрылысы мен көлік салалары қамтып
отыр, ал химиялық өнімдер 13%, өнеркәсіп тауарлары 13%
құрайды.

Сурет 3. Қазақстанның импорты ([2] дерек бойынша автор
құрастырған).
Айтылған
пайымдаулар дәлелдірек болу үшін, Қазақстанның
сыртқы сауда айналымы мен ондағы ЕО елдерінің алатын
көлемі арасындағы
байланысты, оның әсері қаншалықты екендігін
анықтап, бағалау мақсатында экономикалық зерттеу
жүргізіліп, eviews бағдарламасы арқылы экономикалық
модель құрылды.
Зерттеу объектісі
ретінде ҚР 1995 – 2012 жылдардағы сыртқы сауда
айналымының көлемі мен ондағы ЕО елдеріне тиесілі көлем
алынды. Статистикалық мәліметтер келесі графикте
көрсетілген:

ҚР сыртқы сауда айналымын Х деп, ЕО
көлемін У деп белгілеп алынып, екеуінің арасындағы
байланыстың оң-терістігі ковариация коэффициенті арқылы,
корреляция коэффициенті арқылы байланыс тығыздығы
анықталды.
Кесте 1
Ковариация коэффициенті
|
|
X |
Y |
|
X |
308099515.599167 |
745392048.19413 |
|
Y |
745392048.19413 |
1817499271.80261 |
Ковариация коэффициентінің таңбасы оң
болғандықтан, екі көрсеткіштің арасындағы
байланыстың оң екендігін көрсетеді. Яғни, ҚР сыртқы
айналымындағы ЕО үлесі өскен сайын, жалпы сыртқы сауда
айналым көлемі де арта түседі.
Кесте2
Корреляция коэффициенті
|
|
Y |
X |
|
Y |
1 |
0.996098130239097 |
|
X |
0.996098130239097 |
1 |
Корреляция
коэффициенті 1 – ге өте жақын болғандықтан, екі
көрсеткіштің арасында өте тығыз байланыстың бар
екендігін көрсетіп тұр. ЕО – ға тиесілі көлемнің
ҚР сыртқы сауда айналым көлеміне әсерінің
күшті екендігі байқалады.
ЕО елдеріне тиісті
сауда көлемінің ҚР сауда айналымына қаншалықты
әсер ететіндігі анықталды, енді оның қалай әсер
ететіндігін анықтау мақсатында регрессия теңдеуі
құрылды.
Y = 2.419322363*X +
6606.094669
Теңдеу
көрсеткендей ЕО көлемі бір шамаға өссе ҚР
сыртқы сауда айналым көлемінің 2.42 есеге артатындығын
білдіреді.
Стюдент t -
статистикасын қолдана отырып, параметрлер мәнділігі тексерілді. t –
статистикалық мәндер 3 – кестеде
көрсетілген.
b параметрінің t – статистикалық
мәні 45,15-ке, а параметрінің t – статистикалық мәні
5,01-ге тең. t – критикалық мәні 2,1199. Статистикалық
мәндер критикалық мәннен үлкен болғандықтан
параметрлер мәнді, алынған мәліметтер кездейсоқ емес
деген тұжырымдама жасалды.
Келесі кезекте
теңдеудің жалпы сапасын тексеру мақсатында Фишердің F –
статистикасы қолданылды.
Кесте 3
|
Sample: 1995 2012 |
|
|
||
|
Includedobservations: 18 |
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Variable |
Coefficient |
Std. Error |
t-Statistic |
Prob. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
X |
2.41932236324537 |
0.0535869392769582 |
45.1476123825876 |
2.66836070435001e-18 |
|
C |
6606.09466888143 |
1319.01889422567 |
5.00833968171437 |
0.000128685387116044 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
R-squared |
0.992211485065826 |
Meandependentvar |
48354.4455555556 |
|
|
Adjusted R-squared |
0.99172470288244 |
S.D. dependentvar |
43868.1090733731 |
|
|
S.E. ofregression |
3990.62310284319 |
Akaikeinfocriterion |
19.5257215806099 |
|
|
Sumsquaredresid |
254801163.983133 |
Schwarzcriterion |
19.6246517759317 |
|
|
Loglikelihood |
-173.731494225489 |
F-statistic |
2038.30690384838 |
|
|
Durbin-Watsonstat |
1.13277345713991 |
Prob(F-statistic) |
2.66836070434999e-18 |
|
Есептеу
нәтижесі көрсеткендей F – статистикалық мән
мынаған тең болды: 2038.31,
ал F – критикалық мән 4,49 – ға тең. F –
статистикалық мән F – критикалық мәннен үлкен болған
себепті, теңдеудің жалпы сапасы жақсы деген қорытынды
шықты.
Құрылған экономикалық модель
негізінде мынадай қорытындыға келеміз: ҚР мен ЕО сауда
байланысында өте тығыз қарым – қатынаста. ҚР сыртқы сауда
айналымының жартысына жуығы ЕО елдеріне тиетіндіктен, ЕО – ға тәуелділігі өте жоғары.
Сондықтан Қазақстан үшін ЕО-пен сауда байланысын одан
ары дамыту маңызды болып табылады. ЕО елдеріне кіретін
Қазақстандық импорт көлемі жылдан-жылға
төмендеп келе жатқандықтан, осы жағын көтеру
қажеттігі туындап отыр. ЕО елдерімен арадағы экспорт көлемімен
қатар импорт көлемін де арттыруға күш салуымыз керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Интернет ресурс, қол жетімді режимі: http://eeas.europa.eu/delegations/kazakhstan/eu_kazakhstan/trade_relation/trade_related_tech_assistance/index_kk.htm
2. 2007-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының
сыртқы саудасы / Статистикалық жинақ / Астана қаласы,
2012