ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Доцент,э.ғ.к. Шомшекова Б.К., магистрант Турысбекова А.С.
І.Жансүгіров
атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан
ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында еліміздің алдына 2050 жылға қарай
мықты дамыған экономикасы бар мемлекет құрудың
негіздерін айқындап, егемендік жылдары қол жеткізгеннің
барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда бәсекеге
қабілетті 30 ел қатарыннан көріну міндетін қойғаны
белгілі[1].
Осы бағытта әлеуметтік-экономикалық
дамуды қамтамасыз ететін өндірістік құрылымды
қайта құру, елдің орта және ұзақ
мерзімді перспективалық жобалары мен стратегияларын белгілеп, оны
жүзеге асыру қажеттілігі туындайды. Сондықтан ҚР
қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі
стратегиялық ұстанымы-экономикалық өсуді индустриалды-инновациялық
факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету болып отыр.
Отандық индустриалды-инновациялық
саясат арқылы экономиканы әртараптандырып қана қоймай,
ел экономикасының ұзақ мерзімді тұрақты дамуына,
өндірістік жүйенің жаңаруына, шикізаттық емес
саладағы өнімнің бәсекелі түрлерін өндіру
мен экспорт үлесінің өсуіне, сондай-ақ оның
тиімділігін арттыру міндеті
туындайды.
Жалпы, елімізде
жүргізілген түрлі экономикалық реформалар отандық
индустрианың қарқынды дамуына ықпал еткені белгілі. Оны
тәуелсіздік алған жылдардағы ел экономикасының өсіміндегі
үрдісінен көруге болады. Мысалы, соңғы жеті жыл ішінде
өнеркәсіп салаларының орташа жылдық өсім
қарқыны 9 % құрап отыр. Өнеркәсіпте
құрылымдық өзгерістер жүзеге асты.
Шикізаттық емес ресурстарды
ауқымды игеру өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі
өңдеуші сектор үлесін 2009 жылы 1,7 есеге дейін
ұлғаюына алып келді.
Нәтижесінде әлемдік экономиканың ауытқымалы
болып тұрған жағдайына қарамастан, сыртқы
нарықта Қазақстан экономикасының өсімі
қамтамасыз етілді. Кейбір ресми мәліметтер бойынша биыл еліміздің ішкі жалпы өнімі өткен
жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5,6
пайызға өсті. Жыл басынан бергі халықтың нақты
табысы 12,8 пайызға артса,
нақты жалақы 11,5 пайызға жоғарылады.
Макроэкономикалық тұрақтылық сақталып, инфляция деңгейі 2,7 пайызды құрап отыр. Өнеркәсіп
өсімі 101,9 пайызға орындалды. Құрылысқа
тартылған инвестиция 134 млрд. теңгеге жетіп, 2,4 млн. шаршы метр
тұрғын үй пайдалануға
берілді [2].
Соған қарамастан осы
уақытқа дейін технологиялық салалардың негізгі
құралдарына салынған инвестициялар шикізат саласындағы
инвестициялар көлемімен салыстырғанда аз
бөлігін құрып отыр. Ол экономикадағы шикізаттық
саласының артықшылығын туғызып, шикізаттық емес
саланың жайы төмендеді. Сонымен бірге өндіріс салаларында
қазақстандық өнеркәсіптік базаның
техникалық және технологиялық деңгейін
айқындайтын, ғылымды қажетсінетін өнім түрлерін
өндірудің көлемі төмендей бастады.
Сол
себепті, экономикалық құрылымды жаңартудың
статегиялық міндетінде өнеркәсіпті белсенді түрде
құрылымдық қайта құру және индустриялдық
дамуға жаңа сапа беру қажеттілігі туындап отыр. Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз
бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және
басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір
өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы алдағы уақытта пайыз түрінде немесе
басқадай кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Сонымен қатар инвестиция
экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің
әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Одан басқа инвестиция
экономикалық дамудың жоғарғы және
тұрақты қарқынын қалыптастырудың,
ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің,
инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып
саналады.
Бұл айтылған процеспен екі фактор байланысты
болып келеді. Оның біріншісі-уақыт, ал екіншісі-тәуекелділік.
Қазіргі
уақыттағы Қазақстан экономикасы өзінің табиғи шикізаттық ресурстарын
толық көлемінде игеру үшін елімізге көптеген
кәсіпорындардың жаңа түрлерін, олардың
өнімдерін сыртқа тасымалдайтын жаңа темір және автокөлік
жолдары мен жаңа технологияларға негізделген басқа да
инфрақұрылымдар және заманауи
құрал-жабдықтар қажет етуде. Осыларды жүзеге
асыруға және қажетті құрылыстарды жүргізуге
бірінші кезекте қаржы қажет екені түсінікті.
Бүгінде халықаралық сарапшы мамандардың
бағалауынша Қазақстан жан басына шаққанда
инвестиция тарту жөнінен ТМД елдер бойынша көш бастап келеді.
Тәуелсіздік алғаннан бері елімізге 120 млрд. доллардан астам
шетелдік тікелей инвестициялар құйылған екен. Осы
қаржыға еліміздің шикізат саласында үлкен
өзгерістер жүріп, осының нәтижесінде
Қазақстан мұнай мен газ, астық, бірқатар
түсті және қара металлургия өнімдерін экспорттау
жөнінде әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің
арасынан орын алып отыр.
Енді шикізаттық емес секторды дамытуға
көңіл бөлінуде. Осы саладағы олқылықтарды
жою үшін басты құжат -үдемелі
индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы
қабылданған болатын[3].
Аталған бағдарламаның аясында өткен
жылы 152 инвестициялық жоба жүзеге асты. Ал үстіміздегі жылдың бірінші жарты
жылдығында 75 жаңа жоба қатарға қосылды.
Бұл жаңа өндіріс орындары, өнімді өңдеу
ісімен шұғылданатын кәсіпорындар.
Осы жағдайларда инвестиция туралы заңдылықты
одан әрі жетілдіру мақсатында арнайы экономикалық
аймақтар туралы жаңа заң қабылданды. Ол еліміздің
шетелдік инвесторларға танымалдығын арттыра түсірді.
Мысалы,өткен жылы бес мың, биыл он мың шетелдік инвесторлар
Франция, Германия, Жапония, Оңтүстік Кореядан және Қытайдың
ірі компаниялары Қазақстанға қызығушылық
танытуда [4].
Елімізде үдемелі индустриялды- инновациялық
даму бағдарламасы іске қосылған соңғы кездері
өңдеу өнеркәсібіне келіп жатқан
инвестициялардың көлемінің өсуі байқалады. Мәселен,
металлургия саласына келген шетелдік тікелей инвестициялар көлемі 12
пайызға, электр қуатын өндіру мен электронды
құрал-жабдықтар өндірістерінде 16 пайызға
өсе түскен.
Қазіргі күні инвестиция тартудың
әдіс-тәсілдерін одан әрідамыту мақсатында бізге
бәсекелес болатын елдердің тізімі жасалып, олардағы осы
мәселенің жолға қойылуы зерттелінуде. Мұндай
бәсекелестер арасында бізбен көршілес және бір аумақта
өмір сүретін Ресей, Украина, Әзербайжан, Грузия,
Өзбекстан және т.б. елдер
бар.
Жалпы қазір уақытта шетелдік тікелей
инвестициялар үшін тартыс әлем елдерінің арасында
барған сайын күшейіп келеді. Себебі, Еуропа елдеріндегі
ахуалдың нашарлауына байланысты көптеген білікті сарапшылар 2012-2013
жылдары әлем экономикасындағы жағдай қазіргіге
қарағанда, оның ауқымы төмендей түседі
деген болжамдар бар.
Осындай факторлардың әсерінен елімізге
келетін шетелдік тікелей инвестициялар ағымының азаюы мүмкін
және осыдан болатын қауіп-қатерлерді жоққа
шығаруға болмайды.
Осы мәселеге байланысты инвестиция тартудағы еліміздің бәсекелестерін
зерттеп, оларды қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін
енгізу жөнінде шешім қабылдау керек. Соның бірі
инвесторларға қолдау көрсетудің қосымша шараларын
қарастыратын арнайы режім енгізу. Бұл режімді негізінен
стратегиялық-инвестициялық жобаларға қатысты
қолданған орынды.
Стратегиялық инвестициялық жобаларды
іріктеудің тиісті өлшемдері құрылған. Ол
«Инвестициялар туралы» заң талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Екіншіден, салынатын инвестицияның көлемі 50 миллион доллардан
жоғары болуы керек және іске қосылатын жоба жоғары
технологиялық өнімдер түрін шығаруға
қабілетті болса ғана маңызды.
Осындай жағдайда олар мүлік
және жер салығынан босатылатын болады. Мұндай
жеңілдіктерді қолдану мерзімі тиісті есептеулер арқылы
айқындалады. Сонымен қатар, мұндай жобалар мемлекеттік
тапсырыстармен де қамтамасыз етіледі. Мұнымен қоса, кейбір
жағдайларда әлеуметтік тұрғыдан маңызды деп табылған
өңірлерде орналасатын жобаларға өнеркәсіптік
субсидиялар беру мәселесі де қарастыру қажеттілігі туындайды.
Қазіргі күні елімізбен
ынтымақтастық орнатқысы келетін көптеген инвесторлар
елдің өңдеу саласына өздерінің инвестиция
салуға әзір, бірақ сол инвестицияларын
қайтарып алу туралы қауіптері де бар. Бұған
Қазақстан заңдылығының
тұрақтылығын қамтамасыз ететін тиісті нормалардың
жетілдірілмей отырғандығы себеп болып отыр. Мәселен, елімізде соңғы
уақыттардан бері жұмыс істей бастаған 100 жаңа инвестордың 80-і
осындай қауіптің бар екенін сауалнамада көрсеткен. Сондықтан
«Инвестициялар туралы» заңға осының алдындағы 1994-2004
жылдар аралығында жұмыс істеген заң
тұрақтылығы туралы норманы қайта енгізу
ұсынылады. Тек бір ерекшелігі, бұрын бұл норма шикізаттық
саладағы инвесторлар үшін де қолданылған болатын.
Әрине, ол кезде елімізде үдемелі
индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы секілді арнаулы
стратегиялық құжат болған жоқ. Енді осы
құжаттың негізінде мұндай ынталандыру факторын
шикізаттық сектордағы инвесторларға емес, тек қана
өңдеу саласына келетін инвесторларға қолдануға
болар еді. Өйткені, шикізаттық секторға қарағанда
өнімді өңдеу саласының тәуекелі қашанда жоғары
болып келеді. Оның үстіне мұнда салынған
қаржының қайтарымы да ұзақ мерзімді құрайды.
Міне, осыны ескере отырып, бұл норманы 10 жыл мерзімге дейін
қайтадан қолдану қажеттігі туып отыр.
Сонымен қатар, жоспарды нақты жүзеге
асыру үшін оның нақты көрсеткіштері де белгіленген.
Мәселен, 2014 жылға таман шикізаттық емес секторға
келетін инвестиция көлемін базалық жыл болып табылатын 2009
жылға қарағанда 15 пайызға өсіру жоспарланып
отыр. Мұндай жағдайда 2011 жылдан бастап салаға келетін
тікелей инвестициялардың көлемі әр жыл сайын 3,8-4 пайыз
аралығында өсіп отыруға тиісті.
Аталған
бағдарламаларда ҚР аймақтарын дамыту бойынша іс-шаралар да белгіленген.
Мысалы, Алматы облысында 2011жылы жүзеге асқан
инвестициялық жобалардың көлемі 372,9 млрд. теңгені
құраған. 2012 жылы негізгі капиталға
салынған инвестициялардың көлемі 299,4 млрд. теңгеге
жеткен.
Алдағы уақытта осы облыс аумағында 33 200
жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы 1,6 трлн
теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жобалар
жүзеге асырылмық. Осы жобалардың
жүзеге асуы Жетісу жерінің әлеуметтік-экономикалық
жағдайына сандық және сапалық өзгерістер әкелетіні
сөзсіз.
Осыдан өңір экономикасын одан әрі
дамыту, нәтижесінде елдің экономикалық қуатын нығайту,
оның бәсекелестік қабілетін күшейту арқылы
халықтың өмірі мен тұрмысын жақсарта түсу жүзеге
аспақ. Ол көп жағдайда өскелең елімізге инвестицияларды тартумен байланысты екендігін өмір
көрсетіп отыр. Олардың толық көлемінде орындалуы
экономикасы озық дамыған 30 мемлекеттің қатарынан
көрінуге мүмкіндік құрады деген сенімдеміз.
Әдебиеттер
1.
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР
Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауы// Егемен
Қазақстан, 2012.14 желтоқсан.
2. Қазақстан
Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі, 2011 -№1.
3.
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі үдемелі
индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы //Егемен
қазақстан,2010ж. 23 сәуір
4. Әліпбай С. Өнеркәсіптік
инвестиция – экономикалық даму кепілі // Егемен Қазақстан,
2011ж.
5.
Алматы облысындағы инвестициялық жобаларды
іске асыру. Алматы облысының
Статистика басқармасы.Талдықорған, 2012.