Экономические науки/6.Маркетинг и менеджмент.

 

Мұстафаев Қ.С. э.ғ.к.,

Таубаев Н.З.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ магистранты, Қызылорда қаласы

Қызылорда облысындағы бизнес құрылымдардың экономикалық дамуы

 

Қазіргі кезде қай елдің болмасын, экономикасының құлдырауы мен өркендеуі тікелей кәсіпкерлікке негіз­делген. Өйткені, бүгінгі таңдағы дамушы және дамыған елдерде ортақ меншіктен гөрі жекеменшік құрылымы бой алып, мемлекет жекелеген кәсіп­керлердің арқасында күн көріп келеді. Осы жағдай біздің елімізде де көрініс табуда. Кеңестік идеологияның құр­саулы тырнағына іліккен Қазақстанның тіршілігі әу баста ортақ меншікке негізделген болатын. Елдің кез келген азаматы орталыққа бағынып, қазақтың тапқаны өзгенің «жоғын» толтыруға жұмсалды.

Бірақ, елімізде кәсіпкер болуға белін бекем буған әрбір адам мемлекет тарапынан қолдау тауып, соның нәтижесінде өз кәсібімен күн көруде. Айтып өткені­міздей, мемлекет басшысының өзі бастама­шы болған көптеген бағдар­лама ел кәсіпкерлеріне серпін беріп келед­і. Сондай бастаманың бірі – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдар­ламасы. Бір ғана Сыр өңірінде осы бағдарлама жүзеге асқаннан бері 13,6 млрд. теңгені құрайтын 97 жоба жүзеге асқан. Бір айта кетерлігі, еліміз­де кәсіпкерліктің аяғынан тік тұруына «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның септігі тиюде. Аймақта «Бизнес­тің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы жүзеге асқан жобалардың 74-іне аталмыш «Даму» қоры арқасында банктік пайызды субсидиялауға қол жеткізіліп, 3 жобаға осы акционерлік қордан 59,4 млн. теңге кепілдеме беріл­ген. Ал, осындай қолдаулардан соң бағдарлама жүзеге асқаннан бері Сыр өңірінде жаңадан 584 жаңа жұмыс орны ашылған. Жуырда «Даму кәсіп­керлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы өңірдегі атқарылған жұмыстардың жай-жапсарын халыққа жет­кізіп, бағдарламаның тиімділігін облыс­ кәсіпкерлеріне көрсету мақ­сатында баспасөз турын ұйымдас­тырды. Онда «Даму» қорынан қолдау­ тапқан­ медицина,  мектепке дейінгі білім беру салаларындағы және жиһаз, баспаханалық өнімдер шы­ғаратын кәсіпорындардың бүгінгі тыныс­-тіршілігі бағдарланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында атап өткеніндей, «жастар практикасын ұйымдастыру тәртібімен, жас мамандар үшін жұмыспен қамтылуы кепілдіктері және әлеуметтік пакет туралы құқықтық норма қажет», «басқару жүйесі үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік қағидаттарының негізінде жұмыс істеуі қажет».

Мемлекет басшысының 2020 жылы экономиканың жалпы құрылымындағы шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесін 40 пайызға дейін ұлғайту жөніндегі міндеттемесін орындауда ауқымды әлеуметтік-экономикалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруда жастардың рөлі мен қатысуы ерекше маңызға ие. 

Қазіргі күні Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік сияқты ұйымдардың құрылуы және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі кезеңінде елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру ерекше маңызға ие екені анық.

Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан–2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында ауқымды міндеттерді жүзеге асыруда жастардың орны ерекше екендігіне және ұлттық экономиканың жетекші күшінкәсіпкерлікті жан-жақты қолдау керектігін назар аударды.  Өз баяндамасында Елбасы бүгінгі күннің міндеті – ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғышарттар қалыптастыру екендігін атап өтті. 

 Облыс бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің (заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар) саны 20 813 құрап, ол өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстарғанда 4,5 пайызға төмендегені байқалуда. 2012 жылы барлық көрсетілген қаржы институттары арқылы шағын бизнес субъектілеріне 13,6 миллиард теңге, онын ішінде екінші деңгейлі банк филиалдарымен 8,8 миллиард теңге несие беріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге өскені байқалуда.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 172,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,9 пайызға өссе, онда жұмыспен қамталғандар саны 65 695 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға өскен. Бизнесті дамыту мақсатында облыста әр түрлі бағыттар бойынша экономикалық құрылымдар іске асатын болады.

Өңірдің ұзақ мерзімді (алдағы 10 жылда) әлеуметтік-экономикалық дамуы 5 басым бағыттағы салалар бойынша қалыптасатын болады:

Бірінші, тау-кен өнеркәсібінің әрі қарай дамуы. Өңірдің табиғи ерекшеліктерін ескере келе, облысымыз пайдалы қазбаларға бай өлке болып табылады.

Бұл бағытта келесі жобалар іске асырылатын болады:

- «Шалқия Цинк» ЖШС-нің «Жылдық қуаттылығы 4 млн. тоннаға дейін Шалқия қорғасын-мырыш кенішін кеңейту және кен байыту фабрикасының құрылысы» жобасы. (Жобаның құны – 43,5 млрд. теңге, жаңа жұмыс орындары - 2000).

Шалқия кен орнының жалпы пайдалы қазбалар қоры 265 млн. тонна. Ондағы мырыштың құрамы 8,5 млн. тонна және қорғасын 2 млн. тонна. Сонымен қатар кеніштер құрамында сирек металлдар да кездеседі.

-  «Фирма Балауса» ЖШС-нің «Бала сауысқандық» кенішінде қара тақта тасты аытоклавты өңдеу» жобасы. Жобаның  құны – 35,0 млрд. теңге, жаңа жұмыс орындары – 649. Іске асырылу мерзімі – 2012-2018 жылдар. Қазіргі таңда жобаның 1 кезегі іске асырылған.

-  Титан және металл құрамдас кендерді өңдеу өндірісін ұйымдастыру;

-  Сирек кездесетін металлдарды өндіру.

Саланың дамуының негізі болып мырыштың, қорғасынның, уранның, ванаддий және т.б пайдалы қазбалардың бай кеніштері болып табылады.

   Екінші, жергілікті пайдалы қазбаларды өңдеу арқылы құрылыс материалдары өндірісі саласын дамыту.

Бұл бағытта келесі жобаларды іске асыру жоспарлануда:

-  «Қызылорда қаласында шыны зауытының құрылысы» «Қызылорда» ӘКК АҚ. Жобаның құны – 27,0 млрд. теңге, жаңа жұмыс орындары – 1000.

- «Сыр цементі» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 500 мың тонна цемент  зауытының құрылысы» жобасы. Жобаның құны – 7,5 млрд. теңге.

- «Фирма Дана» ЖШС-нің «Кварц құмын құрғақ байытуға арналған тау кен байыту комбинатының құрылысы жобасы». Жобаның құны -4,5 млрд. теңге.

- «Шиелі тас Оңтүстік» ЖШС-нің «Әк шығару зауытының құрылысы жобасы». Жобаның құны – 570,0 млн. теңге.

-   Құрғақ құрылыс заттарын шығару өндірісін ұйымдастыру;

-  Көбікті шыны шығару зауыты (қалдықтарды тиімді пайдалану).

Көбікті шыныны пайдаланудың басымды бағыттарының бірі ол атом, жылу және электр стансаларын қаптау.

Аталған саланы дамытуға облыста шикізат қоры жеткілікті. Мысалыға: Әк тастың қоры 120 млн. тоннадан астам, кварц құмдарының қоры 70 млн. тоннадан астам.

Үшіншіден, азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірімізге тән агроөнеркәсіп кешенін әрі қарай дамыту керек, оның ішінде балық кластерін дамыту.

Бұл бағытта келесідей жобалар іске асырылатын болады:

-  «Қызылорда» ӘКК АҚ-ы және жеке бизенс инвестициясы тарта отырып «Қуаттылығы 6000 тонна құс еті құс фабрикасының құрылысы» жобасы. Жобаның құны – 4,5 млрд. теңге. Жаңадан ашылатын жұмыс орындары – 413.

- «Құс фабрикасының жем базасын қамтамасыздандыру» «Қызылорда» ӘКК АҚ-ның бастамасымен жеке бизнес инвестициясын тарта отырып.

- «РЗА» АҚ-ның «Сүт-тауарлы фермасын 660 бастан 1200 бас ірі қараға дейін көбейту» жобасы.

-Көкөніс және жеміс-жидектерді өңдеу өндірісі (шырындар, томат пастасы, көкөністерді консервілеу және т.б.).

- Ет бағытында жаңадан ірі бордақылау алаңдаран ұйымдастыру.

-Жылыжайлар кешенін құру, әсіресе Жаңақорған ауданында іске асырылған «СКЗ-U» ЖШС-нің «Күкірт қышқылы зауыты» өндірісінің арзандатылған электр қуатын пайдалана отырып жылыжайларды дамыту. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласында жылыжай кешендерін салу.

-  «Атамекенрыбпром» ЖШС-нің балық өңдеу зауытының тауар түрлерін ұлғайту;

Төртіншіден, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің ең ұзын бөлігі облыс аумағынан өтетіндігін ескере отырып болашақта туризм кластерін дамыту.

Бұл бағытта бірнеше жобаларды іске асыру жоспарланған:

- «Дорстрой» ЖШС-нің «Қорқыт Ата» зиятар етушілер орталығының құрылысы» жобасы;

-   «Қамбаш» көлінің жағалауында демалыс аймағын ұйымдастыру;

-  Байқоңыр қаласында «Ғарыш айлағы» жобасын іске асыру;

- Сонымен қатар, «Батыс Европа –Батыс Қытай» автодәлізінің бойынан жол бойы инфрақұрылымдарымен 3 ірі көлік логистикалық орталықтарын құру.

Бүгінгі күні, өңірде басымды жобаларды жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктері қарастырылған, қажетті құжаттар әзірленіп зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалардың жүзеге асырылуы ең бастысы облыс экономикасына елеулі үлес қосатын болады.

Ірі өндіріс жанынан орта және кіші бизнес дамитын болады, және де мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылады, салық көлемі өседі.

Сонымен қатар, инвестициялық ахуалды жақсартуға және инвестиция тартуға индустриялық аймақ ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні, 760 га жер телімі бөлініп қажетті инженерлік инфрақұрылым жүргізілуде.

Аталған шаралардың жүзеге асырылуы өңірімізге әлеуетті бастамашылардың инвестиция салуына қызығушылығын арттыратын болады.

Осыған байланысты төмендегідей шараларды атқаруды ұсынамын:

облыста шағын және орта кәсіпорындарға шетелдік серіктестерімен іскерлік
байланыстарды орнатып, ортақтаса бизнес жүргізуіне және лизингтік
компаниялардың қатысуымен шетелдік технологиялар мен құрал-жабдықтарды (ноу-хау) кешенді түрде жабдықтау жұмыстарын ұйымдастыруына қолдау көрсету, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік субъектісіне сыртқы сауда қызметін дербес жүргізу құқығын беру;

облыста шағын және орта бизнесті дамытудың басты бағыттары бойынша
техникалық-экономикалық негіздермен қамтамасыз етілген инвестициялық
жобаларға жеңілдетілген шетелдік несие беру жолдарын қарастыру;

• ішкі нарыққа бағытталған өндірістерді мемлекеттік несиемен көптеп
қамтамасыз ету және жеңілдетілген салық жүйесін қолдану.

       

Әдебиеттер тізімі:

1.                      ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

2.  Официальный сайт АО «Фонд развития предпринимательства «Даму», www.damu.kz

3.                      «Қызылорда облысының  кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары