Қазақ тілі өкілдерінің шетел сөздерін игеру деңгейлері нәтижелерін анықтаудағы эксперименталды зерттеу

 

Тірек сөздер: тілдік бейімделу, шетел сөздер, экзотикалық атаулар, эксперименталды зерттеу

 

Кірме сөздер мәселелері мен оның қабылдаушы тілде бейімделуі және  қабылдаушы тіл өкілдерінің санасында жаңа сөз мағынасының қандай дәрежеде игерілгендігін анықтау үшін антропоцентристік тұрғыда эксперименталды зерттеулердің маңызы зор. Зерттеудің мақсаты кірме үдерісі ғана емес, сонымен қатар сол үдерістің нәтижесінде белгілі бір халықтан алынған сөздерден не пайда болды деген сауал маңызды болмақ. Қабылдаушы тіл өкілдерін тек информанттар ретінде қабылдамай, сонымен қатар олардың дүниетанымы, белгілі бір құндылықтар жүйесі қалыптасқан, тіл туралы мағлұмат беретін тұлғалар деп қабылдау қажет. Шетел сөздерін тілдік ұжым негізінде зерттеу арқылы қабылдаушы тілдің лексикалық құрамында орын алған өзгерістерін және оның дамуын айқын көруге болады.

Аталмыш эксперимент арқылы төмендегі міндеттерді шешу жолға қойылды:

·        Гастрономиялық шетел сөздердің жаңашылдығына қарай бағалау;

·        Шетел сөздерінің ерлер мен әйелдер арасында қандай жиілікте қолданылатындарын анықтау;

Эксперимент нысаны ретінде 16-33 жас аралығындағы информанттар қатысты, оның ішінде – 31,3% ерлер болса, 68,7% – әйелдер. Жынысын белгілемей қалыс қалдырғандар мөлшері – 4%.

Информанттардың жалпы саны 230 адам: Оңтүстік Қазақстан – 83 адам, Батыс Қазақстан – 64 адам, Солтүстік Қазақстан – 36, Шығыс Қазақстан – 34.

Информанттар қазақ тілінде білім алған жоғары, орта білімді және әртүрлі сала мамандары қатысты (филологтар, энергетиктер, экономистер, аудармашылар, мұғалімдер, журналисттер, техниктер, математиктер, тарихшылар, заңгерлер, дәрігерлер және т.б.).

Сауалнамаға лексикасы қалыптасқан, белсенді әлеуметтік позициядағы жастар, яғни арнайы салада маманданбаған және сол салада жұмыс істемейтін (аспазшы, кондитер) қазақ тілді тұлғалар қатысты. Жастардың тілдік жүйесі өзгермелі категория болғандықтан ойды білдіруде жаңа бірліктерді қолдану, яғни олардың сөз құрамының жаңалануындағы кірме сөздердің үлес салмағы басым. Сондай-ақ жастар тіліне шетел кірме сөздердің ену арналары кең болуымен ерекшеленеді.

Сауалнамаға жауап беруші информанттардан келесі талаптарды орындауды ұсындық: сауалнамаға 10-15 минут ішінде жауап беріңіз, анықтамалық оқулықтарды қолданбаңыз, өзге информанттармен кеңеспеңіз.

Информанттар келесі тапсырмаларды орындауды ұсындық:

1.     Берілген сөздің таныс, таныс еместігін белгілеңіз;

2.     Берілген сөзді сөйленісінде қолданатындығын, қолданбайтығын белгілеңіз;

3.     Берілген сөздің қандай топқа жататындығын белгілеңіз.

Сауалнамада атаулар тізімі мен қолдану ережелері қамтылды және экзотикалық жемістер мен көкөністер атауларымен ғана шектелдік.

Бірінші тапсырманың нәтижесінде берілген сөздердің жаңашылдығын бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысында сөздің жаңашылдығын айқындауда теріс жауап санын жалпы жауап санына бөлеміз.

Екінші тапсырманың мақсаты зерттелінетін шетел сөздер корпусын қабылдаушы тіл өкілдерінің қолдану жиілігін анықтау. Сөз қолдану жиілігі оң жауап санын жалпы жауап санына бөлу арқылы анықталады. 

Үшінші тапсырмада информанттарға шетел сөздерінің қандай топқа жататындығын белгілеу ұсынылды. Бұл тапсырмадан алынған экспликация шетел бірліктерін идентификациялаудағы әртүрлі тәсілдер арқылы қабылдаушы тіл өкілінің тілдік санасындағы мәліметті сөздіктегі мәліметпен салыстыруға, информанттардың белгілі бір шетел сөзін сөйленісте қолданғанымен, оның мағынасын нақты білетін, білмейтіндігін айқындауға жол ашады.

Эксперимент нәтижесінде қазақ тілі өкілдерінің 16-33 жас аралығындағы қатысқан І топ ерлер мен ІІ топ әйелдер арасында жүргізілді. Бірінші топ реципиенттеріне (ерлер) 17% жаңашылдығы өте жоғары деңгейдегі сөз, 20% жаңашылдығы жоғары деңгейдегі сөз, 14% жаңашылдығы орта деңгейдегі сөз, 14% жаңашылдығы төмен деңгейдегі сөз, 32% нөлдік деңгейдегі, яғни барлығына таныс сөз ретінде танылды.

 Екіші топ өкілдеріне (әйелдер) 8% жаңашылдығы өте жоғары, 23% жаңашылдығы жоғары деңгейдегі, 11% жаңашылдығы орта деңгейдегі, 14% жаңашылдығы төмен деңгейдегі, 41% нөлдік деңгейдегі барлығына таныс сөз ретінде танылды.

Берілген сөз таныс болса «+» белгісі қойылады, керісінше, таныс болмаса  «-» белгісі қойылды.

Таныс емес және төменгі деңгейде таныс лексика екінші топқа қарағанда бірінші топта жоғары болды, бұл көрсеткіш ерлердің әйелдерге қарағанда тіл лексиконында гастрономиялық атаулардың шектеулі енуін көрсетеді. Жаңашылдығы өте жоғары сөздер тобы екі топтың информанттарында шамалас, екі топқа да мүлдем таныс емес сөздер қатарына мангостин, пекан, тамарлло және ерлерде батат, маракуйя, порей сөздері әйелдерге қарағанда мүлдем таныс болмай шықты.  

Екі топ өкілдерінің аз танитын сөздер қатарына  артишок, кольраби, кресс-салат, личи, патиссон, помелло жатса, сонымен қатар ерлерде спаржа, ал әйелдерде батат, порей сөздері енді.

Орта деңгейде екі топқа таныс ортақ сөздер папайя, брокколи, ерлерде авокадо, кешью, финик, әйелдерде маракуйя, спаржа сөздері енді.

Екі топ өкілдеріне таныс ортақ сөздер қатарына лайм,інжір болса, ерлерде күнжіт, редис, грейпфрут, ал әйелдерде авокадо, кешью, финик бірліктері таныс сөздер қатарына енді.

Ал екі топқа да өте таныс сөздер қатарына апельсин, ананас, баклажан, банан, киви, кокос, құрма, лимон, манго, мандарин, фундук сөздері енсе, әйелдерде грейпфрут, күнжіт, редис атаулары енді. Келесі кестеде жоғарыда сөз болған бірліктер топтастырылды.

№1 Кесте – Бірінші және Екінші топ информанттарының шетел сөздерінің жаңашылдық деңгейіне қарай салыстырмалы талдау

 

Жаңашылдығы

Ерлер мен әйелдерде тең дәрежеде

 

Ерлерде

Әйелдерде

Нөлдік деңгей

 

Өте таныс сөздер

апельсин, ананас, баклажан, банан,

киви, кокос,

құрма, лимон,

манго, мандарин, фундук

-

грейпфрут, күнжіт, редис

 

Төменгі деңгей

 

лайм,інжір

 

күнжіт, редис, грейпфрут

 

авокадо, кешью,

финик

 

Орта деңгей

папайя, брокколи

 

авокадо, кешью,

финик

маракуйя, спаржа

 

Жоғары деңгей

артишок, кольраби, кресс-салат, личи, патиссон, помелло

спаржа.

 

батат, порей.

 

Өте жоғарғы

деңгей

 

Мүлдем таныс емес сөздер

мангостин, пекан, тамарилло

батат, маракуйя, порей

-          

 

Берілген сөздердің қолдану жиілігін талдау арқылы біз бірінші топқа қарағанда екінші топ өкілдерінің сөйленісте жиі қолданатындығына көз жеткіздік. Бірінші топ пен екінші топ информанттарында «өте белсенді» қолданатын сөздер 26% пайызды құрады. Ерлердің сөз қолданысында «белсенді» қолданыста 5%, «орташа» қолданыста 17%, «төменгі» қолданыста 20%, берілген сөздерден «нөлдік қолданыстағы» сөздер саны 29% құрады, ал әйелдер тобында «белсенді» қолданыстағы сөздер 11%, «орташа» қолданыстағы 14%, «төменгі» қолданыста 26%, «нөлдік» қолданыстағы сөздер саны 20%ды құрады.

Төмендегі №2 кестеде екі топ информанттарының сөйленісте шетел сөздерін қолдану жиілігі көрсеткіші

 

 

Өте белсенді қолданыстағы сөздер

 

Атауы

 

І топ реципиенттері

(ерлер)

 

Атауы

 

ІІ топ реципиенттері

(әйелдер)

-

+

Жиілік

коэфф.

-

+

Жиілік

коэфф.

апельсин

96,9

100,0

0,96

баклажан

97,0

99,3

0,97

банан

95,2

98,4

0,96

банан

96,2

98,6

0,97

құрма

93,6

100,0

0,93

апельсин

95,5

98,6

0,96

лимон  

93,7

100,0

0,93

ананас

93,3

97,8

0,95

ананас

93,6

100,0

0,93

мандарин

94,0

98,5

0,95

баклажан

93,6

100,0

0,93

лимон  

94,1

99,3

0,94

мандарин

90,5

98,4

0,91

киви

94,0

99,3

0,94

киви

84,1

96,8

0,86

құрма

93,3

99,3

0,93

кокос

76,2

95,2

0,80

кокос

84,3

97,1

0,86

 

Белсенді қолданыстағы сөздер

фундук

68,2

93,6

0,72

фундук

73,1

94

0,77

манго

66,7

95,2

0,70

редис

63,5

93,3

0,68

 

грейпфрут

62,7

93,3

0,67

манго

59,8

96,3

0,62

 

Орташа қолданыстағы сөздер

күнжіт

52,4

96,8

0,50

күнжіт

52,2

94,0

0,55

лайм

49,2

96,8

0,50

кешью

49,2

89,6

0,54

грейпфрут

42,9

87,3

0,49

лайм

50,0

91,8

0,54

финик

42,9

88,9

0,48

финик

48.5

91,1

0,53

редис

42,9

90,4

0,47

інжір

50,7

94,1

0,53

інжір

41,2

93,6

0,44

 

 

Төменгі қолданыстағы сөздер

кешью

34,9

90,4

0,38

авокадо

31,3

91,8

0,34

авокадо

35,0

96,8

0,36

спаржа

26,9

86,5

0,31

брокколи

27,0

90,4

0,29

маракуйя

23,8

91,1

0,26

личи

27,0

95,2

0,28

брокколи

23,8

88,8

0,26

папайя

19,0

85,7

0,22

папайя

20,1

87,3

0,23

артишок

19,0

93,6

0,20

кресс-салат

20,9

89,5

0,23

кресс-салат

17,5

87,3

0,20

личи

20,2

89,5

0,22

 

кольраби

18,0

88,1

0,20

порей

17,9

85,8

0,20

 

Нөлдік қолданыстағы сөздер

кольраби

17,4

87,3

0,19

мангостин

17,2

86,5

0,19

мангостин

17,5

90,5

0,19

артишок

13,8

87,3

0,15

патиссон

17,4

88,9

0,19

помелло

13,4

86,6

0,15

спаржа

15,8

87,3

0,18

патиссон

12,7

88,0

0,14

помелло

14,3

87,3

0,16

батат

10,4

86,6

0,12

батат

14,3

90,4

0,15

пекан

10,5

86,6

0,12

маракуйя

12,7

87,3

0,14

тамарилло

7,4

85,8

0,08

пекан

12,7

87,3

0,14

 

порей

9,6

88,9

0,10

тамарилло

6,4

85,7

0,07

 

Сөздердің қолдану жиілігін талдау арқылы біз бірінші топқа қарағанда екінші топ өкілдерінің сөйленісте жиі қолданатындығына көз жеткізген едік. Бірінші топ пен екінші топ информанттарында жиілігі «өте белсенді» қолданатын сөздер қатарына апельсин, ананас, баклажан, банан, киви, кокос,құрма, лимон, мандарин енді, яғни І және ІІ топ өкілдері өте белсенді қолданатын сөздері тең дәрежеде.

Екі топ өкілдерінің жиілігі «белсенді» қолданыстағы сөздер қатарына  фундук, манго, әйелдерде редис, грейпфрут белсенді қолданысқа ие болды.

Екі топта да жиілігі «орташа» қолданысқа ие болған сөздер күнжіт, лайм, финик, інжір, ерлерде редис, грейпфрут, әйелдерде кешью.

Ерлер мен әйелдерде жиілігі «төмен» қолданыстағы сөздер қатарына авокадо, брокколи, личи, папайя жатса, ерлерде артишок,кешью, әйелдерде спаржа, маракуйя, кольраби, порей сөздерді енді.

  Жиілігі «нөлдік» қолданыстағы сөздер қатарына ерлер мен әйелдерде мангостин, патиссон, помелло,батат, пекан, тамарилло, ерлерде кольраби, спаржа, маракуйя, порей, әйелдерде артишок сөзі енді.

Сонымен, «өте белсенді» қолданыстағы сөздер қатары екі топтың информанттарында тең дәрежеде, ал «нөлдік» қолданыстағы сөздер қатарына екі топта да мангостин, патиссон, помелло, батат, пекан, тамарилло, ерлерде кольраби, спаржа, маракуйя, порей, әйелдерде артишок сөзі мүлдем қолданылмайтын сөздер қатарына енді.  

 

№3 кесте – І және ІІ топ өкілдерінің сөздерді қолдану жиілігіне қарай салыстырмалы талдау

 

 

Қолданылу жиілігі

Ерлер мен әйелдерде қолданыста тең дәрежедегі сөздер

 

Ерлерде

Әйелдерде

Өте белсенді қолданылатын сөздер

апельсин, ананас, баклажан,

банан, киви,

кокос,құрма,

лимон,

мандарин

 

-

-

Белсенді қолданылатын сөздер

фундук,

манго

-

редис, грейпфрут

 

Орташа қолданыстағы сөздер

күнжіт, лайм, финик, інжір

редис, грейпфрут

 

кешью

Төменгі қолданыстағы сөздер

авокадо, брокколи, личи, папайя, кресс-салат

 

артишок,

кешью

спаржа,

маракуйя, кольраби, порей

Нөлдік қолданыстағы сөздер

мангостин, патиссон, помелло,

батат, пекан, тамарилло

кольраби, спаржа, маракуйя, порей

артишок

 

Гастрономиялық лексиканың 16-33 жас аралығындағы қазақ тілді информанттардың сөйленісінде игерілу деңгейінің нәтижесі келесі таблицада көрсетілген. Кестедегі шет тілді сөздер игерілу деңгейлері бойынша ретімен орналасқан, яғни әр деңгейдің ішінде сөздер қолданылу жиілігіне қарай төменнен жоғарыға қарай орналастырылып, игерілудің қаншалықты дәрежеде жүріп жатқанына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз сөйленісте игерілудің нақты көрсеткішін дәл басып айту мүмкін еместігін дәлелдейді. 

4 кесте – Информанттардың гастрономиялық лексиканы сөйленісте игеру деңгейлері

 



Атаулар

Информант-тардың

шетел сөзін семантикалық игеруі

(%)

Информант-тардың сөйленісте шетел сөзін қолдануы

(%)

Шетел сөзін сөйленісте игеру деңгейі

 

Шетел сөзін «төл» сөз ретінде қабылдауы

тамарилло

10,5

7,0

нөлдік

0

нөлдік

пекан

14,5

11,0

нөлдік

0

нөлдік

батат

20,5

11,5

нөлдік

0

нөлдік

помелло

22,5

13,5

нөлдік

0

нөлдік

патиссон

25,5

14,0

нөлдік

1

нөлдік

артишок

21,0

15,0

нөлдік

1

нөлдік

порей

16,5

15,0

нөлдік

0

нөлдік

мангостин

15,5

17,0

нөлдік

0

нөлдік

кольраби

23,5

17,5

нөлдік

0

нөлдік

папайя

49,5

19,5

нөлдік

0

нөлдік

кресс-салат

32,0

19,5

нөлдік

0

нөлдік

маракуйя

35,5

20,0

төменгі

0

нөлдік

личи

32,5

22,0

төменгі

0

нөлдік

спаржа

38,5

24,0

төменгі

0

нөлдік

брокколи

39,5

24,5

төменгі

0

нөлдік

авокадо

56,0

32,0

төменгі

0

нөлдік

інжір

66,5

42,5

орташа

53

жоғары

кешью

58,0

44,0

орташа

0

нөлдік

финик

56,5

46,0

орташа

0

нөлдік

лайм

67,0

49,0

орташа

0

нөлдік

күнжіт

75,5

51,5

орташа

43

орташа

редис

74,0

56,0

орташа

0

нөлдік

грейпфрут

71,5

56,0

орташа

0

нөлдік

манго

85,0

61,0

жоғары

0

нөлдік

фундук

83,0

71,0

жоғары

0

нөлдік

кокос

95,0

81,5

өте жоғары

0

нөлдік

киви

98,0

90,5

өте жоғары

0

нөлдік

мандарин

98,0

93,0

өте жоғары

0

нөлдік

ананас

99,5

93,5

өте жоғары

1

нөлдік

құрма

98,5

93,5

өте жоғары

55

жоғары

лимон    

96,5

94,0

өте жоғары

0

нөлдік

апельсин

99,0

96,0

өте жоғары

0

нөлдік

банан

98,5

96,0

өте жоғары

1

нөлдік

баклажан

98,0

96,0

өте жоғары

0

нөлдік

 

Сауалнама жүргізу нәтижесінде мынадай тұжырымға келеміз. Берілген гастрономиялық шетел сөздері информанттардың біраз бөлігіне таныс. Мәселен, сауалнамаға қатысқан информанттардың 95 % пайызы, яғни Қазақстанның аймақтарындағы тұрғындар төмендегі шетел сөздерін сөйленістерінде қолданып, түсіндіре алады: мандарин, ананас, құрма, лимон, апельсин, банан,баклажан, манго, фундук.

Қиындық тудырған сөздер қатарына тамарилло, пекан, батат, помело, патиссон, артишок, порей, мангостин, кольраби, папайя, кресс-салат, маракуйя, личи, спаржа, брокколи, авокадо жатса, аралық позицияны қамтыған сөздерге мыналар енді: інжір, кешью, финик, лайм, күнжіт, редис, грейпфрут.

 Үшінші тапсырмада информанттар берілген шетел сөздерінің қандай топқа жататындығын анықтайды. Бұл тапсырманың мақсаты, информант қаншалықты деңгейде берілген сөзді білетіндігі, білмейтіндігін анықтау және алынған ақпаратты сөздіктегі дефинициялармен салыстыру болып табылады.

 

Берілген сөздер қай топқа жатады?

 


Атаулар

missing

Жидек

Көкөніс

Жеміс

Жаңғақ-дәнек

авокадо

26,0

13,0

6,0

49,5

5,0

ананас

3,5

5,0

2,0

89,5

0

апельсин

5,0

2,5

2,0

90,5

0

артишок

48,0

7,5

19,5

9,5

15,5

баклажан

7,0

2,5

81,5

8,5

0,5

банан

5,0

3,0

2,5

88,0

1,5

батат

50,0

8,0

22,5

9,5

10,0

брокколи

41,0

7,0

36,0

8,0

8,0

грейпфрут

26,5

4,5

3,0

62,0

4,0

кешью

37,5

11,0

4,0

15,0

32,0

киви

6,0

4,5

3,0

84,5

2,0

кокос

10,5

4,0

4,0

78,5

2,5

кольраби

55,0

7,0

13,0

11,0

14,0

кресс-салат

49,5

3,5

31,5

8,0

7,5

күнжіт

27,5

9,5

8,0

14,0

40,5

құрма

6,0

10,0

3,5

72,0

8,5

лайм

34,5

9,0

2,5

54,0

0

лимон    

5,5

4,5

4,0

85,5

0,5

личи

56,0

10,0

10,0

19,0

5,0

манго

20,5

5,0

3,0

69,5

2,0

мангостин

56,0

4,0

5,5

28,5

5,5

мандарин

10,5

2,5

3,0

83,0

1,0

маракуйя

47,0

7,5

6,5

34,0

5,0

папайя

47,5

7,5

6,0

36,0

3,0

патиссон

58,5

6,0

21,0

10,5

4,0

пекан

65,0

5,0

9,5

8,5

12,0

помелло

60,5

5,0

10,0

16,5

8,0

порей

59,5

5,0

23,0

5,5

7,0

редис

26,0

3,0

65,0

3,5

2,5

спаржа

54,5

5,0

28,0

6,0

6,5

тамарилло

63,5

4,5

13,5

8,0

10,5

финик

37,0

13,0

5,0

20,5

24,5

фундук

24,5

8,0

5,0

10,0

52,5

інжір

34,0

10,0

5,5

19,0

31,5

 

Информанттардың өте белсенді қолданылатын сөздер қатарына енген атаулардың біразын дұрыс белгілеген. Мәселен, информанттардың  83,0 пайызы мандаринді, 89,5 пайызы ананасты, 72,0 пайызы құрманы, 85,5 пайызы лимонды, 90,5 пайызы апельсинді, 88,0 пайызы бананды, 69,5 пайызы мангоны жемістер қатарына жатқызса, 81,5 пайызы баклажанды көкөністер тобына,  52,5 пайызы фундукты жаңғақтар тобына енгізген.

Қиындық тудырған сөздер қатарынан орын алған атауларды информанттардың басым көпшілігі белгілі бір топқа жатқызуда қателікке бой алдырған. Информанттардың тек 8,0 пайызы тамариллоны, 16,5 пайызы помеллоны, 28,5 мангостинді,  36,0 пайызы папайяны, 34,0 пайызы маракуйяны, 49,5 пайызы авокадоны 19,0 пайызы личиді жемістер тобына жатқызып, ал 21,0 пайызы патиссонды, , 22,5 пайызы бататты, 19,5 пайызы артишокты,  23,0 пайызы порейді, 13,0 пайызы кольрабиді, 31,5 пайызы кресс-салатты, 28,0 пайызы спаржаны, 36,0 пайызы брокколиді көкөністер тобына белгілеген, ал 12,0 пайызы ғана пеканды жаңғақтар тобына жатқызған, аралық позицияны қамтыған сөздерге енген атауларды информанттардың 54,0 пайызы лайм мен  62,0 пайызы грейпфрутты жемістер тобына,  65,0 пайызы редисті көкөністерге,  40,5 пайызы күнжітті,  32,0 пайызы кешьюді жаңғақтар тобына жатқызған. Ал информанттардың 10,0 пайызы інжірді жидек деп белгілесе,  19,0 пайызы жемістер тобына енгізген, сонымен қатар информанттардың 20,5 пайызы финикті жеміс, ал 24,5 пайызы жаңғақ тобына жатқызған.

Сауалнама нәтижесін салыстырмалы талдауда гастрономия саласына қатысты шетел сөздерінің бір бөлігі Қазақстан аймақтары тұрғындарының күнделікті тұрмысында, сөйленісте қолданылып, жалпыға ұғынықты болса, артишок, батат, брокколи, кешью, кольраби, личи, мангостин, тамарилло, інжір сынды атаулар қиындық туғызды, информанттар атауларды жемістер, көкөніс, жаңғақтар және т.б. топтарға жатқызып, біршама қателіктер орын алған.    

Шетел сөздерінің игерілуі үшін, ең алдымен, олардың сөйленісте қолданылуы, семантикалық жақтан игерілуі шарт. Сонымен қатар шетел сөзін информанттар шет тілі сөзі ретінде немесе төл сөз ретінде қабылдаудағы психолингвистикалық белгі де маңызды.  Осы айтылған белгілер негізінде шетел сөзінің игерілуінің шартты түрде бес деңгейі анықталды: нөлдік, төменгі, орташа, жоғары, өте жоғары.

Зерттеуге негіз болған барлық шетел атаулары келесі игерілу деңгейлеріне ие болды: нөлдік деңгей: тамарилло, пекан, батат, помело, патиссон, артишок, порей, мангостин, кольраби, папайя, кресс-салат, төменгі деңгей: маракуйя, личи, спаржа, брокколи, авокадо, орташа деңгей: інжір, кешью, финик, лайм, күнжіт, редис, грейпфрут, жоғары деңгей: манго, фундук, өте жоғары деңгей: мандарин, ананас, құрма, лимон, апельсин, банан,баклажан.

Нөлдік, төменгі, орташа деңгейдегі шет тілі кірме сөздер соңғы он жылдықта енгендіктен көп қолданысқа түспеген. Бірақ олардың арасында жоғары деңгейлерге де ие болған сөздер бар. Өте жоғары және жоғары деңгейлі шетел сөздері елу жыл шамасында ертерек енген. Кез келген кірме сөздің қабылдаушы тілде игеріліп, бейімделуі үшін біршама уақыт өтуі тиіс. Сондықтан да экзотикалық жемістер мен көкөністер атауы қабылдаушы тіл өкілдерінің күнделікті қолданысына ие болып, игерілуі үшін уақыт еншісінде. 

Гастрономиялық шетел сөздерінің төл сөз ретінде қабылдануы үшін қабылдаушы тілде кемінде жүз жылдай өмір сүруі тиіс, сонда ғана шетел сөздері қатардағы тұрғындарға шетел белгісін жоғалта алады. Бірақ соңғы он жылдықта шетел сөздерінің қабылдаушы тілде бейімделуі бұқаралық ақпарат құралдары, ғаламтор, теледидар, газеттер мен журналдар көмегімен және тілдердің интеграциялану құбылысы нәтижесінде жылдам жүруде.