Т.ғ.к., Қарсыбаева Ж.А., Дәулетбай А.
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті, Қазақстан
Сталинградты
қорғаған қазақ ерлері
Гитлерлік Германия
КСРО-ға ешқандай соғыс жарияламай 1941 жылдың 22
маусымында опасыздықпен шабуыл жасады. Фашист әскері Кеңес
мемлекетінің шекарасына басып кірді. Шайқасып жатқан армия
қатарына 1196164 қазақстандықтар қосылды.
Әрбір бесінші қазақстандық соғыс майданына аттанды
[1, 176 б.]. Төрт жылға созылған Ұлы Отан
соғысы Кеңес Одағы
үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық
соғыстардың ішінде ең
ауыры болды.
1941 жылдың өн бойында бірнеше
интернационалдық
әскери құрамалар жасақталды;
жылдың аяғына
дейін 7 атқыштар дивизиясы, 3
атты әскер дивизиясы, 3 атқыштар бригадасы жасақталып, майданға
жібертілді. Олардың ішінде Семейден - 238, Ақмоладан - 310,
387, Ақтөбеден - 312,
Петропавлдан -314, Алматыдан- 316 дивизиялары, Оралдан-152, Ақтөбеден- 74, Қазалыдан- 75 атқыштар бригадасы
соғысқа аттанды.
Сталинград
операциясы Совет одағының Ұлы Отан соғысы және
бүкіл екінші дүниежүзілік соғыстың барысында
түбірлі өзгерістің
басталғанын көрсетті. Сталинградтан бастап неміс
басқыншыларын КСРО жері аумағынан қуу кезеңі
қанат жайды.
Сталинград
шайқасының басталуы фашистік Германиямен оның
одақтастары Еуропада екінші майданның ашылуын оңтайлы
пайдаланып 1942 жылдың жазында кеңес-герман майданының
оңтүстік қанатына басты соққы беруді
ұйғарды. Олар Қызыл Армияны талқандып, Донбасс, Дон және Кубаньның маңызды аудандарымен, Кавказ
арқылы өтетін жолдарды сонымен қатар Сталинградты басып алуды
көздеді. Қаланы Қызыл Армияның қолбасшы –
генерал-лейтенант В.И Чуйков пен қолбасшы – генерал-майор М.С. Шумилов
бастаған 62-64 армияларының бөлімдері қорғады.
Ұлы Отан
соғысының қызу кезеңінде Сталинградты көздеген
гитлерліктерге қарсы күреске шыққан қазақ
ерлерінің бірі полковник Ғани Сафиуллин басқарған
73-гвардиялық дивизияның өзі ғана жаудың 120
танкісімен 800 автомашинасын жойды. Сталинград майданында шайқасқан
29- және Алматының 38 атқыштар дивизияларының
даңқы шықты. Олардың екеуі де кейін 72 – және 73
– гвардиялық дивизияларға айналды. Шайқаста көрсеткен
табандылығымен ерлігі үшін 73-гвардиялық дивизия
«Сталинградтық» деген құрметті атақ алды [4, 77 б.].
Сталинград үшін аянбай шайқасқа шыққан тағы
бір қазақстандық Кеңес
Одағының батыры атағын алған Сағадат Нұрмағамбетов
Қожахметұлы болатын. Ол 1942 жылдың Отан
соғысының ауыр кезеңдерінің бірінде Совет
Армиясының қатарына
қосылды. Әуелі пулиметшілер мектебін оқыды. Бір жылдан
кейін мектепті «өте жақсы»
деген бағамен бітіріп, кіші лейтенант
деген атағы бар майданға келеді. Нұрмағамбетовтың
батольоны алдына қойған міндетін
абыроймен орындады: жаудың едәуір мол күштерінің
назарын өзіне аударып, көрші бөлімдердің
жағдайын жеңілдетті.
Көп кешікпей бүкіл
дивизия алдындағы алапта немістердің барлық
бекіністерін талқандау
әрекеті басталды.
Жау Қазақстан аспанында
30-ға жуық ұшағынан айрылды. Даңқты
62-армияның құрамында 4 мыңға жуық
қазақ болған. Солардың ішінде
Қарағандының өкілі, ұшқыш Нүркен
Әбдіров 1942 жылғы 19 желтоқсанда Боковская – Пономаревка
ауданында болған әуе айқасында өз ұшағын
жау танкілерінің шоғырына құлатып, серіктерімен бірге
ерлікпен қаза тапты [4, 78 б.]. Нұркен жауынгерлік тапсырмамен 16
рет ұшқанда фашистердің он екі танкісін, жиырма сегіз
жүк машинасын, оқ-дәрі тиелген 18 машинасын, жанармай
құйылған үш цистернасын, үш зеңбірегін
және елуден астам жауынгері мен офицерін жойды. КСРО Жоғарғы
Кеңесі Президиумның 1943 жылғы 31 наурызындағы
Жарлығы бойынша оған қайтыс болғаннан кейін Кеңес
одағының Батыры атағы беріледі.
Кеңес
Одағының Батыры атағы екі мәрте берілген
қазақ батыры Т.Бигелдинов 1944 жылдың маусымына қарай
155 рет жауынгерлік тапсырмамен барлауға шығып,
дұшпанның жердегі бекіністеріне, аэродромдарына, теміржол тараптары мен өткелдеріне шабуыл жасады. 1944 жылы 26
қазанда оған Кеңес
Одағының Батыры атағы берілді.
1945 жылы 27
маусымда Т.Бигелдиновке екінші рет Кеңес Одағының
Батыры атағы берілді. Т.Бигелдиновтың есімі
Ақтөбенің жоғарғы әскери авиациялық
училищесіне берілді [5, 469 б.].
1942 жылы 22
желтоқсанда «Сталинградты қорғағаны үшін» медалі
тағайындалып, онымен 750 мың солат пен офицер марапатталды. 112
адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Оның 4 қазақстандық –
ұшқыш
Н. Әбдіров, полк командирі Т.С.
Позолотин, взвод командирі Г.Г Рамаев және минометші Қ. Сыпатаевтар
болатын [2, 53 б.]. Бұл бізге белгілі тарихи мәліметтер ғана.
Тарихқа тереңінен үңіліп, зерттеулер жасайтын
болсақ, «Сталинград шайқасында» ерлікпен қаза тапқан
қаншама батырлармен, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен
ерлердің есімдерінің ескеріліп тарих беттері әлі де болса
бізге беймәлім күйде тарих қойнауында жатқан
тұлғалармен толығары анық.
Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде
ғана емес, сонымен қатар Курск иінінде, Днепр, Ленинград үшін шайқастарда
жанқиарлықпен соғысты.
Ұлы Отан
соғысының басты шайқастарының біріне айналған
Сталинград шайқасы қазақ тарихынан бөлек, жалпы
тарихтан өзіндік алар орны ерекше. Сол шайқасқа
қатысқан қазақ азаматтарының есімдері тарих
беттерінде қалары белгілі.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Дінішев М. Сталинградты қорғаған
қазақтар. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 128б.
2.
Гречко А.А. Соғыс жылдары 1941-1943 жж.-Алматы:
Қазақстан, 1978.-576 б.
3.
Далабаев Б. Қазақстандықтар Сталинград
шайқасында.-Алматы: Қазақстан, 1977.-140 б.