Иманбеков М.М., Маженова Р.Б., Конхашова Ұ.М.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

«Адамгершілік қасиет» ұғымына Ш.Ш.Уәлихановтың салыстырмалы талдауы

 

«Алтышар жағдайы туралы» жазбасында әлеуметтік құрылымға, білім беруге, әдебиетке және музыкаға талдау жасай келе Ш.Уәлиханов адамгершілік қасиеттерді зерттейді. Біз өз кезегімізде «адамгершілік қасиет» түсінігін зерттейміз. Адамгершілік қасиеттерге салыстырмалы талдауды біз Ш.Уәлихановтың ізімен жалпыдан жекеге қарай жасаймыз. 

         Алғашқыда Ш.Уәлиханов провинциядағы бұл қасиеттердің жалпы жағдайы туралы жазады: «... Кіші Бұқария тұрғындарының адамгершілік қасиеттері  даттауға қарағанда мадақтауға лайық. Қытайлықтар түркістандықтарды сенімсіздікке, жәдігөйлікке,  өтірікшілдікке, жалқаулыққа және надандыққа кінәлайды, азиаттықтардың айтуынша олар қорқақ, имансыз және азғындар. Бұл халық душар болған үнемі құлдыққа салынушылық, зорлық және әділетсіздік, мінездегі көптеген жаман қасиеттердің дамуына себепші болды, мысалы: сенбеушілік, қыңырлық және сайқалдық, бірақ сонда да түркістандықтар барлық мұсылман халқы айырылып қалған көптеген тамаша бастамаларға ие және бұл қандай да бір жағдайда өзінің барлық діндестерінің алдын орап кететін кепіл болып табылады. Қашқарлықтардың мінезі мейірімді, көпшіл, жайдары, еңбекқор және шектен тыс сыпайы. Барлық таптар педантты түрде сыпайылық формасын сақтайды. Кез-келгені әдептілік жарғысын толық білуге және оны қалтықсыз орындауға міндетті, ал бектерде бұл ұсақ-түйегіне дейін түсіндіріледі». [1, 499б.]. Біздің назарымызға түркістандықтардың адамгершілік қасиеттері қытайлықтардың, азиаттықтардың және Ш.Уәлихановтың түркістандықтарға өзіндік қатынасы көзқарас тұрғысынан ұсынылып отырғаны анық.

Біріншіден, қытайлықтар түркістандықтардың  сенімсіздік, жәдігөйлік,  өтірікшілдік, жалқаулық, надандық қасиеттерін бөліп көрсетеді. Аталған адамгершілік қасиеттердің теріс адамгершілік-этикалық құндылықтары бар. Қытай санасында түркістандықтар адамгершіліктің теріс аймағына қатысты қабылданады. Басқаша айтсақ, адамгершілік аймағы санаға тән, онда адамгершілік қасиеттерді бағалау жүзеге асырылады, Ш.Уәлиханов назар аударып отырғандай қытайлықтар түркістандықтардың адамгершілік қасиеттерінің теріс бағаларына тоқталады.

Екіншіден, азиаттықтар кішібұқариялықтарды қорқақтар, имансыздар, азғындар ретінде бағалайды. Олар келесі адамгершілік қасиеттерді адамгершілік құндылықтар ретінде бөліп көрсетеді - қорқақтық, имансыздық, азғындық. Қытайлықтар атап көрсеткен қасиеттерден бұл қасиеттердің айырмашылығына қарамастан, олар теріс адамгершілік-этикалық құндылықтар болып табылады. Азиаттықтар санасының қабылдауында, қытайлар сияқты, түркістандықтар теріс құндылықтармен бағаланады. Ш.Уәлихановтың түркістандықтарды қытайлықтар мен азиаттықтардың бағалауын таңдауы кездейсоқтық емес. Қытайлықтар және азиаттықтар провинцияның басқа тайпа халықтарының негізгі бұқарасын құрайды. Ш.Уәлиханов үшін біздің назарымызға бір халықтың басқаларымен адамгершілік бағалау аймағы сәйкес келетін Кіші Бұқарияны мекендейтін халықтардың өзара қарым-қатынастарын ұсыну қажет болды. Басқаша айтсақ, ол провинция халқының адамгершілік қасиеттерін қабылдауын сипаттаудан басқа жалпы мақсатты көздейді, нақтылайтын болсақ - әлеуметтік ахуалды, ұлтаралық қатынасты, этнологиялық деректерді, саяси жағдайды зерттеу, провинцияның болашақ дамуын болжау. Ш.Уәлихановтың бұл ойының шиеленісуі Кіші Бұқариядағы басқа тайпа халықтарының санасындағы түркістандықтарды теріс адамгершілік бағалауларының басым болуы провинциядағы этникалық көпұлттылықтың ұлтаралық қарым-қатынасқа қатынасы бар, қоғамдық өмірдің барлық аймағындағы қиын жағдайға дәлел болады.

Үшіншіден, Ш.Уәлиханов түркістандықтардың адамгершілік қасиеттерін жаман және жақсыға бөледі. Бірінші ол жаман адамгершілік қасиеттерді атайды, оған сенімсіздік, жәдігөйлік, өтірікшілдікті жатқызады. Жаман адамгершілік қасиеттер арқылы теріс адамгершілік құндылықтар айтылып тұрғаны анық. Ш.Уәлиханов түркістандықтардың адамгершілік аймағында олардың бар болу себептерін атап көрсетеді. Бұл себептер - халық душар болған үнемі құлдыққа салынушылық, зорлық және әділетсіздік. Адамгершілік аймағына қатысты, аталған себептер, себептерден басқа, Ш.Уәлиханов үшін халықта жаман адамгершілік қасиеттердің дамуын ақтау болып отыр. Біз бұл жерден оның кішібұқариялықтарды ұнататындығын, бірақ соңына дейін ғылыми әділдікке адалдығын атап көрсетеміз. Ш.Уәлихановты жатқызуға болатын шынайы ғылыми сана осындай. Жақсы адамгершілік сапаларға мейірімді және көпшіл мінез, жайдарылық, еңбекқорлық және сыпайылық жатады. Соңғы қасиет Ш.Уәлихановты таңғалдырғаны соншалық, түркістандықтардың сыпайылық формаларын сақтаудағы шектен тыс сыпайылығы мен педианттылықтары туралы айтады. Сыпайылық формалары әдептілік жарғысы ретінде түсіндіріледі, яғни мінез-құлық нормалары мен ережелер жүйесі. Ақсүйек бола отырып, Ш.Уәлиханов провинциядағы барлық қауымдардың ішінен бектердің (ақсүйектердің) сыпайылығына баса назар аударады, оларда сыпайылық ұсақ-түйекке дейін түсіндірілетінін атап айтады.

Сонымен, Ш.Уәлиханов кішібұқариялықтардың адамгершілік қасиеттеріне құбылыстың тұтас кешенін жатқызады, оны талдайды және адамгершілік құндылықтардың релятивтілік принципін дәлелдейді, Қашқариядағы адамгершіліктің жағдайын Қоқан мен Бұқариямен салыстырады. Талдау барысында ол ғылыми объективтілік принципін сақтай отырып, кішібұқариялықтардың оң және теріс адамгершілік қасиеттерін анықтайды. Адамгершіліктің бір полюсінде – сенімсіздік, қыңырлық, өтірікшілдік, некелік одаққа деген сыйламаушылық, есірткі заттарға, ішімдікке және құмар ойындарға шектен тыс құмарлық, азғындық және бұзықтық жатады. Екіншісінде – көпшілдік, жайдарлылық, еңбекқорлық, сыпайылық, сабырлылық, әйел бостандығы жатады.

Қолданылған әдебиеттер:    

1.                  Валиханов Ч.Ч. Избранные произведения. - Алма-Ата, 1958. -644 с.