PhD
докторы, ХАА академигі Оразгалиева А.К.
Филология магистрі Оразгалиева
Б.О.
Семей, Қазақстан
Республикасы
ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ЖАСАУШЫ ИННОВАТОР-ОҚЫТУШЫНЫҢ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тәуелсіз елімізде орын алып отырған сан түрлі өзгерістер
мен жаңашылдықтар біздің білім беру қызметімізге ерекше
жаңа көзқараспен қарауды, қол жеткен табыстарды
сын көзбен бағалай отырып саралауды, білім алушы
ұрпақтың шығармашылық әлеуетін
кеңінен дамытуды, оқытушы іс-әрекетін жаңаша тұрғыда
ұйымдастыруды талап етіп отырғандығы баршамызға аян.
Болашақ ұрпаққа
қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушыдердың инновациялық
іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі қазіргі
күнгі көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Жоғарғы оқу орны
тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп, жаңашыл
технологияларды пайдаланып жүрген оқытушылар көптеп
кездесетінін барлығымызға белгілі. Бірақ, олардың
пікірінше, жаңашыл әдіс-тәсілдерді іс жүзінде
нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық процестерді бір
жүйеге келтіріп, оның педагогикалық негіздерін анықтау,
оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру
мәселелерін шешу қиындық тудырады [1].
Ақпараттар тасқыны толассыз
ағылған қазіргі қоғамымызда әр оқытушы
өз іс-әрекетіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі
тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа
әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дүрыс пайдалана
білуі керек. Сонымен қатар, ЖОО-дағы оқу-тәрбие
жүйесі, оқытушы-студент арасындағы қарым-қатынас,
жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді
қажет етіп отыр.
Зерттеу
нәтижелерінде байқалғаны сол, яғни барлық педагогикалық
инновациялар алдыңғы қатарлы озат тәжірибелі
педагог-реформаторлардың немесе педагог-экспериментаторлардың
қоғам талабына сай тәжірибеге енгізуге тырысқан
жаңа тұжырымдарымен байланысты болады [2].
Қазір республикамыздағы оқу орындары, педагогикалық
ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа
байланысты, өздерінің қалауына сәйкес кез-келген
үлгі бойынша іс-әрекет етуіне мүмкіндік алды. Бұл
бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы
мазмұны, құрылымы, ғылымға және
тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар қолданылады.
Сондықтан, әр түрлі оқыту технологияларын оқу
мазмұны мен студенттердің
жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап,
тәжірибеде сынап қарауда оқытушы іс-әрекетінің
маңызы зор.
Қоғам
өмірінің барлық салаларында, яғни экономикасы мен
әлеуметтік қатынастарында көптеген өзгерістер туып
отырған жағдайда білім беру ісінде де өзгерістің болуы
заңды нәрсе. Себебі, халыққа
білім беру немесе ЖОО ісін қоғамнан тыс алып қарауға
болмайды. Бүкіл қоғам өмірінде бой көрсеткен
келеңсіздіктің ұрпаққа білім беру саласына да
соқпай өтпегені мәлім. Сонымен, жастарға білім беру
жүйесі қоғамдық әрекеттердің басқа
салаларымен де қатарлас
алға басуы керек.
ЖОО-дағы инновация - бұл
тек педагогикалық процесс немесе ЖОО ісін басқаруды ұйымдастырудағы
қандай да бір жаңалықтардың жемісі ғана емес, ол ЖОО-дағы
тәрбиелеу және оқыту жүйесінің бәрінде өзгеріс
әкелген өзара әрекеттің бірлестігінің
нәтижесі деп анықтауға болады. Ондай болса, осындай нәтижелі
еңбекті ұйымдастырудағы оқытушының
инновациялық іс-әрекетке қабілеттілігі арта түседі.
Бірқатар зерттеушілер инновациялық іс-әрекетті
әрекеттің үлгісі тұрғысында қарастырады [3].
Әрекеттің
үлгісі ретінде қарастырылатын инновациялық іс-әрекет жеке тұлғаның
мынадай қызметін қамтиды:
- кездесетін қайшылықтарды танып
білу;
- қайшылықтардан туындайтын
мәселелерді білу мен оны түсіндіру;
- оларды шешу мүмкіндіктерін
іздеу;
- тексеру және бұрмалау бағасы мен нәтижелерін
қоса қарастыра отырып, тексеру үшін бақылау мен
бағалау стратегияларын тұжырымдау;
- шешім қабылдау;
- инновациялық іс-әрекетке жағдай жасайтын
әлеуметтік шарттарды жасау мен пайдалану.
Инновациялық іс-әрекет
нәтижесі, ол педагогикалық болмысты өзгертіп, бұрыннан
таныс емес, кездеспеген жағдайға оқытудың теориясы мен
практикасын дамыту.
Сонымен,
инновациялық-шығармашылық, яғни өзіне
жаңаша көзқарастарды тудыратын инновацияға деген ұмтылушылық
деп түсінгеніміз дұрыс болатын сияқты. Инновацияны қолдану
қабілеттілігі, шығармашылық ойлау мен елестету жеке тұлғаның
базалық қасиеті деп қорытынды жасауға болады.
Педагогикалық жаңалық, бұл жаңа идеялар,
әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің
бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен
тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы екені белгілі.
Міне, сонымен
байланысты біз педагогикадағы жаңалықтарды
жасаушыларды ерекше атап өткеніміз абзал, себебі, инновациялық дамудың
негізгі түсініктерін ашу жаңалықтарды іске асрырушы адамдарсыз
мәнсіз болып табылады.
Инноваторлардың әлеуметтік қатары жас, кәсіби,
этникалық т.б. сипаттарына қарай әр түрлі және де
өте аз мөлшерде зерттелген. Жаңа технологияларды,
әдіс-тәсілдерді ойлап шығаратын адамдар халық арасында
әлі де аз және ол өте аз әлеуметтік кіші топ
құрайды.
Сонымен
инноваторлар – бұл қоғамның дамуында ерекше орны бар,
өзіндік психологиясына, қажеттіліктеріне ие, арнайы
әлеуметтік категория ретінде қарастырылады.
Жалпылай айтқанда инноваторлар өзара топтарға
бөлінген ерекше әлеуметтік категорияны құрайды.
Бірақ осы аталған топтар инноваторлардың түрлерін
көрсете алмайды.
Сонымен зерттеушілердің пікірлерін ескере отырып, біз мынандай
қорытынды жасай аламыз. Инновациялық іс-әрекет -
педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы
өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа
үлгілері мен әдістерін құру процесіне ықпал
жасайды [4].
Қазақстандық ғалымдардың пайымдауынша ерекше
нәтижелерге қол жетуі үшін педагогтың
инновациялық іс-әрекеті келесі талаптарға сай болуға
тиісті:
-
өзінің жеке қасиеттерін ескере келе, басқалардың инновациялық
тәжірибесін өзгерту, жетілдіру және қабылдау;
- жаңа
ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар
болу;
- педагогикалық
инновацияның жаңа әдіс-тәсілдерін өз бетінше
жасау.
Жоғары оқу орнында жаңалықты таңдау мен
енгізу стратегиясы тек әлеуметтік талаптарға ғана емес,
сонымен қатар педагог-оқытушының жеке басына, психологиялық
ерекшеліктеріне өте тығыз байланысты екендігі қазіргі
таңда толығымен дәлелденген.
Әдебиеттер тізімі:
1.Нурбекова М.А., Нурбаев Н.К. Мұғалімнің
инновациялық әс-әрекетінің
әлеуметтік-педагогикалық мәселелері, Семей, 2007
2.Керимбаева М.С. Иновационные процессы в школе:
проблемы, перспективы, пойск. Алматы. 1995. с.26.
3.Вашенко В. Инновационность и инновационное
образование // Alma mater. -2000. №6
4.Селевко Г.С. Современые образовательные
технологий: Учебное пособие. М., 1998. -256с.