Педагогические науки /5. Современные методы преподавания
Кәкенова І.М., қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Қазақстан Республикасы, Қарағанды
облысы, Қарқаралы ауданы №8 орта мектебі
Дарынды оқушы – ұлт
болашағы
Дарынды
тұлға – халқымыздың ең қымбат
байлығы.
Н.Ә.Назарбаев.
Тәуелсіз еліміздегі білім
беру жүйесін жаңғырту жас ұрпақтың
әлемдік білім кеңістігіне көтерілуіне зор мүмкіндік
беріп отыр. Қазіргі білім жүйесіндегі реформаның
мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, жан-жақты білімді,
дүниетанымы жоғары тұлға даярлау.Осыған орай бала
дарынының шыңдалуын өз қабілетіне қарай
дамыту,бейіміне қарай білім алуына мүмкіндік
жасау,табиғатынан келген дарынын жетілдіру және оның
нәтижелі болуы білім беру саласындағы көкейкесті мәселе
болып отыр. Бұндай әлеуметтік сұраныс –бүгінгі заман
талабын қанағаттандыратын ,озық технологияларды
тәжірибесіне енгізген, шығармашылықпен еңбек ететін
әрбір ұстаздың алдындағы жауапты іс.Өз
ісінің кәсіби шебері алдында отырған әр
оқушының қабілет-қарымын күнделікті сабақ
барысындағы іс-әрекетінен, жаңалықты қабылдауы
және баяндау тілі, ой қорытуы, сөйлеу мәнері және
жазу стилі арқылы да бағымдай алады [1].
Дарындылық-табиғаттан
берілетін ерекше қабілет.Ал ерекше қабілет баланың
іс-әрекеті арқылы байқалып, табанды, жүйелі ізденіс
нәтижесінде дамиды. Ғалымдар дәлелдегендей, адамның
меңгерген білімі мен дағдысын тәжірибеде қолдана білу
шеберлігі қабілеттілік деп аталады.
Қабілеттілік-туа біткен
қасиет емес,ол тікелей іс – әрекет арқылы дамиды. Оның
дамуы баланың жаңа білім алуымен,біліктілігі мен
дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты.
Сондықтан қабілеті жоғары оқушы –
шығармашылықпен жұмыс істейтін,қисынды
ойы,өзіндік пікірі мен талдауы қалыптасқан Тұлға.
«Бұлақ көрсең, көзін аш»демекші, бойында жылт
еткен ерекшелігі бар баланың талабы мен мүмкіндігін дөп
басып, әрі қарай жетелеу, жетілдіру, олқылығын толықтыру,
қабілетін шыңдауда оң бағыт беру, шабытына шабыт
қосу ұстаз үшін де,оқушы үшін де шыдамдылық
пен төзімділікті талап етеді. Үздіксіз еңбек қана
нәтижелі болмақ. Соңғы нәтижеге жету үшін ұстаз
оқыту әдіс-тәсілдерін оқушының
шығармашылық қабілетін дамытуға
бағыттап,оқушының танымдық іс-әрекетін жіті
бақылауға алып,оқыту әдістерін түрлендіріп отыру
керек. Кез-келген қабілетті оқушы теориялық білімді өз
деңгейінде меңгере, қолдана
алады, өз бетімен ізденеді, ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеті
қалыптасады, түрлі білім сайыстарына қатысып жеңіске
жетеді. Баланың жеке ерекшелігі мен қабілетін анықтау
және дамыту мұғалімнің кәсіби біліктілігіне,
шеберлігіне, жаңашылдығына байланысты.
Өз тәжірибемде
қолданып жүрген «Оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлау», С.Қараевтың «Деңгейлеп, саралап
оқыту», В.Ф.Шаталовтың «Тірек сызбалар мен белгілер моделі», В.К.Дьяченконың
«Ұжымдық оқыту тәсілі», В.В.Давыдовтың «Дамыта оқытуы»,
Жобалап оқыту, Проблемалық оқыту әдістері,жаңашыл
ұстаз Қ.Бітібаеваның ізденуге негізделген озық
тәжірибесі оқушының пәнге
қызығушылығын арттырды, шығармашылығын дамытуыма,жеке
дарынын байқауыма оң әсерін тигізді. Әр түрлі
шығармашылық тапсырмаларды орындауда оқушылар бірдей емес,
қабілеттері әр түрлі екендігі байқалады.
Жанашырлықпен жұмыс
жасау барысында қабілетті балалармен жекелей, даралап жұмыс
жүргіземін. «Қабілетті» деп таныған оқушылардың
өзін деңгейіне байланысты 3 сатыға іріктеп, жоспарлы
жұмыс жүргіземін.Алғашқы қалыптасу сатысы,екінші-
даму сатысы,үшінші- шығармашылык саты. Осы кезеңдерде
оқушы сатылап дамиды.
Қалыптасу сатысында [2, 12]:
·
жазу және
оқуға сауаттылығы; теориялық білімді меңгеруі;
·
ойын жүйелі
жеткізе білуі; сурет бойынша немесе белгілі тақырыпқа мәтін
құрау шеберлігі;
·
сөз
қолданысы; мәтінге жуық мазмұндап айтуы; өз
ойынан әңгіме құраудағы ой қорытуы;
·
мәнерлеп
оқуы мен дауыс ырғағы қалыптасады.
Даму сатысында [2, 25]:
·
тереңдетілген
бағдарлама негізінде білім деңгейі сараланады;
·
оқушылар
қосымша оқулықтармен жұмыс істеуге машықтанады;
·
өтілген
тақырыптар бойынша әңгіме жазады;
·
шығармашылық
ізденіс жұмыстарын жүргізеді (альбомдар,дидактикалық
материалдар құрастырылады);
·
сөйлем
талдаудың жолдарын меңгереді; ғылыми жобалар жазуға
қатысады; баспасозбен байланыс жасайды.
Шығармашылық
сатыға жеткен оқушыларға қойылатын талап мынадай [3, 17]:
·
қазақ
тілінің салалары бойынша жан-жақты талдау жасауы;
·
ойын әдеби
тілде көркемдеп жеткізе алуы,пікірталасқа қатысуы;
·
әдеби
шығармаларды оқу және өз пікірін айта алуға
машықтануы;
·
баспасөзде
көрінеді,конкурстарға белсенділік көрсетуі;
·
әр
түрлі тақырыпта реферат, баяндама, пікір жазуға беймделуі;
·
білім,өнер
бәйгелерінде жүлдеге жетуі;
·
жобалаушылық,зерттеушілік
әрекетінің қалыптасуы;
·
дебат ойынында
шешендігімен танылуы;
·
пән
олимпиадаларына қатысып, ғылым негіздерін меңгеруі;
·
қалаған
мамандығының оқу грантын иелену.
Осы кезеңдердің
талаптарын меңгерту және оның жүйелі орындалуын
үнемі талап етіп отырамын.
Ұстаз еңбегі
шәкірімен бағаланады.Шәкірттерімнің қабілетін,
дарынын ашып, келешегіне дұрыс бағыт бере алсам, жасап жатқан
еңбегімнің зая кетпегені деп білемін.
Көрнекті психолог
Л.С.Выготский «баланың кешегі күнгі дамуына емес.ертеңгі
күнгі дамуына қарау керек» деген екен. Тәуелсіз
еліміздің жастарын оқыту мен тәрбиелеуде қабілеті
жоғары оқушылардың шығармашылық әлеуетін қалыптастыру-ұстаздар
қауымы үшін жауапты мәселе, заман талабы.
Әдебиеттер:
1.Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2011 ж.
Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» // http://www.akorda.kz/kz/page/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstan-khalkyna-zholdauy-28-01-2011zh_1341123781
2. Әбілқасымова А.Е., Омарова
Р.С. Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздіғын
қалыптастыру негіздері. – Алматы, 2003 ж. – 322 б.
3. Матюшкин А.М. Концепция творческой одоренности // Вопросы
психологии. – 1989. – №6.