Атабай
Бәтіш Алтайбекқызы
Көптілеуова
Дина Тұрғалиевна
Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті.
Алматы/Қазақстан
Тиімді
білім беру кеңістігін қалыптастырудағы оқытушының
рөлі
Оқу үдерісі жемісті болу
үшін білім бері ұжымында тиімді білім беру ортасын
қалыптастыру қажет. Білім
беру ортасы ұғымын В.М.Дрофа: «часть социокультурного пространства,
зону взаимодействия образовательных систем, их элементов, образователь ного
материала субъектов образовательных процессов» дейді. Жоғары оқу
орнында білім беру кеңістігін қалыптастырғанда, білім алушы
тұлғаның жан-жақты дамуына игі ықпал ететін
жағдай тудырып, шәкірттердің өздігімен ізденуіне, білімін
дамытуына мүмкіндіктер туғызатындай дәрежеде
қалыптастыру қажет. Заман талабына сай тиімді білім беру
кеңістігін қалыптастыру білім кеңістігін қайта
құруды, білім беру ұжымдарында ерекше мәдени қызметті, оқу
бағдарламалары мен жоспарларын вариативтілік пен баламалық
принциптер негізінде қайта құруды, білім берудің
интерактивті әдістерін енгізуді және оқытушы мен студент
арасындағы қарым-қатынастың жаңа парадигмаларын
қайта қарауды талап етеді.
Тиімді білім беру кеңістігін
қалыптастырудың маңызды компоненттерінің бірі ретінде
интерактивті білім беру қарастырылады және оны жүзеге асыруға
бірнеше факторлар әсер етеді:
1) техникалық фактор: а)
сабақ өткізілетін орынның жағдайы; ә) сабақ
өткізуге қажетті құралдармен қамтамасыздық;
б) сабақ кестесі.
2) ақпараттық технологиялық фактор: а) әдістемелік
және пәнге қажетті әдебиетпен
қамтамасыздық; ә) ғаламтор жүйесіне еркін кіру
мүмкіндігі;б)компьютерлік техникамен және арнайы
бағдарламалармен қамтамасыздық.
3) әдістемелік фактор: а) оқытушы сабақ өткіз мен
білім берудің жаңа
технологиялары мен инновациялық әдістері толық меңгерген болуы тиіс; ә) оқытушының интеравтивті режимде сабақ өткізу дағдысы және
инновациялық әдістер
бойынша семинарларға қатысу тәжірибесі болуы шарт.
4) әлеуметтік фактор: а) факультет пен кафедралардың сабақ
өткізуде интеравтивті әдістерді енгізуге дайындығы; ә)
студенттік аудиторияның сипаты, әдістемелік
жаңалықтарға бейімділігі және студенттердің
тәжірибелік дәрежесі.
5) тұлғалық фактор:
а) оқытушының оқу үдерісінде интерактивті білім беруге
ынтасының және дәйектемесінің болуы; ә)
оқытушының әдістемелік дайындығы.
Оқытушы өз сабағында
студенттерге пән бойынша терең білім беруге ғана емес, оларды
белгілі тақырып бойынша ақпарараттар жинап, талқылап, ой
елегінен өткізуге, тұжырым жасауға үйретуі тиіс.
Оқытушыға факультетте тиімді білім беру ортасын ұйымдастыруда
үлкен міндет жүктеледі. Факультетте тиімді білім беру ортасын
ұйымдастыру арқылы оқытушы студенттердің жұмыс істеу қабілетін
дамытуға, нарық талабына ыңғайлану дағдысын
қалыптастыруға ықпал етеді. Ол үшін оқытушы
сабақ өткізуде интерактивті әдістерді кеңінен
қолдануы тиіс. Студенттерге оқу үдерісінде интерактивті
әдістерді мол қолданған жағдайда ғана оқу материалы жеңіл игеріледі.
Жоғары оқу
орындарындағы оқытушылар тиімді білім беру кеңістігін
қалыптастыру үшін заманауи әдістемелік талаптарға сай,
төмендегідей үш түрлі
салада жұмыс істеуі тиіс:
а)
пәндік сала: оқытушы өз пәнінің материалдарын
жетік меңгерген маман ретінде;
ә)
әдістемелік дидактикалық сала: білім беру ортасын
ұйымдастырушы, сабақ
өткізудің құрылымдық және
әртүрлілігін жүзеге асырушы және сабақ материалын
түсінікті тілмен жеткізуші ретінде;
б)
тұлғаралық сала: оқытушы студенттің білім алу
үдерісінде пән тақырыптарын меңгеруде кездесетін
қиындықтарды бірге шешуде көмекке келетін әріптес
ретінде.
Оқу үдерісінде
оқытушының лектор ретіндегі рөлінің
трансформацияға ұшырап,
білім беру ортасы мен әдістеме дизайнері болып өзгеруі да аса маңызды рөл
атқарады. Студент пен
оқытушының бірігіп, бір топта
бір мақсатта жұмыс істеуі тиімді білім беру кеңістігін
қалыптастырады.
Оқытушы аудиторияда интерактивті
әдістерді қолданған кезде қандай стильдерді
қолдануы тиіс деген сұрақ туындауы мүмкін. Әрине
әр оқытушы өз стилін
қолданады. Оқытушының жеке стилі оқу үдерісінде
интерактивті әдістерді қолдануда шешуші фактор болатыны
сөзсіз. Жеке стиль аудиторияда студент пен оқытушы және
студенттердің өз араларында өзара әрекетті дамытады.
Аудиториядағы өзара байланыс шектеулі немесе жалпы болуы
мүмкін. Оқытушының өзара әрекеттің қандай
түрін таңдайтыны төмендегідей факторға байланысты
болады:
·
оқытушының жеке ерекшелігі;
·
оқытудың нақты әдістерін
таңдауы;
·
бақылаудың таңдап алған
тәсілі;
·
тәуекелге баруға
құлқының болу немесе
болмауы;
·
оқытушы аудиториядағы өз рөлін
түйсінуі.
К.Е.Юнг психологиялық типтер
теориясына сәйкес, өзара әрекеттің төрт
түрін көрсетеді:
·
экстравертивті;
·
интровертивті;
·
статикалық;
·
динамикалық .
Экстраверсия мен интроверсия тұлғаның жеке бағытын сипаттайды. Экстраверттің зейіні мен
энергиясы сыртқы әлемге бағытталса, интроверттің
энергиясы ішкі әлемге, идеялар мен ойларға бағытталады. Ал соңғы
аттюдтер- статика мен динамика өмірдегі стильге мән береді.
Статиканы қалайтын адамдар өз өмірінде бір мәселені
шешерде немесе жоспарлағанда жинақылықты ұнатады
және құпия ұстағанды жөн көреді, ал
динамиканы қалайтындар мәселені барлық қырынан
қарастырады және барлығын ашық жасап, жаңа
оқиғаларға дайын тұрады.
Студенттік
аудиторияда жеке стильмен жұмыс істейтін оқытушы
оқытудың интерактивті әдісін қолдана отырып, тиімді
білім беру кеңістігін қалыптастырады. Экстраверт оқытушы
өзінің жұмысын өзара әрекеттердің көп
түрлерін қолдану арқылы жүргісе, интроверт
оқытушы өзара әрекеттердің көп түрлерін
құлықсыз қолданады. Статиканы қалайтын
оқытушы топтастырып өзара әрекет ету әдісін
қолданып ұйымдастыру мен бақылауды жақсы
қолданса, динамиканы ұнататын оқытушы студенттеріне бақылаудың
жеңіл түрін ұсынады.
Ч.Бонуэл мен Т.Сазерлэнд бұл типтердің оқытуда
және интерактивті әдістерді қолдануда аса тиімді еместігін айтады.
Оқытушы өз пәнін
аудиторияда қызықты өткізу үшін және сабақ
үстінде студенттердің белсенділігін арттыру үшін көп ізденіп, жеке әдістерін
қолдануы тиіс. Сабақта оқытудың интерактивті
әдістерді қолдану үшін ең алдымен оқытушы өз
мүмкіндіктері мен басымдықтарын айқындап алуы тиіс. Мысалы,
студенттерін сабақ үстінде тыпыр еткізбей қатал
ұстайтын оқытушы топтастырып оқыту әдісінде
қиналуы мүмкін. Бұрын оқытудың интерактивті
әдістерді қолданбайған оқытушы бұл әдісті
бастамас бұрын, студенттерді жұптаудан немесе мини пікір талас
сияқты әдістерден бастағаны дұрыс. Сонда ғана оқытушы тиімді білім
беру кеңістігін қалыптастыра
алады.
Оқу
үдерісінде интерактивті әдістерді қолдану
мүмкіндіктерін зерттеген кезде ғалымдар оқытушының
кооперативті және топпен оқытуды ұйымдастырудағы
позициясына ерекше мән береді. И.А.Черных интерактивті әдістерді
қолданғанда
оқытушының рөлі мен оның белсендігі студентке
қарағанда аздау болып көрінуі мүмкін дейді. Бұл
жерде негізгі рөлді студент атқаратын сияқты. Шындығында оқытушының
рөлі басым болады, себебі оқытушы оқу үдерісінің
басында және оны жүргізгенде көп қызмет атқарады-
студентті демеп, бақылап және ынталандырып отырады.
Мұның барлығы оқытушының тек пәннің
материалдарын меңгеруін ғана емес, сонымен қатар,
әртүрлі салада құзыретті болуын талап етеді.
Әдебиет
1. Дрофа В.М. Образовательная среда как объект управления//материалы семинара
«Методы эффективного обучения» программы Летних школ.Будапешт, март 2002.
2.
Инновационные методы
обучения в гражданском образовании / Величко В.В., Карпиевич Д.В., Карпиевич
Е.Ф., Кирилюк Л.Г. – 2-е изд. доп. – Мн.: «Медисонт», 2001.
3. Рогинко Е.В.Интерактивные
методы обучения студентов иноязычному профессиональному общению на основе
текстов по специальности
// http://www.dissercat.com/content/interaktivnye-metody-obucheniya-studentov-inoyazychnomu-professionalnomu-obshcheniyu-na-osn-0#ixzz2Q2IXnKWj
4.
Бонуэл Ч., Сазэрленд Т. Непрерывность активного обучения: выбор
деятельности для активизации учебной работы студентов в аудитории//Университское образование: от эффективного преподавания к
эффективному учению. Сборник рефератов статей по дидактике высшей школы. Минск:
Белорусский государственный унивреситет, Центр проблем развития образования,
2001.
5.
Черных И.А.Теория интеграции:техника интерактивного обучения.Алматы,2004.
6.
Добрынина,
Д. В. Инновационные методы обучения студентов вузов как средство реализации
интерактивной модели обучения / Д. В. Добрынина // Вестник Бурятского государственного
университета. ? 2010. - №5. - С. 172-176.