Технология пәнін оқытуда
оқушылардың технологиялық мәдениетін
қалыптастырудың дидактикалық шарттары
Алимбекова Сабира Шереханқызы
П.ғ.к., доцент м.а.
Қ.А.Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
Қазақстан
Республикасы, Түркістан қаласы
Оқушылардың
технологиялық мәдениетін қалыптастырудың
дидактикалық негізін ғалымдар
В.Д.Симоненко, М.В.Ретивых, Н.В.Матяш оқушылардың
түрлендіруші іс-әрекетті жүзеге асыруға дайындығы
жөнінде технологиялық мәдениеттің негізгі
құрылымдық компоненттері: технологиялық
дүниетаным, этика, ойлау, эстетика және т.б. тұтастық
контекстінде қалыптасуы қажет деп біледі. Олардың пікірінше,
оқушылардың түрлендіруші іс-әрекетке
дайындығының басты элементі, оларда қалыптасқан
технологиялық білім, іскерлік, дағды жүйелерінің
және жеке тұлғаның технологиялық басты
сапаларының болуы.
Бұл көзқарас осы мақалада назарға
алынады. Түрлендіруші іс-әрекет субъектісі ретінде жеке
тұлғаны қалыптастыру - бұл дегеніміз, оның
өзінің істегені мен түрлендіруіне белсенді
шығармашылық қатынасты дамыту. Біздің пікірімізше,
түрлендіруші іс-әрекеттің мәні болмысты
технологиялық игеру типі болып табылады. Адам өзінің
іс-әрекетінде түрлендіру ретінде еңбек заттарының
физикалық, химиялық, механикалық немесе технологиялық
қасиеттерін пайдаланады және өзгертеді. Бірақ,
жаңа затты әзірлеу үдерісінде, адамның өзінде
өзгеріс жүреді, өйткені ол өз күшін, өзін
қоршаған заттар, үдерістер мен құбылыстар туралы
білімін байытуға, сондай-ақ бұл білімдерді түрлендіруші
іс-әрекетке қолдана алуға мәжбүр болады.
Орта мектеп оқушыларының технологиялық
мәдениетінің білім мен іскерлікке қойылатын талаптарын
анықтап, олардың сапалық қасиеттерін қарастыру
үшін оқыту әдістемесінің мазмұндық
ерекшеліктерін белгілеу қажет.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
стандартында жалпы білім беретін орта мектептің "Технология"
пәні бағдарламасында "оқушылар
мынаны білуге тиіс", "оқушылар мынаны орындауға
тиіс", - деп көрсетілген [1].
Оқушылардың технологиялық
мәдениетін қалыптастыру үшін
психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижелері
негізге алынады. Технологиялық мәдениеттің негізгі
құраушыларына білім мен еңбек іскерліктері қатысты
екендігі белгілі.
И.А.Бажина технологиялық мәдениетті
қалыптастыру мәселесін зерттей отырып, «Технологиялық
мәдениет» ұғымын нақтылайды және оқытуды
аймақтандыру жағдайында оның қалыптасуының
бастысы мен қажеттілігін атап өтеді. Зерттеушінің пікірінше,
технологиялық мәдениет өзінде: заманауи қоғам
дамуының, адамдардың білімін, іскерлігін және дағдысын,
олардың жеке тұлғалық сапасы сияқты
құраушылардан тұратын күрделі әдіснамалық
ұғымды білдіреді. Ол технологиялық мәдениет
«Техникаға, адамға және қоршаған ортаға
зиян келтірмей, өндірістік тапсырмаларды орындауға жеке бағдарланған
ортада, өндірістік үдеріске мектеп бітірушілердің
қатысуын қамтамасыз ететін заманауи дамушы өндіріс негіздері
мен практикалық іскерліктер жөніндегі оқушылардың
білімдерінің жиынтығы» деп түсінуді ұсынады [2].
Зерттеуші өзінің келтірілген анықтамасын мына негіздермен
дәйектейді, яғни технологиялық бағыттылығы бар
базалық білім беру мазмұны, дамыған заманауи өндіріс
жөніндегі білімдерді және техника-технологиялық
қондырғыларды пайдалану, технологиялық операцияларды орындау
іскерліктерін қалыптастыруға нақты мүмкіндіктер береді.
Педагогикалық үдерісте барлық
қатысушылардың толық мәнді және өзіндік
дамуын кдмтамасыз ететін технологиялық мәдениетті
қалыптастыру үшін жабдықталған жағдайын жасау
мақсатымен жобаланған білім беретін ортада, мектепте
технологиялық оқытуды жүзеге асыру олардың
басымдық міндетінің бірі ретінде анықталады. Жаратылыстану
және гуманитарлық пәндер арасындағы
қарама-қайшылықтарды жеңуге мүмкіндік беретін
білім беретін ортаның технологиялық бағыттылығы жеке
тұлғаның үйлесімді, толық мәнді дамуын
қамтамасыз етеді.
Біздің пікірімізше, жеке әдістемелік ұсынымды
әзірлеу оқушының жеке тұлғалық дамуына
білім беру үдерісіне басымдық бағыттарын, оның
субъективті ұстанымдарын, технологиялық дүниетанымын,
өз бетінше таңдау жасауға қабілеттілігін және
түрлендіруші іс-әрекеттің мағынасын
анықтауға, қабылданатын шешімдерге жауапкершілікті,
шығармашылық қабілеттілікті, өзінің
мінез-құлқы мен дамуының рефлекциясын қамтамасыз
етуді ұсынады. Білім беретін ортаның мұндай
бағыттылықты қамтамасыз етуі оқыту мақсаттарына,
мазмұндарды іріктеуге, әдістер жүйесіне және
технологиясына, білім беру үдерісінің субъектісі ретінде
мұғалім мен оқушының өзара қатынасына
мәнді түзетулер енгізуді, оқу жабдықтары,
ақпараттық қызмет көрсету және т.б. қамтыған
мақсатына сәйкес білім беру кеңістігін құруды
ұсынады [3]. Технологиялық мәдениеттің қалыптасу
үдерісін басқаруды талдаудың мәселелік алаңы
анықтауға мүмкіндік беретін мәселелерді белгілейді:
- мектеп оқушыларының технологиялық
мәдениетінің қалыптасуы жүретін базада, білім беру
саласында қанағаттандыратын талаптардың болуы, оның жеке
тұлға мен қоғам дамуының заманауи тенденциясына
сәйкестігі;
- теория мен оның практикалық жүзеге
асырылуын байланыстыратын буын ретіндегі окыту технологиясы. Ол
мұғалім мен оқушы іс-әрекетін қамтитын оқыту
теориясының жобасын білдіреді. Осы топқа қатысты
психологиялық-педагогикалық мәселелердің
көпаспектілігі: оқыту жүйесін жүзеге асырудағы
мұғалім мен мектеп басшылығының рөлі мен орнын,
педагогтар мен оқушылардың өзара әрекет ету
мәселелерін, оқу үдерісі барысында және оқудан
тыс іс-әрекеттерде олардың арасындағы пікіралмасу ерекшеліктерін және тағы
басқаларды анықтау;
- теория және технологияның практикалық
қолданыс табатын, басқарушылық бағдарламасын
әзірлеу және жобалау.
Оқушыларда технологиялық
мәдениеттің қалыптасу мәселесін зерттеудің
жетістігі көбіне технологиялық білім берудің тиімділік
критерийі және «Материалдарды өңдеу технологиясын»
оқытуда тексерілетін тәсілдер мен әдістерді анықтайды. Осы
бағыттағы зерттеу мақсаттарына қол жеткізудің
негізгі өзегі технологиялық білім беру мазмұнын іріктеу
критерийлері туралы зерттеушілердің көзқарастары ерекше
мәнге ие.
Ерекше критерийлердің құраушылары
қатарына төмендегілерді атауға болады:
а) практика үшін кұнды мазмұны бар
таңдалған оқу материалдарының ғылымилығы;
б) оларды
зерделеудегі қолжетімділік және оның практикалык мәнділігі.
Оқушыларда технологиялық мәдениетті
қалыптастыру мазмұнын критерийлер жүйесі арқылы
мақсатты анықтау, қалыптастырылған технологиялық
мәдениеттің әрбір критерийіне жеке тұлғалық
даму құрылымының технологиялық маңызды білім,
іскерлік, дағды арасынан бірнеше көрсеткіштері сәйкес келеді.
Оқытудың негізгі белгілерінің бірі материалдарды зерделеу
үдерісінде болмыстан алынатын, оқушыларда қалыптастырылған
технологиялық мәдениеттің көрсеткішіне сәйкес
деңгей болып табылады.
Сонымен, оқушылардың технологиялық
мәдениетінің технологиялық үдерісті және осы
үдерістегі өзгерту құралдары мен әдістерін
зерделеуді, практикалық іс-әрекетінде білімді, іскерлік пен
дағдыларды жүзеге асыруды, сондай-ақ, техника мен
технологияның, ғылымның дамуына сәйкес
интеллектуалдық, өнегелік даму деңгейін, өндірістік
қарым-қатынас тәсілдері мен формаларын қамтитынын
көруге болады.
Қазіргі уақытта оқушылардың
технологиялық мәдениеті еңбек мәдениетіне
қарағанда кең әрі оны (еңбек мәдениетін)
қамтушы ретінде қарастырылады.
Еңбекті ұйымдастыру базаларында (оку
шеберханаларында, т.б.) басқару мәдениетінің
құраушысы ретінде және оқу-тәрбие үдерісін
оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға
сәйкес ұйымдастыруда еңбек жағдайы мәдениетін
төмендегілер құрайды:
- өндірістік орта мәдениеті: жарық
режимі, ауаның ауысуы,
температуралық-ылғалдық режим, интерьер, шуыл, жиілік;
- жұмыс орнын ұйымдастыру мәдениеті:
жоспарлау; қызмет көрсету;
ұйымдастырушылық-техникалық жабдықталу.
Оқушыларда қалыптастырылған
технологиялық мәдениет критерийлері, оның мазмұны
оған деген құндылық-мағыналық
қатынасты, тұлғалық және интеллектуалдық
дамуды қамтиды. Технологиялық мәдениеттің барлық
көрсеткіштері болғанда ғана аталған
мәдениеттің оқушыларда қалыптасуының жоғары
деңгейі туралы айтуға болады.
Мектеп оқушыларының технологиялық
мәдениетінің психологиялық-педагогикалық мазмұнын
әзірлеу оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде
олардың білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеруіне, жеке
тұлғалық сапаның және мінездің даму
деңгейін кажеттілігіне қарай реттеуге және
қадағалауға мүмкіндік береді.
Мектепте оқушылардың технологиялық
мәдениетінің жоғары деңгейде қалыптасуын
қамтамасыз ететін тақырыптардың бірі "Жоба".
Жобалар әдісі (алға қойылған; болашақтың
жоспары) - бұл жоспарлау және біртіндеп
күрделенетін практикалық тапсырмаларды орындау барысында
оқушылардың білімдерді игеретін, оқыту жүйесі [4].
В.Д.Симоненко мектептік жобалардың мазмұны
бойынша төртке жіктейді. Олар: интеллектуалдық, материалдың,
экологиялық, сервистік. Бұл атаулы жобалардың мазмұнына
сәйкес іс-әрекеттер кешенін оқушылардың орындауы талап
етіледі [5].
Оқушылардың технологиялық
мәдениетін қалыптастыруда:
1. Зерттеліп отырған мәдениеттің негізін
қалайтын, қалыптастыратын бағдарламалық оқу
материалдары мен іскерліктерді білуі;
2. Оқушылардың танымдық әрекетін
және ұғымдарды, еңбек дағдыларын
қалыптастырудың психологиялық негізін білу;
3. Мектеп қабырғасында
оқушылардың теориялық мағлұматтарды білуге танымдық кызығушылықты
және еңбек іс-әрекеттеріне баулитын,
дағдыландыратын әдістемелік нұсқауды білу қажет.
Педагог-ғалымдардың зерттеулерін қорыта
келе, оқушыларды еңбекке дайындаудағы теориялық
мағлұматтар мен практикалық іс-әрекеттер бағдарлама
мазмұнында қамтылып қана қоймай, сондай-ақ, олар
оқу үдерісінде тәртіппен ашылады.
Орындалатын тапсырмалардың ерекшелігіне
қарамастан өндіріске баулу мен технология пәні
сабағының практикасы бір-біріне ұқсас келеді.
Оқытудың бұл екі түрі де оқытудың
мазмұнына, топтарға жіктелу қағидаларына және
топтастырылу реттілігіне сәйкес оқыту жүйесін қолдану
негізінде анықталады. Оларды көбінесе кәсіптік оқыту
немесе еңбекке баулу жүйесі деп атайды, әрі олар
еңбекке практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың
дидактикалық жолдары ретінде қарастырылады. Олар: заттық
жүйе, операциялық жүйе, операциялық-заттық
жүйе, моторлық-жаттығулар жүйесі (тәсіл -
еңбек операциясы - еңбек үдерісі), операциялық-кешенді
жүйе, конструкторлық-технологиялық жүйе,
шығармашылық заттық-операциялык жүйе, т.б.
Өндірістік оқыту жүйесі оқу материалын
зерделеудің бірізділігін анықтайды, дайындық алушыларда
қалыптастырылатын іскерліктің жүру бағыттарымен анықталады.
Оқушылардың технологиялық
мәдениетін қалыптастыруда бастыларының бірі -
дидактикалық шарттарды анықтау. «Дидактикалық шарттар»
жөніндегі мағлұматтар ғылыми-зерттеулерде
қарастырылғандықтан, зерттеу жұмысы тақырыбына
байланысты дидактикалық шарттарды айқындауда тек оқыту
жүйесін ғана емес, сонымен бірге педагогикалық жүйе
құраушылары тұрғысынан, олардың толық
мәнді құрамын анықтау қажет.
Сонымен, оқушылардың технологиялык
мәдениетін қалыптастыруды педагогикалық үдерістің
ішкі жүйесі ретінде қарастыра келіп, оның жүзеге
асуының төмендегідей дидактикалык шарттарын оқыту
жүйесінің мазмұндық сипатына сәйкес атап
көрсетуге болады:
1)
технологиялық мәдениетке бағыттылық;
2) мазмұндық аспектідегі технологиялық
мәдениет функциясын атқарушы оқу материалдары, оқу
элементтері;
3) технологиялық мәдениетті
қалыптастыруды қамтамасыз етудегі оқыту принциптері;
4) технологиялық білімдерді оқытудағы
анықталған дидактикалық жоспарлар;
5) меңгерілген
технологиялық
мәдениет негіздерін түзетін білімдерді, іскерліктерді
өндіріс саласында қоддануды қамтамасыз ететін
оқытудың әдістері мен тәсілдері және оқыту
технологиялары;
6) технологиялық мәдениетті
қалыптастырудағы оқытуды және еңбекті
ұйымдастыру формалары;
7)
танымдық қызығушылықты қоздырушы
факторлар;
8)
технологиялық
мәдениетті
қалыптастыруды
ұйымдастыруға қатысты мәселені конструктивті
шешуге қажетті мұғалімнің білімі;
9) технологиялық мәдениетке тән білім
мен іскерліктерді атқарушы оқу материалдарын меңгеру,
іс-әрекеттерді орындау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Технология. Орта
жалпы білім беретін мектептің 5-7 сыныптарына арналған
бағдарламалар.- Алматы, 2006. – 30 б.
2 Бажина И.А.
Регионализация обучения как условие формирования технологической культуры у
школьников. Дис., канд. пед. наук. – Казань, 1997. – 246 с.
3 Қожахметова
К.Ж., Ортаев Б.Т., Әлімбекова С.Ш. Оқушылардың технологиялық
мәдениетін қалыптастыру. Оқу - әдістемелік
құрал.– Шымкент: «Нұрлы Бейне», 2010.- 100 б.
4
Ортаев Б.Т.
«Технология» пәнін оқыту әдістемесінің жалпы
мәселелері. Оқу құралы/-Шымкент: «Нұлы бейне»,
2010.-120б.
5 Симоненко
В.Д. Технологическая культура и образование (культурно- технологическая
концепция развития общества и образования). – Брянск: Изд-во БГУ, 2001. – С.
214.