УДК 82.08:159.9
Сабаева Гүлбаршын
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ІІ
курс магистранты
Алматы,
Қазақстан
e-mail: lapochka_29_11_90@mail.ru
Көркем шығармадағы «түс
көру» ұғымы
Қазақ
әдебиетінде «түс көру» ұғымы зерттелген мәселелердің бірі болып
табылады. «Түс көру»
құбылысы
фольклорлық
әдебиеттерде,
қисса-дастандарда, эпостық және лиро-эпостық
дастандарда кездеседі. Бұл дастандарда
түс көру құбылысы аян беру ұғымын білдірген еді.
Қазіргі
психологизм ұғымын зерттеп жүрген Г.Піралиева осы аспекті
жөнінде толық мәлімет беріп кеткен.
Түс көру
ұғымы Жүсіп Зылиха дастанында сәуегейлік қызмет
атқарады. Зынданда жатқан Жүсіптің бостандық
алуына жол береді. Перғауынның
түсінде «жеті аш сиыр
жеті семіз сиырдың жеп жатуы»,
бұл сол елдің басына төнген ашаршылық
болудың белгісі еді. Ал, батырлар жырында да, түс сәуегейлік
қызмет атқарғандығы белгілі болып отыр. Біз осы
аталған түс ұғымына көп тоқталмай ақ
қояйық. Бұл зерттелген мәселелердің бірі болып
табылатындықтан, басқа да зерттелмеген аспектілерді
қарастырғанымыз жөн болар деп ойлаймын. Сондай ақ, қазақ
әдебиетінде кездесетін қисса-дастандарда да түс көру
ұғымы сәуегейлік қызмет атқарған. Мәселен, Алпамыс батыр жырында,
Алпамыс дүниеге келер
сәтінде анасы түс көреді. Түсінде аян беріледі. Бозжігіт
дастанында да, Бозжігіттің түсіне сұлу қыздың
еніп, өзіне шақыру мотиві кездеседі. Мұнда Бозжігіт сол
сұлу қызбен әр жылда кездесіп, көрісіп,
мауқын басып тұрады да,
ақыры артынан сол қызды іздеп досымен алыс сапарға
шығады.
«Түс көру» ұғымын зерттеген
З.Фрейдтің
түсінігінше, түс
көру ұғымы
сана әрекетімен болатын құбылыс. «Түсті талдау
арқылы оның сезімге толы, мазмұнға бай ой барысын
алмастырушы болып табылатындығы
анықталды. Осы ойлардың негізінде
түстің түзілу процесі
жайлы әзірге айта алмаймын. Бірақ, түс
көруді ұйқы кезінде
мидың жеке жасушалар тобының
оқшау іс-әрекеті нәтижесінде құралатын, психикалық жағынан мәнсіз,
тек ағзалық құбылыс
ретінде қарастыру дұрыс емес екендігін түсіндім» [1,
35] дейді. Фрейдтің айтуы, талдауы бойынша, түс көргендегі
адамның түсіндегі іс-әрекеттер алдын-ала ойланған,
армандаған, жоспарлаған іс-әрекеттердің жиынтығы екенін өз
еңбегінде дәлелдеп көрсетіп берді. Біз көркем
шығарманы талдағанда да, түс ұғымының кейіпкер санасында болып кеткен
армандаған көріністері екендігін аңғаруымызға
болады. Мұның көркем шығармадағы
іс-әрекеттерге де соқпай өтпеуі мүмкін емес екенін
аңғарамыз.
«Біріккен
түстегі жағдайды бейнелеуде
бәрінен бұрын оның
астарындағы жасырын ойлар, әрине жарамды болуы керек,
яғни, барлық құрамдас бөлімдердің бір немесе бірнеше жалпы элементтері
айқын көрінуі қажет.
Түс құдды бір
Фрэнсис Гальтонның жинаған отбасылық фотосуреттері тәрізді. Түсте
әртүрлі құрамдас бөлімдер біріктіріледі. Сондықтан түсте
ортақ элементтер ғана көрінсе, ал қарама-қарсы
бөлшектер бір-бірін жояды деп қарастыруға болады.
Мұндай процесс түстің сан алуан элементтерінің ретсіз шатасуымен түсіндіріледі. Осыған орай, түсті жорыған
кезде, келесі ережені ұстанған жөн: егер де талдау кезінде
қандай да бір жұмбақты немесе-немесе арқылы шешу мүмкін болса, ал
жоруда бұл баламаны және
арқылы қарастырып, түспен жұмыс негізінде алынған ойлардың тәуелсіз қатары үшін әрбір мүшені бастапқы
пункт етіп алмастыру керек» (38).
Психологизм
зерттеушісі Г.Пірәлиеваның
айтуы бойынша, көркем шығарманың негізі – адам баласы.
«Мақтадай жұмсақ, тастай берік» болуы адамның
сезімдеріне байланысты болса керек. Ал,
қазақ әдебиетінде адам баласының жанына
көңіл бөлу ХХ
ғ. басында басталды. Бұл
жөнінде жоғарыда айтып кеткенбіз. Көркем
шығармада адам баласы
арқау болғандықтан да
біз, адам жанының
құпиясына терең үңіліп, жан сарайын аша білуіміз
қажет. Түс ұғымы көркем шығармада кейіпкер
әлемінің құпиясын аша түседі деп айтсақ
қателеспеген болар едік.
Көркем
шығармадағы
психологиялық аспектілердің бірі болып табылатын –
«түс көру» ұғымының көркем
шығармада атқаратын қызметі, мәні мен
мақсаты орасан зор роль атқарады десек те болады. «Түс»
аспектісі шығарма кейіпкерінің арманын, тілегін айқын
көрсетіп береді. Автор түс
көру қызметін осы мағынада
қолданады деп
айтсақ, қателеспеген болар едік. «Түс» ұғымы көркем шығармада
кейіпкердің армандап
жүрген арманын, қалауын, тілегін бұлжытпай көрсетіп
береді. Мысал ретінде Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романынан
алайық. «Қартқожа
дамыл көрмейді. Тағы ойлайды, тағы да жақсы
жақсы түстер көреді. Оянса жоқ».
Қартқожа ойлайды, түс
көреді. Бұл кейіпкер не
ойлайды, арманы не? Қартқожа
оқуды ойлайды, сауатты болсам екен дейді. Бұл ХХ
ғасырдың басындағы ұлт-азаттық көтеріліс тұсындағы
оқиға болғандықтан, бұл кезде қоғамда
сауатсыздықты жою ісімен
ешкімнің шаруасы болмады.
Әрине, төңкеріліс революция халықты дүрліктірмей
қоймады. Қартқожа тонының
қысқалығынан оқымады. Ол қаладан келген жас
шәкірттерге қызыға қарады. Қаланы көргісі келді, сауат ашып, орысша
сөйлеп, орысшы киініп жүргісі келді. Осыны ол күнде ойлады,
армандады. Автор осы арманын толық түрде түс көру
аспектісі арқылы жеткізіп отырғандығы белгілі. Мәселен:
«Түсінде қалаға барған екен дейді. Қала деген
кісінің миы жетпейтін шым-шытырық бірдеңе. Ылғи
бір заңғар үйлер, аспанмен тілдескен мұнаралар, қара
құрттай
қайнаған
ығы-жығы
кісілер. Солардың ішінде
Қартқожа да жүр.
Бұрынғы
Қартқожа емес. Сымдай
орысша киім, аяқта
қу табан, Әбділда тілмаш
тәрізденіп шашын қайыра қойыпты.
Орысша тілді де
біліпті, көшеде өтіп
бара жатқан орыстарға қалпағын
алып, іздірәсти деп
амандасып жүр, танымал
кісідей олар да
Қартқожаға
басын шұлғып барады» [2, 85]. Міне, шығармадағы Қартқожаның басты
арманы осы болатын.
Бірақ,
Қартқожа ояна келе
мұның бәрі түс
екенін біліп, қатты
қамығады.
Атақты психолог
Зигмунд Фрейд те
түс
құбылысының
тілектер
орындалуының сипаты екендігін
көрсетіп кетеді.
Яғни, адам баласының тілегі, қалауы нәтижесінде пайда болатын түстерге талдау жасап, анықтама беріп өтеді.
Мәселен: «Көпшілік
жағдайларда түс тілектер
орындалуын сипаттау айқындығы соншалық, осы күнге дейін
оның тілі неге
түсініксіз
болғандығына
таң
қаласың.
Мысалы, қалауыма қарай
көре алатын түстерім. Егер мен ұйықтар алдында
шұжық не басқадай тұзды тамақ қабылдасам түнде
шөлден оянамын. Оянар
алдында мен үнемі мазмұны біркелкі
түс көремін. Түсімде мен су ішемін.
Суды мен бірден
жұтамын. Барлық шөлдеген адамдардағы
сияқты бұл мені
өте
қанағаттандырады.
Бұнымен мен шынында
шөлдеп тұрамын. Мұндай қайталанбалы
түстерге себеп - шөл.
Бұл күй су
ішу тілегінен болса,
түс тілекті орындалған қалпында
ұсынады. Түс осы
орайда төменде сипатталатын қызметті
атқарады. Менің ұйқым жақсы, егер мен
түсімде шынымен су
ішкендей болып шөлімді қандырсам,
оянбаймын, осылайша, бұл – ыңғайлы түс.
Түс шынайы өмірде жасалуы тиіс істі
орындайды» (57).
Бұл тұжырымға мен
толық келісе аламын.
Осы құбылысты авторлар
өз
шығармаларында
қолданып келеді.
Мәселен, жоғарыда айтып
өткеніміздей
Қартқожаның
түсін алып
қарайық. Қартқожаның шығармадағы түсі – шынай өмірде жасалуы,
орындалуы тиіс екенін
айқындап тұр. Қартқожа өмірінде осы мақсатты жүзеге
асыруға тиіс екенін көрсетіп тұр деп айтсақ,
қателеспеген болар едік.
Осы аталған
шығармадан біз психологиялық аспектілердің бір түрін
талдап кетеміз. Бұл аспекті – түс көру құбылысы.
Автор шығармаға Пахрадиннің түс көргенін
суреттейді. Бұл түс Пахрадиннің өткен дәуірі,
келмес уақытысы еді. Осы құбылысты автор жақсы суреттеп
кетті. Мәселен:
«Түс
көріп жатыр Пахраддин.
Ел іші
бұзылмаған баяғы кездер екен дейді. Көл
жағалай қонған өңшең ақ шағала үйлер. Ауыл іші құжынаған адам. Той ма,
мереке ме, әйтеуір бір қуанышты күн. Жұрттың бәрі Пахрадиннің аузына қарайды. Жұрттың бәрінің құрметтегені
– Пахраддин. Пахраддин билік
айтуға тиіс екен дейді. Сөйлеуге тиіс екен дейді. Тәйірі,
шаршы топ алдында сөйлеуден сірә, Пахраддин қашқан ба?
Бүгін әңгімені тіптен
әріден бастағысы кеп
жиылған дүйім қауымды
көзбен шолады. Бүгін әңгімені тіптен әріден
бастамақ. Мынау алаш ұранды халықтың ата-тегі жайлы сөз қозғамақ. Талай жыл шежіре
ақтарғаны содан емес пе?
Соңы көкірекке түйген
көкірегінде сайрап
бұлбұл оянғандай, ағарып таң атқандай.
Жағын ашса көмейден күмбірлеп сөз ақтарылардай,
оқыс бір шабыт үстінде
тамағын кенеп, халқына жүзін бұрып енді... енді
тіл шеше бергенде... Оянды да кетті» [3, 224]. Бұл Пахрадиннің
түсі. Автордың осы
түс ұғымы арқылы Пахрадиннің арманын ашып
көрсетіп тұрғандай. Осындай күйге ұшырап
отырған халқын жинап сөз
бастағысы, сөз айтқысы келгені оның орындалмай
кеткен армандарының бірі болар. Кезінде өзі ел басқарып
отырғанда халқы қалай өмір сүруші еді? Кедей
жастары бастаған
басшылардың істеп отырған ісі мынау. Елді тоздырып ақ
жіберді. Халықты
бір-біріне айдап салу бұл
саясат шығар. Осы саясаттың тереңінде бір ұғым
бар шығар. Пахрадин түсі шындыққа айналмасы белгілі.
Автор Пахрадиннің түс
көруін суреттеуі – тегін емес те шығар. Автор осы түс
ұғымы арқылы Пахрадиннің арманын көрсетіп тұрғандығы белгілі.
Атақты психолог З.Фрейдтің пайымдауынша түс көру
құбылысы, адам
баласының санасында
алдын-ала орындалған процесстер екендігін көрсетті. Бұл
армандау, жоспарлау ұғымдарымен тең қарастыруға
болады деген сөз.
Қорыта айтқанда, біз бұл мақалада көркем
шығармада кездесетін түстер әлемінен біраз хабар
беріп кеттік. Түстер де кейіпкердің сезімі
мен дүниетанымынан туған
психологиялық
аспектілердің бірі болатындығына көз
жеткізіп отырмыз.
Әдебиеттер:
1. «Психология». – Алматы: «Таймас»
баспа үйі, 2005. – Т.10. – 480 бет.
2. Аймауытұлы Ж.
Қартқожа. Роман. Алматы: Жазушы,
2004 – 186 бет.
3. Елубай С. «Ақ боз үй»: Роман. – Алматы: «Жазушы», 2011.
– 376 бет.
4.
Майтанов Б. Қазақ романы және
психологиялық талдау. Оқу құралы.– Алматы, «Санат», 1996. – 336
бет.
5.
Байтұрсынов
А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер.
(Құрастырған – Шәріпов Ә., Дәуітов С.) –
Алматы: «Жазушы», 1989. –320 бет.
6. Пірәлиева Г. Қазіргі қазақ прозасындағы
психологизм мәселелері –
диссертация. Алматы, 2006 – 240
бет.
Сабаева Гульбаршын
«Сон в
художественной литературе»
Мы
говорим в этой
статье о психологические аспекты. Сон –
изображает внутренний мир
человека. Мы рассматриваем в статье сон
в художественной литературе.
Sabaeva Gulbarshyn
«Dream in artistic literature»
We
say this article about the
psychological aspects. Dream - depicts the inner world of character. We view
the article in the sleep literature.