Филологические науки/ 1.Методика  преподавания языка и литературы

Қазақ тілі мен әдебиеті магистрі, аға оқытушы  Шошақова Ж.Қ.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

 

БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ  МӘНІ

 

           Білімді беруді дамыту индустриясын компьютер және байланыс құралдарының көмегімен дамыту, ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде ақпараттық-білім беру қорын жасақтау.Ақпарат адамзаттың ең маңызды қоры ретінде ерекше қасиетке ие - қолданысқа түскен сайын арта береді. Ақпараттық ресурстардың таусылмайтындығы әлем қызығушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

        XX ғасырдың соңында өндірістік дамыған елдерде аңпаратты сақтау, өңдеу, тасымалдауға кететін шығын энергетикаға кететін шығыннан асып түсуде.

       Ақпаратқа деген сұраныстың өсуі ақпарат беретін жаңа тех-нологиялардың, электрондық құралдардың пайда болуына себепші болды. Электрондың құралдар ішінде дәстүрлі құрал  қағаз, пленка да бар.

          Білім беруді ақпараттандыру - ақпараттарды, оны жеткізу құралдарын, технологияларын оқыту мен тәрбие процесіне енгізу арқылы педагогикалық процестерді жаңартуда бағытталған шаралар жүйесі.

          Білім беруді ақпараттандырудың теориялық негізі - информатика, кибернетика, дидактика. Информатика - ақпаратты табиғатта, қоғамда, техникада өндіру, өңдеу, сақтау және тарату әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы.

          Ақпарат беретін технологиялар білім саласына еніп, дидактикалық процесті оқушы ақпаратты алып, меңгеріп, қолданатын процесс деп түсіну керек болып отыр.

          Оқушының білім алуы - ақпаратпен жұмыс десек, оны қатаң түрде басқаруға болады. Сондықтан білімді ақпараттандыру компьютермен, электрондық құралдармен жұмыс істеумен шектелмейді. Оқытуға ақпараттар тұрғысынан қарау педагогика алдына көптеген мәселелер қойып отыр. Білімді балаға қандай формада беру керек? Ақпараттың технологияға негізделіп жасалған білім беру формасы - мәтінді блоктарға бөлу, тезаурус (сөздік), фрейм (В.Ф. Шаталовтың тірек сызбасы), үғымдар кестесі, гипермәтін, т.б.

            Қазір оқушының оқу-танымдық қызметін, білім алу, оқыту әдістерін жетілдіру қажеттігі сезілуде.

    "Визуальдық білім" термині пайда болып, бейне, модель, шартты белгілердің үлес салмағы оқытуда көбейіп, үйреншікті мәтіндер ығыстырылуда. Адам шартты белгілермен жұмыс істей білу керек. Осыған байланысты жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті деген сұрақ туады. Ақпараттық мәдениет дегеніміз -ақпарат теориясы саласынан білімінің болуы және аңпараттармен жұмыс істей білу. XX ғасырдың екінші жартысында педагогикада "медиабілім" бағыты қалыптасты. Ол оқушылардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп үйренуін зерттейді. Басты міндеттері: оқушыларды қоғамдағы аңпараттық өмірге әзірлеу, әртүрлі ақпараттарды қолдануға, ақпараттық технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету. Дамыған елдерде ол үшін арнайы пәндер оқылады. Мазмұны: қарым-қатынас, байланыс туралы үғым, белгілер жүйесі, ақпаратты көрсету, көпшілік қолданатын байланыс құралдары, компьютерлік сауаттылық, ақпарат беретін жаңа технологияларды меңгеру, компьютер және басқа электрондық; құралдар көмегімен ақпарат ала білуге дағдыландырып, қарапайым бағдарламалар жасауға үйрету.

         Ақпарат беретін технологиялар оқу процесіне енуіне байланысты оқыту әдістеріне, түрлеріне, мазмұнына өзгеріс енеді. Электрондық құралдармен жұмыс істеп, оқыта алатын мұғалімдерді даярлау міндеті тұр. Мектеп және жоғары оқу орнын бітірушінің моделіндегі басты бөліктердің бірі - ақпараттық мәдениет. Ақпарат беретін жаңа технологиялар үш бөліктен тұрады: техникалық құралдар, бағдарламалар, білім алуға керекті құралдар. Техникалық құралдар: компьютер, принтер, модем, сканер, теле және бейне аппараттар, ақпаратты бір формадан екіншіге өзгертетін құралдар. Технологияның екіншісі - компьютердегі жұмысты басқаратын бағдарламалар. Үшінші - оқу құралдары. Бағдарламаның ерекше тобы оқытатын бағдарламалар, жүйелер. Олар арқылы мәліметтер банкісі, гипермәтіндер жүйесі жинақталды. Оқытатын жүйенің кең таралғандары: іскерлік пен дағдыға жаттықтыру, білімді қалыптастыратындар, проблемалық оқыту, модельдеу, дидактикалық ойындар.

        Күрделі бағдарлама: интеллектуалдық оқыту жүйелері.

Ерекшелігі: оқушыларды диагностикалап, модель жасап, соған сай білім алатын жеке бағдарлама беруі.

              Сонымен білімді ақпараттандыру дидактикалық процестің мәнді жағы — мұғалім мен оқушы іс-әрекетін өзгертуде. Оқушы алуан түрлі, өте көп ақпараттармен жұмыс істеп, оларды біріктіріп, оны автоматты түрде меңгеріп, процестерді модельдейді, оқу іс-әрекетін өз бетімен жасайды.

Дамыған елдерде ақпаратқа тәуелділіктің артуы және ақпаратты өңдеу, тасымалдау құралдарын пайдалану тиімділігі, даму деңгейі 80-жылдардың соңында жаңа " ұлттың ақпараттық қор" үғымының пайда болуына әкелді.

Ақпараттық қор дегеніміз - түрлі құжат түрінде берілген ғылыми-техникалық ақпарат болып табылады. Ақпараттық қор интеллектуалдық қордың бір бөлігі.

         Ақпараттық қор: Адамзаттың білімін ұжымдық, көпшілік түрге айналдырады және көпшілік шығармашылықтың факторы болып табылады. Тұлғалық білім қазіргі кезде адамның интеллектуалдық қарым-қатынасы негізінде ақпараттан туындайды және субъективтік категория болып табылады.

        Ақпараттық қорды игеру процесі тиімді және білімді орталықтандыру негізі болып табылады.

        Ақпараттық  қор - қоғам қызметінің жаңа функционалдық категориясы және маңызды компоненті.

        Ақпараттық сауаттылық - қоғамды ақпараттандырудың, ақпараттық қоғамда өмір сүруге жаңа ұрпақты даярлаудың алғышарты мен маңызды факторы болып табылады.

           Ақпарат - ең жоғары құндылық, ал адамдардың ақпараттық сауаттылығы - олардың еңбек әрекеттілігін анықтайтын фактор. Бұл қоғамда білім беру жүйесіне талаптар өзгереді, білім берудің статусы көтеріледі.

         Білім беру стандарттарындағы информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

                                            АКТ оқыту мақсаты

  бағдарламалау дағдыларын дамыту;

  мәтіндік редактор, электрондық кесте басқа да тәжірибелік қосымшаларды пайдалануға үйрету;

  желіден, СВ-КОМ-нан ақпарат іздеуге үйрету, т.б.;

  желі көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету.

 

                                 Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Б.А.Әлмұхамбетова, М. А. Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың қолданылуы»

2. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ

3.Информатика мұғалiмiнiң мамандығына қойылатын талаптар. Алматы,1998ж.