Филологические
науки/ 1.Методика преподавания языка и литературы
Қазақ
тілі мен әдебиеті магистрі, аға оқытушы Есенғазина
Б.Б.,
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
КОМПЬЮТЕРЛІК
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі қазақстандық қала мектептерінің
көпшілігінде дерлік компьютерлік сыныптар, кабинеттер
жабдықталған. Ал кейбір мектептерде мультимедиялық кабинеттер
білім сапасын кетеруге үлес қосып келеді. Өзге тілді мектептерде
қазақ тілін оқытуда осы даму деңгейін
мүмкіндігінше молырақ қолданылу барысын қарастыра келе,
қолдан келетін әдістердің тиімділік қол жеткізу
үшін жеткілікті екенін байқадық. Соның бір мысалы
ретінде компьютердің көптеген мүмкіншіліктерінің
кейбірін сипаттай отырып, сабақта қолдану жолдарын қарастырып
өтейік.
Компьютердің үлкен әрі кең
мүмкіншіліктерінің бірі — ИНТЕРНЕТ жүйесі екені белгілі. Таяу
арада қазақстандық мектептерді компьютерлендірудің
жаңа деңгейінде жүзеге асырылатын бір түрі —
қаламен бірге ауыл мектептерінде тұтастай дерлік интренет
жүйесіне қосу деп күтіп отыр. Осы мақсаттың
орындалуы білім беру ісін өзінен-өзі сапалы дәрежеге
көтермейтіні белгілі. Ол үшін пәндерді оқыту
әдістемесін сол компьютерлік интернет жүйесіне қосудың
амалын қарастыруымыз керектігі белгілі.
Мектептегі оқу пәндерін оқытуды сапалы дәрежеге
көтеруге мүкіндігі мол деп отырған интернеттегі
бағдарламалардың қоры туралы айтатын болсақ, ол
бағдарламаларды оқыту процесіне қосып алудың кейбір
жолдары ғана белгілі екенін компьютерді оқыту процесінде
қолдануды зерттеген ғалымдар атап көрсетеді.
Жалпы, ингренетті қазақ тілін оқытуда қолдану
жолдарын зерттеу — болашақтағы үлкен міндетіміз десек те, осы
мәселені мақсаты мен міндеттері туралы қысқаша
таңдап өткіміз келеді. Қазақ тілін өзге тілді
аудиторияда оқытуда интернет жүйесін қолданудың тамаша
үлгісі деп Қ.Қ.Қадашева, Э.Д.Сүлейменованың
интернетке қосылған қазақ тілін үйрету
бағдарламасын айтуға болады. Сонымен бірге
Л.Құрышжанованың еңбегі де осы мақсатқа
лайықталған үлкен жетістіктердің бірі болып табылады.
Орыс тілін компьютер арқылы оқыту мәселелерін зерттеген
ресейлік және қазақстандық әдіскерлердің
еңбектері де осы бағытта яғни тілді оқыту
бағытындағы құнды қорға енетін зерттеулер
болмақ.
Интернет жүйесін қолданудың дидактикалық
мақсатын мынадай түрде белгілеуге болады деп ойлаймыз:
- қазақ тілін қазіргі кезде мемлекеттік тіл ретінде
оқыту ісін дамыту үшін қазақстандық барлық
мектептерге озық және тиімділігі үлкен әдістемелік
тәжірибелерді таратудың оңай әрі тез жолын
ұстану;
- қазақ тілін болашақта
халықаралық тіл ретінде оқыту ісіне алғашқы
іргетастары қалау мүмкіншілігін қолға алу;
- қазақ тілін ана тілі және екінші тіл, шетел тілі
ретінде оқыту әдістемелерінің орталықтанған
жүйесін жасауға жол салу.
Интернет жүйесін қолданудың нақты әдістемелік
мақсатын мынадай түрде белгілеуге болады деп ойлаймыз:
- қазақ тілін тиімділікпен оқыту әдістемесі
берілген үлгілі және озық бағдарламаларды тарату
және интернет арқылы таныстыру мүмкіншілігін пайдалану;
- қазақ тілін өзге тілді аудиторияда сапалы оқыту
үшін әдіскер-ғалымдар мен мектеп
мұғалімдерінің ынтымақтастығын құру
және нығайту мүмкіншілігін қолдану;
- қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқыту
әдістемесін педагогикалық эксперименттен өткізу алаңын
кеңейту мүкіншілігін пайдалану;
- қазақстандық мектептерде барлық
пәндердің интернет жүйесін пайдалану әдістерін
кеңейтуге көмектесу.
Біздің көзқарасымыз бойынша, интернетте қазақ
тілін оқытуда пайдалануда тек оқу-бақылау
бағдарламалары ғана сөз болмайды. Сонымен бірге түрлі
жарнамалық қызметті де осы мақсатқа лайықтап
пайдалану жүргізіледі. Мысалы, егер қазақ тілін сапалы
және тиімді оқыту мәселелері туралы жарық көрген
ғылыми-әдістемелік еңбек пайда болса, онда оны интернет
арқылы кең түрде таныстырудың өзі
қазақ тілін оқыту әдістемесіне тигізілген көмек
болар еді.
Сонымен бірге интернет арқылы қазақ тілі өз бетімен
үйренушілер мен үйретушілер арасындағы хат жазысу ісі
қалыптасып, соның нәтижесінде қазақ тілін
оқыту әдістемелік нұсқаулары мен құралдары
таратылады. Мұндай қызмет көрсету де интернет
жүйесінің бір мүмкіншілігі деп бағаланады.
Интернеттің дидактикалық мүмкіншіліктері, әсіресе,
электорндық пошта арқылы кеңейе түседі.
Электорндық пошта арқылы түрлі мәлімет алу,
ақпарат алмасулар жүріп жатады. Осы қызметті
қазақ тілін тиімді оқыту ісінде жоспарланған
түрде пайдалану арқылы үлкен жетістіктерге қол
жеткізуге болатыны анық. Интернет арқылы қазақ тілін
оқыту ісін ұйымдастыруда оның мынадай мүмкіншіліктері
осы істі жандандыра түседі әрі өте үлкен дәрежедегі
тиімділікке алып келеді деп үміттенеміз, олар:
- қазақ тілін оқыту материалдарын ақпарат
түрінде жібергенде мәтін, суреттер, дыбыс, анимациялар сияқты
интернеттің мүмкіншіліктері адамның сезім мүшелеріне
толық дерліктей әсер етіп қабылданатындай тиімді жолдары бар;
- сондай жан-жақты ақпаратты алыс қашықтықтарға
жіберу мүмкіндігі болады;
- провайдердің сол алынған ақпаратты сақтау
және кей дәрежедегі өңдеулер жүргізу
мүмкіндігі болады т.б.
Қазақ тілі туралы грамматикалық анықтағыштар,
қазақ тілінің дыбыстық және лексикологиялық
жүйесі туралы материалдар, қазақ тілінің тарихы туралы
материалдар, кейбір қысқаша сөздіктер интернетке
орналастырылуы үшін осы жобаны қолға алатын автор немесе
ұйымның біраз көретін қиындықтары да болады.
Осындай үлкен істі ұйымдастыратын болсақ, онда
қазақ тілі теориясы мен әдістемесінің электрондық
кітапханасын жасауға да болар еді деп ойлаймыз. Өйткені,
қазақ тілінен оқу жоспарларында берілетін білім
мазмұнын кеңейте отырып электрондық кітапханаға
енгізетін болсақ, онда көптеген қиын мәселелер шешіліп
те қалар еді. Интернеттің қарыштап дамуын күтіп
отырған осы кезенде, біздің ойымызша, қазақ тілін
оқыту ісіне қосып жіберетін әдістемелер жасауды осы кезден
бастап қолға ала білу керек. Соның бірі, әрине,
электрондық кітапхана жасау. Сол электрондық кітапхананың
негізін құрасақ, онда ол уақыт өте келе
құнды мұраға айналатын үлкен іс болып табылар
еді.
Қазақ тілін оқытуда интернетті пайдаланудың бір
жолы - интерактив қызметті қолдану болып келеді. Мектептерде
интернетті пайдалануға бөлінген сағаттардың біраз
бөлшегін қазақ тілін оқыту ісіне арнайтын болсақ,
онда оқушылардың басқа ел балаларымен диалог
құруын да қамтамасыз ету керек. (Бірақ бұл жерде
оқушылардың ағылшын немесе орыс тілдерін білуі мәселесі
— басқа мәселе екенін атап кетеміз).
Интернет жүйесін қазақ тілін оқытуда пайдаланудың
жемістілігін мынадай модель негізінде анық керсетуге болады.
Қазақ тілін өзге тілді
аудиторияда оқыту барысында интернетті пайдалану арқылы қол
жеткізілетін кейбір нәтижелер
|
Не ұнамсыз? Қазақ тілін оқытуға байланысты баспа
түріндегі оқу және әдістемелік құралдар. Қазақ тілін оқытуға байланысты электрон дық
оқу және әдістемелік құралдар. Қазақ тілін оқытуға байланысты электрондық
кітапханалар. Жалпы педа-гогикалық және
педагоги-калық-психологиялық мате-риалдар (тест,
жаттығулар, сұрақтар т.б.) |
Интернеттің мүмкіншілігі қандай? Интернет жүйесі бұл құралдарды жарнама
ретіңде көпшілікпен таныстыра алады. Ұсынылып отырған
құралдың фрагменттерін сурет, мәтін, сызбалар мен
кестелерді демонстрациялайды. Интернет жүйесі бұл құралдарды жарнама ретінде
көпшілікпен таныстыра алады. Ұсынылып отырған
құралдың фрагменттерін сурет, мәтін, сызбалар мен
кестелерді демонстрациялайды. Электрондық кітапханалардың кейбірін ақылы түрде
пайдалануға болады. Мұғалімдер мен оқушыларға
анықтағыштық қызмет атқара алады. Тест
арқылы оқушылар өз бетімен өз білімдерін тексеріп,
бағалай алатын болады. Жаттығулар мен тапсырмаларды өз бетімен орындау арқылы
ізденім қабілеттері дамиды. |
Қазақ тілін оқыта отырып, сол сабақта интернет
арқылы шетелдермен байланыс құрғызу және
оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін ету
арқылы баланың оқу-танымдық қызметінің
қаншалықты қарқындай түскенін қарапайым
сөзбен түсіндіру қиын болар еді.
Ойымызды жинақтай келгенде, қазақ тілін оқытуда
компьютерді қолданудың өзекті тұсы – интернетті
сабаққа алып келу деп ойлаймыз. Осы үлкен
мәселенің жан-жақты ерекшеліктерін әлі де терең
тани, талдай түсу керек.
Әдебиет
1. М.
Ғалымжанова «Оқу –тәрби үрдісінде
ақпараттық –коммуникациялық технологияны қолдану
қажеттілігі» «Информатика
негіздері » №3-2006 жыл
2.Б.Бекқалиева
«Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
арқылы білім беру деңгейін көтеру» «Информатика негіздері»
журналы №3-2008 жыл
3.Б.А.Әлмұхамбетова,
М. А. Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің
біліктілігін арттыруда ақпараттық –коммуникациялық
технологиялардың қолданылуы» Информатика негіздері №2-2008 жыл
4.
М. А. Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық
–коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру
бағыттары»
5. Н.Ә.
Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » (Ел
президентінің халыққа жолдауы) 2007 ж.
6. Ж.
Садыбекова Оқу – тәрбие
үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны
қолдану қажеттілігі « Информатика негіздері » 2008 ж.-№ 4