Абдрахманова Жазира Әсембекқызы
Әл‑Фараби атындағы ҚазҰУ‑дің
доценті, Қазақстан
Қазақстандағы мультилингвизм: тіл
саясаты және мемлекеттік тілді жаңғырту мәселесі
Елбасы Н. Назарбаев өзінің биылғы халыққа
Жодауында «Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа
түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте
сақтаған жөн... Бүкіл әлемде бірдей
қабылданған терминдер бар. Олар кез келген тілді байытады» деп
айтты.
Жаһандану мен интеграция заманындағы бүгінгі өркениеттің
аса бағалы көп сипаттарының ішінде
Қазақстанның басқа мемлекеттермен тығыз
байланыста болуы, сол себепті мемлекеттік қазақ тілімен қоса
көп тілді жеткілікті дәрежеде меңгеру және білім мен
ғылымның барлық саласында білікті болу біздің
жаңарған қоғамымыздың көрсеткіші екендігі
белгілі.
Бүгінгі күні «үштұғырлы
тіл» идеясына зиялы қауым ерекше назар аударып отыр.
Бұл әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің
қатарына кіру мақсатынан туындап отырған сын екендігін
әркім айқын сезінеді, мемлекеттік тіліміздің қолданысын
ығыстырмайды деген сеніммен қарайды.
Егемен еліміздің болашақ бағдарының
ұштұғырлы тілдер саясатын негізге алып отырғаны –
бүгінгі ақпараттық қоғамның және
қашанда өз өктемдігін жүргізетін уақыт пен
заманның талабы. Себебі тарих бір орында тұрмайды, әлем
жұртшылығының алдында тарихи қажеттіліктен
туындаған, айналып өтіп кетуге болмайтын үлкен бір сын
тұр. Ол - «жаһандану», «жаһандасу», «ғаламдастыру» деп
түрліше аталып жүрген «глобализация» атты бүкіл әлемде
бастау алып жатқан санаспауға болмайтын ғаламдық
қозғалыс. «Жаһандану жағдайында мемлекеттік тіл, орыс,
ағылшын тілдерінен тұратын үштілділікті дамытудың
қажеттілігі айдан анық» [1, 4 б.].
Қазіргі таңда мультилингвизм әлеуметтік мәдени
феномен болып табылады, өйткені жер шарының 75%-на жуық
тұрғыны екі немесе одан көп тілдерді меңгерген
(мультилингвизм, полилингвизм, көптілділік). Жер шарының
төрттен біріне жуығы өз территориясында ресми екі тілді
заңды деп таныса, басқа бірнеше мемлекет екі немесе одан көп
тілдерді заңды деп мойындаған (өйткені қосымша
өмір сүретін тілдердің саны кей мемлекеттерде өте
көп екен).
Әлеуметтік мәдени феномен ретіндегі мультилингвизмнің
өзектілігі жаһандану дәуіріндегі адамзат өмірінің
қажетті шарты болды,
өйткені жаһандану өзінің элементі ретінде
түрлі әлеуметтік мәдениеттердің материалды және
рухани компоненттерінің өзара сіңісуіне әкеледі.
Сондықтан бөтен мәдениетті игерудің маңызды шарты
ең алдымен оның тілін меңгеру болып табылады.
Мультилингвизм (көптілділік, полилингвизм) – нақтылы
коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш немесе одан да көп
тілде сөйлей білушілік[2,332
б.]. Бұл тек
қана бірнеше тілде сөйлеу мүмкіндігі ғана емес, сонымен
қатар бірнеше өркениеттің мәдени
құндылықтарын бойына сіңірудің және ашық қарым-қатынас
жасаудың ерекше түрі.
Мультилингвизмнің екі мағынасы бар:
1)
белгілі бір әлеуметтік қоғамда бірнеше тілді меңгеруі;
2)
жеке тұлғаның (бір топ адамдардың) нақты
коммуникативтік жағдайға сәйкес өздері бірнеше тілді
таңдауы.
Сонымен, мультилингвизм деп қоғамдағы әртүрлі
тілдердің таралуы және жеке
тұлғалардың бір-бірімен бірнеше тілдік
құралдар арқылы қатынасқа түсуін айтамыз.
Бүгінгі таңда Еуропалық Одаққа мүше
елдердің тілдік саясаты
интеграциялық үрдісте тілдерді меңгерудің аса
маңызды екендігін алға тартып отыр. Қазір Еуропалық Одаққа 27 ел
кіреді, соның ішінде 23 ресми тіл
тең құқылы қолданылады. 2007 жылдың
1қаңтарында Еуро Одақтың мультилингвизм бойынша
комиссары қызметі құрылып, оған Румыниялық
Леонард Орбан тағайындалды.
Бұл салада Еуро
Одақтың «Өмір бойы оқу» атты білім бағдарламасы
іске қосылды. Бюджеті жеті миллион евроны құрайтын бұл
бағдарлама еуропалық білім
жобаларының ішіндегі ең ірісі болып отыр. Оның іске асу
мерзімі 2007-2013 жылдар аралығы. Жоба
мектеп оқушылары мен оқытушыларын Еуропа кеңістігінде алмастырып оқыту
бағдарламасын жүзеге асырады. Мұнда балалар бақшасы,
орта, жоғары оқу орындары, қарттарды оқыту
көзделген.
Еуропаның білім беру жүйесін әлемдегі ең
мықты деңгейге көтеру үшін 5 негізгі ұстанымды айқындады:
1.
ЕО
азаматтары өз ана тілінен
бөлек, тағы бір тілде сөйлеуі қажет;
2.
Барлық
тілдер тең құқылы болуы керек;
3.
Әр
ЕОмүшесі ортақ тілде сөйлесе алуы тиіс;
4.
ЕО
елдерінде қарым-қатынас жасау үшін нақты бір тіл
айқындалып, бекітілуі керек;
5.
ЕО
азаматтары өз ана тілдерінен бөлек тағы екі тілде
сөйлеуі қажет.
Осы бес ұстаным ЕО негізгі тілдік бағытын көрсетеді.
Бұл біріншіден, шет тілін меңгеру басқа еуропалық
мәдениет өкілін жақсы түсіну үшін жасалса;
екіншіден, қоғамда төзімсіздіктен, ксенофобиялықтан және
нәсілшілдіктен арылуға себебін тигізеді.
Мәдениеттанушы ғалым Джаред Даймондтың «Science»
журналында Папуада – Жаңа Гвинеяда аборигендердің бес тілде,
кейбіреулері тіпті он бес тілде еркін сөлейтіндігін жаза келе, дәстүрлі
қауымдастықтарда мультилингвизм ерекшелік емес ереже екендігін
айтқан. Ал, балалардың
көптілді болуы когнитивті қабілеттіліктерін дамыту үшін
қосымша мүмкіндік беретіндігін, қариялардың
көптілді болуы ХХІ ғасыр дерті Альцгеймер синдромынан
қорғайтындығын дәлелдеген.
Қазақстан да
көптілді болып табылады, өйткені мұнда 130
ұлтөкілі өмір сүреді.Бүгінде республикадағы
этностардың мәдениеттері, тілдері дәстүрлерінің
дамуына қажетті жағдайлар жасалған. Этномәдени
бірлестіктердің саны тұрақты өсіп, қазір
олардың саны 800-ден асады. Оның ішіндегі 28-і республикалық
дәрежеге ие. Статистикаға көз жүгірсек, осы
күндері 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарлама мен 7 тілде
телебағдарлама тарайды. Ал білім беру саласында өзбек, тәжік,
ұйғыр, және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп
бар. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде
жүргізілуде. Сондай-ақ, балалардан басқа үлкендер де 30
этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім
беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер
ашылған. Қазақ және орыс театрларын
қоспағанда, елімізде тағы төрт ұлттық –
өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары
жұмыс істеп келеді. Жыл сайын Қазақстан этностарының
тілдерінде бірнеше ондаған кітаптар жарық көреді [3].
Елбасының Қазақстан халқына 2007 жылғы
Жолдауында үш тілдің орны мен мәртебесі анық
көрсетіліп, атқарар қызметі айқын бөлінген:
«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын
кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын.
Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді
пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар:
қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық
қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық
экономикаға ойдағыдай кірігу тілі [4,7-10] деп мемлекеттің тілдік саясатының маңыздылығын көрсеткен
болатын.
Бұл жөнінде ғалым Н.Уәлиұлы: «...Ең
алдымен, мемлекеттік тілдің үш тағаны (басқару,
ақпарат, ғылым-білім саласындағы қызметі)
түгелденуге тиіс. Үштұғырлы тіл формуласында ең
бірінші осы мәселе шешімін табуы қажет және мемлекеттік тіл
жоғары деңгейде болғаны абзал. Өйткені
қазақ тілі мемлекет құрушы этностың тілі,
мемлекеттің бірден-бір тірегі деп күллі Қазақстан
жұртшылығы мойындағандықтан, Ата Заңымызда
конституциялық мәртебе алды. Сондықтан оның
тағдыры жөнінде жауапкершілікті, әлемдік
қауымдастықтың алдында, ең алдымен мемлекет өз
мойнына алуы тиіс», - деп атап көрсетеді [5, 4 б.].
Ал, профессор Б.Қасым
әлемдік білім кеңістігіне енудің жолдары ретінде мынаны атап
көрсетеді: «Қазақ тілін үштілділіктің
көлеңкесінде (ағылшын, орыс) қалмайтындай, еңбек
нарығында мемлекеттік тілді білуді талап етуді бірінші орынға
қою, елімізде қазір керісінше, ағылшын тілін білуді талап
етуде, ғаламдану үрдісінде ол да дұрыс шығар,
бірақ бәсекелестікке төтеп бере алатын
қоғамның мүддесі мен мақсатына қызмет
ететін қазақ тілін сол деңгейге жеткізу, барлық білім
беру жүйесінде мемлекеттік тілді оқытуды саннан сапаға
көшіріп, оқулықтардағы олқылықтарды орнына
келтіріп, білімді де білікті мамандармен қамтамасыз ету, біліктілігін
арттыру» [6, 32 б.].
АҚШ-тың Сиетла университетінің Орта Азия мен
Қазақстанды зерттеу орталығының басшысы Уильям
Фиерманға осы мәселеге байланысты сұрағанда, ол: «Менің ойымша осы саясат өте
дұрыс және мемлекеттің дамуына үлкен пайдасын тигізбек.
Алайда үш тілдің деңгейінің бірегейлігі туралы айту
әлі ерте сияқты, себбебі сіздерде әлі де болса орыс тілі басымырық. Менің ойымша
біріншіден қазақ
тілінің деңгейін
жоғарлату маңызды, әсіресе қалалық
жерлерде, өйткені ауылдық жерлерде қай уақытта болмасын
қазақ тілінің деңгейі басым болған» деп өз
көзқарасын білдірген.
Президентіміз Н.Назарбаевтің
биылғы
«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында:«Қазақстанның болашағы –
қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай
өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген
ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай
тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты
құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін
үстем ете түседі. Тәуелсіздігін алған тұста
еліміздегі қазақтың саны 6,8 миллион немесе 41% болса,
қазір 11 миллионға жетіп, 65 %-дан асты. Қазақтың
саны 4 миллионға артты.
Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге
ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы
мәртебесіне лайық орнын иеленер еді. Қазақ тілі туралы
айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт
қалады.
Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім
өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс.
Тағы да қайталап айтайын: қазақ
қазақпен қазақша сөйлессін.
Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың
жаппай қолданыс тілінеайналады» дей келе, «Мен 2050 жылғы қазақстандықтар –
үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың
қоғамы екеніне толық сенімдімін.
Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар
жаңа білім меңгеруге құштар. Олар
еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары» дегенді
айтты[7].
Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, бүгінгі
таңда ағылшын тілін
пайдалану қажеттілігі туып отырғандығы, онсыз
халықаралық қарым-қатынас, жаңа технологияларды
меңгеру мүмкін еместігіне көз жеткіздік.
Көптілді болу – уақыт талабы. Тіл арқылы өсіп келе
жатқан ұрпақты әмбебап, жаһандық
құндылықтарға қосу, әлемдік кеңістік
пен көршілес мәдениеттер өкілдерімен
қарым-қатынас жасап, сөйлесе білу дағдыларын
қалыптастыруға болады. Оқу пәндерін екі немесе одан да
көп тілдерде аудармасыз оқытуға, жас
ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол
ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп
өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі
күнгі ең жоғары қажеттілік ретіндегі көптілді
білім берудің маңызы айқындалды.
Еліміздің әлемнің дамыған елу мемлекеті
қатарынан орын алуы үшін бәсекеге қабілетті,
жан-жақты дамыған жас ұрпақты қалыптастыру
мәселесі алға шығып отыр. Өйткені, тек бәсекеге
қабілетті азаматтар ғана Отанымыздың тұрақты дамуына,
бәсекеге қабілеттілігіне өз үлесін қоса алады.
Көптілділік адамдар арасындағы келісім мен өзара
түсінушілікті шешуге көмектеседі.
Адамның көп тіл білген сайын соғұрлым
мүмкіндіктері арта түсетіндігіне, әлем кеңістігіне жол
ашатындығына, ғаламтор, ақпараттық технология саласын
жетік меңгеретіндігіне сенімдіміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Хасанұлы Б.Ағылшыншаны тым ерте тықпаламайық // Ана
тілі.- №9. – 28 ақпан, 2008. – 4 б.
2. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме
сөздігі — Алматы. "Сөздік-Словарь", 2005.
3. BNews.kz «www.bnews.kz» сайты.
4. Қазақстан
Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы // Ана тілі. – 2007. – № 7 (896). -
1, 7-10 Б
5.
Уәлиұлы Н. Орыс тілінің тұрманы түгел // Ана
тілі.- № 9. – 28 ақпан, 2008. –4-б.
6. Қасым
Б. Мемлекеттік тілді кәсіби мамандыққа бағыттап
оқытудың өзекті мәселелері // «Мемлекеттік тілді
жетілдірудің өзекті мәселелері» атты Республикалық
ғылыми-әдістемелік конференцияның материалдары (22-23
сәуір 2004 ж). – Абай ат.ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология
ғылымдары сериясы№4(10).–7-9б.