Филологические науки/ 3.Теоретические и методологические проблемы исследования языка
Қазақ тілі мен әдебиеті магистрі,
аға оқытушы Шошақова
Ж.Қ.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қ.Жұмаділовтің
«Дарабоз» романындағы мақал – мәтелдер қолданысы
Тіл өз халқының мәдениетін,
өркениетін, әлеуметтік құрылысын, дүниетанымын
бейнелеп қоймай, келер ұрпақты қалыптастыруда
маңызды және шешуші рөл атқарады.
Тілдің осы паремиологиялық қорында ұлттың
мұң-мұқтажы мен тұрмыстық жағдайлары
көрініс табады. Себебі, мақал-мәтелдер халықтың
рухани өмірімен, өткен тарихымен тығыз байланысты және
мақал-мәтелсіз тілдегі ұлттық нақышты,
дүниенің тілдік бейнесінің ұлттық ерекшелігін
толық сипаттау мүмкін емес.
Бүгінгі күнде халықтың алтын тұғыры,
рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің жалаң
түрдегі лингвистика ғылымының зерттеу ауқымы
кеңейіп, өркені өсіп отыр. Оған себеп: тілдің
өз бойында бүкіл тарихты, төл мәдениетті,
ұлттық таным мен талғамды, мінез бен көзқарасты,
сана мен салтты, дәстүр мен даналықты, сенім мен нанымды
сақтап, берік тұтуында. Басқаша айтқанда, әр тіл
- өз ұлтының бойтұмары іспетті тұнып
тұрған қасиетін белгілейтін таңбалық жүйе.
Осымен байланысты тілдік жүйенің құрылымдық
бірліктері тек дәстүрлі лингвистиканың ғана емес, этнолингвистика,
социолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, когнитивтік
лингвистика т.б. ғылым салаларының зерттеу нысанасына айналып отыр.
Сондықтан да қазіргі тіл білімінің антропоцентристік
бағытына сәйкес, ол - әр халықтың ұлы
мұрасы, ұлттық тарихи жетістігі. Тілдегі
мақал-мәтелдер - мәдениетті тану кілті, рухани және
материалдық мәдениеттің қалыптасуына қатысатын
үлкен күш, мәдени ескерткіш, ұлт өмірінің
айнасы. Ол мәдениеттің жалпы сипатын анықтайды, негізгі
ақпаратты жинайды, сақтайды және жеткізеді. Осыған сай
тіл әрбір этностың мәдениетінің өзгешелігін,
екінші жағынан, тіл шеңберінде мәдениеттің
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын
қамтамасыз етеді. Тіл, сонын ішінде мақал-мәтелдер,
қазіргі, келер ұрпақты үлкен бір тарихи арнаға,
бүтіндікке байланыстырады.
Белгілі ғалым Ә.Қайдар мақал-мәтел туралы
былай дейді: «Қазақ мақал-мәтелдерінің
халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын танып
білуде дүниетанымдық, логикалық, этнолингвистикалық
жағынан мәні өте зор. Себебі, дүниеде,
қоғамда, табиғатта қалыптасқан
құбылыстардың бәріне
мақал-мәтелдердің қатысы бар. Дүние
болмысының өзінде о бастан-ақ қалыптасқан
табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды
үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен
мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда ғана
көрінеді» [1,264]. Сондықтан академик Ә.Қайдар оларды
шартты түрде «Адам», «Қоғам» және «Табиғат» деп
атауды ұсынады. Былай үш салаға бөліп
қараудың ұстанған принципі – барлық
құбылысты түгел қамту дегендік деп түсінеміз.
Мақал-мәтелдің табиғатына тән ерекшеліктердің
қатарына, ең алдымен, олардың жанр түрінде іштей
жіктелуін, өмір-тіршілігіміздің сан-саласын қамтитын
көп тақырыптылығын жатқызуға болады.
Сондай-ақ, мақал-мәтелдер өзінің
өте көнелігімен де, ғасырлар асып, бізге жеткен өзіндік
дәстүрімен де ерекшеленетін, ой мен тілдің өзара
түйісуі негізінде дүниеге келіп, жанр,
қалыптасқан құбылыс ретінде де назар аударады. Осы
ерекшеліктеріне байланысты мақал-мәтелдер ауыз
әдебиетінің әрі көркем сөз өрнегі,
үлгісі, көркем мәтіннің
тілі ретінде лингвистиканың
зерттеу объектісі бола алады. Өйткені мақал-мәтел
табиғаты халқымыздың барша болмысымен қат-қабат
астарласып жатыр, мақал-мәтел
жасаудың принциптері мен мотивтік негіздері ұлттық
менталитетке, ежелден қалыптасқан салт-дәстүрге,
дүниетанымға, болмыстағы заттар мен құбылыстарды
абстракция, салыстыру, ұқсату, теңеу,
қарама-қарсы қою т.б. тәсілдер арқылы
танып-білуге ыңғайлы объект болып саналады [2,292].
Алайда, бұлардың бәрін айқындау, ғылыми
тұрғыдан зерделеу тек жүйелі түрде, белгілі бір
ізділікпен қарастырғанда ғана нәтижелі болмақшы.
Бұл - ғылыми зерттеудің басты принципі мен тәсілі болып
саналады.
Түркі халықтары мақал-мәтелдерді «аталар
сөзі», «даналық сөздер», «нақыл
сөздер», «ақыл сөздер» деп атап, «Ақылың
бар ма - ақылға ер, ақылың жоқ па -
нақылға ер», «Атаңның сақалына қарама,
айтқан мақалына қара», «Мақал - мәтел маржан
сөз»
деуі - халықтың берген әділ бағасы.
Мақал-мәтелдер айтылатын ойдың
бағытына қарай - тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйінін білдіріп, тыңдаушысына ой салады.
Демек, бүгінгі қазақ халқының ауыз әдебиетінде
сақталған және толассыз толығып, дамып бізге жеткен
мақал-мәтелдердің тамыры мен жасалу тәсілдері
тереңде жатқан, бастауын сонау көне замандардан алған
құнарлы да өзіндік ерекшелігі мол жанр санатына жатады. Мақал-мәтел, ауыз әдебиетінің басқа кіші жанры сияқты, дайын күйінде қолданылатын туынды және жұртқа берер тәлім-тағылымы мол, логикалық жүйеге құрылған өзіне қатысты объектілерді бейнелер (образдар) арқылы суреттейтін құнарлы тіл байлығы. Сондықтан, мақал-мәтелдер де тіл тұрғысынан зерттеуге тиісті қызықты да өзіндік ерекшеліктері мол күрделі мағыналық бірлікке жатады. Сондай-ақ мақал-мәтел табиғатына тән бұл ерекшелектердің бәрі этнотілтаным,
лингвомәдениеттаным, психолингвистика, когнитивті лингвистика
тұрғысынан зерттеуді талап етеді
[3].
Жазушының басты
құралы көркем тіл мен бай қиял. Осы екі
құрал бірігіп, қай-қай заманның болмасын
көзге елестеп, көңілге ұялар әсерлі бір суретін
жасайды. Паримеолог ғалым Ә.Қайдар өз
еңбегінде
мақал-мәтелдерді
«Адам», «Қоғам», «Табиғат» - салаға жататын тақырыптық микротоптарға
бөлген. Адамға,
ағайын- туысқа
қатысты
Оған себеп
болғанда – ағайын арасындағы күндестік, билік, бедел
бәсекесі. «Ағайынға
қадірім жоқ – бетімді көреді, қатынға
қадірім жоқ етімді көреді » депті ғой бағыда
бір дәнішпан(«Дарабоз», 8 бет).
ағайының алдында ұяттымын,
кінәлімін деген мағынасында
Айыпқа бұйырма, қадірлі би! – деді
Абылай басын сәл иіп.- Кезінде айтылмаған сөздің
әкесі өледі («Дарабоз»,24 бет).
яғни әр нәрсенің уақыты
бар, уақыт өткен соң әр бір заттың я
нәрсенің құны жоғалады.
Cонымен бірге «тіршілікте
–жерің кең болсын, өлгенде көрің кең
болсын» деген
бұрынғылардың өсиетін де ұмытпаған жөн
(«Дарабоз», 41 бет).
Халыққа,елге
қатысты.
Тіпті хан, сұлтандардың арасында
қайраты басым,шайқасқа шайлықпай шыға алатын,
жеке басының ерлігімен
танылған Абылай, Барақ ,Әбілқайыр секілді бірен – саран
ержүрек батырлары болмаса, құр ақсүйек атын
жашынып жүрген, бай болып елге пайдасы тимеген, батыр боп жауға найзасы тимеген былайғы
көп төрелерді жұрт қазір көзге іле
қоймайтын («Дарабоз», 9 бет).
ешкімге көмегі тимеген, қайырсыз,
халыққа пайдасы тимеген деген мағынасында
Сонымен қорыта айтқанда Қабдеш Жұмаділов романында
(«Дарабоз») мақал-мәтелдерді авторлық афоризмдерге
қарағанда көп қолданылады. Бірақ жазушы тарихи
деректерді тілге тиек ете отырып сол заманның ойын,
көзқарасын ашу мақсатында қолданылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Қалиев
Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ
тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.оқулық.-Алматы, 264бет.
2.Авакова
Р.Фразеология теориясы.-Алматы:Қазақ Университеті, 2009.-292бет.
3.Қанапина С.Ғ. «Қазақ
тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі»
автореферат, А.,2005ж.
4.Қайдар
Ә.Халық даналығы.-Алматы:Толғанай Т,2004,-560бет.
5.
Қ.Жұмаділов. Дарабоз. І том. Алматы, «Арыс» 2009 ж. – 415бет.
6.
Қ.Жұмаділов. Дарабоз. ІІ том. Алматы, «Арыс» 2009 ж. – 415бет.