Секция
филология
Мажитаева Шара, Ахметова Айзада
Академик Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті,
Қазақстан
МАКАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ КӨРКЕМДІК КЫЗМЕТІ
Мақалада қазақ халқының
мақал-мәтелдерінің көркем шығармада
қолданылуына талдау жасау, халық тіліндегі
мақал-мәтелдердің алатын орнын айқындау,
астарындағы ұлттық менталитет, рухани мәдениет
дереккөздерін ашу мәселесі қарастырылады.
Халық
өнерінің бірі – мақал-мәтелдердің көркемдік
қуаты сан алуан. «Сөздің көркі – мақал» деп
халық мақал-мәтелдің
құдіретіне аса
жоғары баға берген.
Мақал-мәтелдердің көкежиегі өте кең.
Тақырыптар мазмұны ауқымды. Бұлар
халқымыздың көп жылғы өмір
тәжірибесінің негізінде
пайда болған дайын тілдік қолданыстар. Олар адамды
жақсылыққа жетелеп, мәнді, мазмұнды ойлар
арқылы тәрбиелейді.
Мақал мен
мәтелдер жазушы тіліндегі көріктеу құралдарының
бірі ретінде қолданылады. Қазақ
тіліндегі мақал-мәтелдердің бәрі, негізінен, жай
сөйлем түріндегі тұрақты сөз тipкecтepінe жатады,
яғни олар тұлғасы жағынан ұзақ
уақыттан бepi қалыптасып, белгілі бip формада
тұрақталған, мазмұны жағынан
біртұтастыққа ие болған жай сөйлем типтері.
Мақал-мәтелдер
туралы тіл білімінде де, әдебиеттануда да жазылған еңбектер
біршама. Қазақ дүниетанымында қалыптасқан
мақал-мәтелдердің халық өмірінде алатын орны мен
маңызы туралы айтылған академик
Ә.Қайдаровтың пікірі бойынша: «Қазақ
мақал-мәтелдерінің халықтың өткен
өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде дүниетанымдық,
логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте
зор. Себебі дүниеде, қоғамда, табиғатта
қалыптасқан құбылыстардың бәріне
мақал-мәтелдердің қатысы бар. Дүние
болмысының өзінде о бастан-ақ қалыптасқан
табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен
құбылыстарды үлкен
үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен
мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда
ғана көрінеді» [1, 142].
Әдеби
тілдің функционалдық стильдерінің ауызша түрлерінде
(көсемсөз, шешендік сөз, ауыз әдебиеті тілінде)
және көркем әдебиет стилінде мақал-мәтелдер
оқырманға әсер етуші қатысымдық тілдік
тұлға ретінде
жұмсалады. Зерттеушілер
мақал-мәтелдердің функционалдық стильдерінің
ауызша түрлерінде қолданылуының басты мақсатын
төмендегідей деп тұжырымдайды:
«...мақал-мәтелдердің табиғаты халықтың
философиялық ой-тұжырымымен
поэтикалық образ жасау амалдарының сәйкестігінен туындайды,
сондықтан ститлистикалық бағалау категориясының негізгі
компоненті бола отырып, стилистикалық әсер берудің ең
ұтымды бөлігін қамтиды» [2, 122].
Көркем
шығармаларда қаламгерлер кейіпкердің бейнесін жасауда халық тілінің сөз
байлығын шебер қолдануға
ат салысады. Бұл туралы
айтылған академик
М.С.Серғалиевтың тұжырымын келтіруге болады:
«Қазақ халқының тілі – әрі бай, әрі
көркем тіл. Сан алуан көрікті де қанатты сөздер,
шешендік сөздер мен нақыл сөздер халық тілінде.
Көркемдеп бейнелеуші, өрнектеп мәнерлеуші тәсілдер де
сонда» - деп қорытады [3, 60].
Әр
жазушының стильдік
қолданысына орай, сөз саптау шеберлігіне байланысты
мақал-мәтелдер түрлі өзгерістерге түсіп
қолданылады. Мақал-мәтелдердің түрлі
өзгерістерге ұшырауын академик Ә.Қайдар былайша
түсіндіреді: «Мақал-мәтелдердің осылайша
әртүрлі өзгерістерге ұшырауы салдарынан пайда
болған, тіл практикасында бір-ақ рет қолданыс табатын
түрлерін инварианттар дейміз. Инварианттық өзгерістер
көркемдік өрнегін, образы мен бейнелеушілік әсерін, эмоционалды-экспрессивті
қуатын бойында сақтай отыра, пайдаланатын талантына байланысты», –
деп есептейді [4, 208]. Көркем әдебиетте мақал-мәтелдер
жайдан-жай қолданылмайды, белгілі бір стильдік мақсатты, ойды
жүзеге асыру үшін жұмсалады. Мақал-мәтелдерде
көбіне жақсылыққа, адамгершілік қасиеттерге
үндеу, тәрбиелеу басым болып келеді, өйткені мұнда
өмір шындығынан алынған ой-қорытындылары, халық
даналығы бар.
Жазушы Смағұл Елубай шығармаларындағы
мақал-мәтелдер тақырыптық жағынан әр алуан. Олар түрлі
мақсаттарда қолданылған.
Еңбекке байланысты:
- бұл сұрақты
беретініңізді білгем, -деді. ..біріншіден, сіздің халықта
«мал баққандікі, дүние - тапқандікі»деген мақал
бар көрінеді. бұл халықтың көкейкесті
сөзі... [5,57]
Дүниенің
алма кезектігіне қатысты: «өгізге туған күннің
бұзауға да туарын» сонда-ақ сезген Пахраддин. 71б. Мажан
шалдан басын арашалап Бұлышқа бас қосқан күннен
бастап тірлігі «аттың жалы, атанның қомында» өтіп
келеді. [5,117]
Кейіпкердің
бейнесін ашуда:
1. Сырттай «бетегеден биік, жусаннан аласа» көрінді. [5,130]
2. Осының бәрі мәдени
революция турасындағы партия саясатын көптеген шолақ
белсенділердің жайдақ түсініп, «аңқау елге арамза
молда» болып асыра сілтеп жүрген іс-әрекеттерінің
нәтижесі дейді Апанас. [5,141]
3. - уай,
«Үйірінен қаңғыған тұлпар оңбас,
тұғырына саңғыған сұңқар
оңбас» деген [5,94].
Кейіпкердің
көпшіл, қолы ашықтығын білдіруде: «Өле жегенше
бөле жейік» дедік, асасы [5,156].
Өмір жайлы: Пахраддиннің
көкірегіне түк қорқыныш кірген жоқ.
«Қорлықпен өткен өмірден, көсіліп жатар көр
артық» деп Абай айтпақшы, бүйткен өмірден шынынан да «көсіліп жатар көр артық»
еді [5,167].
Өлім жайлы:
«Өлгенмен бірге өлу жоқ» жол дағдысымен Бұлышты
тездетіп жерге бергеннен кейін: ...тарады [5,202].
Кейіпкердің
ішкі жан дүниесін, психологиясын беруде: «Ауызы күйген үрлеп
ішеді»дегеннің керімен қалалы жерге жуымаған, өкіметтің
көзіне тасалау жер іздеген қонуға [5,194].
Бірлік туралы: содан
«Жалғыз жүріп жол тапқанша, ауылыңмен адас»деп,
Айтудың құмына ойдан, қырдан жиналып жатқан осы
ауылдың үстіне Балқиясымен бұ да келді [5,198].
С.Елубай
шығармаларында қолданылған
мақал-мәтелдердің дені халықтық сипаттағы
мақал-мәтелдер болып келеді. Автор оларды негізінен
түпнұсқа күйде берген. Автор ұлт тілінің
бай қазынасы –мақал-мәтелдерді шығармаларында мейлінше
шебер пайдаланып, әр сөзін, сөйлемін, тұтас
мәтінін мәнерлі, өткір шебер тілмен өрнектеген
және оларды белгілі бір сильдік мақсатпен ұтымды пайдаланып
отырған.
Сонымен жазушылар
мақал-мәтелдерді, негізінен, кейіпкер тілінде сол қалпында
жұмсайд; инварианттарды кейіпкер бейнесін, оқиғаны
нақтыландыруда, психологиялық жай-күйді танытуда кеңінен еркін қолданады; мақал-мәтелдер
шығарманың көркемдігін арттырып, кейіпкердің бүкіл бітім-болмысын
айқындауға себін тигізеді; белгілі
оқиғаны суреттеуде, кейіпкердің психологиялық
күйін тануда, мақал-мәтелдердің маңызы зор
екендігі тілдік қолданыстардан байқалады; авторлар бірнеше
мақал-мәтелді, тұрақты тіркестерді қатар
қолданып, сөйлемнің экспрессивті-эмоционалды реңкін
күшейтіп, оқиғаны «қалыңдата» жеткізеді; мақал-мәтелдер
жазушылардың шеберлік қырын танытады, оларды қаншалықты игергендіктері айқындалады.
Әдебиеттер:
1.
Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: Толғанай, 2004. 560 б.
2. Әлкебаева Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы.
Алматы: Зият-Пресс, 2007. 244 б.
3.
Серғалиев
М. Көркем әдебиет
тілі. Алматы: Мектеп, 1995.
4. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті
мәселелері. Алматы, 1991. 208 б.
5. Елубай С. Ақ боз үй. Алматы: Жазушы, 2005. 528 б.