Макулбекова Алия
Карибаевна, преподаватель
Казахская Академия Труда
и Социальных Отношений
г. Алматы, Казахстан
Ағылшын тіліндегі модальді етістіктердің ерекшеліктері
Ағылшын
тіліндегі модальді етістіктердің негізгі етістіктерден ең басты
ерекшелігі олардың белгілі бір іс-қимылды айтып жеткізу үшін
емес, айтушының сол іс-қимылға деген қатынасын білдіру
мақсатында қолданылатындығында. Дәлірек айтсақ, модальді етістіктер негізгі
етістікке қосымша мағына үстейді. Мысалы, бір әрекетті
істеуге тыйым салынғандығын, біреуге кеңес беру үшін,
іс-қимылдың жүзеге асу мүмкіндігін немесе міндетті
түрде оны жүзеге асыру қажеттілігін білдіреді. Ағылшын
тіліндегі модальді етістіктерге мыналар жатады:
can, could, may, might, be able to, must, should, ought to, have to, need
to, will, would және shall. Have, be, should етістіктері
тек модальді етістік ғана емес, сондай-ақ көмекші және
негізгі етістік ретінде де қолданыла алады. Кейбір
әдебиеттерде have to етістігін must модальді етістігінің баламасы, ал be able to етістігін can модальді етістігінің баламасы ретінде
қарастырады.
Енді ағылшын тіліндегі кейбір модальді
етістіктерге тоқталып өтсек.
Can
Can модальді етістігі айтушының іс-әрекетті
істей алу қабілетін және мүмкіндігін білдіреді. Can модальді етістігінің келер
шақтағы формасы жоқ, оның орнына келер шақта be able to модальді етістігі
қолданылады. Can модальді
етістігінің болымсыз түрі can’t немесе cannot. Мысалы: She can speak
Chinese, but she can’t speak
Japanese. - Ол
қытай тілінде сөйлей алады, бірақ жапон тілінде сөйлей
алмайды. Сұраулы түрінде модальді етістік бастауыштың алдында
тұрады. Мысалы: Can she speak any foreign languages?
– Ол қандай да бір шет тілінде сөйлей ала ма?
Could модальді етістігі can етістігінің өткен
шақтағы формасы ретінде қолданылады. Мысалы: He could play the piano when he was five.
- Ол бес жасында пианинода ойнай алатын. Сондай-ақ, could
модальді етістігін бір істің болуы ықтимал деген мағынада да
қолдануға болады. Мысалы: The
story could be true,
but I don’t think it is. – Бұл оқиғаның рас болуы
мумкін, бірақ мен олай ойламаймын. Бұл жерде оның
мағынасы may/might модальді
етістіктеріне ұқсас. Could
модальді етістігін сыпайы түрде бір нәрсені сұрау үшін
де қолдануға болады. Мысалы: Could
you pass me the salt, please? – Маған тұзды беріп жібересіз бе,
өтінемін. Болымсыз түрі: couldn’t немесе could not.
May
May модальді етістігі
іс-қимылдың болуы ықтимал екендігін білдіреді. Болымсыз
түрі: may not. Мысалы: He may come to the office today. –
Бүгін оның мекемеге келуі мүмкін. Өткен шақта may have + V3
құрылымымен
қолданылады. Мысалы: I can’t
find my mobile phone anywhere. – You might have left it in the car. – Мен ұялы телефонымды
таба алмай тұрмын. – Сен оны
көлікте қалдырып кеткен боларсың.
Might
Might модальді етістігі мағынасы
жағынан may етістігіне
өте ұқсас. Демек, might
етістігі де іс-қимылдың орындалу ықтималдығын
білідіреді. Болымсыз түрі might not.
Мысалы: I might be late this evening. – Бүгін кешке
менің кешігіп қалуым мүмкін.
Have to және must
Кейбір
әдебиеттерде have to етістігін must модальді етістігінің баламасы
ретінде қарастырады. Have to
айтушының белгілі бір заң немесе ереже аясында іс-қимылды
істеуге міндетті екендігін білдіреді. Ал, must модальді етістігі айтушының өз тарапынан міндетті
екендігін, яғни мұғалімнің оқушыға,
ата-анасының баласына міндеттерін айту мақсатында
қолданылады. Мысалы: I have to work
on Saturdays. – Мен сенбі күндері жұмыс істеуге
мәжбүрмін. (Мен қаламасам да жұмыс істеуге міндеттімін
деген мағынада). You must do your
homework. – Сен үй тапсырмасын орындауға міндеттісің.
Болымсыз түрі: mustn’t немесе must not – істеуге болмайды, тиым
салынған деген мағынаны білдіреді. Мысалы: You mustn’t talk to each other during the examination. – Емтихан
кезінде бір-бірлеріңізбен сөйлесулеріңізге болмайды. Have to етістігінің болымсыз
түрі: don’t/doesn’t have to
немесе do not/does not have to -
істеуге міндетті емес деген мағынаны білдіреді. Мысалы: I don’t have to be at
the meeting, but I think I’ll go anyway. – Баруға міндетті емеспін, бірақ сонда
да барамын деп ойлаймын. Келер шақта: will
have to (істеуге міндетті/мәжбүр боламын), өткен
шақта: had to (істеуге
міндетті/мәжбүр болдым) деген мағынада қолданылады.
Need to
Need to модальді етістігі істеу қажет, орындалуы тиіс
деген мағынада қолданылады, яғни қажеттілікті
білдіреді. Мысалы: I need to go to the bank. – Менің банкке баруым
керек. Сұраулы және болымсыз түрлері to do көмекші етістігінің көмегінсіз
жасалынады. Мысалы: Need you shout so? I’m right next to you! – Дауыс көтеруің қажет болды ма? Мен сенің дәл
қасыңда тұрмын ғой. You
needn’t come so early. Соншалықты ерте
келудің қажеті жоқ еді.
Should
Should
модальді етістігін ақыл-кеңес беру үшін, осылай
істегенің жөн болар деген мағынада қолданады. Мысалы: You look tired. You should go to
bed. – Шаршаған
сияқтысың. Төсекке жатып демалғаның жөн
болар еді. Көбінесе, I think/I don’t think/Do you think фразаларымен
бірге қолданылады. Мысалы: I think
you should see a doctor. – Менің ойымша дәрігерге
қаралғаныңыз жөн болар. Болымсыз түрі: shouldn’t немесе should not. Сұраулы түрінде should бастауыштың алдында тұрады. Мысалы: What should I do? - Не істесем екен?
Өткен шақта болған іс-әрекетті сынау немесе бір
адамға ренішін, өкінішін білдіруде should have + V3 құрылымын қолдана
аламыз. Мысалы: You missed a great party last night. You should
have come. – Кеше тамаша бір
кешті өткізіп алдыңыз. Келгеніңіз дұрыс болар еді.
Ought to
Ought to модальді етістігі мағынасы жағынан should модальді етістігіне сәйкес келеді. Оның ерекшелігі should модальді етістігіне
қарағанда сирек кездеседі және болымсыз түрінде ought not to болып толық
формасында ғана қолданылады. Мысалы: You ought not to go home today. – Бүгін үйге
қайтпай, осында қалғаның дұрыс болар еді.
Will, would, shall
Will көмекші етістігі келер шақта
мағыналы етістіктің алдында қолданылады. Ал, модальді етістік
ретінде ол ұсыныс жасау үшін қолданылады. Мысалы: Will you go to the cinema with me tonight?
– Менімен кешке киноға баруға қалай қарайсың? Will модальді етістігін
әңгіме барысында тез арада ойланбастан шешім қабылдаған
кезде де қолданады, Мысалы: A: -
Can I talk to Mr. Smith, please? B: - He’s not in the office now. A: -
Well, I’ll call
him back later. Бұл сөйлемде айтушы
қайтадан хабарласамын деген мағынада тез арада шешім қабылдап
тұр. Would болар еді деген
мағынада қалау райда қолданылады. Мысалы: It would be nice to buy a new car, but we can’t afford it. – Жаңа көлік сатып
алсақ жақсы болар еді, бірақ оған біздің шамамыз
келмейді.
Сонымен қатар шындыққа ұласпайтын жағдайларды
айту үшін шартты сөйлемдердің екінші түрінде де
қолдана аламыз. Мысалы: If I had a
lot of money, I would travel all over the world. – Егер менің көп
ақшам болса, мен бүкіл әлемге саяхат жасайтын едім. Шартты
сөйлемдердің үшінші түрінде would have + V3 құрылымын
қолданамыз. Мысалы: I would have
phoned you if I had known your phone number. – Егер сенің телефон
номеріңді білетін болсам, мен саған хабарласар едім.
Shall
модальді етістігі тек I және we есімдіктерімен ұсыныс жасау
үшін қолданылады. Мысалы: Shall I open the window? Терезені ашайын ба?
Сонымен,
қорытындылай келе модальді етістіктердің басқа етістіктерден
қандай ерекшеліктері бар екеніне тоқталып өтсек:
Модальді етістіктер жіктелмейді, есімше, герундий
және инфинитив (тұйық етістік) түрінде кездестіре
алмаймыз. Модальді етістіктердің жіктелмейтіндігін, жекеше және
көпше түрінде еш жалғаусыз, “to”
қосымшасының көмегінсіз жазылатындығын
төмендегі кестеден көре аламыз.
|
Жақ |
Жекеше түрінде |
Көпше түрінде |
||
|
I |
I |
can swim. |
We |
can swim. |
|
II |
You |
You |
||
|
III |
He/she/it |
They |
||
Модальді етістіктер ауызекі тілде де, көркем
әдебиеттерде де өте жиі кездеседі. Сондықтан модальді
етістіктерді қолдану үшін тек олардың өзіне ғана
тән бірқатар ережелерін білген абзал.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Петров Н.Е. “О содержании и объеме
языковой модальности”. Новосибирск. Наука. 1982
2. Электронная энциклопедия “Википедия” http://ru.wikipedia.org/
3. Белова Е.Н., Казанцева Т.С.,
Клементьева О.В. и др. “Модальные глаголы”. Учебно-методическое пособие для
подготовки аспирантов технических ВУЗов к кандидатскому экзамену по английскому
языку. Москва, МИФИ, 1999
4. Выборова Г.Е. и
др. Easy English: Базовый курс: Учебник для учащихся средней школы и студентов
неязыковых вузов. М.: АСТ-Пресс книга, 2010
5. Бонк Н.А., Котий Г.А., Лукьянова Н.А. Учебник английского языка.
В 2-х ч. Часть 1. – Переиздание. – М.: «ДЕКОНТ+» - «ГИС», 2005.