Нұрбекова
Гүлшат Сәлімқызы
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
магистранты, ғылыми жетекшісі-
Ержанова Сәуле Баймырзақызы
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
профессоры, филология
ғылымдарының докторы.
АҚЫН
ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
Кеудесінде асыл тас өлшейтін таразыдай биік талғамы бар шын
дарын қашанда әр шығармасын әбден сорықтырып,
сартап қылып, емешеңді құртып барып ортаға
тастайды. Жалпақ әлемге жан дүниесін жайып салу – ақын
адамның өзге жұмыр басты пенделерден жалғыз-ақ
айырмасы осы тәрізді. Бірақ, сол дүйім жұртты
аузыңа қарату үшін қаншама рухани ерлік керек. Шын
ақынның құзар шыңдай өр келетіні де содан
шығар.
Иран-Ғайып шығармашылығының
ерекшелігі де, өзіне тән дербестігі де – осынау лирикалық
туындылардың бүкпесіз ақтарыла білу, бүкпесіз сырласа
білу, бүкпесіз сенім арта отырып, бүкпесіз сендіре білу
құдіретінде – талант сиқырында жатқандығын баса
көрсеткен ақын.
Қазақ әдебиетіндегі
дәстүр жалғастығы туралы сөз
қозғаған
З.Ахметов Абайдың дәстүр жалғастығына
тоқтала отырып: «Абай шығармашылығының
қоғамдық, танымдық, көркемдік-эстетикалық
мәнін толық түсіну үшін оның әдебиетте орнықтырған
бейнелеу әдіс-тәсілдері, дәстүрлері,
үлгі-өнегесі қалай жалғастық тапқанын
арнайы қарастырып, тексеру қажет. Ақын тұлғасы
қаншалықты ірі болса, ықпалы да соншалықты зор
болатыны, айналасына түсетін жарығы да мол болатыны анық», –
[1, 245 б.] дейді.
Иран-Ғайып поэзиясының бір ерекшелігі – дәстүрлі
қазақ поэзиясының негізгі көзі болған қара
өлең жанрынан нәр алып, кең тынысы, серпінмен еркін
игеріп көркемдік шеберлікпен соны туындылар берді. Ақынның
лирикасы – эпикалық еркін тынысты, ерен құлашты, әрі
өрісі кең. Тарихи-философиялық поэмалары
мен дастандарының көркемдік — эстетикалық
тұтастығы мол. Ақын Абай поэзиясынан нәр алып,
жаңа өң беріп, өзінше өлең
құпиясын ашуға ұмтылады. Мысалы:
Жақсы
да жүр,
Жаман
да – назарымда,
Базарым
да.
Тірі
екем деп қуанам жазарымда.
Жаны
сұлу жадында жырым қалса –
Қорқытпайды
ауру да,
Ажалың
да! — дейді.
Ақын Иран-Ғайып Ұлы Абай
поэзиясын, тұлғасын өзіне пір тұтқан.
...Пірім –
Абай! –
Бұдабай!
Шүкір!
Шүкір!(2, 7б.) – деген өлең
жолдарынан Ұлы Абайдай өнегелі адамның болғанына
шүкірлік етеді. Өлеңдерінің барлығында деп
айтсақ, артық болмас. Абайды өнеге етіп жазбаған жол
жоқ. Ақын өміріндегі
сәтсіздіктерді, әділетсіздікті, өмір қаталдығын,
ішіндегі мұңын айтып Абай өмірімен салыстырып, сырласады.
Иран-Ғайыптың «Абайға» өлеңі:
Мыңмен жалғыз алыстың,
Кінә қойман!
Мұңың бар,
Арманың жоқ – мұны да ойлан!
Шарқ ұрды шыбық жанын
шырқыратып,
Ұрпағың күні майдан,
түні майдан.
Шаң қаптым көшіңе
ұлы ілесем деп,
Түтіктім түрленсем деп,
түлесем деп.
Қалам тартқан қазақтың
бәрі мықты,
Майырылдым мықтылармен тіресем деп,
Жанға сая іздеген, ая – басқа,
Епшіл ие көбейді даяр асқа.
Қалам тарқан
қазақтың бәрі ақын,
Ақынды ақын айналды аямасқа!
.....(2, 312 б.)
Иран-Ғайып өнердегі
тазалықты, шындықты қалайтын ақын. Өзіне қойған
талапты әр ақында болса деп армандайды. Ақынның
тыныс-тіршілігі, арман-
тілегі әр өлеңдерінде
көрініс тапқан. Ақын Абайға, өлеңің
шексіз құдіреттілігіне деген сүйіспеншілігін «Сөз
патшасы» шығармасында былай жеткізген.
Сөз патшасы,
Тәңір тұттым,
Табындым,
Табындым да мұң алқасын
тағындым.
Жұртқа жүрмес
әміріңді жүргізіп,
Күн-түн құрақ
ұшырардай не қылдым?!
Қаршадайдан қадырыңа жетем
деп,
Төрт құбылаң
түгел болса екен деп,
Қажып біттім алақ алтын
балықтай,
Ауыр ойдың астын атамекендеп....
Көнгем!
Көндім!
Көнем даусыз, дамайсыз,
Сөз патшасы,
Тағы нені қалайсыз?!
Сарсаң қылар сен болмасаң,
Қүл қауып,
Қара басып қалар ма едім
Абайсыз!(2, 5-6 б.б.)
Ал ақыннның «Абай»
өлеңінен ішкі ой-сезімін астарлы шебер жеткізген. Негізінен
ақынның қай шығармасын оқысаң да тілі
жеңіл, тез оқылады, әрі түсінікті. «... Әр
нәсеге абай бол!...» - әжесінің, әкесінің,
анасының, жары, досы айтқаны дей келе өлеңді мынандай жолдармен
қорытындылаған:
...Қауіп ойлар жәй қалай
көп –
Кеткенім бе АБАЙ боп?!.. (2, 28 б.)
Ақын Абай поэзиясынан нәр алып, жаңа
өң беріп, өзінше өлең құпиясын
ашуға ұмтылады. Мысалы:
Жақсы
да жүр,
Жаман
да – назарымда,
Базарым
да.
Тірі
екем деп қуанам жазарымда.
Жаны
сұлу жадында жырым қалса –
Қорқытпайды
ауру да,
Ажалың
да! — дейді.
Енді
бір өлеңінде халыққа, заманға деген
өкпесін, налын былай жеткізген:
...Мәңгіліктің
Өлеңі:
Жерде
де – Абай,
Көкте
– Абай!
Қоя
салғым келеді –
Құр
бекерге оттамай!
Бұдан арым ұят-ты,
Болмаған соң айырма:
Түк қалмаған сияқты –
Иран-Ғайып шайырға?!
Дей тұрғанмен,
Тап шыным,
Мен де ермекке жазбадым:
«Моласындай бақсының» -
Көрдім Заман азғанын! ....»(2. 24 б.) – деген
жолдардан өмірде ешқашан әділет орын алмайтынынан
ақынның ызалы үні естілгендей.
Әрине, мұндай образ жасаудың басты
құралы – сөз. Олай болса, сөздің
мағыналық тереңдігі мен сыр-сипатының шегі болмайды.
Осы сөз поэзиялық шығармада сөз суретін,
сөз-образын жасауда контекстегі өзімен қатар
келген сөз екінші сөзбен үйлесіп, үндесіп,
сөз-тіркестерімен көркемдік мағынаға, әсерге
бөленіп құлпырады емес пе? Ендеше осы суретті сөз
образын жасағанда көркемдегіш компоненттерді
қолданғанда бір заттың немесе
құбылыстың ұқсастығын, сипатын екінші
бір нәрсеге байланысты ауыстырып, немесе
бір-бірімен салыстыра отырып суреттеуден, бейнелеуден
туады десек, Иран-Ғайып өз шығармаларында, контекстің
ішінде жеке сөзден, сөз тіркесінен тұратын
көркемдегіш құралдары арқылы эстетикалық
тұтастыққа негіздеп өзгеше бір
сәулетті көркем әлем жасайтынын
көреміз.
Жыр
жазамын жат көзге бұрқыраған,
Жарақатым
ішімде, сыртым аман.
Күндіз
күліп жүремін көппен бірге,
Түнде
сары сүйегім сырқыраған –
Кезін
аңсап табысқан, шұрқырағын.
«Дәстүр әрдайым жаңашылдыққа
келіп тіреледі, жаңашылдық өзгеше формаға еніп,
дәстүрдің қойнауынан шығады да, қайталай
дәстүрге айналады» [3, 52 б.]. «Әр кезеңдегі
жаңашыл қадамдар дәстүр сүрлеуін ұзарта
түспек» [3, 279 б.]. Дәстүр туралы жалпы
ғалымдарымыздың пікірі осыған саятын
болғандықтан, дәстүр дегенімізді көркем
үлгінің жалғасуы, жаңашылдықты сол көркем
үлгі
негізінде туындайтын көркемдік ерекшелік
деп атауға болады. Дәстүр мен жаңашылдық екі
түрлі категория болғанымен де, олардың арасындағы
қарым-қатынастың болатынын ескермей және сол
байланыстың нәзік желілерін дұрыс сараламай өтуге
болмайды. Шығармашылық иесі қашанда дәстүрге
сүйенеді. Бұл жерде «дәстүрге сүйену дегенді
дәстүрге еліктеу немесе дәстүрді қайталау деп
ұғатындар болады. Жаңа дәстүрдің әсерін
қабылдап, одан үйрену жолын
осы ретпен іздеу жиі кездеседі» [3, 19 б.].
Дәстүрге сүйену – қалыптасқан формалық,
әдіс-тәсілдік ерекшеліктерді сақтай отырып, жаңа
идеялық-көркемдік мазмұнға қол жеткізу. Бұл
туралы жазылып та, айтылып та жүр. Шығармашылық иесінің
дарын қуатының ара-салмағына да біздер сол
қалыптасқан дәстүрді қаншалықты
түрлендіріп, жаңғырта алды немесе сол дәстүрге
қаншалықты жаңа мазмұн істей алды сол
тұрғыда қараймыз. Ақын немесе жазушы дәстүр
негізінде жаңашылдыққа қол жеткізе алмайтын болса, онда
шығармашылық иесінің таптаурын болған
шарттылықтан шыға алмауы, тіпті дарынсыздығы ғана емес,
дилетанттығы деп қарауға болады. Осы тұста зерттеуші
Ә. Нарымбетовтың мына пікірін келтіре кетуге болады:
«Дәстүр мен жаңашылдық бір-бірімен табиғи
тамырлас... Әдебиеттегі жаңа құбылыс дейтініміз сол
көп жылғы тәжірибенің, көркемдік
дәстүрдің озығы болуға тиіс» [4, 22 б.].
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. – Астана: Елорда, 2002. – 408 б.
2. Иран-Ғайып. Сөз патшалығы
Т.2 (Он үш томдық таңдамалы). – Алматы: 2006 – 429 бет.
3.Ержанова С. Тәуелсіздік
тұсындағы қазақ поэзиясы.А-Білім-2010ж
4. Нарымбетов Ә. Уақыт
шындығы – көркемдік кепілі: Әдеби мақалалар. – Алматы:
Жазушы, 1989. – 210 б.