Оразбаева А.С.
аға оқытушы,
филология ғылымдарының кандидаты
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Қазақстан,
Қостанай қ.
ҚАЗАҚ
ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНДАҒЫ ШЕЖІРЕ ЖАНРЫНЫҢ ӘЛЕМ
ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІМЕН ҮНДЕСТІГІ
Қазақ сөз
өнері тарихындағы жанрлардың барлығы да фольклор мен
әдеиет мәселелеріне арналған зерттеулерде жүйеленді,
бағдарлар жасалды. Бірақ қазақ сөз
өнеріндегі ұлттық төл тарихымызды анық бейнелейтін
кейбір жанрлар зерттеу нысанына айналмай келді. Қазақ
әдебиеттану ғылымында осы уақытқа дейін арнайы зертеу
нысанына алынбай келген өзекті мәселелердің бірі – шежірелік
шығармалар. Шежірелік шығармалардың тарихилығы мен
жанрлық-стильдік ерекшеліктерін саралау – тарихи әдебиеттану
ғылымының күн тәртібіндегі аса өзекті
мәселелерінің бірі. Бұл зәру мәселе біздің
көрнекті әдебиет зерттеушілеріміздің еңбектерінде
түрлі қырларынан қарастырылып келгені мәлім.
Профессор Б.Кенжебаевтың ғылыми-методологиялық
тұжырымдары ұлттық тарихи әдебиеттану
ғылымының берік іргетасын қалады. Оның
ғылыми-методологиялық тұжырымдарына сүйене отырып,
шежірелік шығармаларды қазақ әдебиетіндегі
өзіндік орны бар жанр ретінде
танимыз. Профессор: «XIX-XX ғ.ғ. қазақ
әдебиетінің тарихында дәстүрлі шежірелік
шығармалар қара сөзбен де, өлеңмен де жазылды.
Ұлы Абайдың «Біраз сөз қазақтың түбі
қайдан шыққаны туралы», Шәкәрімнің «Түрік,
қырғыз-қазақ hәм хандар шежіресі» ,
М.Ж.Көпейұлының «Қазақ шежіресі» ,
Қ.Халидтің «Тауарих хамса». Ш.Уәлихановтың
«Қазақ шежіресі». «Ұлы Жүз туралы» т.б. туындылар
қазақ тарихын баяндайтын шығармалар. Аталған шығармалардың
барлығы шежірелік шығармалар қатарынан орын алады.
Өйткені, бұл шежірелердің құрылымы тарихи
прозаға тән авторлық бағалаулармен баяндалады.»[1, 160 б].
Қазақ сөз
өнері жанрларын алғаш зерттеушілер Ш.Уәлиханов,
А.Байтұрсынов, Х.Досмұхмедұлы өз еңбектерінде
қазақ әдебиетінің байырғы үлгілері жайында
бағдарлар жазылды. Мысалы: А.Байтұрсыновтың «Әдебиет
танытқышында» әуезе
түрлері жайында жазылған. Әуезенің мынадай тараулары
болады: шежіре, заманхат,
өмірбаян, мінездеме, тарих, тарихи әңгіме.
Қазақ
әдебиетінің тарихындағы осы аталған әуезе
түрлері халықтың ауызша шығармашылығында, яғни,
фольклорда дара-дара, дербес
қалыптарымен жүргендіктері белгілі. Ал жазбаша
шығармашылық өркендеген тұстарда авторлы туындылар осы
айтылған әуезе түрлері синтезі сипатында жазыла бастады. Бұл – XII-XIX
ғ.ғ. әлем әдебиеттеріне де ортақ
шығармашылық құбылыс. Бұл орайда XII-XIX
ғ.ғ. әлем халықтарының мәдениетінің
дамуында тарихи-мәдени ықпалдастықтардың мол
болғандығын айтамыз. Шежіре. Заманхат. Өмірбаян.
Мінездеме.Тарих. Тарихи әңгіме тәрізді әуезе
түрлерін бойына жинақтаған әдебиет туындылары әлем әдебиеті тарихындағы
көрнекті тұлғалардың шығармаларында бар.
Ежелгі Римдік әдебиетте осындай
тектес шығармаларды «Көркем тарихнаманың поэтикасы» методологиясы
тұрғысынан зерттеудің әлемдік әдебиетте
қалыптасқан жолы бар. Әрі тарихи, әрі әдеби
шығарма жанрындағы туындалар осы «Көркем тарихнаманың
поэтикасы» тұрғысынан зерттеледі. «Тит Ливийдің «Римнің
құрылуынан кейінгі тарихы» атты туындысы осы жанрдағы әлем
әдебиетіндегі классикалық туынды» [2, 177 б], - деп
көрсетілген. «Тит Ливий
көркем тарихнамасының шығармасын тақырып пен
идеяны, әр алуан оқиғалы әңгімелерді
көркемдік тәсіл ретінде қолданған.» [2, 254 б].
Біздің қазақ
сөз өнері тарихындағы ауызша және жазбаша
тарихнамалық шығармалардың құрылымы да осы
айтылған поэтикалық ерекшеліктермен үндеседі. Қазақ
тарихындағы атақты оқымыстылардың тарихнамалық
туындылары әлем әдебиетіндегі солар тектес кез келген туындылармен
теңесе алады.
Тит Ливийдің шығармасындағы
әдеби ерекшеліктерді олардың да шығармаларынан таба аламыз.
Олардың шығармаларындағы идеялық-композициялық
құрылымында деректі оқиғалар тарихи
тұлғалардың қатысуымен авторлық эпикалық
баяндаумен сипатталады. Сондай-ақ бұл шығармалардың әдеби және
эстетикалық сипатын арттыру үшін түрлі көркемдік
тәсілдерді қолданған. Әлем халықтары
мәдениеттерінің тарихында осындай тарихнамалық
шығармалар «Күнделік», «Эссе» , «Мемуар» жанрларының
қалыптасуына жол ашты.
Күнжелік – аталмыш жанрдың
классикалық үлгісі. «Күнделік жазуды саяхатшылар жиі
қолданған. Осы жанрдың әлем әдебиетіндегі
классикалық үлгісі – Н.Ф.Гогольдің
«Нақұрыстың жазбалары» шығармасы. «Эссе» жанрының
негізін қалаушы ретінде Француздың философ-гуманисі Мишель де
Монтеньді, ал орыс әдебиетінің тарихында Ф.М.Достоевскийді
атауға болады. «Эссе» жанрындағы классикалық туындылар Мишель
де Монтеннің «Тәжірибелер» , Ф.М.Достоевскийдің «Жазушы
күнделігі» шығармаларын айтуымызға болады.» [2, 327 б]. Қазақ әдебиеті
тарихындағы авторлы жазба әдебиет үлгілері эссе жанрында
жоғарыда аталған классикалық туындылармен үндеседі.
Қазақ әдебиетіндегі авторлы жазба әдебиеті
үлгілері әлем әдебиетіндегі классикалық туындылармен
жанрлық, стильдік т.б. сипаттары тұрғысында
үндесетіндіктеріне аталмыш шығармаларды салыстыра зерттей отыра
көз жеткізуге болады.
Қазақ әдебиетіндегі
келесі туындылардың да шежіре жанрының үлгілері болып
табылатынын ғалымдардың пікірлері растайды. «З.Бабырдың
«Бабырнамасы», Қ.Жалайырдың «Шежірелер жинағы», М.Х.
Дулатидің «Тарихи Рашидиі» және т.б. кейінгі дамудағы
шежірелік шығармалар күнделік, эссе, мемуар, тарихи
әңгіме жанрларын құрылымында тұтастыра
жазылған туындылар. Яғни, олар жанрлар синтезі
тұрғысында жазылған, көп қырлы, күрделі
құрылымды шығармалар.
Бұл арқылы қазақ әдебиеті тарихындағы
шежірелік шығармалардың осы жанрдағы әлемдік классикалық
туындылармен деңгейлес, құрылымы мен көркемдігі
жағынан терезесі тең толыққанды көркем
шығармалар екендігі айқындалады.» [3, 337 б ]. З.Бабырдың «Бабырнамасы»,
Қ.Жалайырдың «Шежірелер жинағы», М.Х. Дулатидің «Тарихи
Рашидиі» және т.б. кейінгі дамудағы шежірелік
шығармалардың құрылымдық жүйесінде мемуар
жанрына да тән поэтикалық-стильдік ерекшеліктер тән.
Мемуар – автордың өзі
көзімен көрген, қатысып араласқан оқиғалары
жайындағы жазбалары. Мемуарлық шығармада өмірде
болған оқиғалар нақтылы деректер өз
өмірбаяны негізінде авторлық баяндаумен сипатталады. «Қазақ
әдебиетінің тарихындағы әуезе текті жанрларды
құрайтын шығармалар әдебиет дамуында өз
жалғасын тауып келеді. XX ғасырда да жанры әуезе текті
көптеген шығармалар жазылды. XX ғасырдағы
қазақ әдебиетінің дамуында С.Сейфуллиннің «Тар
жол тайғақ кешу», С.Мұқановтың «Өмір
мектебі», «Өсу жолдарымыз», М.Мағауиннің «Мен»,
Қ.Мырзалиевтің «Иірім» т.б. шығармаларды осы тектес туындылар
деп айтуымызға болады.» [4, 135 б].
Қазақ
әдебиетінің тарихындағы шежірелік шығармалар –
ұлттық сөз өнері мен әдебиеті тарихындағы
алғашқы жазба үлгілері болып табылады. Қазіргі жазба
әдебиетінің негізі шежірелік шығармалар екендігін
айтуымызға болады. Шежірелік шығармалардың
құрылысындағы әлем әдебиеті
үлгілеріндегідей тарихнама жанрларының өріле қолданылатыны
– дәстүрлі жүйе. Шежірелік шығармалар – көп
ғасырлық қазақ әдебиетінің дамуында
халықтың тарихын ұрпақтардың жадынан
ұмыттырмау қызметін атқарып келе жатқан мұралар.
Әдебиеттер тізімі
1.Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі.
Алматы. 1994.
2.Пуришев Б.И. Зарубежная литература средних
веков.Москва. 1974. 3.Қазақстан тарихы көне заманнан
бүгінге дейін. Алматы. 1994.
4.Сыдықов Т. Қазақ тарихи
романдарының коркемдік тілі.
Алматы. 1998.