Ф.ғ.д, профессор Абишева Клара Мухамедияровна

Магистрант Князева Қызғалдақ

«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан

 

Cоматизм-фразеологизмдердің ұлттық сипаты

Соматикалық лексемалар адамның мүшелерін атайтын сөздер. Осындай сөздер әмбебапты болса да, әр лингвомәдениеттік қоғамда әртүрлі мәдени мағыналарды білдіру мүмкін, өйткені олар ұлттық қабылдаудың өзгешелігін білдіреді, халықтың осы адам денесін атауларымен байланысты құндылықтық бағдарларын, түсініктерін сипаттайды. Қайдаров Ә.Т., Өмірбеков Қазақ және орыс тіліндегі соматикалық фразеологизмдерде ұлттық мәдени ерекшеліктер айқын көрініс береді. Осы сөздер адамның болмысының іс-әрекеттік және сезімдік жақтарын атаумен қоса жеке тұлғалардың мәдени-антропологиялық ерекшеліктерін көрсетеді.

Адамның мүшелерінің атауы – сөздіктің ежелгі қорына жатады.  Осындай сөздерді де лингвокультуремаларға жатқызуға болады, себебі олар кумулятивтік қызметті орындап, құрамында ұлттық мәдени мағыналарды сақтайды. Мысалы, «бас» лексемасының мағынасы қазақ, орыс тілінде бірдей емес. Бас компоненті бар фразеологизмдер екі тілде басқаша түсінік береді, мәселен, қазақ тілінде «шөп басы» (бастама), бас жоқ, аяқ жоқ (не басы, не аяғы жоқ) мәнінде түсінік береді.

 «Бет» лексемасымен байланысты фразеологизмдер ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сипаттайды. Р. Уәлиханованың пайымдауынша, әдет-ғұрыптарды, нышандардың семантикасымен байланысты фразеологизм- дер қазақ халқының этнографиялық өзгешелігін көрсетеді, қараңыз бет ашар, бет жырту, аузын сылы ету (әйелдер тілінің нышаны), т.б. [1].

Қазақ халқының көшпелі өмір тәсілі келесі лингвокультуремалары (құлақ, мойын, көз, бүйрек, т.б.) бар фразеологизмдер бейнеленеді, қараңыз: қамыс құлақ, көзі жоқ батыр, қара құлақ болу, аттың құлағында ойнады, қаз мойын, алма мойын (әйелдің сұлулығын көрсетеді). Қазақ халқының наным-сенімдерімен байланысын көрсететін «төбе» лексемасын де атауға болады. Төбесі көкке жетті; төбесіне көтеру; төбесі көкке жеткендей болды; төбеңе құдық қаздым ба; төбесі тесік (білімге ашық) [2].

«Көз» лингвокультуремасы да қазақ, орыс тілінде әртүрлі ұлттық мағыналарды білдіреді. Қазақ тілінде көз сөзінің 54 мағынасы бар. Солардың көбі жағымды бағдарға ие. С. Кенесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» [3] осы сөздің келесі мағыналары тіркелген: 

Көз: 1. Көру мүшесі. 2. Ою-өрнек (көзі ауыспалы). 3. Көзі тұр (бір нәрсенің өзі). 4. Әкемнің көзі (өткеннен қалған). 5. Қартоп көзі, қартоптің бүртік кіндігі. 6. Керегенің көздері (тесік). 7. 3аттың қайдан алынатын көзін білу (алынатын орын). 8. Көз суы (қайнар). 9. Адырақ көз (үлкен). 10. Айнам көз (сұлу). 11. Ақ көз (қатыгез). 12. Ала көз (қас, қаскүнем). 13. Ала көзбен (қатты жақтырмау). 14. Бармақ басты, көз қысты (қулық айласы). 15. Бота көз (үлкен). 16. Екі көзі төрт болу (сарғая күту). 17. Көне көз (көп білетін). 18. Ел көзі (пікір). 19. Есік көзі (есіктің алды). 20. Жаудыр көз (сұлу). 21. Жаутаң көз (үміт артушы). 22. Жүзіктің көзінен өткендей (әсем, көрікті). 23. Жалын көз (міз бақпайтын). 24. Көз айырмайды (ұзақ қарау). 25. Көз ақы.

Көркем әдебиетте «көз» сөзінің келесі мағыналары көрсетіледі: «Әлемдік ақпарат көздерінің айтуы бойынша, екінші жарылыс қала орталығындағы Aldgateмeтpo станциясында орын алған» (Ақ жол, 8/VII, 2005); «Баурым, айнам көзім! - деп Жаниша шақырды да, екі бетінен сүйді» (Ғ. Мүсірепов, Ұлпан, 250 б.); «Сен қарама, көзің тиеді! - деп Есенгейге бір жалт етіп қарап, Әсірепке қарай тез жөнеліп кетті (Ғ. Мүсірепов, Ұлпан, 261 б.); «Одан бері қанша уақыт өтті. Сен көз үшін алдарып қорқа берме! - деген болды Төрегелдінің қолынан келген жұбатуы» (Р. Тоқтаров. Бақытты құлдықтың ақыры, 99 б.).

Психолингвистикалық экспериментті өткізу барысында біз «көз» лингвокультуремасының келесі қосымша мағыналарын анықтадық: айна көз, жаман, жақсы, бота, ескі көз, көз байлану, көзге шұқу, көз болу, иненің, алмау, жеу, шегеркөз салып, көзімен ішіп-жеу, көзіне шөп салу, көз сүрінді, көзі тірісінде, дұманның көзі, көк, қара, қарақат, құралай, құмай, оң, сол, мөлдір, өткір, қарашығы, жыпылдату, жұму, айырмау, қадау, атар, жүзік көзі, керегенің көзі, көз тию, бұлақ көзі, көз қоркақ, көз ақы, көз алдыма кел, көз алмау, көз мерген, көз аштырмау, көзәйнек, көз барда, көз бояу, көзі жайнау, көзжетім, көз жұмылу, көзіне көк шыбын үймелеу, көзіңнің қиығын сал.

«Көз» лингвокультуремаларының құндылықтық бағдарлары әртүрлі. Фразеологиялық соматизмдер қанша универсалдық категория болса да, әр тілдегі фразеологиялық соматизмдердің айырмашылықтары да бар, себебі олардың мәдени-ұлттық өзгешеліктері бар. Осындай мәдени-ұлттық өзгешеліктер, біріншіден, адамның бейнесін әр түрлі әлемнің тілдік суретінде қабылданудың өзгешілігінен шығады;  екіншіден,  адамның «соматикалық картасын» оқу тактикасымен байланыстырады.

 А.Ахметжанованың пікірінше, қазақ, орыс тілдерінде адамның мүшелері әр түрлі бағаланады, оларға қарай әр халықтар әлемнің тілдік сүретінде сәйкес келмейтін құндылықты бағдарларын білдіреді, мысалы бауыр, алақан, ауыз, арқа, бел мүшелері негізінде сомдалған фразеологиялық соматизмдердің көлемділігі әр тілде сәйкес келмейді, қараңыз: бауыр/печень-46/2, алақан /ладонь-13/2, ауыз/рот -190/23, арқа/спина – 21/9, бел/поясница – 55/2 [4].

Әр түрлі мәдениеттерде біркелкі құбылыстар, заттар өзгеше бейнеленеді, себебі осы заттың бейнесінде үнемі ұлттық мәдениеттің әлементтері сақталынады»[5]. Мәселен, «бауыр» компоненті бар соматикалық фразеоло-гизмдер қазақ тілінде жиі кездеседі. «Бауыр» «архисемасы» бар фразеоло-гизмдер қазақтардың қауымдастығында құндылықтық бағдарды білдіреді. I.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» кездесетін соматикалық фразеологизмдерді құндылықтық бағдарды білдіруіне қарай келесі топтарға бөлуге болады.

2)   жақын тарту, бауыр басты, бауырға тартты, бауыр еті бауыр тұтты, бауырына басты, бауырына кірді, бауыры бітті, бауыры балқыды,

3)   қатыгез, мейірімпаз: бауыры қатты, бауырға ел тарттырмайды, бауыры құтсыз, бауыры суыды, т.б.

4)   ат туралы: бауыр жазды, бауыры жазылды (көсіле шапты), бауыры тартылды (ат күйіне келді, жарады),

5)   аман-сау болу: бауыры бүтін, басы есен, мысалы: «Бауыры бүтін, басы есен, сағынар сауық-күлкіні-ай, қызықтырған түлкідей, дүние, өтер бір күш-ай;

         «Бел» компоненті бар фразеологиялық соматизмдерде де ұлттық-мәдениеттік реңк көрініс береді. Қазақ қоғамында «бел» компоненті бар соматизмдер қазақтардың тұрмыс-салтының ерекшелігін бейнелейді, мысалы: бел бала (әкесінің өз баласы); бел бермейді (қажымады), бел алды (күш алды), бел байлады (бір нәрсені істеуге шындап кірісті), бел атасы (арғы, түп атасы), бел асты (қырдан әрі өтті), бел болды (арқаға сүйеу өтті), белге міндет (арқа сүйемел), белді ата (текті, ел-жұртқа белгілі әулет), бел жазды (суытты), бел кетті (күш, қуат кетті), бел көрсетті (мықтылық қылды), бел құда (тумай жатып, ұл-қызын атастырған кісілер,т.б. Фразеологиялық соматизмдерді семантика жағынан талдау негізінде бірнеше топтарды бөлуге болады:

1)     бағалылық мағынасы бар фразеологиялық соматизмдер: кен қолтық (ашық мінезді, жайдарлы, қонақжай адам), кәрі құлақ (кәрі кісі), сары табан (еңбекқор адам), су мұрын (еш нәрсеге ұқсата алмайтын адам), ала аяқ (сұм, біреуді алдап кететін адам), ашық ауыз (өз пайдасын білмейтін адам, өз нәрсесінен айырылып қалатын адам), арқа ет арша (белсенді түрде еңбек ету);

2)     жас, кәрі адамдардың жас мөлшерін фразеологиялық соматизмдер арқылы да білдіруге болады: ернінде сүт те кепкен жоқ, үйіне бас, шикі өкпе, ақ сақал, қара сақал, тіс қаққан, сары жілік, сары қарын, кәрі тарлан, шар тартқан, ескі көз. Осындай фразеологиялық соматизмдер көркем әдебиетте жиі кездеседі, қараңыз: «Баяғы етженді қыз сары қарын бәйбіше болды» (К.Найманбаев. От пен ойын, 284 б.); «Жас болсаң бір сәрі. Отыздық ортасынан астың. Қырыққа келген сарқарын әйел болдың» (М.Қосшығұлов. Бұғалылық, 190б.); «Шәкір шал Әділгереймен туыс болып келді: Несібелі ескі көз, кәрі жеңгелеріңің бірі» (К.Жұмаділов, Сәйгүліктер, 131б.);

3)     Шөп желке, шүйке бас, шикі өкпе, сары ауыз балапан, қараңыз: «Ал, енді әлгі баласының бір күні ігір де жоқ, шігірде де жоқ, білегінен жетектеп әкеп кіргізетін шүйке басы қайда?» (Ә. Кекілбаев. Құсқанаты, 83 б.); «Әке шешесі әбден қартайып барады. Шай-суларын дайындайтын бір шүйкебас алып бермей ме?» .Есенберлин. Маңғыстау майданы, 110 б.); Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан кәрі артық (Абай).

Құрамында соматизмдер бар фразеологизмдер адамдардың мінез-құлығын де сипаттайды, қараңыз: мінез-құлық ұлттық менталитетпен тығыз байланысты қасиет. Қ.Жүкештің пайымдауынша, менталитет ұлттық психикалық қалыбының бір түрі. К.Касьянова ұлттық мінезге келесі анықтама береді: «ұлттық және этникалық мінез-құлықтың негізінде белгілі заттар, құбылыстардың немесе идеялардың жиынтығы жатыр. Олар әр түрлі мәдениеттік қауымдастықтардың өкілдерінің сана-сезімінде бар. Осы сантименттер типтік іс-әрекет жасауға бағытталады».

Д. Кішібеков қазақтың негізгі мінез-құлықтарына қонақжайлылықты, салмақтылықты, мырзалықты, сөзшеңдікті, намыскерлікті, ақкөңілдікті, балажандылықты, т.б. жатқызады. Осындай мінез-құлықтың қасиеттер самотикалық фразеологизмдер де арқылы белгіленген, мысалы:

1)     мырзалық: қолы ашық, кең құрсақ, төбесіне көтеру, ақ жүрек, ақ көбелек, ақ көкірек, аузын ашса ішек-қарын көрінген, беті жарық, дастарханы мол, дәмдес болды, дім татты, дәм-тұзы араласты, дәм-тұзын ақтады, дәм-тұзына тапсырдым, жаны қалмады, т.б.

2)     қу: ақ ауыз қылды, ала аяқ, аузы-мұрны қисаймай, аузымен құс құйрығын тістеген, көзге жылпың, сыртқа қылпын көрінді, көз байлады, қу тақым т.б.;

3)     жеңілтектік: жел өкпе, жез өкше, көзсіз көбелек;

Адамның мүшелерін әр лингвомәдениеттік қауымдастықта  басқаша қабылдау әр түрлі ортада өмір сүру тәсілінің нәтижесінен туындайды. Әр сөздің мағынасында антропоцентристік, этнографиялық және мәдени компененттер бар. Фразеологиялық бірліктердің құрамындағы соматизмдер-дің де ұлттық-өзіндік қабылдау өзгешілігін көрсетеді. Дмитрюк Н.В. ұқсас ұлттық мәдениеттердің болмайтынын ескертіп, ұлттық сана сезімдердің де ұқсас бейнелерінің жоқтығына назар аударады: «әр лингвомәдениеттік қауымдастықтың мәдениеттерінің ерекшеліктері бар. Сол ұлттық мәдениеттермен байланысты болатын ұлттық сана сезімдерде өзгеше болады.

                                             Әдебиеттер:

1.  Ботамкулова А. Көркем мәдениет пен экологиялық мәдениетті біртұтас қалыптастыру бағдарының маңызы // Материалы международной научной конференции «Казахстановедение – 3». – Астана, 2008.

2.  Текст как явление культуры. – Новосибирск, 1989.

3.  Шмелев А.Д. Могут ли слова быть ключом к пониманию культуры? Введение // Вежбицкая А. Понимание культур через посредство ключевых слов. – М., 2001.

4.  Комаров А.П. К природе общего и особенного в семантике языков. // Национально-культурная ориентация при обучении иностранным языкам в вузе. – Бишкек, 1991.

5.  Абишева К.М. Социально-языковая контактология. – Алматы: Ғылым, 2001.