Бекишева Б.
Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті
Алматы,
Қазақстан
ҚАЗАҚ-АҒЫЛШЫН
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ «АДАМ» КОНЦЕПТІСІНІҢ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ
Когнитивтік
бағыттың негізгі қызметі – дүниенің бейнесі
белгілі бір жүйеде репрезентациялау. Репрезентация –
алғашқы түсініктен бастап, дамыған бай концептілік
жүйедегі түсінікке дейінгі санадағы білімінің
көрінісі. Демек когнитивтік тіл білімі – ақиқат дүние
туралы санада қалыптасқан білімді репрезентациялау әдісін,
заңдылығын, теориясын зерттейтін ғылым. Сонымен қатар
когнитивтік тіл білімі дүние бейнесін модельдеуге, тілдік сананың
құрылымын модельдеуге бағытталады. Дүние туралы
түсініктің санада қалыптасуы үш деңгейлі
психикалық әрекеттердің өзара қатынасынан
туындаған нәтижесіне байланысты: біріншісі – сезімдік
қабылдау (көру, есту, терімен сезу, иіскеп сезу, дәмі сезу,
т.б.) деңгейі; екіншісі – түсініктің қалыптасу
деңгейі (қарапайым стереотиптер, ассоциациялар, этолондық
таңбалар, жеке ситуациялар, қарапайым бейне, санадағы
ойсуреттер, абстракция); үшіншісі – ойдың тілдік деңгейі.
Санада қалыптасатын бұл операциялар бір дүние туралы
ақпараттар жиынтығын тудырады. Осы жиынтық концепт
жүйесін құрайды.
Санада
сыртқы әсердің көмегімен пайда болған
ақпараттар адамның эмпирикалық тәжірибесімен
толықтырылады. Онымен қоса, дүниенің онтологиялық
фрагменттері тілде көрініс табатын дүниенің қарапайым
бейнесінде туындайды. Мысалы, ойдың метафоралануы – негізгі ментальды
әрекет, дүниені тану және таныту тәсілі. Және ол
жаңа білімді «ескінің көзімен» бейнелеп түсіндіруге
бейім тұрады. Ойдағы нәтижені тіл арқылы тани аламыз.
Себебі тіл – барлық коммуникативтік жүйенің ірі
семиотикалық көрінісі. Американ тілші-ғалымы У.Чейф: «тілдің
қызметі дайын концептілерді кодтау», деп түсіндіреді.
В.А.Звегинцев: «білімнің мәнділігі оның дискреттік сипатында,
ал тіл одан туындайтын мынадай үш қызметі арқылы
көрініс табады: біріншіден, білімді дискреттеу құралы
ретінде; екіншіден, оның обекътивтенуі ретінде; үшіншіден,
интерпритациялануы барысында көрінеді», деп таниды [1, 195].
Когнитивтік
тіл білімінің негізгі эпицентрі – санадағы дүниенің
бейнесі (таңба), оның тірегі – концептілік құрылымдар.
Дүниенің бейнесі – жан-жақты ақпарат, бұл
ақпараттарды біріктіретін орта – концептілік жүйе. Сондықтан
тілдің когнитивтік бағыты тілдегі ұғымды кешенді таныту
мәселесін қарастырады.
Лингвомәдениеттанымдық
аспектіде, концепт – ақиқат дүниенің санадағы
мәдени, рухани, этникалық, әлеуметтік танымын
айқындайтын бірлік ретінде танылады (Н.Д. Артюнова, А.М.Мороховский,
Д.С.Лихачев т.б)
Психолингвистикалық
аспектіде концепт – ақиқат дүние туралы психикалық
қабілеттер (қабылдау, жадыда сақтау, көру, есту,
ұғыну, сезіну) арқылы қабылданған
алғашқы ментальды түсініктер ретінде танылады (Р.И.Павеленис,
Дж.Келли, Дж.Каган).
Лингвомәдениеттік
аспектіде, концепт – ақиқат дүниенің санада
жан-жақты жинақталып, тұжырымдалған ақпараттары
мен когнитивтік семантикасы арқылы танылған көрінісі
(бейнесі). Әрбір концепт тіл арқылы көрініс табады,
концептіні танытуда тілдік семалар қызмет атқарады (Е.Н.Кубрякова,
А.Вежбицкая) дүниені танытатын әрбір сема санада фрейм, сценарий,
ойсурет, схема секілді фонға салынған ситуациялар мен бейнелер
арқылы таңбаланады.
Концепт
ұғымында берілген тұжырымдарды зерттеу нәтижесі
концептіні танытатын критерийлерді ұсынуға негіз болды:
-концепт
дүниенің құндылықтарын танытады;
-концепт
санадағы дүниенің мәнін бейнелейді;
-тіл
арқылы обьективтенеді;
-субьектінің
біліми деңгейі мен менталитетін көрсетеді;
-әрбір ұлттың танымдық
белгілерінің мазмұнын ажыратады.
«Халықтың рухани творчествосының
жемісі, тілдің ажарын кіргізетін, оның құдіретін
арттыра түсетін, ойды бейнелеп, астарлап, өзінің нақышымен жеткізетін, ата-бабадан
мұра ретінде келген сөз қазынасының дайын
қолданылатын үлкен саласы фразеологизмдер этнос тілінің
құрамдас бөлігі болғандықтан, оларға
этнолингвистикалық талдаудың ғылым үшін
құндылығы ерекше. Адамзат тарихын өз бойына
сақтаған халықтың фразеологиялық қорына
философиялық ойлары, дүниені танып-білуі, тұрмыс-тіршілігі,
ұлттық мәдениеті көрініс тапқан»,- деген [2, 14]
қағидасын ұсына отырып, қазақ ағылшын
тілдеріндегі «адам» концептісіне байланысты мынандай тақырыптық фраземалардың
этнолингвистикалық табиғатын байқауымызға болады.
Б.Н. Ағабекова «Aғылшын және қазақ тілдеріндегі
фразеологиялықтеңеулердің ұлттық мәдени
сипаты» атты еңбегінде ағылшын және қазақ тілдеріндегі
фразеологиялық теңеулерді когнитивті лингвистиканың
ұстанымдарына сүйене отырып талдап, оларды "жағымды"
және "жағымсыз" концептілер деп қарастырады [3, 20].
Екі халықтың дүниетанымында
маңызды орын алатын микроконцептілердің
салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдени сараптама негізінде олардың
ішкі ұлттық мәдени маңызын былай көрсетуге болады.
Адам – тіл
иесі, белгілі бір халықтың әлеуметік,
саяси-экономикалық, өмір сатының, рухани әлемі мен
мәдениетін, салт-дәстүрі мен
әдет-ғұрыптарының қозғаушы күші.
Өйткені мұның бәрі адамның өмір сүру
амал-тәсілдерінің жемісі, адамның өзі жасайтын
және үнемі дамытып отыратын өмірлік ұстанымдары,
қағидалары. Сондықтан болар «адам» ұғымына
қатысты тілдік санадағы барлық іс-әрекетер мен оны
бейнелейтін тілдік бірліктер қай тілдің болмасын үлес
салмағын құрайтын негізгі құбылыс болып табылады.
Адам
ұғымына қатысты фразеололгизмдерді қарастыра келе
мынандай тақырыптық топтарды айтауға болады.
Адам мінезі мен ақыл-ой қабілетін сипаттаушы: қаз.: Қарабайдай
қатыгез, дала бүркітіндей қырағы; ағыл.: a memory like an elephant
(сөзбе-сөз: есі пілдей), яғни еске сақтау
қабілеті жоғары, тамаша, as
blunt as a hammer
(сөзбе-сөз: балғадай ақымақ) яғни
топас, т.б.
Адамның жағдай-күйіне байланысты: қаз.: сең
соққан балықтай, жарасын жалаған иттей, жаралы
арыстандай аласұрды; ағыл.:
as miserable as a bandicoot – (қалталы
қөртышқандай) – бақытсыз, аянышты, as still as a mouse – тышқандай жасырынып тұру т.б.
Адамның сыртқы келбетін сипаттаушы: қаз.: қырмызыдай
ажарлы, ақ маралдай әдемі; ағыл.: as fair as a lily – лилия гүліндей сұлу, pale as death - өліктей
бозарған т.б.
Адамның өмірі мен қызметін сипаттаушы: қаз.: түлкі
қуған тазыдай соңына түсу, ит пен мысықтай
өмір сүру; ағыл.: as
thick as thieves (бір-біріне ұрылардай жақын болу) – жан дос,
айырылмас дос, to live like cat and dog
– мысық пен иттей өмір
сүру.
Адамның эмоциялық жағдайын сипаттаушы: қаз.: найза
үстінде отырғандай, тышқан алған мысықтай; ағыл.:
to shake /quake/ tremble like an aspen
leaf – көк теректің жапырағындай қалтырау, to sit on a powder keg –
оқ-дәріге толы бөшкенің (күбінің)
үстінде отырғандай.
Адамның басқа бір адамға немесе затқа
қатынасын сипаттаушы: қаз.: жыландай жек көру,
құлындай шыңғырту, қойдай бауыздау; ағыл.:
hate smb like poison – біреуді удай
жек көру, flieng smb aside like an
old boot – біреуді қажеті жоқ ескі аяқ киімдей
лақтырып тастау, яғни пайдаланып алғаннан кейін өзінен
алыстату, қуу.
Адамның тамақтану процесін сипаттаушы: қаз.: бурадай
қарш-қарш шайнау, егінге түскен сиырдай жайпау; ағыл.:
eat like a pig – шошқадай
ішіп-жеу, drink like a fish –
балықша ішу.
Жалпы
фразеологизмдерді семантикалық тұрғыдан зерттегенде
ғалымдыр негізгі үш тақырыптық адам – табиғат –
қоғам топты ашып көрсетті. Соның ішінде
ең ауқымды сала адамға қатысты екенін
әлдеқашан дәлелдеп, өздерінің жіктемелерін жасады
(Р. Халлига, В. фон Вартбург).
Адам
семантикалық тобын ғалым, академик Ә.Т. Қайдар былайша топтастырады:
·
адамзат;
·
қазақ этносы;
·
дене мүшелері мен ағзалары;
·
ауру-сырқау;
·
туыстық-жақындық қатынастар;
·
өмір-тіршілік - деген ірі тақырыптық топтарға
және соларға қатысты тақырыпшаларды береді [4, 69].
Байқағанымыздай
«адам» концептісі өте күрделі әрі өте маңызды
макрожүйе болып табылады. Адамның когнитивтік номинациялық ерекшеліктеріне
кешенді түрде талдау жасап, жалпы адам концептілік бірлігін
әлемнің тілдікбейнесі призмасы арқылы қарастырудың
маңызы зор.
Әдебиеттер:
1.
Серебренников Б.А. Язык и мышление. – М. Наука. 1988, – 254 с.
2.
Қазақ тіліндегі фразеологиялық теңеулердің
мағыналық ерекшеліктері// Қазақстан әлем
өркениеті қарым-қатынасының тоғысы. Ғылыми конференцияның материалдары. Алматы, – 2007, –
102-106 бб.
3.
Ағабекова
Б.Н. Aғылшын және қазақ тілдеріндегі
фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты. Автореф.дисс. ...
ф.ғ.к.– Алматы, 2010
4.
Қайдар
Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –
Алматы: Ана тілі. – 1998. – 304 б.
5.
Мықтыбаева
Т.Ж. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі анималистік
фразеологизмдердің коннотативтік семантикасы: Дисс.филол.ғ.к. –
Алматы, 2005.