Аға оқытушы Б.К. Дюсалинова
Академик Е.А.Букетов
атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті. Қарағанды
қаласы.Қазақстан Республикасы.
«Мәдениет»
және «адамгершілік»
ұғымдарының анықтамасы.
Мәдениет пен адамгершілік
қоғамдық өмірдің сан алуан
құбылыстарын кеңінен қамтитын философиялық
құбылыс.Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу
деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі
адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл
сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның
іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның
қызметінің бірлігі негізделген. Мәдениет – жеке адамның
өмір сүру мақсаты мен құндылық
жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен
қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас
нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Мәдениетке берілген көптеген
анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп
атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні
мәдениет пен табиғатты «культура» мен
«натураны» қарсы
қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым
«жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек бұл
сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген
ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын мәдениет сөзі «білім беру»,
«даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты
мағыналарға ие бола бастады.
Адамдар
өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік
және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Мәдениет – кеңінен қолданылып,
күнделікті тұрмыста жиі айтылып жүрген сөз.
Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай
мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет – деген сөз
өзінің толық мағынасында адамның өз
қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап
жатқандарының бәрін түгел қамтиды.Оған
табиғат әлемін,әлеуметтік қарым- қатынастарын
және адамның өзін қайта жаңарту сияқты әртүрлі
адами әрекеттер жатады. «Мәдениет - болмыс» баламасы адамзат
әрекетін табиғи ортаның тіршілік етуімен қарама-
қарсы қойып тұжырымдайды.Мәдениетке жататындардың
бәрі ақыл- парасат пен адамның
жасағаны,оның материалдық және рухани әрекетінің
нәтижесі.
Күрделі,көп аспектілі және
көп жоспарлы құбылыс ретінде
мәдениет пен адамгершілік үшін бірмағыналы және
нақылдық қысқа анықтама табу
қиын.Мәдениет – адамзаттың өзі жасаған әрі
жинақтаған рухани
және материалдық байлығы.
Ал, мораль
(латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік
бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін
қағида; адамның мінез-құлқын реттейді.
Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын
(ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік,
мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін
қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады.Мәдениет
пен мораль өзара байланысты және оларды тұтас бірлікте алып
қарауға да болады.Мәдениетті моральсіз,моральді
мәдениеттен тыс қарау ақылға сыймайды. Оларды бір бірінен тек гнесеологиялық жоспар
үшін,яғни осы құбылыстардың
әрқайсысының өзіндік ерекшелігін, мазмұнын,мәнін
жан-жақты анықтағанда ажыратуға болады. Мораль деп — белгілі бір қоғамдағы өмір
сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік нормалары
мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке
адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен
үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады,яғни мораль — ізгілік, адамгершілік
ережелерінің жиынтығы. Моральдық нормаларды ұстану
арқылы әрбір жеке тұлға өзінің
адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Адамдардың бірлесе өмір
сүру тәжірибесінен, мәдениеттің дамуынан моральдық
нормалар шыққан және оның орындалуын
қоғамдық пікір қадағалап отырады. Ынтымақтастық пен адамгершілікті нығайту
мораль ережелері болып қабылданады. Жеке тұлға қоғамның
әдеп мәдениетін игеру барысында өз
мінез-құлқын реттей алатын қабілетке ие болып, айналасында
болып жатқан оқиғаларға моральдық баға
бере алады. Нәтижесінде адам кісілік қасиеттерін дамыта алатын
субъектіге айналып, оның бойында ар-ұят, жауапкершілік, парыз,
намыс, ізгілік секілді жоғары моральдық, кісілік
қасиеттер қалыптасады.
Ағылшынның
этикалық энциклапедиясында «мәдениет» деген
ұғымға адамның ойлау,діни,этикалық сияқты барлық
рухани өмірінің формаларын жатқызады. Мәдениеттің
ең басты белгісі – адамның өзінің ішкі
жан-дүниесінің мәнін
көрсетудегі талпынысын білдіру.Мәдениеттің теориялық
анықтамасының қиындықтары туралы француз социологі А.Моль әлемдік
мәдениеттану бойынша оның екі жүз елудей анықтамасын
есептегені куә. А.Моль мәдениет адам өзінің
әлеуметтік өмірі барысында жасаған жасанды ортаның интеллектуалды
аспектісі деп айтады.
«Мәдениет» термині-интеллектуалды элементтер жиынтығы деп жазады.А.Моль
ұсынған мәдениеттің анықтамасы барлық
параметрлерге сай келеді. Бұл нормалар,принциптер
мен моралдың теориялық негіздемесі түрінде адамның
жасанды өмірде жасаған интеллектуалды элементтері.Осыны және
«әлем жадын» адамзат жинақтаған адамгершілікті тәжірибе
деп түсінуге болады.
Рухани байлық деп есептейтін
мәдениет, мораль, дін, психология, өнер, идеалогия мен өнер туындыларын өмірге
әкеліп, өзі қалыптастырғандардың барлығы
адамның қоғамдық санасы болып келеді. Адам
шығармашылық ойларын, қоғамдық
құбылыстардың дамуына жағдай жасай отырып, өзін
де дамыта түседі.Мәдениет- жасанды объектiлер
жиынтығын (материалды және рухани) бiлдiредi, оны
зерттейтiн гуманитарлы ғылымдар: мәдениеттану, философия, этнография, мәдени антропология б.т. Мәдениеттiң ерекшiлiгi- шындық дүниеде, табиғат пен адам әлемiн жанама түрде қарастыру ролi, оның нәтижесiнде үшiншi объективтендiрiлген дүние қалыптасады.
Сонымен, егер мәдениет кең ауқымды ұғым болып табылса- ол адамзат
дамуының әр тарихи кезеңдерiне, адам өмiрiнiң барлық салаларына қатысты қарастырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Моль А. Социодинамика культуры.М., 1973.
2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3