Қабул О.Қ.
аға оқытушы, гуманитарлық
ғылымдар магистрі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Қазақстан, Қостанай қ.
Ы.АЛТЫНСАРИН,
А.ҚҰНАНБАЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВТАРДЫҢ ДІНГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
КӨЗҚАРАСТАРЫ
Ы.Алтынсариннің дінге байланысты көзқарасына келер
болсақ, оны атеист деп атауға болмайды. Оқу, білім
мәселесі төңірегіндегі антиклерикалдық позициясына
қарап, ол дінді мойындамаған деп айтуға негіз жоқ. Ыбырай
мұсылман дінінің монополиялық, ресми идеология болып
тұрған кезіндегі озбыр түріне қарсы шықты.
Мұнымен қатар Алтынсарин қазақ балаларына христиан
дінін зорлап үйретушілерге де үзілді-кесілді қарсы болды.
В.В.Катаринскийге 1888 жылдың 20-шы ақпанында жазған хатында А.Г.Бессонов
деген мұғалімнің оқушы қазақ балаларына інжіл
мен оның парыздарын уағыздағаны туралы қатты ренжіп
жазды. Ыбырай "...мұнымен, тек оқытушылар мектебінің
келешегін ғана емес, онымен қабат, жалпы орыс-қазақ
мектептерінің бәрінің де келешегін, мүлдем
бүлдіріп алуымыз мүмкін ғой" - дейді. Ағартушы
еңбектерінен дінді айыптап, оның зиянды көрсеткен
тұстарын кездестірмейміз. Ұлы ақын, ойшыл Абайдың
дінбасылары туралы пікірі мен ислам діні жайындығы көзқарасы
бір-бірінен алшақ жатады. Абайдың поэтикалық мұрасын
талдағанда бұл мәселеге М.Әуезов арнайы тоқталып,
ақынның бірқатар өлендерінде, "қара
сөздерінде" алланы жиі-жиі ауызға алатынын айтады. Мысалы: //А
құдай бере көр,// //Тілеген тілекті// немесе //Алланың рахметін,// //Ар тұтып
әрнеге. //Әр рахман ол атын Үйреткен жүлемге, - деп
мұсылмандық тұрғыдан сөйлейді. Абай үшін
ислам діні мәдениеттің негізі, танымның діңгегі.
Ақын исламға қарсы шықпайды, оны теріс
уағыздаушыларды сынайды. Ақынның пікірінше алла адамның
ар-ұжданының өлшем таразысы іспетті. Алла кешпейтін
күнә жоқ деп, арсыздыққа барғандардың
қылығы ақынның наразылығын тудырады.
Адамның ақыл-ойына, адамгершілік қасиеттеріне тағзым
ету ағартушылардың баршасына тән нәрсе. Шын
мұсылмандықтың белгісі, Абайдың ойынша, білуге
талаптану және адамның ар-ұяты, қайрымдылығы. Ислам
және басқа да діндердің пайда болуы жаратушы
құдайдың бар екенін дәлелдейді дейді ол. Басқа
діндер де ислам тәрізді әділдік пен адамгершілікті дәріптейді
және әлемді жаратушы құдірет құдайды
сүюге шақырады. Абай өнер-білім мәселесіне кең
көлемде, әлеуметтік педагогика тұрғысынан
қарайды. Адам тәрбиесі, оның бойына адамгершілік
қасиеттерін сіңіру және халық, үшін кызмет
жасайтын тұлғаны қалыптастыру ұлы ақынның
назарындағы басты нәрселер. Адамгершілік тәрбиесі адамның
діни нанымдарына қайшы келмей, заман рухына сай, онымен қатарласа
жүргізілуі қажет деп ойлайды Абай.Адамның тұлға
ретінде қалыптасу процесінде өскен ортаның,
тәрбиенің рөліне үлкен мән береді
Өзінің "15-ші сөзінде" ол осы ойды былайша
толғайды: "Егер есті кісілердің қатарында
болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса
жұмасына бір, ең болмаса айында бір - өзіңнен
өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі
өмірінді қалай өткіздің екен, не білімге, не
ақыретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей
қылықпен өткізіпсің? Жоқ болмаса, не қылып
өткізгенінді өзің де білмей қалыпсың".
Бұнда ақын адамның өзіне өзгілердің
көзімен қарап, күнделікті істеген ісіне талдау жасауға,
өзінің өмірдегі орнын білім, соған лайық іс-қимыл
жасауға міндеттілігін алады. "Адамшылықтың алды – махаббат,
әділетті сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ,
кіріспейтұғын да жері жоқ Ол жаратқан
тәңірінің ісі".Ш.Уәлихановтың дінге
байланысты пікірі Абайдың көзқарасынан өзгеше.
ІІІоқанның ертедегі адамдардың нанымы туралы, оның
ішінде шамандық жайлы зерттеулері қызғылықты. Ол
ертедегі адамдардың табиғатты қадірлеп,
оған табыну себептерін ғылыми тұрғыдан ашуға
әрекет жасайды. "Қазақтардағы
шамандықтың қалдығы" деген мақаласында
Ш.Уәлиханов: "Адамның өзі де табиғат
әсерімен өмір кешсе, шамандық нанымдарда да жалпылай не
біржақты табиғатты қадірлеу бар екенін байқауға
болады. Бұл тұрғыдан алғанда, шамандык барып
тұрған материализм болып табылады. Ал, басқа жағынан
алып қарағанда, шамандық нынымдағы: о дүниелік
адамның рухы-жаны мәңгі жасайтыны туралы түсінік
тағы бар, демек, бұл барып тұрған спиритуализм".
Қазақ
даласына мұсылман діні тамыр жайғанымен
қазақтардың дүниетанымындағы шамандық пен
отқа табыну сияқты наным-сенімдерінің жойылып кетпегенін
Шоқан аталған мақаласында жазады. "Барлық
шамандық салт-сана, аңыз әңгімелер
көшпелілердің тұрмысымен тікелей байланысты
болғандықтан, қазақтарда бақсылықтың
қаймағы бұзылмаған, Сондықтан да Орта
Азияның өткенін зерттеуге қажет деректерді молынан
кездестіруге болады". Зороастризм
дініндегілер отқа, суға, жерге, ай мен күнге және т.б.
табиғат құбылыстарына, адамға тән қасиеттер
адалдыққа, ашу-ызаға, ақыл-ойға,
шынайылықка табынады. Ақиқатты игілік бастауы деп
ұққандықтан баршадан жақсы сөз бен
жақсы істі, қайрымдылықты талап ету адамгершілік
өлшемінің жоғарғы сипаты. Шамандықтағы от
пен суға табыну ғұрпы бүтіндей зороастризмнен
ауысқан дейді, ІІІ.Уәлиханов Қазақтардың от пен
күнге бас иіп, аспан денелері мен көк тәңірге табынуы,
ата-баба аруағына сиынып, ауырған адамды емдеудегі ырым-жоралары
зороастризмнен қазақ тұрмысына өзгеріссіз енген деп
есептейді ғалым: Тәңір немесе көк тәңір
көшпелілер ұғымында бүкіл дүниені жаратушы
және билеуіш Қазақтарда әртүрлі көңіл
күйіне байланысты айтылатын "Тәңір тілеуіңізді
берсін", "Тәңір жарылқасын", "Көк
соққан" деген бата немесе
қарғыс түріндегі сөз тіркестерінің
қолданылуы содан шыққан. Қазақтар екі дінге -
ислам мен шамандыққа - бірдей табынып алланы тәңірге,
әулиелерді аруаққа теңестіреді.
Қазақ
арасына христиан дінін тарату туралы миссионерлер дайындаған жобаға
Ы.Алтынсарин сияқгы Ш.Уәлиханов та наразылық білдіреді. Ш.Уәлиханов
әлеуметтік және мектеп педагогикасы проблемаларын талдауға
бармайды. Шоқанның дүниетанымында Орталық Азияны
мекендеген халықтар, оның ішінде қазақтар да
бүкіл адамзат қауымдастығының бір бөлігі.
Оның ойынша орыс және Европа мәдениетінен үлгі алып,
өнерін үйрену қоғамдық санаға өзгеріс
әкеліп, елдің заман ағымына сай өмір сүруіне
жағдай жасайды. Әрине,
европалық мәдениетті меңгеру үшін қазақ
халқы ағарту мәселесін іске асыруы қажет. Бұл ретте қазақ
жұрты үшін
орыс мәдениетінің маңызын Шоқан ерекше
бағалады. Осы себептен де көптеген мақалаларында
қазақ даласында орыс мектептерін ашуды, басқа да білім
ошақтарын көбейтуді кеңес етеді. Қазақ жерінде
дәрігерлік жағдай мен жәрдемнің төзімсіз
екендігіне қинала көңіл аударады. Алғашқы кезде
осы қиыншылықтарының бәрін патша өкіметі шеше
алады деп сенді. Г.Н.Потанин "Еуропаға құштарлық
Шоқанды өз халқынан ажырата алмады, керісінше, ол тәрбиеленген рух өз
елінің қызметшісі болуын міндеттеді" -деп жазды.