Магистрант Темірбеков А.Е.
«Тұран-Астана»
университеті, Қазақстан
Сыбайлас
жемқорлықпен күрес қағидалары
“Сыбайлас
жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық
қарау - мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде,
"corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға
мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ
"corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен
айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау,
жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де,
құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас
жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси
қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР
1998 жылғы 2 шілдедегі “Сыбайлас жемқорлықпен күрес
туралы” Заңының 2-бабына сәйкес сыбайлас
жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол:
“...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға
теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы
өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен
байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін
басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен
қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және
артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және
заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және
артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен
сатып алу”.
Сыбайлас
жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына
келесілер жатады:
1. Баршаның
заң және сот алдында теңдігі. Бұл қағиданы сақтау және
жүзеге асыру сыбайлас жемқорлықпен күресте өте
маңызды. Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап
қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар,
басқалар үшін жоқ.
Бұл
қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың
өздерінің белсенділігі болып табылады – сыбайлас
жемқорлық үдерістерді БАҚ-да жариялау, оның
ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот
үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға,
экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысымен
күрес жөніндегі Агенттікке және басқа
құқық қорғау органдарына беру.
Мемлекеттік органдар
қызметінің нақты құқықтық
тәртібін, заңдылығын және осындай қызметтің
жариялылығын, оған мемлекеттік және
қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.
Қазіргі
таңда ҚР Президентінің 2005 жылғы 23
желтоқсандағы Жарлығы-мен бекітілген сыбайлас
жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік
бағдарламаға сәйкес, мемлекеттік органдар
қабылдаған шешімдердің ақпараттық
мөлдірлігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару
органдарының рұқсат ету және әкімшілік
құзыреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып
алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып
алу жүйесін реформалау.
Бағдарламада
ерекше орын азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызметке тартуға,
құқықтық сана мен
құқықтық мәдениетті қалыптастыруға
бөлінеді.
Нормативтік
құқықтық актілерді
сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сараптаудың
пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын
қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке
рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам
институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол
айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу,
заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты
заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау
қарастырылған.
Жеке және
заңды тұлғалардың құқығы мен
заңды мүдделеріне қатысы бар сұрақтарды шешу
процедурасын және кадр жұмысын, мемлекеттік аппарат
құрылымын жетілдіру. Мемлекеттік бағдарламамен мемлекеттік
органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара
іс-әрекетінің нақты құқықтық
тәртіптеу формалары мен механизмдерін жүзеге асыру, сондай-ақ
сот шешімдерін қабылдаудың мөлдірлігін және
олардың дер кезінде орындалуына ықпал жасау
қарастырылған.
Заңға
сәйкес аталған қағидалар:
- мемлекеттік
функцияларды орындауға өкілетті;
- лауазымды,
сондай-ақ олардың қатарына жататын басқа
адамдардың құқықтарын және еркіндігін
ҚР Конституциясының 39-бап 1 тармағына сәйкес шектеу;
- жеке және
заңды тұлғалардың бұзылған
құқықтары мен заңды мүдделерін
қалпына келтіру;
- сыбайлас
жемқорлық құқық
бұзушылықтың зиянды салдарын жою және алдын алу;
- сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықпен
күреске ықпал жасайтын азаматтардың жеке қауіпсіздігін;
- кәсіпкерлік
қызметке бақылау жасайтын жеке және заңды
тұлғаларға мемлекеттік реттеу өкілеттігін беруді
болдырмау.
Сыбайлас
жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың
іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік
қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған
тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал және
әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады,
себебі сыбайлас жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.
Сыбайлас
жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында
қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын,
мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін
күшейтеді және шенеуніктердің қатал
құқықтық есеп беруін және бақылауда
болуын жою симбиозын көрсетіп-білдіреді. Практика көрсеткендей,
сыбайлас жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын
бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік
қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді.
Сыбайлас-жемқорлық
экономиканың дамуына кедергі жасайды және
ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика
саласында, өсуіне ықпал жасайды. Сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау,
алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды
жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық
қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара
қызметі, қаржы және әскери полиция органдарымен
жүзеге асырылады. Аталмыш органдардың лауазымды адамдары
заңнама белгілеген мерзімде іс, материал, хаттама жіберген адамға
немесе органға жазбаша сыбайлас жемқорлық қылмыс,
әкімшілік құқық бұзушылық туралы
көрсетіп-білдіру жіберуге, оларды қарағанның нәтижелері туралы хабарлауға тиіс.
Заңға сәйкес, бұл
органдар олардың құзырынан шығатын шаралар
қабылдауға және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған
адамдардың жасаған сыбайлас-жемқорлық қылмысын
анықтаған әр оқиға туралы
құқық статистикасы және ақпарат органдарына
дереу мәліметтер жіберуге міндетті.
ҚР
ҚПК-нің 192-бабына сәйкес, 176-баптың 3-б.,
193-баптың 3-б., 209-баптың 1-б., 307-баптың 1-б.,
308-баптың 1-б., 310-баптың 1,2-б., 312-315-баптарда
қарастырылған қылмыстар туралы алдын ала тергеу қаржы
полициясы тергеушілерімен жасалады.
ҚР ҚПК
307-бабының 2,3,4-б., 308-бабының 2,3,4-б., 311-бабының
3,4-б. қарастырған қылмыс туралы қылмыстық істер
бойынша алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғаған
ұлттық қауіпсіздік немесе қаржы полициясы органымен
жасалады.
ҚР ҚПК
380-бабы қарастырған қылмыстар туралы қылмыстық
іс бойынша алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғаған
ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік немесе қаржы полициясы
органымен жасалады.
Сыбайлас
жемқорлықпен байланысты қылмысты анықтау, ашу, жібермеу
және алдын алу мақсатында жедел іздестіру және басқа
қызмет, сондай-ақ заң белгілеген тәртіпте
заңға қайшы табылған мүлікті
заңдастыруға жол бермеу мақсатында қаржы
бақылауының арнайы шараларын қолдану ҚР 1994
жылғы 15 қыркүйектегі “Жедел іздестіру қызметі туралы”
Заңына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Басқа
міндеттерін былай қойғанда, органдар жедел іздестіру
қызметтің міндеттерін орындаған кезде өз
құзырына сәйкес заңмен қорғалатын жеке
және заңды тұлғалардың
құқықтарын, бостандығын және
мүдделерін, қоғамның, мемлекеттің меншігін,
қауіпсіздігін және оның экономикалық және
қорғаныс потенциалын қорғауға міндетті.
“Сыбайлас жемқорлықпен
күрес туралы” Заңның 7-бабында сыбайлас
жемқорлықпен күреске ықпал жасап жүрген адамдарды
қорғауға келесі кепілдік бекітілген:
- сыбайлас
жемқорлық қылмыс фактісі туралы хабар берген немесе
басқаша бір тәсілмен сыбайлас жемқорлықпен
күресуге ықпал жасап жүрген адам мемлекет
қорғауында болады, т.б.
Куәгерлерді
қорғау үшін, оның ішінде құқық
бұзушылық туралы, мемлекет мемлекет бюджетінде жеке жолмен
жазылған қомақты қаржы бөледі. Оның
үстіне, ҚР экономикалық және сыбайлас
жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттігінде
сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағандарды қорғау
жөніндегі департамент іске кірісіп, ойдағыдай істеп жатыр. Егер
қажет болған жағдайда, мұндай адамдарды физикалық
қорғау, тіпті жасыру, тұратын орнын, аты-жөнін, тіпті
түрін өзгертуге дейін. Қорғау жалған
ақпарат берген адамдарға жатпайды. Оның үстіне,
“ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы”
Заңның 17-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрес
жүргізетін органға басқа мемлекеттік қызметші,
құқық қорғау органның
қызметкері жөнінде жалған хабар берген мемлекеттік
қызметші, құқық қорғау
органының қызметкері тәртіптік тәртіппен сыбайлас
жемқорлықпен күрес жүргізетін органның
көрсетіп-білдіруімен жұмыстан босатылғанға дейін
жазаланады.
Мемлекеттік
міндеттер орындауға өкілетті немесе соларға теңелген
адамдар өз мемлекеттік міндетін орындағаны үшін
ақшалай, қызмет көрсету және басқа формада
ұйымдардан, жеке тұлғалардан сыйақы алса егер
басқаша ештеңе заңмен қарастырылған болмаса
сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық болып табылады. Сыбайлас жемқорлық – індет,
онымен күресу – міндет.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995, 30 тамыз.
2. Гүлдену, қауіпсіздік және барлық
қазақстандықтардың әл-ауқатын
жақсарту, 1997 жылғы ҚР Президентінің
Қазақстан халқына жолдауы
3. 1998 жылы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
4. 1999 жылы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы
5. Положение об Агентстве Республики Казахстан по борьбе с экономической и
коррупционной преступностью (финансовая полиция) от 29 января 2004 г.
6. Салимгерей А.А. Антикоррупционное законодательство Республики Казахстан:
аспекты совершенствования. /Право и государство. 2002. -№1.
Р е з ю м е
В статье рассматриваются понятия коррупционных преступлений.
S u m ma r y
In
article are considered concept of corruption crimes.