“Право”/8.Конституционное право

 

Магистрант- Шоканов С.Ш.

Маңғыстау гуманитарлық-техникалық университеті

Қазақстанда төтенше жағдайлар жөніндегі органдардың қалыптасуы мен дамуы

 

Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік органдардың қызмет ету аясын тану үшін және олардың мақсат міндеттерін терең түсіну үшін төтенше жағдайдың табиғатын, оның қалыптасу жолының кейбір қырларын және оның ерекшеліктерін айқындап, ашып алуымыз қажет. Сонымен қатар, төтенше жағдай мәселесін теориялық құқықтық бастаулары осы күнге дейін әлі өзінің бағасын, отандық заң ғылымында ала қойған жоқ. Осы жағдайлардың барлығы бізді төтенше жағдайдың табиғатына терең үңілуге жетелейтіндей.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен төтенше жағдайлар саласындағы атқарушы органдардың құрылып, дамуы басталды. Бұл орган табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оның салдарын жою мен күресуші мамандандырылған бірден бір орган болып табылды.

Төтенше жағдай институты бірнеше ғасырды басынан өткеріп, дамып келе жатқан ерекше институттардың бірі болып есептеледі. Төтенше жағдай институты әрбір мемлекеттің тәжірибесінде әрқалай әр негіздерде дамыған болатын. Міне, осы ерекшеліктерді аша отыра ғана, біз жалпы төтенше жағдай институтының елімізде құқықтық тәжірибесінің қалыптасуын ашып көрсете аламыз. Мемлекеттік құқықтық механизмде төтенше жағдай институты көптеген батыс елдерінде абсолюттік монархия ыдырап, шекті монархияға өту барысында беки бастады. Себебі, абсолюттік монархия өзінің қолына мемлекеттік биліктің барлық тұтқасын жинағандықтан да, төтенше өкілеттіктерді билік иесі қажет етпеді, екінші жағынан алып қарағанда, билік басындағы тұлғаның қызмет аясы ешқандай құқық нормасымен де шектелмеді және оны қажетсінбеді де. Алғашқы төтенше жағдай жөніндегі актінің өмірге келуін А.М. Домрин былай сипаттайды: Мәселен, Ұлыбританияда төтенше жағдайлар режиміне арналған алғашқы сот шешімі, кей жағдайларды оны “Су кемелерінің ақшалары жөніндегі іс” деп атайды. ол Яғни, 1637 жылы қабылданған заңи буржуазиялық революцияға дейінгі не бәрі бірнеше жыл бұрын [1, с. 150]. Бұл оймен келісе отыра,  сөз етіп отырған институттың қоғам дамуының ерекше сатысына өту барысында өмірге келгендігін байқаймыз. Бұл кезеңдерде өкілдік билік адам құқығы деген мәселе де қоғамда маңызды орынға ие бола бастады. Осы мәселемен айналысып жүрген Ресейлік ғалымдардың бірі И.В. Гончарев бұл институттың өмірге келуін нақты былай сипаттайды: дегенмен де аталған құқықтық режимді сипаттайтын алғашқы парламенттік актілер еуропаның көптеген мемлекеттерінде тек ХІХ ғасырдың ортасы мен екінші жартысында қабылданды. Бұл орайда үздік Француздық тәжірибе болып табылаьын 1857 жылы Пруссияда төтенше жағдайлардың құқықтық режимін сипаттайтын заң қабылданды, ондай заң 1869 ж. – Австрия – Венгияда, 1870 ж. – Испанияда [2, с. 20]. Бұл оймен келісе отыра, өзімізге жақын Ресей тарихында төтенше жағдай мәселесін ғылыми тұрғыда кім айқындауға ұмтылғандығына келетін болсақ, төтенше жағдайдың ғылыми негізін қалауға ұмтылған алғашқы ғалымның бірі, В.М. Гессен болып табылады. Ол өзінің 1908 жылы Санкт-Петербургте шыққан еңбегінде айрықша жағдайды қарай отыра, оны былай айқындайды: мемлекеттің өмір сүруіне іштей немесе сырттай қауіп төнген жағдайларда үкімет билігімен берілген ерекше өкілеттіліктер жиынтығы” [3, с. 74]. Төтенше жағдайлар мәселесі жоғарыда айтып өткеніміздей, алғаш  ағылшын дерегінде құқықтық негізделсе де, оның қазіргі кезеңдегі ортақ негізгі белгілері Францияның тәжірибесінде орныққан болатын. Сол Францияның тәжірибесі қазіргі дамыған елдердіің төтенше жағдайлар мәселесіндегі заңнамасының негізін қалауда.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанға дейін 1989 жылы ҚазССР Министрлер кеңесі жанындағы төтенше жағдайлар бойынша тұрақты комиссия жұмыс атқарған болатын. Бұл комиссияның басты қызметі табиғи апаттардың, авариялардың тағы да басқа төтенше жағдайлармен күресу болып табылады. Негізінен бұл орган алқалы түрде жұмыс атқаратын, құрамына әрбір министрлік пен ведомствоның өкілдері кіретін олардың қызметін үйлестіріп отыратын орган болып табылды. Аталған орган 24 қазан 1989 жылы ҚазССР-нің министрлер кеңесінің қаулысы мен ҚазССР Министрлер кеңесінің төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы болып қайта құрылған болатын. Оның құрамына барлық министрліктер мен ведомстволардың басшылары енгізілді. Яғни, төтенше жағдайлар саласына қатысы бар органдардың басшылары. Бұл комиссияны Министрлер кеңесінің төрағасының орынбасары басқарды. Аталған комиссияның аты өзгергенмен қызыметінің мазмұны сол қалпында қала берді. Бірақ, жеке жұмыс органы ретінде комиссияның құрамында азаматтық қорғаныс штабы қалыптастырылды.

ҚР Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен бұрынғы ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басқармасының негізінде құрылды.

Штаб ҚР Министрлер Кабинетіне  бағынышты болды. Облыстардың, қалалардың Азаматтық қорғаныс штабтары, оларға бағынышты бөлімшелер, мекемелер, ұжымдық пайдаланудағы республикалық есептеу орталығы мен азаматтық қорғаныстың республикалық курстары ҚР Азаматтық қорғаныс штабына бағынышты болды.

ҚР Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 16 наурыздағы қаулысымен  ҚР азаматтық қорғанысы туралы ереже мен ҚР азаматтық қорғаныс штабы туралы ереже бекітілді.

ҚР Президентінің  1995 жылғы 19 қазандағы жарлығымен штаб таратылды. Мүлкі мен істерін басқару жөніндегі  өкілеттіктері ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетке берілді.

ҚР Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы Жарлығымен құрылды оған таратылып отырған  ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның және ҚР Азаматтық қорғаныс штабының мүлкі мен істерін басқару өкілеттігі берілді.

ҚР Үкіметінің 1995 жылғы 19 желтоқсандағы қаулысымен мемкомитет туралы ереже бекітілді.

Ережеге сәйкес мемкомиссия халық пен аумақтарды авариялардан, апаттар мен табиғи зілзалардан қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою, сондай-ақ елдің азаматтық қорғанысы мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырған ҚР орталық атқарушы оргнаы болып табылды.

ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 11 шілдедегі қаулысымен ҚР Судан құтқару қоғамының құрамынан Мемлекеттік судан құтқару қызметі бөлініп, оның базасында мемкомитеттің ведомстволық бағынышты ұйымы болып саналатын мемлекеттік мекеме - Республикалық судан  құтқару қызметінің орталығы құрылды. Республикалық орталықтың жүйесіне судан құтқару қызметтері (облыстық және қалалық), оларға ведомстволық бағынышты мен ұйымдар кірді.

ҚР Президентінің 1996 жылғы 29 қазандағы Жарлығымен мемкомитетке таратылып отырған ҚР Өнеркәсіпте жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау және кен қадағалау жөніндегі комитетінің  функциялары, мүлкі мен ісін басқару жөніндегі өкілеттіктері берілді.

ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 13 желтоқсандағы  қаулысымен мемлкомитет орталық аппаратының құрылымы бекітілді: басшылық; төтенше жағдайларды алдын алу бас басқармасы; жедел мән беру және  азаматтық қорғаныс бас басқармасы; төтенше жағдайлардың алдын аул және жою, өнеркәсіпте жұмыстың қауіпсіздігін қадағалау  және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекция бас басқарма құқығында; бақылау және талдау бөлімі; кадр бөлімі; қаржы-экономика бөлімі; материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі; арнаулы бөлім.

ҚР Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі Жарлығымен ҚР Ішкі істер министрлігінен Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетке Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін 1997 жылғы 1 шілдеге дейін беру туралы шешім қабылданды.

ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 24 сәуірдегі қаулысымен мемкомитет орталық аппаратының жаңа құрылымы бекітілді: басшылық; төтенше жағдайларды алдын алу департаменті; жедел мән беру департаменті; азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер департаменті; төтенше жағдайларды, өнеркәсіпте жұмыстың қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау жөніндегі департамент; бақылау және талдау бөлімі; кадр бөлімі; қаржы-экономика бөлімі; материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі; арнаулы бөлім.

ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 7 шілдедегі қаулысымен комитет туралы жаңа ереже бекітілді. Комитеттің құқықтық статусы белгіленді: ҚР табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы арнайы өкілеттік берілген орталық атқарушы орган, ҚР Үкіметінің   құрылымына кірді және халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізу объектілерін авариялардан, апаттардан және табиғи зілзалалардан қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы  төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, елдің азаматтық қорғанысы, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіпте жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау және кен қадағалау мәселесі бойынша мемлекеттік  саясатты жүзеге асырды және осы мақсатта салааралық үйлестіруді жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаменті ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 17 қарашадағы қаулысымен құрылды.

Департамент өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік басқару органы болып табылды.

ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы қаулысымен департаменттің құрылымы бекітілді: мемлекеттік өрт қадағалау басқармасы; өрт сөндіру және авариялы-құтқару жұмыстарының басқармасы; кадрлар мен оқу орындар басқармасы; қаржы және материалдық –техникалық қамтамасыз ету бөлімі.

ҚР Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығымен ҚР Үкіметінің  жаңа құрылымы бекітілуіне байланысты департамент комитетпен бірге өз қызметін тоқтатты. Функциялары мен өкілеттігі жаңа құрылған ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне берілді.

1999 жылы Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі құрылады. Агенттік өзінің қызметін 1999 жылғы 27 сәуірде қабылданған 481 ережеге сәйкес жүзеге асырды. Агенттікке заң әдебиеттерінде мынандай түсінік беріледі: “Агенттік - заңда қарастырылғандай салааралық арнайы атқарушы және рұқсат беруші функцияларды жүзеге асыра отырып, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасайды” [4, с. 65].

Қазіргі кезеңдегі төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесінің одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы” 2004 жылғы 29 қыркүйектегі1449 Жарлығына сәйкес құрылған болатын. Бұл Министрліктің қызметі тиісті бөлімшелерде жан-жақты сөз етіледі.

Бүгінгі таңда еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде төтенше жағдайлар мәселесін шешетін органдардың жүйесі де орнығып үлгерді. Бұл саладағы заңнаманы талдап қарай отыра, төтенше жағдайлар жөніндегі органдарды:

а) қалыпты кезеңдегі төтенше жағдайлар мәселесінің тууының алдын-алу және оны жоюға байланысты органдар;

ә) төтенше жағдайлар кезінде құрылатын апатты жағдаймен күресетін органдар деп жіктеп қарастыруға болады.

Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік орган еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қалыптасып дамып келе жатқан және тәуелсіздігімізбен түрленіп, өсіп келе жатқан мемлекеттік институттардың бірі болып табылады.

Төтенше жағдайлар саласында Қазақстан Республикасында бірнеше мемлекеттік органдар қызмет жасайды. Төтенше жағдайлар саласында Қазақстан Республикасы Президентінен жергілікті жердегі өкілді және атқарушы органдарға дейін қатысуының өзі бұл саланың мемлекеттік стратегиялық маңызы бар бағыт екендігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оның салдарын жою жөніндегі органдар жүйесі тәуелсіздік алғаннан кейін бірнеше даму кезеңін бастан кешірді. Біз бұл саладағы органдар жүйесінің қалыптасуын мынандай кезеңдерге бөліп көрсеткен болар едік:

– Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанға дейінгі кезең (1991 жылға дейін);

  Тәуелсіздік алғаннан кейін табиғи және техногендік сипаттағы мемлекеттік органдарды қалыптастыру кезеңі (1991-1996 жж);

   Төтенше жағдайлар саласындағы арнайы органдардың айқындалып, тұрақты дамуға бет бұру кезеңі (1997 жылдан - қазіргі кезеңге дейін).

Қазіргі кезеңде төтенше жағдайлар саласындағы басқару жүйесі әр түрлі реформаларды бастан кешіруде. Бұл реформалар төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік органның сыртқы нысанына ғана байланысты өзгерістерді қамтиды.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Домрин А.Н. Институт чрезвычайного положения в зарубежных странах // Международная жизнь. - 1993. - 5/6. - С. 5-10.

2. Гончаров И.В. Обеспечение основных прав и свобод в условиях чрезвычайного положения: Дисс. канд.юрид. наук. – М, 2003. - 150 с.

3. Гессен В.М. Исключительное положение. СПб.: юрид. кн. скл. Право, - 1908. – ҮІІІ. – С. 450.

4. Административное право Республики Казахстан. Общая часть. - Алматы. - 1996. – 258 с.