магистрант Қуандықова О.Г.
«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан
Қазақстан Республикасының
Конституциялық құрылымының негізгі белгілері
Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады. Конституциялық құрылымның
негізін зерттеу Қазақстан Республикасының спецификасы мен
негізгі ерекшеліктерін толық суреттеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Конституциялық
құрылымының негізі түсінігін жас мемлекеттің
саяси-қоғамдық өмірдегі өзгерістермен бірге ашып
көрсетуге болады. А.Н.Аверьянов «Шындықтың ашылған
жаңа және терең қабаттары өзінің
түсінігін сұрайды, оған қоса, жаңа
түсінікке сұранушылық тудырады»,- деп жазған [1,28].
Конституциялық
құрылымның негізінің қалыптасу процесі
конституциялық безендіруде көрініс табады. Қазақстан
бүгінгі таңда ұлттық тірілу және мемлекеттің
әлеуметтік модернизациялау кезеңіне түсті. Ол республика
халқының мемлекетте толықтай экономикалық және
саяси дербестікке жетуге ұмтылуымен бейнеленеді. Бұл кезең
1992 жылдан бастап 15-20 жылға есептелінген. Оған қоса, осы
кезең конституциялық құрылымның барлық
негізінің толассыз, тұтас дамуымен бейнеленеді. Осыған
байланысты ҚР Президенті Н.А.Назарбаев: «ауыспалы кезеңнің
стратегиясының мазмұны мен мақсатының тамамдалуына
байланысты Қазақстанға әлемдік
қоғамдастықта жаңа сапа мен жаңа рөлі
болады деген есеппен басқа стратегия керектігін» айтады [2, 43-45]. Қазақстанның
мемлекеттік құрылымның негізі 1920-1937 ж.ж. аралығында
да конституциялық актілерде көрсетілген. 1926 жылғы КАКСР
және 1937 жылғы КСР Конституциялары қоғамдық
құрылымның негізгі принциптерін бекіткен. Жаңа 1937
жылғы КСР Конституциясы қоғамдық қатынастарды
реттейтін нормаларды біріктірген «қоғамдық
құрылым» деген жеке тараудан тұрды. Қабылданған
жаңа Конституция айналымға «ҚазКСР-нің саяси негізі»
және «ҚазКСР-нің экономикалық негізі» деген жаңа
түсініктерді енгізді.
Ал 7-бабында былай
делінген: «Колхоздағы әлеуметтік кәсіпорындар және
кооперативті ұйымдар өлі және тірі мүліктерімен,
колхоздарымен және кооперативті ұйымдардағы жасалған
өнімдерімен, қоғамдық құрылыстарымен бірге
колхоздар мен кооперативті ұйымдардың қоғамдық
әлеуметтік меншігін құрайды». Ақырында,
Қазақстан өз дамуын мемлекеттік меншікпен бірге колхозды
кооперативті меншіктен де тауып жатты [3,3-5]. Осыған сәйкес
конституциялық құрылымның негізі ҚазКСР-дің
1977 жылғы, 1978 жылғы, Қазақстан Республикасының
1993 жылғы Конституцияларында да көрініс тапқан. Қазақстан
Республикасының конституциялық құрылымның негізі
саяси, әлеуметтік, экономикалық және рухани негізін реттейтін
өзара байланысқан ішкі және дифференциалды топқа
жүйелескен конституциялық құқықтық
нормаларды көрсетеді. Олар Қазақстанды конституциялық
мемлекет деп бейнелейді. Конституциялық
құқықтың алдыңғы институты ретінде
конституциялық құрылымның негізіне өзіндік
ерекшеліктер тән. Бұл институттың нормалары
конституциялық құқық институттарының базасы
болып табылады. Олар конституциялық құқықты реттеуде
бағыт беруші рөлді атқарады. Қазақстан
Республикасының қазіргі конституциясының кіріспесі Ата заңды
қабылдаудың себептері мен мақсаттарын былай
түсіндірген: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде
мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік
және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық
қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік
қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып,
қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы
тарихи жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік
құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны
қабылдаймыз». Ата заңның бұл бөлігі саяси
және идеологиялық тұрғыдан алғанда аса
маңызды, өйткені осыдан келіп, мемлекетіміздің мынадай
негізгі мақсаттары туындайды. Мұның ұшқыны
ретінде, Республика қызметінің түбегейлі принциптері де
айқындалады. Олар: 1) қоғамдық татулық пен саяси
тұрақтылық; 2) бүкіл халықтың игілігін
көздейтін экономикалық даму; 3) Қазақстандық
патриотизм; 4) мемлекет өмірінің аса маңызды
мәселелерін демократиялық тәсілдермен, оның ішінде
республикалық референдумда немесе Парламенттік дауыс беру арқылы
шешу; 5) егемендіктің және мемлекеттік биліктің бірден-бір
қайнар көздерін иемденуші Қазақстан
Республикасының халқы деп тану; 6) әлеуметтік саясаттың
басты бағыты адамның қадірлі өмір сүріп, еркін
дамуына қолайлы жағдайларды тудыру; 7) мемлекеттік меншік пен жеке
меншікті тану және олардың бірдей қорғалуын
қамтамасыз ету; 8) мемлекеттік билікті Конституция мен заңдар
негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарына бөлу, олардың тежемелік әрі
тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл
жасау принципіне сәйкес жүзеге асыру; 9) жергілікті
өзін-өзі басқаруды тану және оны іске асыруға
қажетті кепілдіктерді қамтамасыз ету; 10) идеологиялық
және саяси әр алуандылықты тану , қоғамдық
және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік
органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға
жол берілмейтіндігін нақыштау, сөйтіп, ешбір идеологияны
мемлекеттік деп танылмауы; 11) Республика бекіткен халықаралық
шарттардың Республика заңдарының басымдылығын
және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін
заң шығару, талап етілетін жағдайлардан басқа реттерде,
тікелей қолданылатындығын тану. Бұл - Қазақстан
Республикасының құқықтық мемлекет ретіндегі
қызметінің ең басты принципі [4,174-175].
Билікті
тармақтарға бөлу мынаған негізделген: мемлекетте
заңдарды қабылдауға (барлығына міндетті іс-әрекет
ережесін бекіту), оларды орындауға және төрелігін
жүргізуге (адамның құқықтары мен
бостандықтарын қорғау, осы ережені
бұзғандарға жаза қолдану, заңдарды
қолдануға байланысты іркелісті, қақтығысуды
және басқа өзекті мәселелерді шешу). Бұлай
билікті бөлу дұрыс та. Бірақ та, мұның
басқа да жақтары бар екендігін ұмытпаған жөн,
мәселен, саяси жағы. Демократияны сақтап, қамтамасыз
ету үшін мемлекет қызметінің үш бағытын
әртүрлі үш мемлекеттік органдардың арасында бірдей
бөліп, билікті бір адамның, органның қолында
шоғырландырмау. Өйткені, билік жүргізуші субьекті оны
өз пайдасына теріс қолданылуы мүмкін, оның өзі
озбырлыққа, адам тағдырын аяққа басуға,
менмендікке апаратыны сөзсіз.
Ең бастысы -
бір-біріне тәуелді емес үш тармақтар билігі
өздерін-өздері бақылап тұруы, бір органның
заңды бұзғанына жіті көңіл бөлулері
қажет.
Бірде-бір
мемлекеттік органның Конституцияда және басқа заңдарда
белгіленген өз өкілеттілік шеңберінен тыс шығып
кетілеріне құқығы жоқ.
Билікті бөлу принципінің
өзі заңдарды қабылдауға байланысты заң
шығарушылық қызметін тек өкілетті, заңды
органдардың жүзеге асырылуын көздейді, ал заңдарды
орындау, атқарушы-ұйымдастырушылық қызметі атқарушы
билік органдарына жүктелген; сот билігінің қисынын
тәуелсіз сот органдары табады. Сөйтіп, заң шығарушы,
атқарушы және сот органдары бір-біріне бағынбайды, өз
өкілеттілігін еркін жүргізе алады және олар заң
жүзінде тәуелсіз. Еліміздегі саяси режимнің
демократиялық болып жариялануына орай Қазақстан Республикасы
Конституциясының 3-бабы халық егемендігінің
конституциялық принципіне арналған. Мемлекеттік биліктің
бірден-бір бастауы - халық, ол жайында былай баяндалған:
«Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін
сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін
жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді» [5,18].
Қазақстан
Республикасы Ата Заңында өзін
құқықтық мемлекет ретінде орнықтыруды
көздеп отыр. Теорияда құқықтық
мемлекеттің ортақ белгілері бөлектенеді. Мемлекеттік
биліктің үш тармаққа бөлінуі
құықтық мемлекеттің маңызды белгісі болып
табылады. Бұл бөлініс әртүрлі функциялар орындайтын
мемлекеттік органдардың арасында өкілеттіктерді бөлуді
қамтамасыз етеді, мемлекет пен қоғамға мемлекеттік билікті
тармақтар бірінің иемденіп кетпеуінен кепілдік береді, сөйтіп
заңдылық, құқық тәртібін орнату
үшін алғышарттар құрады [6,7].
Конституцияда
Қазақстанда әлеуметтік мемлекет орнықтырудың
негізі қаланған. Әлеуметтік мемлекет ұғымы
алғаш рет Ұлыбританияда екінші дүниежүзілік соғыс
кезінде пайда болып, соғыстан кейінгі Еуропаның көптеген
мемлекеттері үшін модельге айналған Беверидж жоспарында
тұжырымдалады. Әлеуметтік мемлекеттің үш тұрпаты
бөлектенеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы
мемлекетке барлық салада, әсіресе өндіріс пен бөлу
саласында әлеуметтік әділеттілік орнатуға
қамқорлық жасау міндетін жүктейді. Осындай
мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекет алдына
міндеттердің кең ауқымы қойылады.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы
// Алматы: Юрист, 2012. – 4 б.
2. Диалектическая логика.
Категории сферы сущности и целостности/ под ред. Ж.М.Абдильдина. - Алма-Ата:
Наука, 1987.- 554 с.
3. Назарбаев Н.А. Стратегия
становления и развития Казахстана как суверенного государства. Алматы: Дәуір,1992. – 352 с.
4. Конституция (Основной закон) Казахской ССР. Алма-ата: Казахстан, 1977. – 76
с.
5. Табанов С.А., Оразова А.Ә. Күрделі заманның өтпелі
кезеңдеріндегі қазақ қоғамы Ата
Заңдарының тарихи-құқықтық
сабақтастығы. – Алматы: Жеті Жарғы, 2005. - 360 б.
6. ҚР Конституциясы. Ғылыми-практикалық түсіндірме. -
Алматы: Раритет, 2010. - 400 б.