МЕКТЕПТЕГІ МАЗАСЫЗДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚАРАСТЫРУ
Ғылыми жетекшілері:Кенжебекова
Р.И.-п.ғ.к.,доцент,
Жумағулова Г.Ш.-псих.ғ.к.,
Орынбасарова С.Ә.-студент ППК 010-1
Мектеп ең
бірінші болып бала алдында әлеуметтік – қоғамдық
өмірдің әлемін ашады. Жанұясымен қатар
өзіне бала тәрбиесіндегі басты ролдерді алады. Осылайша мектеп
баланың жеке тұлға болуына белгілі бір фактор болады.
Оның көптеген негізгі қасиеті және жекелік сапасы өмірінің
осы кезеңінде қалыптасып, олар қалай салынғанынан
байланысты оның алдағы дамуы көбіне
тәуелді,әлеуметтік қатынастардың ауысуы бала үшін
маңызды қиындық екені белглі.
Мазасыз күй,
эмоциялық кернеу, басты түрде балаға жақын
адамдардың болмауымен, өмір қозғалысы мен
үйреншікті шарттардың, қоршаған орта
жағдайының өзгерісімен байланысты (Макшанцева 1998).
Үрейдің
мұндай психикалық күйін нақты емес
анықталмаған қатер сезімі ретінде анықтау
қабылданған.
Келе жатқан
қауіпті күту белгісіздік сезімімен үйлеседі: бала, ереже
бойынша, неден қауіптеніп тұрғанын айта алмайтын күйде
болады. Осыған ұқсас қорқыныш эмоциясынан
ерекшелігі, үрейдің белгілі бір бастауы болмайды. Ол
араласқан және жалпы бұзылған іс-әрекетте,
оның өнімін және бағытын бұзатын әрекет болып
көрінуі мүмкін.
Мектеп баланы
мазасызданудан айырып қорқыныш тұтқынынан шығара
алады. Мұғалім, мектептегі оқиғаларды бағыттаушы
мазасыз бала үшін «психотерапевт» бола алады және болу керек.
Өйткені, оның қолында көптеген құрал:
марапаттау ғана емес, «емдейтін де» баға,
қоғамдық ұжым өмірі, сабақтағы
және сабақтан тыс жұмыстар
Үрей мен мазасыздану туралы түсінік
Үрей – уайым қайғының өте
ауыртпашыл түрі. Белгісіз бір жақтан келе жатқан қатер,
алақан терлеу, жүректің соқпай қалуы, «бір
нәрсені лезде істеу керек» деп қалмайтын сезіну сиқты
бәрімізге таныс сезімдер бір орында отырғызбайды. Ал, бірақ
нақты нені және неден қауіптену, қашу керектігін – біз
білмейміз.
Үрей –
белгісіз нәрседен қорқыныш. Неміс философы Пауль Тилих жазды,
үрей – болмыстың жоқтығына қорқыту
реакциясы. Бір нәрсеге үрей, аты, бейнесі, жоқ, бірақ
адамның өзін, «менің» жоғалтуға
қауіптендіреді.
Үрейді
нақты емес анықталмаған, бағытталмаған
қауіп, түсініксіз қатер сезімі ретінде анықтайды.
Бұл белгісіз сезімімен сай келеді. одан қайдан қатер
келетінін білмейді. Қорқыныш эмоциясынан айырмашылығы белгілі
бір бастауы болмайды.
Қорқыныш
пен үрейдің біріктіруші басы алаңдаушлық сезімі болады.
Адам қатты алаңдаған (беспакойство) кезде
сасқалақтап, қажетті жауап таппай, толқыннан дірілдей
сөйлеп, және көбіне мүлдем сөйлемейді,
қорыққан кейіпте болады. Ішінде бәрі «түседі»
салқындайды, дене ауырлайды, аузы құрғап алақан
ылғалданады, жүзі бозарып, адам түгелімен «терге батады». Бір
уақытта ол көп қозғалыс жасайды, аяқты
қайта – қайта айқастырып, тынымсыз киімін түзулеп
немесе мүлдем қозғалыссыз қалыпқа енеді.
Қатты алаңдаушылықтың осы көріністері ағза
қызметінің психофизиологиясын қысымын айтады.
Мазасыздану басым
болып алаңдаушылық күй мен қоса қозғалыс
қозуы көрінеді. Яғни адам өзін кез-келген және
керек емес жұмыспен де шұғылдануға тырысады. Қиын
басқарылатын сөздер ағымы (логария) түрінде
көрінетін, күтуге шыдамы жоқ сипат тән және де
көп сөзділік түсінудегі артық байымдылық,
жалғыздық қорқынышын жоятын нәзіктік сезімі,
жұмыс бастылықты көрсететін үздіксіз
қоңырау шалулар жаңа терістеліп тәуелділікке бел буу
жойылады, барлық жаңалық белгісіз болып
қабылданған соң, құлық кертартпа
(консервативный) сипатқа ие болады. Бұл қатынас одан да
көп үрейленуді туғызады.
Алаңдау
күйіндегі қорқынышқа жай қозғалыс ,бір
жерде қатып тұру және аяғымен бір жерді қайта -
қайта басу тән. Сөйлеу мәнері анық емес, ойлауы
жігерсіз, жүректе «ауыр», көңілі жабыраңқы.
Депрессиядан айырмашлығы қайғы, апатия, өзін -
өзі жою ойы болмайды. Басқа қорқыныш жауламаған
тіршілік әрекеті белсенді өтеді. Осылайша қорқыныш
күйі сайланбалы және динамикалық сипатқа ие.
Осыған орай
мазасыздану холерикті ал қорқыныш – флегматик темпераментті
байқатады. Ұзақ жасалған үрейлену аффекті
және қорқыныш шынында да темпераменттің болып
тұрған типтерін күшейтуге қабілетті.
Қорқу
мен алаңдаушылық күйде адам күту қысымында
болады, жиі қорқып, аз күледі, үнемі уайымдауда. Ол
толығымен бұлшықеттерін босаңсыта алмайды,
артығымен шаршайды, бас ауру тән. Шаршағанға
қарамастан бірден ұйықтап кетпейді, әртүрлі ойлар
болжаулар маза бермейді. Ұйқы жайсыз ,жиі түнде сөйлеу
,қатты демалу болады. Күнделікті өзінің «менімен»
соғысатын, шатасқан түстер көреді. Ұйқы
сезімі болмайды, ертерек оянуға тырысады.
Қатынас
таңдамалы эмоционалды тура емес болып, ескі алаңмен шектеледі.
Бейтаныс адамдармен қатынас қиындап, сөйлемді бастау ауырлап,
сұраққа жауап беруде келеңсіздік туындайды. Бұл
әсіресе телефонмен сөйлескенде байқалады, ойды жинап, негізгіні
айту барысында.
Үрейлену,
абыржу, көбіне өзіндік намыс сезімі дамыған, жауапкершілік,
өзін тануда басқалардың пікіріне жоғары қарайтын
адамдарға тән. Оыған орай, мазасыздық
өзінің өмірі үшін де, жақындарының
өмірі үшін де жауаптылық сезімінде көрініс береді. Осыдан келіп, қорқыныш – адам
өмрі мен саулығы үшін қатердің аффектті
көрінісі болса, алда болатын қауіп қатердің күшті
эмоциональді сезімі.
Үрейленудің
қорқыныштан айырмашылығы ол тек кері сезімнен емес,
көңілді толқудан да туындайды.
Алаңдаушылық
сезімі адамның психикалық құрылымына, өмір
тәжірибесіне тәуелділіктен, айналадағылармен
қатынасқа байланысты және қорқыныш мәнге де
ие болады. Адам белгісіз алаңдаудан мазасыздануды, ал нақты
объекттерді мойындаудан қорыққанда қорқынышты
сезінеді.
«Үрейлену» термині қысымның
субъективтік сезімдерімен сипатталатын алаңдаушылық
қараңғылықпен, ал физиологиялық жағынан –
автономды жүйке жүйесін белсендіретін, жағымсыз
эмоциялық күй мен ішкі шартпен суреттеледі. Үрейлену
күйі стресс қызметінің сатысы сияқты өзгереді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Овчарова Р.В. Практическая психология образования. М.,
«Академия». 2003.
2.
Овчарова Р.В. Практическая психология образования. М.,
«Сфера». 2001.
3.
Нетреба С. Влияние коррекции тревожности на формирование
адекватной самооценки младшем школьном возрасте с учетом этническо й принадлежности детей. //Ұлт
тағылымы. 2004. №3, 122-126б.
4.
Жуманкулова Е. Тревожность как предпосылка девиантного
поведения подростка. //Бастауыш мектеп. 2005. №2. 47-50б.
5.
Абрамова
Г.С. “Введение в практическую психологию” – Екатеринбург: “Деловая книга”,
Москва: Издательский центр “Академия”, 1995
6.
“Альманах
психологических тестов” – Москва: “КСП”, 1995 – с. 333-336
7.
Алякринский
Б.С. “Общение и его проблемы” – М.: Знание, 1982 – 64 с. (Новое в жизни, науке,
технике. Сер. “Молодежная”, №7)
Андреева Г.М.
“Социальная психология” /Перев. с англ