ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚОЛӨНЕРІ НЕГІЗІНДЕ БАЛАЛАР БӨЛМЕСІ  ЖИҺАЗДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ.

Г.С. Байұзақова, Х.Умурзакова

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы, ҚР.

 

Қазақстан Республикасының президенті халыққа жолдауында: «Қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете беру. Сонымен қатар, ұлт аралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамассыз ету».

Қазақстан республика халқымыздың мәдени-рухани өмірінде қол өнерінің алатын орны ерекше Көркемдік сипаты әрі көркемдік тарихы. Осы тарихи кезеңдерідің бәріне де-ежелгі сақтар –үйсіндер,- қаңлылар,-ғұндардың тарихи тереңнен келе жатқан  темір атауыны тану, табу, өңдеу, балқыту, құю, суару, қалыптау, тойтару, мөрлеу, әрлеу, өрнектеу т.б секілді ең көне дәстүрінің олардың бүгінгі тікелей ұрпақтарының бірі- қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінде де сақталынып қалғандығы аян. Әсіресе, көшпелілердің әскери аттылардың жарақтандырудағы бұл дәстүрлері XIII ғасырдың басыңдағы Шыңғысхан әскерінің еурапаға жорығ кезіңде аңық байқалған.

Халық қолөнерінің көшпелілер арасындағы хас шебелері тек кана әлемде отпен тұтанып атылатын оқ-дәрі құралдары пайда болғаннан бастап  сахнадан сырғи бастады. Алайда, сол көшпелі көне тарихтан техниканы бүгінгі аса дәуірлей дамыған шағында да-ежелгі қолөнер шеберлерінің көрігінен шыққан, көп нұсқалары – археологиялық қазбалар кезіңде ашылып-табылып жатқан: кейбір ғана-халық арасында сақталынып қалған біреген-сайран ғана ұста шеберлердің алақанында қалып қойған ежелгі жәдігерлер біз үшін-өқүл басқан көне тарихтың өшпей тұрған  өз көзіңдей. Тарих сілемімен бірге біздің көзімізден ғана емес, тіпті ой-санамыздың өзінен бірте-бірте алыстап, жоғалып бара жатқан халық қолөнерінің ежелгі дәстүрлерін жан аямай қолға алып, жұрт арасындағы бұл өнердің соңғы  өкілдерін іздеп-тауып, теміршілік қол өнерінің құпиясын ашып, зерттеп, өздері сол жәдігерлерді қаз-қаллпына қайта жасап, халыққа ұсынатын ұрпақтың өкілдері әлі де бар.

 Ежелгі баба ұсталар көрікке қызған темірмег іс бастар алдыңда: «Менің қолым емес, Тәңірімнің қолы» деп бастайды екен . Бұл дәстүр қазақ теміршілік өнерінің сан мыңдаған жылдық тарихын аңғартады. Дәстүр ретіңде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан осы сөз құдіреті-адамның «мұны мен істедім»деген пендік пиғылын тежеп, өз ісіңе деген адалдық пен сүйіспеншілігі арттыратып пәлсапалық терең ұғым.

Қазақ теміршілік өнерінің көнеден қалыптасқан тарихи тамырына тағы бір дәлілді айғақ ретінде бүгінгі жер атауларын атауға болады: Алтынемел, Бқыршық, Жезді, Жезқазған; Қорғас, Теміртау, Темірлік, т.б.

 Осы секілді кейбір сай-сала атауларын да көптеп кездестірер едік. Сол  жерлерден ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан шағын темір қорытатын ошақ орындарын көптеп кездестірілгенің еңбектінде тап жазады. Темір байланысты атау алған жерлеріді зер салып қараған адамға балщқыған тас қорытпалар кезігеді. Мұндай балқытас қорытпаларды күні бүгінгі дейін қазақ «темірдің боғы» деп атайды.

 Ошақтағы темір бар тас қорытпа от қызған кезде ошақ түбіндегі баллшықтан жасалған науамен темір бөлек ағып, тас қорытпа ошақ түбіне шөгіпқалады. Ошақтың көлеміне қарай екі-үш көрікпен үрлеп от қызуын күшейтеді. Осындай тәсілмен темір өңдіріп бұйым жасау адамзат баласының дамуына  теңдесі жоқ қозғалыс әкелді. Темір-түсті темірлерге қарағанда сапасы жоғары, қыздыру арқылы адамға қажетті әр  түрлі зат жасауға икемді, Тәңірімінің өзі адамға жіберіген үлкен сыйы еді . Қазақ халқынын өмірі салты төрт түлік мал өсіру болғандықтан, жерді ұрпақтан-ұрпаққа құңарлы қасиетін жоймай сақтау үшін жылдың төрт мезгілдік өзгеруін ескеріп , жер ауысып көшу жүйесін жасады. Осы жүйе қазақ халқын жері кең, халқы бай, салт-дәстүрі терең, өнері асқақ , өзін дархан болуын ықпал етті. Дәл кәзіргі кезеңде ұлтымыздың ұлттымыздың ұмтылып, кеңже калған теміршілік қасиетті өнерін қазақ халқының рухани әлемін терең байытып, отаншылдық рухын асқақтататын киелі өнердің бір саласы деп есептеу керек. Біздің мазалаған осы ойдың шешуі « Кең-байтақ ел мен жердің батыр бабаларымыз қалай қорғады, қаңдай қару-жарағы қаңдай қорғаныс құралдары болады » деген сұраққа әкеп тірейді.

Жалпы ежелгі қазақ өнерінің ешкімге ұқсамайтын өзіндік үлгісін сәулет өнерінде , мүсін өнерінде, кескіндеме-бәдізшілік өнерінде, саз өнерінде, Әншілік, жыраулық, теміршілік, айтыс өнеріңде байқауға болады. Өнердің кез-келген саласында ешкімге ұқсамайтын және ешкімді қайталамайтын өзіндік келбетін, мінез-құлық, іс-әрекетін қазақи болмысын тауып сезінген қас талант иесі өнерді терең түсіңе алады. Ал, енді заттардың аталуы, шамасы, темірдің суын тауып суғаруы, сапталу құпиялары темірді тану, жіктеу-өз алдыңа өте ірі өнері екендігің әуелі өз халқымызға, соңын соң әлем халықтарына көрсетіп, дәлілдеуіміз қажет.