Экономические науки /10.Экономика предприятия.

 

Старший преподаватель Тажиева И.Т.

Каспийский Государственный Университет Технологии и Инжиниринга, Казахстан

ҚР мұнай өндіру саласының қазіргі уақыттағы жағдайы

Орта Азия аймағында Қазақстан шикі мұнайдың ірі өндірушілерінің бірі болып табылады.Қазақстан мұнай қорлары бойынша әлемде 15 алдыңғы қатардағы елдерінің құрамына кіреді және мұнайдың әлемдік қорының  3% на ие. Мұнайгаз аудандары республика аймағының 62% алады, онда 172 мұнай кенорындары бар, оның ішінде 80 кенорыны игерілу үстінде.

Соңғы 20 жыл ішінде қазақстандық мұнай өндіру көлемі үш есеге артқан. ҚР Мұнай және газ министрлігінің мәліметіне сәйкес, шығарылатын мұнай қорлары жылына  4,8 млрд. тонна болады. Біріншіден бұл қазіргі уақытта кен орындарының біразында геологилық игеру зерттеу жұмыстарының жүргізілуімен, мұнай газдың жаңа кен орындарын игеруде, болжауда, оларды негізінен Каспий және Арал теңіздерінің акваторилерінде пайдалану жұмыстарымен байланысты. Өнімдік потенциалды ұлғайту сонымен бірге Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Қазақстан обьектілерінде аймақтық сейсмикалық жұмыстарды өткізуге де байланысты болады.

ҚР-да мұнай өндірудің географиясы өте кең. Кен орындары Қазақстанның он төрт облысының алтауында орналасқан, бұл Ақтөбе, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары болып табылады. Мұнай өндірудің негізгі орталығы Батыс-Қазақстан облысы, ондашамамен 70% көмір сутегі қорлары шоғырланған.

90%  аса мұнай қорлары келесі 15 ірі кенорындарында шоғырланған, бұл Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кеңқияқ,  Қаражамбас, Құмкөл, Бозашы Солтүстік, Әлімбекмола, Орталық және Шығыс Прорва, Кенбай, Королевское кенорындары, жартысы-екі алып мұнай кенорындары Қашаған мен Теңізде шоғырланған.

 

 

Сурет 1. - Мұнай өндірудің және тұтынудың түзетуі

 

Ел ішінде мұнай өндіру деңгейі оны тұтыну деңгейінен 6,5 есеге артық. Қазақстандық мұнайдың таза экспортталған көрсеткіші 2009ж. 66 млн. тоннаны құрады, бұл ЖҰӨ-нің ішкі шығын көлемінен артық екенін көрсетеді.

Мұнай қазақстандық экспортының негізгісі болып табылады, ол ҚР Индустрия және сауда министрлігінің 2010 жылғы  мәліметіне сәйкес, экспорт ақшалай есептегенде 64,7% (мұнай өнімдерімен бірге 68%) болады. 

Мұнай өндірудің 70% шетелдік инвесторлармен (Ресейдің, АҚШ және Еуропа елдерінің) жүзеге асатынын айта кеткен жөн, транснационалды компаниялар қатар қойылған, оның ішінде ExxonMobil, Chevron, Agip, BG, BP/Statoil, Shell, Total, INPEKS, Philips, ЛУКойл, Eni және т.б. бар.

Қазақстанда мұнай өндірудің қазіргі потенциалын ұлғайту,  табылған және игерудегі кенорындарының есебінен қамтамасыз етіледі және жаңа карбогидраттардың жаңа кенорындарының табылу мүмкіндіктерінен аздап тәуелді.

Мұнай және мұнай өнімдерін тұтынудағы өзінің даму үстіндегі экономикасының қажеттілігін жабу үшін, мұнай газ кенорындарын алуда, Қытай өзінің ішкі валюталық резервтерін пайдалануда. Валюталық резервтері 250 млрд. АҚШ долларын құрайтын Үндістанның қаржылық мүмкіндіктері  Қытаймен салыстырғанда айтарлықтай төмен, бірақ даму үстіндегі нарық елді мұнай өндіру жобаларын инвестициялауға мәжбүрлейді. Бұл фактор Қазақстандық мұнай өндіру саласын дамытуға қолайлы, әсіресе  қазақстандық мұнайдың экспорттағы үлесінің аздығын есепке ала отырып, оны өндіруді өсіру арқылы ұлғайтуға болады.

Үндістан мен Қытайдың экономикалық тұрақты даму беталысын есепке алып, мұнайға деген сұраныстың алдағы уақытта ұлғаюын күтуге болады.

Дамушы экономика жағына экспорттау өсуінің потенциалына қарамастан, үлесіне мұнай экспортының 70,30% тиесілі Еуропалық Одақ, қазіргі уақытта негізгі экспорттаушы бағыт болып қалады.

Елдің мұнай өңдеу кәсіпорындарының даму жағдайы мұнай өнімдерінің барлық түрлерін тұтынуды толық қамтамасыз етуге бағытталған, өнімді тереңдете өңдеу үшін, қайта құру мен жұмыс жасап тұрғанды  кеңейту, және де жаңаларды енгізу арқылы бірінші және екінші процесстер бойынша  қосымша күштер құрылады.

Қазақстанның мұнай өңдеуші заводтарында техникалық-экономикалық жағдайына жасалған талдау, соңғы он жылдағы осы саланың жалпы деңгейін анық көрсетеді. Кәсіпорындар жұмысының тұрақсыздығына жобалық шешімдер себеп болды, бұл мұнай өнімдерін өндіруді және оның сапасын төмендету,  жабдықтардың тозуы, технологиялық  құрылғылардың басқа өнім кенорындарын өңдеуге қайта жасалғаны.

Елдің заводтарында отын, автобензин, авиабензин және дизель отынын өндірудің төмендеуінің байқалғаны, ішкі нарықтың жанар-жағар майға үнемі тапшы болғандығынан орын алды. Бұл жағдайда жаңа қиындықтар пайда болады, оны тек қана ресурстарды импорттау арқылы ғана шешуге мүмкіндік бар.

Мұнай газ шикізатының кешенді пайдаланылуы, республикада шикізатты отын ретінде өңдеу болып табылады. Айта кету керек, бүкіл әлемде мұнай тұтынуда химиялық қажеттілік 10-15% аспайды, бірақ мұнай химиялық синтездің өнімдерін пайдаланудағы тиімділік мұнайдың басқа отын энергетикалық мақсаттарда қолданудағы 90% осындай көрсеткішінен артық.

Мұнай газ ресурстарын тереңдетіп өңдеудің жоғары тиімділігін, Қазақстандағы көмірсутегі шикізаты кенорындарында, оларды өңдеу процесінде жүргізілген зерттеулердегі есептелген мәліметтер дәлелдейді.  Мысалыға, кірерде бір тонна мұнай құны 450-500 доллар болса, процестен шығарда бір тонна полиэтилен 1000 долларға, бір тонна полипропилен 1200 долларға, бір тонна полиэтиленді қапшықтар 900 долларға бағаланады [31].

Мұнай газ ресурстарын кешенді пайдалану деңгейі өндіру, тасымалдау және өңдеу барысында байқалатын экологиялық жағдайдың нашарлауымен тығыз байланысты. Осыған орай, экологиялық тұрақтылықты сақтаудағы күрделі және нашар жасалған жұмыстар: аймақтың экожүйесіндегі жүктеменің жалпы нормалануы, өндіру обьектілерінің нормаға сай орналасуы, олардың құрылысы, желілік құрылыстар (мұнай газ құбырлары, электр желілері), жергілікті материалдардың жол және дамбаларды салудаға пайдалану нормалары болып табылады.

Мұнай газ ресурстарын кешенді пайдалану арқылы респуликадағы экономикалық жағдайды көтеруге мүмкіншіліктер бар. Салыстыру үшін келесі мәліметтерді келтіру жеткілікті: кейбір кенорындарында мұнайды және газды тереңдетіп өңдеу экономикалық бағалауының қосындысы, бір варианты бойынша өңделмеген ресурты пайдалану көрсеткішінен шамасы 4 - 4,5 есе артық болады. Бұл жағдайда бастапқы өнімдері Ресей мен Украинадан жеткізілетін Батыс Қазақстанның мұнайхимиялық және газ өңдеуші заводтарының күштері толықжүктемелі болады.

Қазақстанда үш мұнай өңдеуші завод болсада химиялық және мұнай химиялық өндіріс дамымады. Оның бір себебі, кеңес кезеңінде салынған МӨЗ-дың ауыр мұнайды тереңдетіп өндіру үшін арналмағандығы. Қазіргі уақытта техникалық қайта ұйымдастыруларды жүргізу шикізатты сапалы өңдеу үшін, технологиялық процесті күрделендіруді және үлкен шығын жасауды  талап етеді.

Бұл жағдайда ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын табу қажет.

Біріншіден, бұл мұнай газ кенорындарында игеруге шығатын шикізаттың жеткілікті көлемін заводтарға жеткізуді келісім құжаттарында көрсету қажеттігі.

Екіншіден, кейбір аймақтарды отынмен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар кіші көлемді және мини заводтар салу.

Үшіншіден, мұнай өңдеуші саланың даму стратегиясының негізінде шикізатты жоғары деңгейде өндіру аймағында көрші елдерден көптеп жеткізілетін отынға деген сұранысты жоюға мүмкіндігі болатындай жаңадан ең болмаса екі ірі обьектілер салу жоспарлануы керек.

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1.   Қазақстан Республикасының 2003 - 2015 жылдарға арналған индустриялы-инновациялық дамуы стратегиясы. ҚР Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы №1096 Жарлығымен бекітілген.

2.   Аманиязова Г.Д. Экономика нефтяной и газовой промышленности.. Алматы. Экономика, 2004 г. С. 21.

3.   Баймуратов. У.А.,  Инвестиции и инновации: нелинейный синтез. БИС Алматы, 2005 г

4.   Экономика предприятий нефтяной и газовой промышленности. Под ред. Дунаева В.Ф., В.И.Егорова М. Недра, 1983 г.

5.   http//www.forecastcenter/GNEI).

6.   http//www.metriknet.com/speicials-gnei2/Intro.pdf 

7.   http://www.kazembassy.ru/issue/