Оспанова
С.М.
аға
оқытушы, магистр
Ш.Е.Есенов атындағы КМТжИУ
Тақырыбы: Арнайы жер қорын қалыптастыру
мәселелері.
Жер – табиғат
ресурсы және жалпы алғанда адамның тіршілік тынысы.
Басқа материалдық жағдайлардың қатарында
оның орны ерекше. Жер – ең м аңызды, ештеңемен
алмастырмайтын ұлттық дәулет. Сондықтан оны жоспарлы
түрде, тиімді жәнеысырапсыз пайдалану әр
қоғамның басты міндеті. Халық шаруашылығының
қай саласы болсада жер өндіріс құралы ретінде
пайдаланылады. Экономиканың басқа салаларына қарағанда
ауыл шаруашылығының құқықтық
тұрғыдан жерге деген приоритеті болуға тиісті.
Жер өндіріс
құралы ретінде шектелген және еркін өндірілуге
келмейді. Әсіресе бұл тезис егіншілікке қолайлы жерлерге
қатысты. Жер жүзінде егіншілікке жарамды жерлердің үлес
салмағы 30%-дай. Қалған территория тым суық н/е тым
ыстық белдеулерде, тау-тасты жәнет.б. қолайсыз
аймақтарда орналасқан. Қазіргі кездегі барлық жердің
11-12% жыртылған, ал ауыл шаруашылығында пайдаланатындарының
үлес салмағы тек 29%. Мамандардың болжауы бойынша
жыртылған жерлердің көлемін екі есе
ұлғайтуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, жер
иелері мен жер пайдаланушылардың, соның ішінде жалға
алушылардың құқықтарының шектелуіне н/е
іргелес жатқан жерлерінің сапасы нашарлауына байланысты залалдар да
осыған әкеп
соқтырған кәсіпорындар мен мекемелер, ұйымдар мен
азаматтар есебінен өтеледі.
Ауылшаруашылық
өндірістің шығындарын жер бөліп берілген мекемелер мен
кәсіпорындар өтеуге тиісті де, осыдан түсетін қаржы
жаңа жерлерді игеруге, топырақ құнарлығын, жер
өнімділігін арттыруға жұмсалады.
Сонымен,
жерді ауылшарушылық емес мұқтаждықтарға
бөліп берідің салдарынан жер иеліктері мен жер пайдаланушылар залал
тартып, ал ауылшаруашылық өндірісі қайтарылмас
шығындарға ұшырайды. Енді соларды анықтау реттілігі мен
әдістемсін қарастырайық.
Жер иеліктері мен жер
пайдаланушыларға келтірілген залалдарды жәнеауылшаруашылық
өндірістің шығындарын анықтау мақсатымен аудандық әкімшілік жағынан
бағалау комиссиясы құрылады.
Жер иеліктерімен жер пайдаланушыларға
келтірілген залалдардың көлемі мынандай әдістемелік
жүйелікте анықталады.
а) тұрғын
үйлер, мәдени-тұрмыс объектілері жәнебасқа да
өндірістік құрлыстар мен ғимараттар баланстық
құны бойынша, тозғандықтары ескеріле отырып,
бағаланады. Ол үшін мына формула қолданылады:
Зғ =
;
бұнда, Зғ –
қағажуландырылған құрылыстар мен
ғимараттардың қалған құны, теңге;
Т – олардың
қалған эксплукациялық жарамдылығы, %;
Ка – олардың
алғашқы баланстық құны, теңге;
Осымен бірге, жоғарыда келтірілген
формула арқылы жерді бөліп берудің салдарына байланысты
пайдалануға келмей қалған құрылыстар мен
ғимараттардың дан құны есептеледі.
Жер бөліп берілген кәсіпорныдар
жер иелері мен жер пайдаланушылардың келісімі бойынша жойлатын
ғимараттар мен құрлыстарды қажетті жерге көшіру
н/е оларды жаңадан басқа жерге салу мүмкін. Бұндай жағдайда жер иесі жаңадан
салынған құрлыстардың сметалық құны
мен жойылатын құрлыстардың баланстық
құндарының арасындағы айырмашылығын өтеуге
тиіс.
Бұл
айырмашылықтың көлемі мына формула арқылы есептеледі:
Зг =Ке
;
Бұнда,
Ке – объектілердің сметалық құны н/е көшіруге
қажетті қаржылар көлемі, теңге;
Зг –
қайтаруға жататын қаржы көлемі, теңге;
ә) жемістік егістерді
қорғауға жәнебасқа мақсаттармен
салынған көпжылдық көшеттер өздерінің
баланстық құны бойынша бағаланады:
Зк = П∙ (С
К
+ С
К
+ ….+ Cn Kn);
Бұнда, Зк – қағажуландырылған
көшеттердің құны, теңге,
Cn – 1га
ағаштың бір текті жәнебір жасты ағаштардың саны;
Kn – 1
ағаштың нарықтық құны, теңге,
П –
учаскенің ауданы, га;
б) аяқталмаған өндірістің құны сол
жерді алған сәтке дейін орындалып қойған
жұмыстарға жұмсалған шығындардың
көлеміне теңестіріледі. Егер де, шаруашылық
шығарған қаржы таза табыс түрінде сол
уақытқа дейін толық қайтарылмаса,
аяқталмаған өндірістің құны мына формула
арқылы табылады:
За = П∙ (Шn –
Kn);
бұнда, За –
аяқталмаған өндірістің құны, теңге;
П –
қағажуландырылған алаптың ауданы, га;
Шn – 1 га
жұмсалған шығынның көлемі, теңге;
Kn –
алаптың 1га қағажуландырылға дейін алынған таза
табыс, теңге;
в) егістерді қағажуландыпғаннан шеккен
залалдың мөлшері сол егістерден алынбай қалған
өнімнің көлеміне теңестіріледі.
Зо = П ∙ Ө
∙ Б;
бұнда, Зо –
қағажуландырылған егістерден алынбаған
өнімнің құны, теңге;
П - қағажуландырылған
егістердің ауданы, га;
Ө - дақылдардың
түсімділігі, ц/га;
Б – 1ц өнімнің бағасы,
теңге.
Жоғарыда
айтылғандай, жер иелері мен жер пайданышуларға келтірілген залалмен
бірге жер берілген ұйымдар, мекемелер жәнебасқа
кәсіпорындар ауылшаруашылық өндірісі тартқан
шағындарды өтеуге міндетті. Бұл талап ауылшаруашылық
потенциалды алғащқы қалпына бөлінген жер
учаскесінің ауданындай жаңадан жер танаптарын игеруге қажетті
қаржылардың мөлшерімен теңестіреледі. Егер де
ауылшаруашылық айналымнан суармалы жер шығарылса, келтірілген
шығындардың көлемі сондай ауданды суармалы жерлердің
құнына теңестіреледі.
Сонымен
бірге бұл шығындардың мөлшері бөлінген учаскенің
нарықтық құны көлемінде алынуы мүмкін.
Бонитет балы мына формула арқылы табылады:
Борт =
;
бұнда, Б орт –
бөлінген алаптардың орташа балы;
б
бn – бөлінген алаптардың
құрамындағы
топырақтардың балдары;
- топырақ
түрлерінің аудандары, га;
П – бөлінген алаптардың жалпы ауданы, га;
Орта облыстық
нормативтен бөлінген нақты учаскенің құнына
көшу үшін біріншісі түзету коэфициентіне көбейтіледі:
Кт =
;
Бн –
бөлінген нақты учаскенің балы;
Құрамына
әр түрлі алаптар кіретін учаске үшін төлемнің
жалпы көлемі мына формула арқылы табылады:
Ш = (
) + (
);
бұнда,
Ш – төлемнің жалпы көлемі, тенге;
П
- алынған алаптардың аудандары, га;
Кт
Кт
- алаптардың сапасын ескеретін түзету,
коэфициенттері;
- алаптардың
суармалы жерлермен теңестіретін коэфициент;
К – 1га
жаңа жерлерді игеруге қажетті қаржылардың
құны,теңге;
Танысып өткен әдістеме тек Қазақстанда
ғана қабылданған және қолданылады. Бұнымен бірге
осы мәселе жөнінде тағы да бір қатар ұсыныстар
бар. Солардың ішінде, біздің ойымызша, профессор Л.С.Семиннің
ұсынысы айтарлықтай маңызды. Оның пікірінше, бірінші
кезекте, мемлекет сонымен бірге ауыл шаруашылығы жоғалтатын кірісті
есептеген жөн. Бұл кірістің көлемін
анықтауға Л.С.Семин, С.В.Лященконың формуласын қолайлы
деп санайды:
Ш = Д∙р∙м
∙К ;
бұнда, Д – жылдық
таза кіріс,тенге/га;
р –
алынған учаскенің ауданы,га,
м –
шығынды өтеу мерзімі,жыл;
К – жобалау
ауылшарушылық өндірістің тиімділігінің өсу
коэфициенті.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Сборник нормативных актов по
регулированию земельных
отнашений республики Қазахстан. – Астана, 2003
2. Землеустроительное проектирование,
учебник, (Гендельман М.А.и др.
–М; Агропромиздат, 1986.
3. Землеустроительное проектирование.- уч. под ред. М.А.Генделмана. ТОО
ЭВЛЮ, 1999.
4. Чаянов А.В. Крестьянское
хозяйство.- М; Экономика, 1989.
5. Землеустроительное
проектирование.- уч. под ред.
С.Н. Волкова. –М; Колос, 1997
6. Волков С.Н. Экономика землеустройства. Учебник.- М; Колос, 1996.
7. Белоусова Э.В. Межхозяйственное
Землеустройство. с-х Предпрятий и крестьянских (фермерских хозяйств)
уч. пособие. ААУ. –Астана, 2001