Экономические науки /13.Региональная экономика

Жетібаева Назерке Сакенқызы

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Есеп және аудит» мамандығының 1 курс студенті

Аймағамбетова Аида Даукараевна

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы

 

ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ

 

Банктер саласындағы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгеріс алып келді. Бүгінгі күні банктегі бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде басты орын алады.

Тәуелсіздік алғаннан кейін біз нарықтық жолды таңдадық. Нарық заңына орай, тұр­ғын үйдің бағасы қымбаттады. Оның үсті­не, халықтың ауылдан қалаға үдере көшуі тұрғын үйге деген сұранысты жоғары­латты. «Үйі жоқтың күйі жоқтығын» ескерген Елбасы «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы» Жарлыққа қол қойды. Осылайша 2005-2007, 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы қа­был­данды. Осы бағдарлама аясында мыңдаған отбасы қоныс тойын тойлады.

Бүгінгі таңда халықшаруашылығы саласындағы банктердің жүйесінің экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Қаржы-несие институттары және операциялардың қайта бағалануын, Орталық Банктің және екінші деңгейлі банктердің өзара қатынастары жүйесінің өзгеруіне байланысты банктегі бухгалтерлік есеп жіне есеп беру үздіксіз жаңарып отырады.

Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің дамуы 2000 жылдың соңында «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы» Заңның қабылдануынан бастау алды. Аталған заңды әзірлеу негізіне бірнеше онжылдықтар көлеміндегі табыстарды қызмет етіп келе жатқан Германияның құрылыс жинақ кассаларының моделі алынған.

Елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытудың келесі кезеңі жарғылық капиталына Мемлекеттің 100% қатысу талаптарымен 2003 жылғы 10 шілдеде Қазақстандағы бірінші және әзірше жалғыз тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ құрылуы болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Банк акцияларының мемлекеттік пакетін қызметінің негізгі мақсаттарының ел экономикасын тұрақты дамыту, экономиканы жетілдіру мен әртараптандыруды  қамтамасыз етуге жәрдемдесу, сондай-ақ қор құрылымына кіретін компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру болып табылатын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл – ауқат қоры» АҚ төлеміне беру туралы шешім қабылдауы 2009 жылғы маңызды оқиғалардың бірі.

Банктің негізгі міндеті елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту және Қазақстанның барлық өңірлерінде жұртшылықтың неғұрлым ауқымды бөлігінің тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне тең дәрежеде қол жетімділігін қамтамасыз ету және жеке қаражаттары мен Банктің тұрғын үй заемдарының есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін сапалы банктік қызмет көрсету болып табылады.

 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да банкаралық ақша аударымдарының жүйесі (БААЖ) − қолданушылардың жоғары өрісті төлемдерін аударуды жүзеге асыратын банкаралық есеп айырысулар механизмі. БААЖ қолданушыларына Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығында пайдаланушыға қызмет көрсету туралы келісімшартқа отырған банктер немесе банктік емес мекемелер жатады.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да банкаралық ақша аудару жүйесіндегі тәуекелді басқару мақсатында пайдаланушылардың корреспонденттік шотына қызмет көрсететін Ұлттық банк бөлімшесі операциялық күн басында ҚБЕО-ға белгілі бір параметрлерді сеніп тапсырады:

− Р1 − пайдаланушының жеке өтініші бойынша корреспонденттік шоттан резервтелген ақшалар;

− Р2 − ҚР Ұлттық банкі пайдаланушыға ұсынуы мүмкін күндік есептік несие көлемі;

 − Р3 − кезекте тіркелуі мүмкін төлем құжаттарының ең жоғары сомасы.

Банктер есеп айырысуды осы параметрлер бойынша жүргізеді. Банкаралық ақша аудару жүйесі банктердің корреспонденттік шоттары бойынша емес, БААЖ-ға қатысуы үшін резервтелген белгілі бір сомада жүргізіледі.

Кастодиандық қызмет аясында Банк клиенттердің активтерін есепке алу және сақтау бойынша қызмет көрсетеді.

2012 жылы заңды тұлғалардың Банктегі салымдары 2011 жылмен салыстырғанда 61 594 млн теңгеге немесе 16,73%-ға өсіп, 2012 жылғы 01 қаңтардағы жай-күйі бойынша 429 788 млн теңгені құрады. Ағымдағы жыл ішінде нарық жағдайларына байланысты клиенттерге салымдарды тиімді шарттармен, бәсекеге қабілетті мөлшерлемелермен ұсыну мақсатында бизнес-клиенттерге арналған салымдардың талаптары қайта қарастырылды.

Депозиттік портфелінің көлемі бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»  АҚ еліміздің екінші деңгейлі банктерінің ішінде үшінші орынды иеленеді. 2010 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда жеке тұлғалардың банктік есепшоттарындағы қалдықтар 2011 жылы 335 963 млн теңгені құрап, 49 219 млн теңгеге немесе 17,16%-ға артты. Мерзімді есепшоттардың саны өткен жылдың осындай көрсеткіштерімен салыстырғанда 37 516 немесе 30,77%-ға артып, 159 421 құрады. Банктің депозиттік ақша қаражаты нарығындағы үлесі 2011 жылдың соңында 14,92%-ға жетті.

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған 2011-2014 жж. арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қазақстандықтардың пәтер сатып алу мүмкіншіліктерін айтарлықтай кеңейтеді және барлық баспанаға зәру адамдарға арналған.

Тұрғын үй құрылысы республикалық бюджет қаражаттары есебінен жергілікті атқару органдарымен, ал сату тұрғын үй құрылыс жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл мақсаттарға жергілікті атқару органдарына республикалық бюджеттен тұрғын үй салуға 80,84 млрд. теңге бөлінеді, салынған тұрғын үйлерді сату «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылады, яғни Бағдарламаның аталған  бағыты аясында баспана сатып алу үшін біздің Банктің салымшысы болу қажет.

Қазіргі уақытта «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен облыстардың, Астана және Алматы қалалары Әкімдіктерінің арасында Бағдарлама аясында «таза» әрлеуден өткен, 3 класты жайлылыққа сәйкес келетін тұрғын үй салу және сатуға серіктестік туралы келісімдер жасалған.
   Бағдарлама аясында «таза» әрлеуден өткен шаршы метр үшін ең жоғарғы баға шектеулі: Алматы қаласы үшін 142 500 теңгеден, Астана және Ақтау қалалары үшін – 112 500 теңгеден, басқа облыс орталықтары үшін – 90 мың теңгеден артық емес. Шаршы метрдің ең соңғы құны жобалау-сметалық құжаттамамен және мемлекеттік сараптама қорытындысымен белгіленетін болады (құны жоғары болмайды, төмендеуі мүмкін).

 Бүгінгі таңда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар саны 284 мыңнан жинақтар сомасы 526 млрд теңгеден асты, бұның өзі халықтың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қызығушылық деңгейінің үздіксіз артып келе жатқандығының айқын көрінісі болып табылады. Мұнымен қатар,  2011 жыл ішінде  53 мыңнан астам жаңа қатысушылар тартылды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 18% артық (2010 жылғы 1 қарашада 45 мың жаңа шарт жасалған болатын). Сондай-ақ былтыр 2012 жылы жасалған шарттар сомасы 121 млрд. теңгеден асты, бұл 2011 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша шарттық сомамен  салыстырғанда 29% жоғары [21. 74 б.].

2010-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегияға сәйкес Банк Қазақстанның қаржы нарығында елеулі көрсеткіштерге қол жеткізуді жоспарлап отыр.

2015 жылдың соңына қарай халықтың экономикалық жағынан белсенді бөлігіне шаққанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар үлесін 6%-ға (600 мыңға жуық тұрғын үй құрылыс жинақ шарттары) және меншікті капиталдың тиімділігін 10%-ға көбейту жолымен бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру банк дамуының стратегиялық мақсаты болып табылады.

2015 жылға дейін ұзақ мерзімді стратегияның сандық және сапалық көрсеткіштері бірқатар маңызды жайттардан құралады. 2015 жылға қарай тұрғын үй салуға және сатып алуға берілетін заемдар бойынша Банктің нарықтағы үлесі 8,2% құрайды деп жоспарлап отырмыз. Агенттік желінің маңызын көтермекпіз, агенттік шарттардың үлесі жыл сайын жасалатын шарттардың жалпы санының 35% құрайтын болады. Қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында тыңғылықты жұмыстар атқарылатын болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барлық бөлімшелеріндегі қызмет көрсету деңгейі 95% құрауы тиіс. 

Бірқатар мәселелер жиынтығы банктің танымалдығын 65% дейін көтеруге бағытталатын маркетингілік саясатқа байланысты. Бұл айтылғандардың барлығы да іске асырылатын және қол жеткізілетін мақсаттар болып табылады және біз қарқынды жұмыс істеуден танбай, Банктің барлық бөлімшелерінің қызметін жетілдіру жүргізілуде.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, салымшының жинағы жиналған қаражат сомасының 20%-ын құрайтын мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылады. Мұндайда, ең жоғарғысы 200 АЕК мөлшеріндегі жинақ сомасы ынталандырылады. Банк заемшыларына Салық заңнамасына сәйкес берілетін салықтық жеңілдік – Банк заемдарын пайдаланғаны үшін сыйақы сомасының заемшының салық салынатын табысынан алынып тастауы Банк клиенттері үшін тағы бір тартымды талап болып табылады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

1. С. Донцов Современные перспективы развития жилищного кредитования в Казахстане – 2009г. – 56с.

2. Б.И. Лисак.   Ипотечные операции банков, как путь дальнейшей диверсификации – 2009г. – 62 с.

3. Н. Дюсембаев. Сущность и принципы ипотечного кредитования // «Финансы», 2009 г. – 134 с.