Маулина Нұргүл Хасанқызы –
э.ғ.к.,«Қаржы» кафедрасының доценті
Қадыр Айдана Бұқарбайқызы –
«Қаржы» мамандығының 4 курс студенті
Ақтау қаласы. Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Экономика және құқық
факультеті
Кедендік одақ
мүмкіндіктері
Берік болып көрінген Кеңес
Одағы
құлағаннан кейін
тәуелсіз мемлекеттер құрылып бұрынғы
экономикалық қатынастар азая түсті. Бірақ
бірқатар елдердің басшылары
көрші елдермен тығыз экономикалық
қатынастардың ауадай қажеттілігін және маңыздылығын
жете ұғынды. Осы
орайда экономикалық
интеграциядағы негізгі
үлкен қадам Кедендік
одақтың құрылуы болды. Бұл интеграциялық
ұйымның басқаларынан айырмашылығы – алғаш рет ортақ кедендік одақ
комиссиясы іске қосылып, кедендік одақтың басты сауда саясатының
негізі қаланды, бірыңғай кедендік тарифтер тағайындалды. Кедендік одақ
мүшелері: Беларуссия, Қазақстан және Ресей мемлекеті.
Осыдан екі жыл
бұрын Кеден одағы құрылған кезде
Қазақстан, Белоруссия және Ресей басшылары бұл
қадамның экономикалық пайдасы жайында зор сенім білдірген.
Бірыңғай кедендік тарифтерді енгізу, баж салығы мен
экономикалық шектеулерді алып тастау арқылы Ресей, Белоруссия
және Қазақстанның ішкі жалпы өнімін 2015 жылға
қарай 15 пайызға жуық арттыруға болады деп
болжанған. Мамандар тіпті «Ресей 400 миллиард
доллар, Белоруссия мен Қазақстан 16 миллиард доллар көлемінде
пайда көреді» деп, ықтимал пайданы да есептеп қойған.
2010 жылдың аяғындағы осы елдердің әрқайсысының
халық санын ескере отырып, ресейлік әр тұрғынға
шаққанда 2787,2 доллар, әр беларусьқа — 1687,5 доллар,
әр қазақстандыққа 973,1 доллар көлемінде
пайда түседі деген болжам жасалды.
Кеден одағы
аумағындағы ішкі кедендік бақылауларды алып тастаудың
арқасында жағдай айтарлықтай жақсарған. Өзара
сауда жылына 36 пайызға артып,
62,3 миллиард долларға жеткен. Егер мәліметтерге жүгінер
болсақ, Кеден одағына мүше елдер арасындағы тауарлар
саудасы 2013 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында
613,2 миллиард АҚШ долларына жетсе, соның ішінде экспорт 396,1
миллиард доллар болған, ал импорт көлемі 217,1 миллиард долларға
бара-бар екен. Экспорт құнының ағымдағы
көлемі 2012 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда
6,2 пайызды немесе 23 миллиард долларды құраған және де
импорт 4,9 пайызды немесе 10,2 миллиард долларға жеткен. Тағы бір
айта кетерлігі, 2013 жылдың
қаңтар-тамыз айлары аралығында сыртқы сауда сальдосы
179 миллиард АҚШ долларын құрапты. Өткен жылы бұл
көрсеткіш 166,2 миллиардтан аспаған болатын. Жалпы алғанда,
Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы байланыстарды
дамытуда және бір-бірін қолдауда қабылданған
шешімдердің берері мол. Көптеген компаниялар логистика мен кедендік
ресімдерге кететін шығындары мен уақыттарын үнемдеуге
мүмкіндік алды.
Жалпы, бұл біртұтас экономикалық кеңістік 2012 жылдың
1 қаңтарынан бастап өз жұмысына кірісті. Біздің
елдеріміз арасында біртұтас кеден аумағы қызметін
атқара бастады. Жаңа интеграциялық
құрылымға қатысты қоғамда туындайтын
сұрақтар да көп. Кеден Одағы
Қазақстанның игілігіне позитивті әсер етеді. Себебі,
егемендік алғаннан кейінгі жиырма жыл ішінде біз тек жалаң саудамен
айналысып келдік те, өзіміздің тауар өндірушілерімізді тауар
молшылығына айырбастап, тек шетелдерден дайын тауарларды тасымалдаумен
шектелдік. Соның салдарынан Қазақстан экономикасының тұтас
секторларын жоғалтты, мысалы, жеңіл аяқкиім, тоқыма,
тері өңдеу, станок жасау, т. б. өнеркәсіптері.
Мұндай жағдай еліміздің өндіріспен айналысуына
тосқауыл болады.
Ал бұл одақта мүше
елдердің мүдделерінің
тепе-теңдігі қамтамасыз етіліп, әр жақ өз тауар
өндірушілерінің мүдделерін қорғайтын болады,
екінші жағынан, Кеден Одағының ішінде бәсеке дамиды.
Мүше елдердің тауар өндірушілері өздерінің
тауарларының сапасы үшін күреседі де, бұл жағдай
ең сапалы тауарлардың өндірілуін жүзеге асырады.
Әсіресе ескеретін жағдай,
ол – Ресей сияқты экономика жағынан алып мемлекеттермен
әріптес болудың пайдалылығы. Себебі, өз
тауарларыңды өткізетін өте үлкен нарығы бар
мықты әріптесің болмаса, онда Кеден Одағына
кірудің пайдасы болмайды.
Ал жалпы экономикалық интерграцияны алатын
болсақ, бұл әр елдің тағдырында бар десек те
болады. Өйткені, казіргі жағдайда интеграциясыз елдің дамуы
қиын. Малайзия, Түркия сынды қарқынды дамып
жатқан елдер интеграцияның пайдасын түсініп, импорттың
орнын басатын саясат орнына экспортқа бағдарланған
саясатқа өткен ғасырдың соңында көшкен.
Бірақ олар толығымен нарығын ашып, еркін саудаға
барудан бұрын, жоғары тариф пен квоталарды қолданып,
өндірушісін қолдаған. Ресейдің жоғары тарифтерді
қолдануы, жергілікті өндірушіні қорғаудан
туындаған. Кедендік одақтан бұрын, Ресейдін сыртқы
елдерге кедендік тарифтері 15-20% аралығында, ал
Қазақстандікі 5-10% аралығында болған.
Саудамен айналысатын кәсіпкерлерге кедендік одақ тиімсіз. Бұның себебі, олар
көбінесе импортпен айналасады. Қытайдан, Еуропадан, Түркиядан
арзанырағын тауып, елімізде сатады. Әрине сауда жасап, табыс
тапқан жақсы. Бірақ, ұзақ мерзімді,
әсіресе, өндірістің даму жағын ойласақ,
одаққа деген көзқарас басқа болар ма еді.
Кәсіпкерлікпен айналаспайтын азаматымыз да шетелдік тауардың
қымбаттағанын ұайымдайды. Әсіресе көлік
бағасына келгенде қынжылады. Ал бізде өндіріс дамымай жатса,
әсіресе орта шағын бизнесіміз нашар болса, онда жұмыс орны
қайдан болады, табысты қайдан аламыз?
Ал өндіріс саласына келсек, онымен
айналасуға адамдар бірден тәуекел ете алмайды. Машақаты
көп, құрылыс жоспарын бекіту бір жылға созылып кетіп
жатады, тексерушілер де көп, өндірілген тауарды сату үшін де
жарнамалауды жақсы біліп, көп ақша жұмсау керек.
Елімізде орта және шағын бизнесті қолдайтын мемлекеттік
бағдарламалар бар, мараторийлер де жарияланып жатады. Бірақ сонда
да әлі жөндейтін жағдайлар аз емес. Парақорлықпен
күрес және капитал
жағы қиындау. Банктердің несиесі тым
жоғары. Әсіресе,
шағын бизнестің қаржы көздері өте аз.
Қазақстанда орта және
шағын бизнесті дамыту және экономиканы түрлендіру
қажеттілігі мемлекеттік стратегияларда да қарастырылған.
Мәселен экспортты алсақ, оның тоқсан пайызынан
асқаны шикізат. Ол да көбінесе ірі және шетелдік
корпорациялардың үлесі. Ал шағын бизнестің үлесі
мардымсыз. Шағын бизнес жұмыс орнын қалыптастырады,
әлеуметтік теңсіздікті азайтады. Әсіресе шағын
және орта бизнестің ішінде өндіріспен айналасатындардың
маңызы өте зор.
Кедендік одақтың потенциалды оңтайлылығы -
шетелдік инвестициялардың тартылуы. Малайзия, Оңтүстік Корея
және Тайвань сияқты
мемлекеттердің дамуында АҚШ және Жапония инвесторлардың
маңызы зор болды. Малайзия экспортының 40 пайызға жуығы
электроника өнімдері, текстиль 20 пайыз төңірегінде.
Бұл елдер шетелдік инвестицияларды жоғары технологиялық секторларға
бағыттай білген. Қазақстанға да шетелдік инвестициялар тартылды. Мысалы 1993-2008 жылдары
аралығында 90 миллиард АҚШ доллары көлімінде инвестиция
тартылған. Бірақ бұл мөлшердің 69 пайызы кен
қазу саласы мен геологиялық барлау қызметеріне бағытталған.
Ендігі мақсат, экономикамыздың диверсификациясы үшін шетелдік
инвестицияларды шикізаттан басқа салаларға тарту. Кедендік
одақтың құрылуы шетелдік инвестицияның келуіне
«тарифті аттап өту эфектісі» арқылы әсер етеді. Мысалы
қытай өндірушісі 20 пайыздық тарифті төлемеу үшін
фабрикасын Қазақстанда ашқан жағдайда ғана
біздің өндірушімен бәсекелесе алады. Кедендік одақтан
бұрын 15 миллиондық нарығы бар Қазақстанда
фабрика ашуды тиімсіз санап, Қытай өндірушісі елімізге экспорттауды
таңдайтын. Нәтижесінде, тек қана 20 шақты азамытымыз
сатушылық жұмысымен қамтамасыз етілетін. Тарифтеріміз де
өте төмен болғандықтан, Қытай компаниясына
жергілікті өндірушіні шыдатпайтын. Ал кедендік одақ құрылғалы
тариф өрлеп кетті және оған қоса 15 миллиондық
нарық орнына 170 миллиондық нарыққа жол ашылды. Енді
қытайлық компания одақ мүшелері мемелекеттер ішінде
бизнесті жүргізуге ең қолайлысын таңдап, өндіріс
ашуды ойлай бастайды. Бізде салықтар Беларусь пен Ресейге
қарағанда төменірек. Ендігі жерде, жергілікті
жұмысшыларды пайдалану және технология трансфері мәселелерін
қолға алып, шетелдік инвесторларды тарту үшін
кәсіпкерлік инфраструктураны дамытсақ, елімізге шетелдік
технологиянын келуінін пайдасын көреміз.
Әрине, кедендік одақтың
құрылуынан және интеграцияның одан әрі
жалғасуынан туындайтын біраз мәселелер де бар. Ресейге
экономикалық және саяси жақтан тәуелділігіміздің
артуы, тариф кірістерін бөлісу және тұтынушы үшін
тауардың қымбаттауы сияқты қиындықтар туындауы
сөзсіз. Жоғарыда көрсетілген одақтың пайда
әкелетін жақтары да жергілікті кәсіпкер мен мемлекеттің
өзара ынтымақтастығымен ғана көрініс табады.
Әсіресе, саудамен айналысып, капитал жинаған кәсіпкерлер
және басқа да инвестиция жасауға мүмкіншілігі бар
азаматтарымыз интеграциялық процесстерден қорықпай, одан
пайда табу жолын қарастыруы керек. Біріншіден, шетелдік инвесторлармен
бірігіп, өндіріс ашуға, олардың тәжрибесін,
технологиясын елімізге әкелуге қазір бір мүмкіндік туып
жатыр. Екіншіден, өз мүдделерін мемелекетаралық
деңгейде қорғау және сыртқы нарыққа
шығу үшін
Қазіргі күні елімізде бірлескен кәсіпорындардың
көптеп құрылу қажеттігі туындап отыр. Бұл
қосымша жұмыс орындары, жаңа технологиялар мен инвестиция
дегенді білдіреді. Әсіресе, инвестициялық ынтымақтастық
саласында біздің еліміз әлі игерілмеген тың іспетті.
Еліміздегі анағұрлым жұмсартылған салық
жеңілдігі, жағымды инвестициялық ахуал, кәсіпті
жүргізгісі келетіндерге түрлі кедергілерді алып тастау
жөнінде Үкімет тарапынан жүргізілген шаралар бизнес
үшін қолайлы жағдай туындатқаны белгілі. Мысалы,
Экономикалық даму және сауда министрлігі ұсынған
баспасөз мәліметтері Белоруссиямен бірлескен инновациялық
компаниялар құру жоспарланғанын айтады. Біздің елде
бірлескен жобаларды ұсыну ресейлік кәсіпкерлердің де ойында
бар. Таяу болашақта тікелей тауар айырбасынан өндірістік және
ғылыми-техникалық кооперацияны дамыту бойынша бірлескен
жұмыстар бірте-бірте қолға алынады. Белоруссия да өз
тарапынан қазақстандық компаниялардың өз
аумағына көптеп келгенін қалайды. Кеден одағы
ұсынатын жаңа мүмкіндіктер энергетика, мұнай-химия,
көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, коммуникация,
фармацевтика бағытында бірлескен өндіріс орындарын ашуға
септігін тигізе бастады.
Қорыта келе
отандық тауар және қызмет өндірушілер үшін
ұтымды тұстар: кедендік шекаралардың жойылуының
арқасында тиімді жеңілдіктер мен артықшылықтардың
ауқымды нарығы ашылып, сондай-ақ, инвестиция
тартымдылығы жоғарылар еді. Көлік шығындары
төмендеп, жүк тасымалы ұлғайып, біріккен
кәсіпорындар саны көбейетінін ұмытпауымыз керек.
Қолданылған
дерек көздері:
1. Кедендік одақ: күрмеулі мәселелер. Экономика газеті. 2010 жылдың
желтоқсаны
2. http://ria.ru/economy/2014